3-билет М. Мақатаев поэмаларының көркемдік ерекшеліктері



бет1/5
Дата15.12.2023
өлшемі42,63 Kb.
#139791
түріПоэма
  1   2   3   4   5
Байланысты:
3-билет


3-билет
М. Мақатаев поэмаларының көркемдік ерекшеліктері.
Ғ. Мүсіреповтың Ана тақырыбына жазған әңгімелері
М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Құнанбай образы

1) М. Мақатаев поэмаларының көркемдік ерекшеліктері.
М. Мақатаевтың эпикалық жанрдағы мазмұны мен көркемдікгі әсем, сұлу 20- ға жуық поэма, толғаулары бар. Атап айтсақ: «Ильич», «Армысыңдар достарым», «Мавр», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шекарада, «Чили шуағым менің», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Алтай-Атырау», «Космаонавт ойлары», «Мұзбалақ», «Ару ана», «Моцарт.Жан азасы», «Райымбек! Райымбек!», «Ақ қайың әні» т.б
Ақынның алғаш оқырман қауымға ұсынып, баспаға алғаш шыққан поэмасы - «Ильич» поэмасы. Бұл поэма жазылу жағынан циклді поэмаға жатады. Поэма туралы күнделікті басылымдарда сыншылар мақалалары жариаланды. Ғалым Ә.Нарымбетов М.Мақатаевтың «Ильич» атты циклді поэмасы қазіргі ұлттық поэзиямыздың кең тынысын, биік мәртебесін танытатын елеулі көркемдік табыс»,- екнін айтып, тиісті көзқарасын білдірді. Шындығында Мұқағалидің бұл поэманы жазған кезінде біз социолистік идеологияның жетегінде комунистік партияның басшылығында В.И.Ленин идеясын қолдадық, оған көңілімізде қандай жақсылық, тілімізде қандай жақсы сөз болса барлығын соған арнадық.
1973 жылы баспасөзде жарияланып, кейін Мұқағалидың кітаптарында жарық көрген «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы - ақынның шығармашылық өмірінің ерекше бір шоқтығы, биігі. Негізінде Мұқағалидың поэма, дастан секілді ірі жанрлардағы шығармалары көркемдік табиғаты жағынан лиро-эпикалық сипаты басым болып келеді. Лирикалық жырдың шебері екендігін «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан байқауға болады.
Өзенде жоқ сыймаған арнасына
Жылға да жоқ даламен жалғасуға.
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,
Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға,
Жалғыздықтан жамандық бар ма сірә?!-
деген таста тұнған тамшы мен тау басындағы көлдің шендестірілуі, сол көлдің өзінің шыңға, қарға мөлдіреп кейіптеу, жарасымды ақындық талғам биігін бірден айқындап береді.
Түйіндеп айтқанда, Мұқағалидың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы қазақ оқырманының жан дүниесіне етене жақын ұлттық шығарма.
Ақынның «Дариға жүрек» поэмасы тұнып тұрған сезім. Бұл поэма тарихи поэмалар қатарына да жатады. Себебі, поэма қазір сонау аласапыран сұрапыл соғыс кезіндегі ауылдағы тіршілікті көрсетеді. Мұндай тағдыр телегінен қайтпаған Дариғаның тартқан азабын, зарын ақын жырға қосып, оған кінәлі тауқыметтің әмір-төрешісі соғысқа лағынет айтып отырған жоқ па?!
Дариға жүрек,
ботадай келіп боздады,
Бозарып тұрып,
Бозарып атқан ақ таңда.
Осы үзінді хақында Н.Үркембаева: «Кеңістіктегі біздің шартты тіршілігіміздің нағыз көрінісі осы болар. Талайымыздың «Өмір шындығы деген- міне осы» деп қалыптастырып алған ұғымымыздың жаңсақтығын осындайда ғана түсінгендейміз. Дариға жүректің жан ышқынысын естіместен, парықсыздық апатынан сақтануға шақырған ақынның азамматтық үніне құлақ түрместен, «Өмір деген- күрес!» деп өзара жалғасып баққан тырбаң тіршілігімізді малданып, шынай ғұмыр үшін күрестің не екенін білместен сенделісті күн кешеміз-ау. Ендеше Дариға-жүрек бұған қалай шыдасын»,- деп жазды.
Қазақ поэзиясында Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған поэмалардың мазмұны жауынгерлердің батылдығын, ерлігін дәріптеліп, суреттелсе, Мақатаев поэмасында соғыс уақытындағы ауыл тіршілігі, онда болып жатқан оқиғалар, поэма кейіпкерлерінің көңіл-күйін, қайғысы мен қуанышын, Дариға жеңгесінің дара тұлғасын тасқын шабытпен жырға қосып, өзіндік шеберлікпен жасап шықты.
Мұқағали Мақатаевтың шығармаларының ішінде ең шоқтығы биік туындыларының бірі- «Чили шуағым менің» поэмасы. Бұл поэма Чилидің ұлы ақын Пабло Нерудаға арнаған ескерткіш туындысы. Бұл эпикалық туындыны оқып отырып, ақынның ақындық құдіретін, терең ойын, озық идеяларын көреміз. Мұқағали поэмасында Чили халқының фашизмнің зұлымдығына деген ыза-кегін Пабло образы арқылы көрсетеді.
Мұқағалидың бұл поэмасы – жер бетіндегі бейбітшілікті сақтауға, былайша айтқанда , бүкіл адамзатқа тыныштықты баян етуге шақырған ұраны іспетті кесек туынды. Бұл поэманы ғалым Х.Әдібаев: « Ақын салған өрнекті жырды жаңғырта оқыған сайын Чилидің адал перзенті Пабло Неруданың азаматтық бейнесі көз алдыңаздан кетпейді –нар кеуделі ақын Мұқағалиды да қатар көріп тұрғандаймыз. Жыр қос ағындала тереңдеп, айдыны кеңіп сарқырама нөсерге айналады. Енді ақын Отанын жаяу кезіп, ақ бесікте шырылдаған бөбектерді егіле тербеткендей, көзінің жасымен сәбиін жуған ана атаулыны демеп, сүйеп жұбатып тұрғандай... Оқушы сезімін шымырлата баурап, алып өмірге жасын жыр әкелген ақын Мұқағалидың құдіреті осы ағынан жарыла ақтарылар табиғатынан, қашан да оқушысымен іштей сырлас, қанжығалас, сол иненің жасауында сыр қалдырмай жырын әрқашанда табиғаттың өзіндей ақтара өрнектейді» –деп жазғанын білеміз. Бұл әділ пікірді мақұлдаймыз да. Себебі, сыршыл поэзия ақжарылған шыншыл жүректен туады емес пе? Сондықтан да ақын атаулыны бүкіл адамзат басына түскен ауыр тағдыры алаңдатады.
Ақынның «Райымбек! Райымбек!» атты поэмасы- тарихи тақырыпта жазылған. Ерлікке, ел қорғауға арналған көлемді туындысы. Бұл поэма 1970 жылы жазылса да, баспадан кеш жарыққа шықты. Ақын бұл поэмасын қазақ халқының басынан өткен, небір ауыр кезең «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» тәрізді тарихи болған оқиғаның ел аузында сақталған деректерін, тарихи мәліметтерді жинақтап, өте шеберлікпен сол кездің, сол дәуірдің есте қаларлық оқиғаларын кең ауқымда нанымды суреттеген.
Сондықтан да ақын бұл туындысын қазақ әдебиетіндегі тарихи өлеңдердің ең алғашқы үлгілерінің бірі «Ақтабан шұбырынды» оқиғасынан басталатынын ескеріп, осы сәттің сұмдық көрінісін, халыққа кең тараған «Елім-ай» өлеңімен бастайды:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Қара жорға шайқалып, бос келеді.
Қара күнді жамылып қара қазақ
Қара күнді басынан кешкен еді.
Қара қайғы көрсетпей ештеңені,
Қара жауы қанатын кескен еді.
Шұлғау болып қыздардың кестелері,
Талай қара шаңырақ көшкен еді.
«Қаратаудың басынан көш келеді!»
Ақын поэмада Қабай жырау жайлы айтып кетеді. Оның мінез-құлқын жан жақты ашып, ақындық шеберлікпен сәтті өрнектейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет