2022-жыл «Менің арманымдағы Қазақстан!»



Дата07.11.2022
өлшемі23,93 Kb.
#48254
Байланысты:
эссе


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық университеті


Тақырыбы: «Менің арманымдағы Қазақстан!»

Аты-жөні: Жүнісбек Ақайша Оразханқызы


Курсы: 4-курс студенті
Тобы: 1504-19A
Байланыс телефоны: 8771-883-98-93
Электрондық почта: akaishazhunisbek@gmail.com

2022-жыл
«Менің арманымдағы Қазақстан!»
Жоспары:
1.Менің елім –Қазақстан!
2. Мен арман еткен Қазақстан!
Қазақстан-менің Отаным,туған жерім.Талай қасіреттің куәгері, қасиетті мекеніміз. Қазіргі кезде 19 миллион халқы бар Қазақстан мемлекеті даңғыл дамудың үстінде. Иә,біздің еліміз еңселі елу елдің қатарына кірді. Ендігі мақсат-мемлекетімізді дамыған отыз елдің қатарынан көру. Ол үшін Қазақстан аянбай еңбек етуі керек. Сонда ғана біз өз еңбегіміздің жемісін көре аламыз. Республика тәуелсіздікке 1991 жылы президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында қол жеткізген болатын. Елбасшысы-еліміздің тұңғыш президенті. Елбасшысының арқасында өз тіліміз, өз валютамыз, Ата Заңымыз туралы бірнеше заңдарды қабылдап, оларды іс жүзінде қолдана бастадық. Бұл қасиетті тәуелсіздіктің арқасы.
Қазақ тарихы кешегі 1991 жылдан басталып қана қойылған жоқ ,ол сонау көне түркі дәуірінен бастау алған. Кейін оның ізі хандық дәуірмен жалғасты. Еліміз «Қазақ хандығының 550» жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Елді сыртқы жаулардан, ішке іріткі салған арандатушылықтан қорғау оңай болған жоқ. Ата-бабаларымыз осы жер үшін қасық қаны қалғанша күресті, бізге осы жерді аманат етіп қалдырды, аманатқа қиянат жасамау біздің басты парызымыз.
Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр.Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз- егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІғасырда орнықты дамуды жалғастыру.Біздің басты мақсатымыз — 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.
Әліпбидің латын тіліне ауысуы, үш тұғырлы тіл саясаты тағы бар. Көптеген мектептер жаратылыстану бағытына көшіріліп,үш тілде білім беру жүйесінде мектептер көшірілсе,университеттер кредиттік оқу жүйесінде білім беруде.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Ал менің қиялымдағы, яғни арманымдағы Қазақстан ең керемет дамыған Қазақстан.
Халық саны қазіргіден едәуір көп. Қазақстанда тұратын барлық адамдар, қазақ болсын немесе басқа ұлт өкілдерінің барлығы қазақ тілінде еркін сөйлей алса, өз тілін өгейсітетін шала қазақтар мүлде жоқ болса. Әрбір азаматымыз-Отансүйгіш. Елдің қамын Кенесары секілді қорғай білетін.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде шын мәнінде үстем жағдай иеленіп келе жатыр, оны ұлтына қарамастан біздің еліміздің барлық азаматтары меңгеретін болады деген сенімдеміз. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытса екен демекпіз. Бұл үшін бізге төзімділік, белсенділік іс-қимыл қажет.
Демек, мен өз Қазақстанды дамыту үшін туристік аймақтарды да көбейтуге үлес қосар едім. Зерттелмеген қазақтың көп жерлерін зерттеп елімнің экономикасын дамытуды алдыма үлкен мақсат етіп қояр едім.
Олай айтуының себебі менің Ауылым Ағыбетте Жетіотау деген үңгір бар керемет жетінші үңгірінде тас арасынан тамшылап мұздай су ағып тұр. Осыны басқа елге көрсетер болса, қандай керемет.
Қазақстанда қазбалы табиғи ресурстардың орасан зор қоры бар: мұнай, табиғи газ, уран кені, көмір, қорғасын рудасы, алтын және т.б. Қазақ жерінің қойнауында периодтық жүйе түгелдей дерлік сақталған, ол адам игілігіне қызмет етеді. Бірақ осы байлық көзін тиімді әрі зиянсыз пайдаға асыруды көздесек. Мысалға: Мұнайды өңдегенде су астынан игерген кезде су астындағы жануарлар мен өсімдіктерге зияны тимейтіндей өңделсе. Өндіріс қалдықтарын қысқарту, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану, табиғатты регионалды пайдалану стратегиясын іс жүзіне асыру процесінде жүзеге асырылады.
Қорыта келгенде, қазірдің өзінде Қазақстан беделсіз емес. Ал осы «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасын қолданғаннан кейінгі Қазақстанды тіпті, асқақ көремін. Шикізат пен пайдалы қазбаға бай, халық саны көп, халқының көп ұлттылығына қарамастан, бірлікте өмір сүріп жатқан ел. Жастары дарында, білімді, техниканы игерген. Халқы кедейшілік
дегенді білмейтін өте бай ел.Президентіміздің тапқыр, қайталанбас басқару тактикасы барлық проблемаларды қамтып, оны шеше біледі. Осы бағдарламаның және оны орындаудың арқасында мен 2050 жылғы
Қазақстанды Ресей, Қытай сияқты ірі державалардың қатарында көремін. Қазақстан бүкіл әлемге танылған ел. Осындай елім барда ұлтың кім? Елің кім? Жерің қайда?- дегенде ұлтым — әлемге мәшһүр «Қазақ»,елім – қонақжай, кенпейіл қазақ, жерім – кең байтақ та шұрайлы қазақ жері деп мақтанышпен айтамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет