Мазмұны Кіріспе............................................................................................................3
I. Жаңа піскен жемістер мен көкөністер................................................4 1.1 Органолептикалық бағалау....................................................................4
1.2 Жеміс-жидектің құрылымы...................................................................5
II. Жемістер..................................................................................................6 2.1 Физико-химиялық бағалау.....................................................................6
2.2Жидектер.................................................................................................7 III Балғын жемістер мен көкөністерді сараптау..................................8 Қорытынды....................................................................................................9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................10
Кіріспе
Жемістер – бұл барлық дәрумендер мен минералдардың үлкен қоймасы. Жеміс себеті дәріханаларда сатылатын көп дәрумендердің кезкелген кешеніне қарағанда арзан әрі пайдалы болады. Әр жеміс ағашының жемістерінде темір, калий, магний, А, В және С, PP дәрумендерге бай. Олар сұлулық пен денсаулықтың ең жақсы көмекшілері болып табылады . Жемістер адам рационында маңызды орын алады. Жемістер – алмастырылмайтын азық-түлік. Ағзаның өмірлік тонусын, оның физикалықжәне ақыл-ой жұмысқа қабілеттілігін және әр түрлі ауруларға қарсы тұруынарттыра отырып, адам өмірінде үлкен рөл атқаратын витаминдердің көзіретінде жемістер ерекше құнды болып табылады. Жемістердегі пектиндізаттар қант пен қышқыл болған кезде желе түзе алады. Пектинді заттарға(алма, қарақат, өрік) бай жеміс және жидек пюресі тәтті желімделген жәнекондитерлік өнімдерді дайындау үшін қолданылады. Жемістердің бояғышзаттары үлкен әр түрлілігімен ерекшеленеді. Оларға антоциан, каротин,ликопин, ксантофилл, хлорофилл жатады . Қазақстан өзінің климаттық жағдайына байланысты өзін жаңа піскен жеміс пен көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ете алмайды. Қазақстан аумағына әкелінетін негізгі жемістер бірінші кезекте – апельсиндер, мандариндер, алма, лимон және лайм, өрік, шабдалы және шірнелер болып табылады. Сонымен қатар экзотикалық жемістер – бұл банан, ананас, құрма, маракуйя, киви, айва, авокадо, манго және личи болып табылады.
«Сараптама» (фр. espertise, лат. espertus – тәжірибелік) – қандай болса да бір сұрақты маманмен ғылымның, техниканың, экономиканың, сауданың және басқа салаларды зерттеуде арнайы білімді талап ететін шешім. Кәсіби әрекет саласына байланысты сараптаманың келесі маңызды топтарын айырады: экономикалық, технологиялық, соттық, құқықтық, заңдық, дәрігерлік-еңбектік, дәрігерлік, бухгалтерлік, қылмыстық, экологиялық және т.б.
Тауарлық сараптама – тауарлардың негізгі сипаттамаларын сарапшымен бағалау, сол сияқты олрадың тауартану үдерісіндегі өзгерістерді шешім қабылдау үшін, соңғы нәтиже болатын тәуелсіз және білікті қорытындыларды беру. Сараптама жүргізу кезінде бағалау жүргізілуі мүмкін тауарлардың барлық негізі болатын сипаттамалары: ассортименттік, сапалық, сандық, құндық немесе тек олардың бөлігі. Сараптамалық баға – тұтынушылардың немесе басқа нысандардың жеке сипаттамаларының шын мәндерін, олардың қабылданған талаптарға сәйкестігін немесе тауарлық ақпараттарды анықтау және сарапшылармен дәлелдеу немесе кешенді таңдау бойынша операциялардың жиынтығы. Сараптау кезінде бағаны тауарлардың сипаттамаларына немесе басқа нысандарға талаптарды тек қана құжаттармен емес, сарапшылар да қоя алады. Бұл кезде тауарлық ақпарат деп, маркілеуде, тауарлық ілеспе құжаттарда және /немесе басқа ақпарат көздеріндегі (нормативтік, техникалық құжаттарда, оқулық, ғылымыи, анықтауыш әдебиеттерде және т.б.) мәліметтерді түсіну керек. Баға беруге сараптауда тауарлардың бірлік бумалары, тауарлық партиялар және бірлік даналары ұшырауы мүмкін.
Тауарлық сараптаманың мақсаты – тауардың негізгі сипаттамаларының реттік және сандық бағалауын жүргізу, сонымен бірге оларға әсер ететін үдерістерге, кейбір кездерде тікелей өлшеуге болмайтын және сарапшы мамандардың шешіміне негізделеді. Көрсетілген мақсаттарға жету үшін шешілетін міндеттер мыналар: тауарларды сараптаудың нақты мақсатын ескеріп, сапасын және ассортименттерінің көрсеткіштерін, қасиеттерін дұрыс таңдау; Көрсеткіштердің шын мәндерінің қойылған талаптарға сәйкестігін 8 анықтау және болжанатын сапа көрсеткіштерінің мәндерін және /немесе коэффициенттерінің салмақтылығын анықтау; тауарлардың құндылық қасиеттерін анықтау және сандық өлшеу; қажетті ақпараттарды іздестіруді жүргізіп, оны сараптау мақсаты үшін пайдалану; алынған мәліметтерді қорытынды немесе ұсынысты жасау үшін бағалау және талдау. Тауарлық сараптаманың принциптері. Тауарлық сараптаманы жүргізген кезде тұтынушылар және қоршаған орта үшін жан-жақтылық, білімдарлық, тәуелсіздік, жүйелі қарастыру, тиімділік, қауіпсіздік принциптері сақталуы керек. Көрсетілген принциптердің көпшілігі кәсіптік қызметтердің басқа түрлерімен бірдей болады. Тауарлық сараптама көрсетілген принциптерге сүйенеді және бағалау әрекеттерінің бірі болып табылады. Оның басқа түрлеріне тауартану және тұтынушылық бағалау, сапалық және сандық бақылау, сәйкестік сертификаттау жатады. Тауарлық сараптаманың мақсаты және оның болжанатын соңғы нәтижелері сараптап бағалау кезінде қойылатын тауарлардың қасиеттерін таңдауды анықтайды. Сондықтан мұндай таңдау критерияларын білу сарапшы үшін өте маңызды.