33.Қазақ тілінің монғол тілдерімен қарым-қатынасын мысалдармен дәйектеңіз, зерттелуі бойынша хронологиялық шолу жасаңыз



бет1/4
Дата22.12.2023
өлшемі22,39 Kb.
#142647
  1   2   3   4

33.Қазақ тілінің монғол тілдерімен қарым-қатынасын мысалдармен дәйектеңіз, зерттелуі бойынша хронологиялық шолу жасаңыз.
Қазақ тілінің маңғол тілдерімен қарым қатынасы екі түрлі жағдайда қарастырылады. Оның біріншісі, қазақ тіліндегі моңғол тілдерінен тікелей ауысып кірген сөздер. Қазақ тіліне моңғол тілінен кірген сөздер әкімшілікке, ел билеуге байланысты енген. Мысалыға: ұлыс, нөкер, жасақ, ноян, құрылтай, аймақ т.б сондай ақ, жер су атауларына байланысты сөздер көптеп кездеседі. Тарбағатай, Толағай, Қатонқарағай, Даланқара, Зайсан т.б
Ал, екіншісі маңғол тіліндегі сөздермен түр тұрпаты, мағыналары ұқсас, әсіресе зат есімдер, сын есімдер, етістіктер көптеп кездеседі. Мысалыға малға байланысты: қой, қойшы, төл, бұқа, бура, т.б
Ш. Уалиханов түркі маңғол тілдеріне ортақ сөздер бар екенін айтқан болатын. Түркі маңғол тілдерін салыстырмалы түрде зерттеп жүрген Б.Базылханның пікірнше «Маңғолша қазақша сөздікке» енген 40 000 сөздің 24 000 сөз 1500 түбірден тараған, яғни 60% екі халыққа ортақ сөздер болып табылады деген.


34.Орыс тілінен енген сөздер, ену кезеңдері, зерттелуі бойынша хронологиялық шолу жасаңыз.
Біздің тілімізге енген орыс сөздерінің сипаты мен игерілуі әрқашан біркелкі болмаған. Сондықтан орыс тілінен ауысқан кірме сөздерді екі кезеңге бөлген.Оның бірі 1917 жылы қазан революциясына дейінгі кезең және қазан революциясынан кейінгі кезең.

1917 ж Қазан революциясына дейін енген сөздер


Тұрмыс қажетіне қатысты сөздер. Мысал; жәшік ящик, кереует кровать, лампы лампа, барқыт юархат т.б


Әкімшілік басқару ісіне байланысты сөздер: сот суд, түрме тюрьма, майыр майор т.б
Ғылым мен мәзениетке, техникаға қатысты сөздер: зауыт завот, мәшине машина, минөт минут т.б
Қоныс аударуға қатысты сөздер: учаске участок, пылан план т.б

Қазан революциясынан кейінгі сөздер


Орыс тіліндегі терминдерге қазақтың төл сөздері және туынды сөздер балама етіп қалыптасқан. Мысал: ұшқыш летчик, амал действие, буын слог т.б


Орыс тіліндегі термин сөздерді қазақша аударып алуда кейбір аз мағыналы сөздер активтеніп олардың белсенділігі артады. Мысалы: орыс тіліндегі фонд, запас, резерв деген үш сөз қазақтың тек бір ғана сөзі қор деген мағынады қолданылады. Сол секілді стройка, строй, строение тәрізді бірнеше терминдер қазақша құбылыс деген мағынады қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет