№20 (9093)
7 наурыз,
сенбі,
2015 жыл
САЛТАНАТТЫ ЖИЫН
АУДАН ӘКІМІНІҢ
ҚҰТТЫҚТАУЫ
Ардақты аналар, қадiрмендi қыз-келiншектер!
Көктем шуағымен, құстың қанатымен iлесе келген мерейлі
мереке - 8 наурыз құтты болсын! Халықаралық әйелдер мерекесiне
орай Сiздерге зор iлтипат бiлдiремiн. Алдағы әр күндерiңiз арайлы
қуанышқа, сәттiлiкке толы болсын!
Жаны нәзiк, жүрегi жомарт Аналар мен аруларды ерекше
сезiмге бөлейтiн бұл мереке жанға шуақ, көңiлге нұр сыйласын.
Шаңырақтарыңызға сарқылмайтын шаттық, бақыт әкелсiн! Үмiт
еткен барлық тiлектерiңiз орындалсын. Ақ жаулықтарыңыз ар-
намыстың айғағы болып, ақ пейілдеріңізбен айналаға шуақ шашып,
өмірді нәрлендіре беріңіздер. Тал бойларыңыздағы жан сұлулығы
мәңгi сақталсын.
“Әйел - ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді
тербетеді”. Әйел - ана өзінің табиғатынан-ақ кішіпейілдіктің,
жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің үлгісі. Олар бүкіл
қоғамның тіршілік тамыры ретінде келісім пен тұрақтылықтың
нығаюына ықпал етуде.
Көктемнiң шуағы өмiрлерiңiздi нұрландырып, кеуде лерiңiзге
жүрек толқытар мейiрiм, жылу сыйлап, қара шаңы рақтарыңыздан
ырыс пен ынтымақ арылмасын! Адалдық пен iзгiлiк, махаббат пен
бақыт сыйлайтын мерекелерiңiз тағы да құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
аудан әкімі
Т.ДҮЙСЕБАЕВ
Аудан спортының қоржыны тағы бір жеңіспен
толықты.
Атырау қаласындағы жастар арасында өткен
Қазақстан чемпионатында Дзю-до күресінен
жерлестеріміз 60 келі салмақ дәрежесінде ел
намысын қорғаған Жақсыбек Жеңісбек І орынды
жеңіп алып, Біріккен Араб Әмірлігінің Абу Даби
қаласында өтетін Әлем чемпионатына, ал осы додада
55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Тәттібай
Дидар ІІ орынды жеңіп алып, Қытайдың Бейжің
қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама
алды. Қос спортшы да №13 Жалағаш аудандық
Олимпиадалық
резервінің
мамандандырылған
балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің
түлектері. Жас спортшылардың жаттықтырушысы
Арман Молдаханов осы өрендердің жеңіс тұғырын
биіктету жолында тынымсыз тер төгіп жүр.
Жуырда Жақсыбек Германияның Бремен
қаласында өтетін Еуропа кубогі үшін сынға түседі. Ел
намысын қорғап, аудан абыройын асқақтатып жүрген
қос спортшы жаттықтырушысымен бірге аудан
әкімінің қабылдауында болды. Жеңіс тұғырынан
табылған жерлестерімізге жылы лебізін білдірген
Талғат Тұрсынұлы, олардың алдағы уақытта да
абырой биігінен көрінулеріне тілектестігін білдірді.
Жарайсыңдар,
жалағаштық
жас
спорт
саңлақтары! Сендерге жерлестерің әр уақытта
жанкүйер болады және өзге елде Қазақстанның көк
туын желбіретеді деп сенеді.
Қуат АДИС,
Маханбет АХМЕТОВ (сурет).
ҚЫМБАТТЫ АРУ АНАЛАР МЕН ҚЫЗ-
КЕЛІНШЕКТЕР!
Сіздерді Жалағаш аудандық мәслихат депутаттарының атынан,
ана жүрегіндей мейірімі төгіліп, күн нұрының шапағаты шашылған,
көктемнің алғашқы мейрамы, әсемдік пен сұлулыққа, әдемілік пен
нәзіктіктің қуатына тәнті етер сәт – 8 наурыз Халықаралық әйелдер
мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір ана – даналық мектебі, сұлулық символы. Кез-
келген отбасында алтыннан ескерткіш қоярлық аналар бар
екеніне сенімдімін. Әйелдер – шаңырақтың киесі, бар жылуын
бала тәрбиесіне бағыттаған, отбасылық құндылықтардың сақ-
шысы, ұлттық мәдениетіміздің таптырмас тірегі болып келеді.
Ғасырлардан бастау алған осынау отбасылық тәлім-тәрбие күні
бүгінге дейін жалғасын табуда. Шағын отбасының ғана емес, тұтас
бір мемлекеттің дамуы үшін де өз еңбегімен сүбелі үлесін қосып
жүрген қыз-келіншектер мен асыл жар, аяулы аналар бүгінгі қазақ
қоғамының қалыпты дамуында да қалыс қалған емес. Сіздердің әрбір
шаңырақтың қуанышы мен қуатына айналып, еліміздің босағасын
бекемдеп мәртебесін биіктетудегі ерен еңбектеріңіз баршаға мәлім.
Адамның жанын жадыратар, аналық құшақтарыңыз қуанышқа
толы болып, бүлдіршіндердің сәби маңдайын сипайтын аялы
алақандарыңыздың жылуы сарқылмасын. Көктемнің гүліндей
құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты
да баянды ұзақ өмір сүре беріңіздер! Ел келешегінің үкілі үміттерін
жалғайтын еңбектеріңіз табысты бола берсін!
Ізгі ниетпен:
аудандық мәслихат
хатшысы К.СҮЛЕЙМЕНОВ
САҢЛАҚТАР ЖОЛДАМА АЛДЫ
МЕРЕЙТОЙ
ӨМІРДЕ ДЕ, ӨНЕРДЕ ДЕ ҚАТАР
ӨСКЕН ҚОС ШЫНАР
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театр майталманы, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ
мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері, жерлесіміз Сағат
Жылкелдиев пен оның өмірдегі де, өнердегі жұбы актриса Жібек Лебаева биыл асқаралы
алпыс жасқа толды. Саналы ғұмырын қазақ мәдениеті мен өнеріне арнаған руханият
қайраткері С.Жылкелдиев қазірде Сыр елінде шығармашылық сапармен жүр.
Театр сахнасында жүріп небір қиын да, күрделі рөлдерді сомдаған өнер саңлағы қазіргі уақытта
телесериалдар арқылы да көрермендердің көзайымына айналып үлгерді.
«Қазақстан» ұлттық телеарнасынан көрсетіліп жүрген «Әке серті», «Сырғалым» теле-
хикаяларында тың да, ерекше образдарды сомдап келеді. Сонау Қызылқұмның қойнауындағы
Аққыр ауылында сұлбасы көрініп, өнердің алтын тұғыры - Алатау тұлғасын қалыптастырған сахна
саңлағы Сағат Жылкелдиев пен Жібек Лебаева наурыз айының 12 жұлдызында ауданымызда болып,
көрермендерге «Естайдың Қорланы» спектаклін ұсынады.
Газетіміздің осы нөміріне мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі театр сыншысы, ҚР-ның
еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Тәуелсіз «Платиналы
Тарлан» сыйлығының иегері, театртану профессоры Әшірбек Сығайдың Сағат Жылкелдиев
жайында Халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газетінің өткен жылғы нөмірлерінің біріне жазған
мақаласын жариялап отырмыз.
НАМЫС
Аяулы аналар, ару қыздар мерекесі – 8 наурыз - Халықаралық
әйелдер күніне орай Еңбек ауылдық мәдениет үйінде «Ана - өмірдің
шуағы» атты мерекелік кеш болып өтті. Кешке ауылымыздың ардагер
анасы, тыл және еңбек ардагері Бәти Аманбаева және ардагер аналар
мен «Батыр аналар» ансамблінің ұжымы қатысты. Ауыл өнерпаздары
атынан аналарға арнап кон церт қойылып, ауыл әкімдігінің мерекелік
сый-сияпаты жасалды.
Ауыл әкімі Қ.Жартыбаева мерекелік шараны ашып, әйел
қауымының қоғамдағы орнын атап өтіп, құттықтау лебізін арнады.
Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Балханов Мархабай ағамыз
мәнді де мағыналы өмір сүріп, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп келе жатқан
аналарға мерекелік тілек білдірді.
С.ШЕКТІБАЕВА,
ауылдық кітапханашы.
Үстіміздегі жылы 6 наурыз күні
Қ.Қазантаев атындағы мәде ниет үйінде
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне
арналған мерекелік салтанатты жиын болып
өтті. Салтанатта аудан әкімі Т.Дүйсебаев ақ
жаулықты әжелерді, ардақты аналар мен
қаракөз қарындастарды төл мерекелерімен
құттықтады. Әйел-ана халықтың ар-
ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің, дар хан
көңілдің көрінісі. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыз-
дарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек
болып, қиын-қыстау кезеңде демеу болып
жүрген әйел-аналарымыздың қоғамдағы
рөліне тоқталды. Ау дан өміріне белсене
араласып жүрген бір топ қыз-келіншектерге
мерекелік марапаттар та быс етіп, гүл
шоқтарын ұсынды.
Бұдан
кейін
салтанатты
жиынға
қатысушылар аудан дық мәдениет үйінде
көркемөнерпаздардың мерекелік концерттік
бағдарламасын тамашалады.
«Жж» ақпарат.
АРУ – КӨКТЕМ, АНА – ЖЫР, ӘЙЕЛ – ҒҰМЫР
ӨМІР ШУАҒЫ
4-БЕТТЕ.
Көрікті көктемнің мерейлі мерекесі
№20 (9093) 07.03.2015
2
ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
Ш Е Ш І М І
23 ақпан 2015 жыл №42-2
(2015 жылғы 25 ақпанда нормативтік
құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің
Тізіліміне №4885 болып енгізілді.)
“2015-2017 жылдарға арналған
аудан бюджеті туралы” Жалағаш
аудандық мәслихатының 2014 жылғы
24 желтоқсандағы №41-2 шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы
“Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі” Қазақстан Респуб ликасының 2008 жылғы 4
желтоқсандағы кодексінің 109-бабына, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ
ҚАБЫЛДАДЫ:
1. “2015-2017 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы №41-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу Тізілімінде №4840 болып тіркелген, “Жалағаш жаршысы” газетінде 2015 жылғы 28 қаңтарда
жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
“1. 2015-2017 жылдарға арналған аудан бюджеті тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, оның
ішінде 2015 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 5 372 788 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 381 043 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 10 549 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 374 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 978 822 мың теңге;
2) шығындар – 5 418 851 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 201 225 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 240 813 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 39 588 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -198 322 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –198 322 мың теңге;
қарыздар түсімі–240 813 мың теңге;
қарыздарды өтеу–42 491 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары-48 966 мың теңге.”;
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3, 1-4, 1-5 және 1-6 тармақтармен толықтырылсын:
“1-1. “2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы” Қызылорда облыстық
мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы 33 сессиясының №236 шешімін іске асыру туралы”
Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы №799 қаулысымен 2015 жылға
арналған аудан бюджетіне республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ағымдағы нысаналы
трансферттер 544 095 мың теңге, нысаналы даму трансферттер 481 401 мың теңге және мамандарды
әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін бюджеттік кредиттер 240 813 мың теңге
қаралғаны ескерілсін.
1-2. “2015-2017 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы №41-2 шешімін іске асыру туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 14 қаңтардағы №2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Жалағаш
ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №19 қаулысымен аудан бюджетінің бос қалдығы
есебінен 2014 жылға арналған аудан бюджетіне республикалық бюджеттің қаражаты есебінен
бөлінген нысаналы трансферттерден пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 2 549 мың теңге,
облыстық бюджеттің қаражаты есебінен бөлінген нысаналы трансферттерден пайдаланылмаған
(толық пайдаланылмаған) 2 439 мың теңге және 2014 жылға арналған аудан бюджеті бойынша
жалпы сипаттағы трансферттерден бюджет заңнамасына сәйкес қайтарылуға тиіс 43 978 мың теңге
облыстық бюджетке қайтарылғаны ескерілсін.
1-3. 2015 жылға арналған аудан бюджетіне республикалық бюджеттің қаражаты есебінен
ағымдағы нысаналы трансферттер 9-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
1-4. 2015 жылға арналған аудан бюджетіне республикалық бюджеттің қаражаты есебінен
нысаналы даму трансферттер 10-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
1-5. 2015 жылға арналған аудан бюджетінің бағдарламалары бойынша қосымша бағытталған
шығыстар тізбесі 11-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
1-6. 2015 жылға арналған аудан бюджетінің бағдарламалары бойынша қысқартылатын
шығыстар тізбесі 12-қосымшаға сәйкес бекітілсін.”;
көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа
редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің 3, 4, 5, 6-қосымшаларына сәйкес 9, 10, 11, 12-қосымшалармен
толықтырылсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015
жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
Жалағаш аудандық Жалағаш аудандық
мәслихатының ХLII сессиясының мәслихаттың
төрағасы хатшысы
Р.АЛИЕВА К.СҮЛЕЙМЕНОВ
ҚЫЗЫЛО
2015 жылғы “23” ақпандағы №42-2
Жалағаш аудандық мәслихатының
шешіміне 1-қосымша
2014 жылғы “24” желтоқсандағы №41-2
Жалағаш аудандық мәслихатының
шешіміне 1-қосымша
2015 жылға арналған аудан бюджеті
Санаты
Сомасы,
мың теңге
Сыныбы
Ішкі сыныбы
Атауы
Кірістер
5372788
1
Салықтық түсiмдер
1381043
01
Табыс салығы
194571
2
Жеке табыс салығы
194571
03
Әлеуметтiк салық
120420
1
Әлеуметтiк салық
120420
04
Меншiкке салынатын салықтар
1043913
1
Мүлiкке салынатын салықтар
1012252
3
Жер салығы
3829
4
Көлiк кұралдарына салынатын салық
23063
5
Бiрыңғай жер салығы
4769
05
Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi
салықтар
17792
2
Акциздер
3222
3
Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетiн
түсiмдер
6661
4
Кәсiпкерлiк және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын
алымдар
7909
07
Басқа да салықтар
44
1
Басқа да салықтар
44
08
Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған
уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды
адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер
4303
1
Мемлекеттiк баж
4303
2
Салықтық емес түсiмдер
10549
01
Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер
289
5
Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер
260
7
Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша
сыйақылар
29
06
Басқа да салықтық емес түсімдер
10260
1
Басқа да салықтық емес түсімдер
10260
3
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
2374
03
Жерді және материалдық емес активтерді сату
2374
1
Жерді сату
2374
4
Трансферттердің түсімдері
3978822
02
Мемлекеттік басқарудың жоғарғы тұрған органдарынан
түсетін трансферттер
3978822
2
Облыстық бюджеттен түсетін трансферттер
3978822
Функционалдық топ
Сомасы,
мың
теңге
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
Бағдарлама
Атауы
Шығыстар
5418851
01
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер
407916
112
Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты
17427
001
Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін
қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
17427
122
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмінің аппараты
83173
001
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмінің қызметін қамтамасыз
ету жөніндегі қызметтер
83173
123
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық
округ әкiмінің аппараты
235011
001
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл,ауылдық
округ әкiмінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қыз меттер
221353
032
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік
мекемелерінің және
ұйымдарының күрделі шығыстары
13658
452
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі
20079
001
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін орындау және
коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты
іске асыру жөніндегі қызметтер
18609
003
Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу
1100
010
Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден
кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу
370
453
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі
22355
001
Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін
қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске
асыру жөніндегі қызметтер
22355
458
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
бөлімі
21677
001
Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
21677
493
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік, өнеркәсіп
және туризм бөлімі
8194
001
Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті және туризмді дамыту
саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
8194
02
Қорғаныс
2439
122
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты
2141
005
Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар
2141
122
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты
298
006
Аудан (облыстық маңызы бар қала) ауқымындағы төтенше
жағдайлардың алдын алу және оларды жою
298
03
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-
атқару қызметі
1557
458
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
1557
021
Елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету
1557
04
Бiлiм беру
3184186
123
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық
округ әкiмінің аппараты
501618
004
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін
қамтамасыз ету
333606
041
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру
тапсырысын іске асыруға
168012
464
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың ) білім бөлімі
66922
040
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру
тапсырысын іске асыруға
66922
464
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі
2466485
003
Жалпы бiлiм беру
2409033
006
Балаларға қосымша бiлiм беру
57452
465
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және
спорт бөлімі
40326
017
Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру
40326
464
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі
108835
001
Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты
іске асыру жөніндегі қызметтер
19860
005
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру
мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып
алу және жеткізу
21321
007
Аудандық (қалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және
мектептен тыс іс-шараларды өткізу
800
015
Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының
қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға
қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынғы ақшалай қаражат
төлемі
10735
029
Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу
және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультациялық көмек көрсету
13121
067
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және
ұйымдарының күрделі шығыстары
42998