7 класс. №1 жұмыс. Өлшеуіш цилиндр (мензурка)бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу



бет1/44
Дата02.03.2022
өлшемі3.72 Mb.
#26817
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

7 КЛАСС.

1 жұмыс.



Өлшеуіш цилиндр (мензурка)бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу.

Жұмыстың мақсаты: Өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар шкалалары бөліктерінің құнын анықтау; оларды қолдануды үйрену және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, дененлердің көлемін өлшеу.

Құрал – жабдықтар: Өлшеуіш цилиндр(мензурка) , су құйылған тос-таған, жіңішке жіп, әр түрлі ыдыстар мен денелер (гайка, өшіргіш,т.б.)

1 - тапсырма: Өлшеуіш цилиндр бөліктерінің құнын анықтау.

Жұмыстың барысы:

  1. Өлшеуіш цилиндрді мұқият көріп шығыңдар, оның шкаласына зер салыңдар. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді қандай бірліктермен анықтауға болатынын дәптерлеріңе жазып алыңдар.

  2. Оқулықтағы 10-параграфты қайталап, қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік құнын анықтаңдар.

  3. Сұйық көлемін см3 өлшем бірлікпен аламыз.

  4. Өлшеуіш цилиндрдің бір бөлік құны 1 см3.Аспап қателігі бөлік құнының жартысына тең,яғни 0,5 см3.

  5. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңдар. Ол үшін цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу қателігін ескере отырып анықтаңдар.

  6. Анықталған шамаларды дәптерге жазып алыңдар.

  7. Өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына кестеге жазыңдар:

Мензурканың ең үлкен өлшеу көлемі, оның бірлігі

Мензурка бөлігінің құны

Өлшеу қателігі

Қателігі көрсетілген өлшеу нәтижесі (сұйық көлемі)

100 см3

1 см3

0,5 см3

54-0,5+0,5

Ескерту: Сұйықтық көлемін есептегенде көздің шкаланы көру деңгейіне көңіл аударыңдар. Көзді су бетінің жазықтығымен дәл келетін горизонталь деңгейде бағыттау керек.

2-тапсырма.Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет