Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі51,19 Kb.
#12450
  1   2   3
Байланысты:
Өзектилик


Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ әдебиетінің аз зерттелген бір саласы – бүгінгі драматургия жанры. Әр дәуірдің тыныс-тіршілігі сол кезеңде дүниеге келген әдеби туындыларда көрініс тауып отырады десек, заман шындығы, бүгінгі күн мәселесі әсіресе драматургияда барынша кеңінен көрініс тауып отырады. Өйткені, драманың басты мақсаты – «шындықты жариялау, жалған дүниені әшкерелеу, дәуірдің ең көкейтесті, өткір мәселелеріне қозғау салу». Ұлттық драматургияның даму барысына көз жібере отырып, аталған әдеби жанрдың өрбуіне соңғы уақыттағы қоғамдық-саяси, тарихи-мәдени жағдайлардың игі ықпал жасағанын аңғарамыз. Тәуелсіздік таңымен бірге ортамызға келген «демократия», «жариялылық» сынды ілгерішіл ұғымдар өткен тарихымызды, бүгінгі өміріміз бен келешегімізді қайта сараптауға, ақиқат таразысына салуға жол ашты. Еркіндікті, тәуелсіздікті ежелден мансұқ еткен әдеби-шығармашылық үдеріс өзгеше сипат ала бастады. Осы орайда драматургия тарих қойнауынан сыр шертетін, кешегі кеңестік өмірдің көлеңкелі жақтарына үңілетін, бүгінгі ұлт өміріндегі өзекті мәселелерді қозғай отырып, ой толғайтын жаңа туындылармен толықты.

Бүгінгі күні жаңа сапалық өзгерістерге түскен қазақ драмасының тарихи даму жолы күрделі сатылардан өтті. Тарихи дамудың сан түрлі жолдарынан өтіп, кемелденген, көркемдік биікке жетіп, жанрлық жағынан да, тақырыптық ауқымы тұрғысынан да кең қанат жайған қазақ драматургиясындағы туындылардың көркемдік қызметін ғылыми саралау – бүгінгі күннің аса зәру мәселесі болып табылады.

Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ драматургиясында жанрлық, поэтикалық өзгерістер мәдени өмірімізде жаңаша қарқынмен көрінгенін байқауға болады. Поэтикалық шығармашылыққа жеке дара мағына дарыту арқылы қазақ драматургиясы қазіргі замандық тіл мәдениетінің көркем эстетикалық қуатын байыта түсті. Қазіргі таңда төл драматургиямызда өзіндік ізденістерімен, көркемдік жүйесімен көзге түсіп жүрген жазушылардың шығармашылығы зерттеу нысанына толық алынбай, даму бағыттары айқындалмай келеді. Зерттеу жұмысының өзектілігін тәуелсіздік жылдарындағы драмалық туындылардың жан-жақты талдап қарастырылуымен сипаттап көрсетуге болады. Руханият мәселелеріне жете мән беріліп жатқан кезеңде қазақ әдебиетінің құндылықтарын игеру басты назарда болатыны белгілі. Халқымыздың рухани әлемі көркем шығармалармен үнемі толығып отырады. Жаңа заманға бейімделіп, қоғамдық зәру мәселелерге жүйелі түрде үн қосып отыратын қаламгерлер туындыларын талдап, таразылау қажет.

Қазіргі біз өмір сүріп отырған ғасыр – қарама-қайшылықтар ғасыры. Біздің заманымыздың ең басты қарама-қайшылықтарының бірі ақпараттық технологияға, ғылыми инновацияға арқа сүйеген қоғамдағы техникалық үрдістің дамуы әдеби шығармаларды сүйіп оқуға деген құлшыныстың төмендеуіне әкеліп отыр. Бұл сәйкессіздік бүгінгі таңда өзінің қауіпті, қатерлі шегіне жақындай түсуде. Ендеше бізге осы қарама-қайшылықтың қиын күрмеуін шешпей болмайды. Ол үшін адамгершіліктің қайнар көзі болып табылатын өнер шығармаларының, оның ішінде көркемсөз туындыларының жан-жақты дамуына жағдай жасай отырып, жазушылардың үздік шығармаларын қоғамның игілігіне айналдыруды мықтап қолға алуымыз керек. Осы тұрғыдан келгенде, ұлттық драмамызды жан-жақты талдап, ондағы тақырыптар мен адамгершілік, философиялық, этикалық идеяларды, поэтикалық өрнектерді ғылыми айналымға енгізу – қазіргі әдебиеттің ең өзекті міндеттерінің бірі болмақ.

Қоғамда орын алып жатқан түбегейлі өзгерістер адам болмысына, ел тұрмысына, дәстүр-салтына қалай әсер еткендігі драмадағы әлеуметтік сарын, астар түрінде көрініс тауып отыр. Ол авторлық баяндау, бірде кейіпкер әрекеті мен ашық идеясы арқылы берілсе, енді бірде ирония мен сарказм тұспалында ишараланады. Қазіргі қазақ драматургиясындағы басым үрдістердің бірі ретінде адамның ішкі қасиетін жандандыру, жеке образдарға дейін әсірелеу арқылы көркем шарттылық іздерін айқындау да маңызды мәселе. Сонымен қатар қазіргі қазақ драматургиясынан берілетін білім мазмұнын анықтау және оның оқыту әдістемесін жасауда:

1.Тәуелсіздік алғаннан бері қазақ драматургиясында жазылған эстетикалық талғамды танытатын, ұлттық сана мен құндылықты дәріптеу, адамдар арасындағы алтын арқау-адамгершілік, әдеп, тұлға қалыптастыру идеясымен жазылған тілдік-танымдық қуаты терең туындыларды елеп-екшеу. Көрермені мен оқырманын Тәуелсіздік рухымен тербей алатын туындылардағы әлеуметтік-мәдени дамудың жаңа бағыты мен болмысын танытатын драмаларды оқытуға әдістемелік негіз қалану да маңызды мәселе;

2. Тәуелсіздік мазмұнында жазылған қазіргі қазақ драматургиясын меңгертуде көркем әдеби талдаудың жаңа сипатты әдіс-тәсілдері, драманы талдаудың жаңа ұғымдық аппараттарын қалыптастыру жолдары да анықталуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет