3. ӨЗен, КӨл және батпақтардағы гидрологиялық бақылаулар



Дата15.11.2022
өлшемі138,4 Kb.
#50275

3. ӨЗЕН, КӨЛ ЖӘНЕ БАТПАҚТАРДАҒЫ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАР
Құрлықтағы су көздерінің гидрологиялық. режимін зерттеу және халық шаруашылығының күнделікті және болашақта пайдаланатын судың мөлшерінің және сапасының есебі Республикалық Гидрометеорологиялық және табиғи ортаны қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетіне қарасты гидрологиялық бекеттер мен станцияларда жүргізіледі. Сонымен бірге басқа да мекемелердің тұрақты немесе уақытша. бекеттерінде де су объектілеріне бақылаулар жүргізіледі.
Жер беті суларының гидрологиялық режимі бекеттерлегі стандартты және арнайы экспедициялық және тақырыптық ізденістердің көмегімен зерттеледі.
Бекеттердегі стандартты, яғни жетекші кітапшада (наставление) белгіленген, жұмыстарға өзендердің (каналдар) гидрологиялық режимінің мындай негізгі элементтеріне бақылау жүргізу жатады: судың деңгейі, су ағындысы, тасындылар ағындысы, судың температурасы, мұздық режимі, судың химиялық құрамы.
Өзендегі гидрологиялық бақылау жасауға ұйғарылған орын негізгі үш шартқ.а жауап беруі тиіс. Олар:1) бекет орналасқан үлескі айтарлықтай үлкен аймаққа репрезентативті болуы шарт, яғни бақылау нәтижелерін гидрологиялық болжамдар, есептеулер және ақпарат үшін пайдалану мүмкіндігіне ие болуы керек; 2) қарастырылған орын бақылау жүргізу үшін ыңғайлы болуы шарт; 3) бекетте немесе жақын жерде байланыс жүйесінің болуы (телефон, телеграф, радио).
3.1. Гидрологиялық бекеттің, ұйымдастырылуы және оның құрал_жабдықтары
Судың деңгейі су көздерінің маңызды элементтерінің бірі. Су деңгейіне басқа да элементтер тәуелді, олар: өзеннің ені, тереңдігі, су қимасының ауданы, еңістік, ағыстың жылдамдығы, су шығыны т. б.
Су көзінің су деңгейі деп су бетінің шартты түрде алынған салыстырмалы горизонталь жазықтықтан өлшенген биіктікті айтады. Биіктігі өзгермейтін бұл жазықтықты гидрологиялық бекеттің «0» графигі деп алынады.
Өзендердегі су деңгейінің өзгеруін зерттеудің үлкен шаруашылықтық маңызы бар. Су деңгейі жөніндегі мәліметтер әр түрлі гидротехникалық суғару, құрғату каналдарын, су жолын және басқа да құрылыстарды салу, жобалау және пайдалану кездерінде кеңінен қолданылады.
Бақылаулар су деңгейін жүйелі түрде өлшеуді қамтамасыз ететін су өлшеу құралдарымен жабдықталған гидрологиялық бекеттерде жүргізіледі. Әрбір бекет деңгейінің биіктігін өлшейтін құралдардан (рейка, қада, өзі жазғыш және т. б.) және барлық су өлшегіш жабдықтардың биіктігін анықтайтын тұрақты белгі реперлерден тұрады.
Әрбір бекетте, бекеттік құралдардан өзге келесі құрал-жабдықтар болуы шарт: 1) сағат; 2) деңгейлік (ватерпас) және ұзындығы 2—4 метрлік екі рейка; 3) көшпелі су өлшегіш рейкалар; 4) қар өлшегіш, мұз өлшегіш және шуга өлшегіш рейкалар; 5) мұз тескіш бұранда, сүймен, балта, найзатартқыш, күрек; 6) бақылау жүргізуге арналған нұсқау, су өлшеулерін жазатын кітапша; 7) қосалқы қадалар, рейкалар; 8) қайық және су өлшеу құралдарына жақындауды жеңілдететін жабдықтар (көшпелі көпір, саты).
Су деңгейін өлшеуге арналған жабдықтарының конструкциясына қарай бекеттер мынадай типтерге бөлінеді: рейкалық, қадалық, рейка-қадалық, хабарбергіш және автоматтық.
Рейкалық бекеттер бір немесе бірнеше берік, сенімді бекітілген тұрақты рейкалардан тұрады. Бұл рейкалардың көмегімен су деңгейіне бақылау жүргізіледі. Рейкалар қадаларға, ғимараттарға, тас жағалаудың қабырғаларына немесе жартастарға бекітіледі (3.1 -сурет).
Қадалық бекеттер бірнеше ағаш, темірбетон немесе металл қадалардан тұрады. Олар бір сызықтың бойына, өзендегі ағыстың бағытына перпендикуляр етіп орналастырылады. (3.1 а –сурет)

Жартасты жағалауларда қаданың орнына мөлшері 10 х 15 см, алаңдарды қашап, ортасына металл шегелер қағылады.


Қадалардың бастары шамамен, бір-бірінен 0,6 – 0,8 м биіктікте орналастырылады. Қадалардың жер бетінен биіктігі әдетте 0,2 – 0,4 м-ден аснайды. Жоғарғы қаданың басы судың ең биік деңгейінен (СЖД) 0,25 – 0,50 м жоғары орналасуы керек, ал төменгі қада судың төменгі деңгейінен (СТД) 0,25 – 0,5 м төмен болуы шарт.

3.1 - сурет. Гидрологиялық бекеттер: а – қадада және ә - ғимаратта орналастырылған рейкалық бекеттер; б – қадалық бекет.
Қадалық бекетте бақылау көшпелі рейканың көмегімен жүргізіледі. Ол қаданың басына қойылып, судың деңгейі анықталады. Ұзындығы 1,0 - 1,5 м мұндай рейкалар 1 - 2 см-лік белгілердент тұрады.
Аралас типті бекеттер тұрақты рейкалар және қадалармен жабдықталады. Көп жағдайда судың төменгі деңгейін бақылау үшін қадалар, ал СЖД бақылау үшін рейка қолданылады.
Рейканың нольдік белгісі СТД-нен 0,20 - 0,50 м төмен орналасуы керек те, ал оның жоғарғы бөлігі СЖД-нен 0,25 м биік орналасуы керек.
Судың деңгейінің құбылмалылығын үзіліссіз жазып отыру үшін арнайы өзі жазғыш құралмен жабдықталған бекеттер ұйымдастырылады.
Деңгей жазғыш құралдың бірнеше типтері бар. Электр хабар бергішпен жабдықталған деңгей жазғыш үлкен қашықтыққа мәлімет бере алады. Әдетте деңгей жазғыш үшін жағалаудан арнайы құдықтар қазылады. Олар судың деңгейінің құбылмалылығына толқындардың, мұз жүрудің, тасындылардың әсерін жою үшін жасалынады. Деңгей жазғыш құдықтардың үстіне арнайы орналастырылған жабық үйшікке салады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет