3.5-ресурс. Мәтінмен жұмыс істеу
Жеке нәтижелерді дамытуға бағытталған технология - сыни ойлауды дамыту (СОД) технологиясы. Әсіресе технологияның негізгі моделі Ж. Пиаже, Л.Выготский, Д.Дьюи және т.б. еңбектерінде зерттелген танымдық іс-әрекет заңдылықтарының практикалық көрінісі екендігі маңызды.
Осы білім беру технологиясының мақсаты – оқушылардың тек оқуда ғана емес, қарапайым өмірде де қажет болатын зияткерлік дағдыларын (ақылға салынған шешім қабылдай білу, ақпаратпен жұмыс істеу, құбылыстардың әртүрлі жақтарын талдау және т.б.) дамыту (1).
Бұл технологияның негізін «шақыру – ұғыну – рефлексия» сияқты үш кезеңнің базалық моделі құрайды, бұл оқушыларға оқу мақсаттарын өздігінен анықтауға, ақпаратпен нәтижелі жұмыс істеуге және танып-білгендері туралы ойлануға жәрдемдеседі.
Шақыру кезеңінің мақсаты - зерделенетін мәселеге қызығушылықты ояту, аталған мәселе бойынша бұрыннан бар білімді, болжамдарды, қауымдастықтарды шақыру.
Ұғыну – іске асыру кезеңі - ақпаратпен (мәтінмен, бейнефильммен, мұғалімнің түсіндірмесімен және т.б.) тікелей жұмыс істеу. Бұл жұмыс барысында тақырыпқа деген қызығушылықты сақтауды, ақпаратты қабылдаудың белсенді әдістерін, «жаңа» білімді «ескіге» тізбектеуді, «не болғанын» және «не шыққанын» салыстыруды қамтиды.
Үшінші кезең – рефлексия оқушыларға ақпаратты талдау, шығармашылық тұрғыдан пайымдау дағдыларын береді, бұл үш фазалы циклді жаңғырту үшін ең маңыздылардың бірі болып табылады.
Осы технология бойынша сабақтарды әзірлеу кезінде зерде бұзылыстары бар балалардың қалыпты дамып келе жатқан құрдастарынан айтарлықтай өзгешеленетін психикалық қызметінің ерекшеліктері ескеріледі. Сондықтан әдістерді іріктеуге таңдамалы түрде қарау қажет.
Шақыру кезеңінде балалардың осы санаты үшін келесі әдістерді ұсынуға болады:
Белгілі ақпараттың тізімін жасау;
Шатастырылған логикалық тізбектер;
Материалды графикалық жүйелеу – кластерлерге бөлу;
ЗХУ
Ұғыну кезеңінде:
Мәтінді таңбалау жүйесі;
Өздік жұмыстар үшін әзірленімдер;
Салыстырмалы кесте;
Мәтіннің, сабақтың бірінші бөлігінде қойылған сұрақтарға жауап іздеу.
Рефлексия фазасы зерделенген материалды өз бетінше жалпылауға көмектесуі керек. Ықтимал әдістер:
Кластерлерге, «ЗХУ» әдісіне, өздік жұмыстарына арналған әзірленімдерге оралу;
Таңбалау кестесі;
Борттық журналдар;
Синквэйн.
ДМШ оқушылар мәтінімен жұмыс жасамас бұрын, суреттерді егжей-тегжейлі талдаған жөн, бұл зерде бұзылыстары бар оқушыларға мәтінді оқыған кезде суретке қарап, оның мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді. (2). Оқушылар суреттерді қарап шығып, жазбаларды оқиды және суретке қатысты ақпаратты мәтіннен табады. Егер мәтін көлемі жағынан үлкен болса, онда жекелеген логикалық фрагменттердің орналасқан бетін көрсете отырып, оларды оқыттыруға болады (5).
Денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту кезінде СОД технологиясының әдістемелік тәсілдерін қолдану бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етеді: уәжді күшейту, дербес қызметті дамыту, ойлауды жандандыру, талдау және жалпылау қабілеті, мәтінмен жұмыс жасау дағдылары мен біліктерінің жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. СОД технологиясы оқытуды дараландыруға мүмкіндік береді, белсенді білім алуға, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға ықпал етеді, шығармашылық, зерттеу тәсілінің элементтерін қамтиды, дербестік пен шығармашылық белсенділіктің қалыптасуына ықпал етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Муштавинская И.В. Технология развития критического мышления на уроке и в системе подготовки учителя/ И.В. Муштавинская. – Санкт-Петербург: КАРО, 2009.
Туйгунова Н. Р. Использование технологии критического мышления при обучении детей с ограниченными возможностями здоровья. //Практика реализации инклюзивного обучения и социализация детей с ограниченными возможностями здоровья: сборник научно-методических статей. /под общ. Ред. Л.М.Беткер и др. Ханты_мансийск: Институт развития образования, 2015. – 120 б.- 104–107 б.
Достарыңызбен бөлісу: |