29. Іс-әрекеттегі зерттеу кезеңдері



Дата28.04.2023
өлшемі18,54 Kb.
#87970



29. Іс-әрекеттегі зерттеу кезеңдері.
Іс-әрекеттегі зерттеуді өз тәжірибесін түсінуге және жетілдіруге тырысатын мұғалімдер жүзеге асырады. Бұл іс-әрекеттегі зерттеуге жекелік сипат беріп, білім беру тәжірибесі жүргізілген жағдайды сын тұрғысынан ойластыруға немесе оны мойындауға әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда зерттеу іргелі сипатта бола алмайды. Іс-әрекеттегі зерттеу тәжірибе туралы деректерді жинақтауды қамтиды. Іс-әрекеттегі зерттеу өз тәжірибелерінде өзгеріс енгізуді жоспарлап, ол іске асырылған өзгерістердің тиімділігін көруге тырысатын мұғалімдер үшін тән. Іс-әрекеттегі зерттеу жүйелілік және ғылымилық қағидаттарына сәйкес келеді.
30. Бағалау үдерісінің мақсаты.
Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор.
Бағалау үдерісінің мақсаты:
1) Оқудағы қиындықтарды анықтау;
2) Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс;
3) Уәж. Кері байланыс көбіне уәж түрінде көрінеді, ынталандыру;
4) Болжау және сұрыптау;
5) Стандарттарды бақылау және орындау;
6) Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау.
31. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.
Оқуды бағалау – оқудың өз нәтижесіне жеткенін анықтайтын бағалау түрі. Оқуды бағалау оқушының қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, оның үстіне көпшілік көп мән беретін тестілеу әдісі оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқу үшін бағалау керісінше үдеріс жүріп жатқанда орын алады. Бұл бағалау түрін біз оқушы қажеттілігін анықтау үшін, өзіміздің келесі әрекетімізді жоспарлау үшін, өз жұмыстарын жақсарту үшін оларға кері байланыс жасау үшін және оқушылардың жетістікке жету жолында өз жұмыстарын көріп бақылау үшін қолдана аламыз. Әрқайсысы оқушының білім алуына өзіндік ықпал жасап, келесі қадамда нені жасау қажеттігін анықтауға көмектеседі.
32. Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану.
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль балалардың да, педагогтердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта балалардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет