31. Шешендік сөздер қандай жағдайда туады? 58%



Дата25.01.2023
өлшемі19,75 Kb.
#62758

31. Шешендік сөздер қандай жағдайда туады? 58%
Шешендік өнер тұңғыш рет Грекияда дамыған.Шешендік сөздер көбінесе айтыста,дауларда туып,дамиды.Тұлғаның әр айтқан сөздерін біз шешендік сөздерге жатқыза алмаймыз,себебі,шешен сөздің белгілі бір ойландыратын мағынасы болуы керек.
32. Шешендік сөздердің әдеби тілді қалыптастырудағы рөлі 82%
Қоғам өмірінде тілдің,шешендік сөздердің орны ерекше деп айта аламыз.Себебі,шешендік сөз-ел,халық қалыптаса бастауынан бері халықтың пайдаланып келе жатқан ұлағатты сөздері.Шешендік сөз негізінен айтушының ақыл-ойына,жан-жақтылығына байланысты.Белгілі философ Аристотель: «айқындылық пен түсініктілік-шешендік сөздердің негізгі салалары»- дейді.Егерде сөйлеуші осы белгілерді сақтайтын болса оның сөздері шешендік сөздерге жатады делінеді.
33. Шешендік сөздердің жанрлық көркемдік ерекшеліктері 73%
Шешендікті негізінен үш топқа бөлсек болады:шешендік толғау,шешендік арнау,шешендік дау.Шешендік сөздер ақиқатында қиялдан пайда болмайды,шынайы оқиғалардан,айналамыздағы табиғат құбылыстарының әсерінен пайда болады.Шешендік сөздер:кеңесу,билік және салтанатты сөз болып бөлінеді.Құрылысы кіріспе сөз,баяндау және қорытындыдан тұрады.

34. Шешендік сөздердің әдеби-эстететикалық мәні 61%


Шешендік сөздер негізінен әдеби-эстетикалық жағынан бірнеше талаптарға сай болуы керек: біріншіден,белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыптарды сөз ету керек.Екіншіден,әңгіме өзгенің аргументі болы тиіс,соның нәтижесінде тыңдаушыларға түсіндіріп,кейін ойлантып,соңында белгілі бір қорытындыға келу керек.Үшіншіден,тыңдаушы топқа жақсы әсер етіп,эстетикалық қасиеті болуы тиіс.
35. Ғалым Б. Адамбаевтың шешендік сөздерді классификациялауы 49%
Шешендік өнер,шешендік сөздер теориясының дамуы әдебиетші Балтабай Адамбаевтың еңбектерімен тығыз байланысты.Ол өзіне дейінгі зерттеушілердің ұсынған «билер сөзі» терминін «шешендік сөздер» терминімен ауыстырды.Шешендік сөздерді құрылымдық тұрғысынан топтарға жіктеді.Сырым атына байланысты шешендік сөздерді жинастырып,жариялады.Сонымен қатар,кандидаттық диссертация қорғады.Б.Адамбаев қазақ халқының шешендік өнері жайлы былай өз ойын жазады: «Дәстүрлі шешендік сөздер деп отырғанымыз-белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр ой,көркем тілмен айтылған және де халық қабылдап,жиі қолданып,сөйлемдік құрамы қалыптасқан жүйелі де үлгілі сөздер».
36. Шешендік арнау
Шешендік арнау деп біреуге біреу арнайы түрде айтылған сәлем,әзіл немесе бата сөздерді айтамыз.Шешендік арнау негізінен бата,тілек,көңіл айту,естірту,әзіл-сын және тағы басқа нұсқалардан тұрады.Шешендік арнау сөздер адамдар арасындағы қарым-қатынас пен көңіл-күйін білдіреді.
37. Белгілі біреуге айтылған сәлем, әзіл, сын және бата сөздер
Белгілі біреуге айтылған сәлем,әзіл,сын және бата сөздерді шешендік арнау деп атаймыз.Мысалы, Бөлшіл, бөлшіл, бөлшіл бол,Боз торғайдай төлшіл бол.Тәңір берген несібең
Тепкілесең кетпесін, — дейтін бата, алғыс сезімді әр халықтың үмітімен келешегі болып табылатын балаң көп болсын, тұрмысың жақсы бақытты баянды болсын деген ешбір дәуірде ескермейтін игі тілекті білдіреді.
38. Шешендік өнердегі әзіл-қалжың элементтері
Шешендік өнерде әзіл-қалжың да кездесіп жатады.Мысалы,Айтақын мен Жібектің айтысында қалжың тудыру үшін шет ел терминдерін пайдалаған деседі.Және бұл жырды қазіргі шешендіктің бір өзіндік үлгісі десек,артық етпес: Өркениетке жетем деп,Болыпты цивилизация... Ауылдан жаппай көштік деп,Атандық урбанизация...Бірігіп бәрін шештік деп,Болдық қой глоболизация.Осының бәрін меңгерген,Құлшынастай емделген Бұл қазақ қандай нация?
39. Шешендік сын сөздер
Шешендік сын сөздер шешендік өнерінің бұрыннан қалыптасып келе жатқан салаларының бірі.Әр саланың өзіне тән сұлулығы,татымдығы,адам ой жүйесіне зерделігі,жүрек тебірентер тұстары бар.
40. Асау би айтқан бай болатын адамның төрт белгісі

41. Адамдық қасиеттерге байланысты туған шешендік сөздер

42. Шешендік толғаудың негізгі мәнін ашыңыз

43. Шешендік жұмбақтың ерекшелігіне мысал айтыңыз

44. Шешендік нақылға мысал келтір

45. Шешендік мақалдың халық өміріндегі орны

46. Шешендік жауаптың негізіне тоқталыңыз

47. Шешендік даудың шешімі

48. Жер дауына байланысты шешендік сөздер

49. Құн дауына байланысты шешендік сөздер

50. Мал дауына байланысты шешендік сөздер

51. Ар дауына байланысты шешендік сөздер

52. Шешендік сөздер – халық даналығы

53. Шешендік сөздердің құрылысы

54. Термелі сөздің мәнін ашыңыз

55. Пернелі сөзге мысал айтып, өз ойыңызды білдіріңіз

56. Қазақ шешендік өнердегі дәстүр жалғастығы

57. А. Янушкеевичтің қазақ шешендігі туралы жазбалары

58. Төле бидің нақыл сөздері
Қарап отырма,бір нәрсеге жарап отыр,Кәсіп болмай,нәсіп болмас.

Шешендіктен не пайда,


Артыңда сөзі қалмаса?
Батырлықтан не пайда,
Халқыңа қайран қылмаса?
Хандықтан не пайда,
Қарашасын жалмаса?
Молдалықтан не пайда,
Шариғатты өзгертіп,
Нашарларды алдаса?

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,


Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Халқыңа адал бол,


Жауыңа қатал бол,
Досыңа адал бол!
59. Төленің «Қарлығаш би» атануы
Төле бидің неліктен «Қарлығаш би» атанғандығы жайлы көптеген аңыздар бар.Солардың ішіндегі шындыққа жанасатыны мына бір аңыз секілді.Бірде Ташкент маңайындағы қазақтар тұтқиылдан келген жаулардан қашып көше бастағанда Төле би Ақбұрқан жайлауында көшпей қалады.Күндердәң бір күнінде жоңғар қонтайшысы келіп,Төлеге сені хан көшсін деп жатыр дейді.Сонда Төле былай дейді: «Ата бабамыздың салты бойынша шаңыраққа ұя салған қарлығаш балапандарын ұшырмайынша көшпей отыра береді.Мен де ол салтты бұза алмаймын.Ханыңа осыны айта бар», депті.Бұны естіген хан ойланып барып: «Ойпырмай,ә,мынасы бір жақсы дәстүр екен,жарайды,оған тиіспей ақ қойыңдар», депті.
60. Қазыбек бидің шешендік сөздері

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет