Мектебімізде даярлық тобы және 1-4 сыныптар арасында 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай «Қыздар – ай, Қыздар - ай» атты көңілді старт өткізілді. Көңілді стартқа қыздар мен аналар қатысты.
Мақсаты:
Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көңілді старт мектеп спорт залында өткізілді. Сайыс ұлдардың және аға ұстаз Жәнібек Сағымжановичтың ән шашуымен ашылды. Қыздар мен аналар 3 топқа «Қызғалдақ», «Түймедақ», «Бәйшешек» біріктіріліп, сайысқа түсті. Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Әр кезең қыздардың үй шаруасындағы жұмыстарымен тығыз байланысты, қызықты эстафеталық ойындарға үйлестіріліп құрастырылған. Әр сайыс қазылар алқасымен бағаланып отырды. Сайыста 1-орын «Бәйшешек», 2-орын «Қызғалдақ», 3-орын «Түймедақ» тобы иеленіп, марапатталды.
В КГУ «Средняя школа имени Базылбека Ахметова» в 5-11 классах 7 марта прошел концерт посвященный Международному женскому дню 8 марта. Целью данного мероприятия было: воспитание чувства любви, уважения к женщине, заботливого отношения к своим мамам, бабушкам, сестрам, педагогам и одноклассницам;
В программе мероприятия было исполнение песен на двух языках, чтение стихотворений и танцы.
Все эти номера, подготовленные классными руководителями подарили гостям много положительных эмоций и впечатлений.