1.«Мен өскенде кім боламын?»
2.Біз өнерлі баламыз.
Сынып жетекшісі
23.05.18ж
1.ІV тоқсан қорытынды есебі.
2. «Өмір – сен маған қымбатсың»
Сынып жетекшісі
Х А Т Т А М А № 1 « 07» қыркүйек 2018 жыл №277 орта мектептің 1 «Е» сыныбында сынып жиналысы жүргізілді Барлығы - 20 оқушы Қатысқаны - 20 оқушы
КҮН ТӘРТІБІНДЕ: 1.Оқушылар міндеттері.
2. «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»
3. Оқулық,оқу формасы.
4. «Өзенде, көлде өзімізді қалай ұстаймыз? .
5.Сынып белсенділерін сайлау.
Тыңдалды: 1 «Е» сыныбында 2018-2019 оқу жылындағы бірінші жиналысы
7- қыркүйек күні жүргізілді. Мен,сынып жетекші Борикулова Акнур күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырып өттім.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша оқушылар міндеттерімен таныстырып, талқыладық.
Екінші мәселе бойынша оқушыларға «Жол тәртібін білейік, аман - есен жұрейік» тақырыбында түсіндіріп өттім. Оқушылар бағдаршам және жол белгілері туралы білетіндерін ортаға салды. Және балалар өз алтын ұя-мектептерін сағынғандарын айтып, ой бөлісті.
Үшінші мәселе оқулық туралы болды.Барлық оқушы толық оқулықпен қамтылды.Кітапты күтіп-ұстау ережелері қайта еске түсірілді.Оқулықты нашар ұстайтын оқушыларға ескерту жасалды.Оқу формасы – қыздар ақ кофта,қара юбка,ал ұлдар ақ жейде,қара шалбар.Форманы таза,өтектеулі болатынын ескерттім.
4-ші мәселе бойынша «Өзенде, көлде өзімізді қалай ұстаймыз? жөнінде инструктаж жүргіздім. Онда судағы адам өмірі қауіпсіздігі туралы түсін-дірдім. Оқушыларға айтылған ережелермен танысқандығын растайтын оқушылар қолы дәптеріне және хаттамаға қол қойдырдым.
5-ші мәселе-сынып белсенділерін сайлау. Сынып белсенділерін 1 «Е» сынып ұжымымен ойласа отырып,тағайындадық: