№4 (23) 2011 Халел Досмұхамедов атындағы



жүктеу 11.58 Mb.
Pdf просмотр
бет14/17
Дата29.12.2016
өлшемі11.58 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ  ҒЫЛЫМДАРЫ 

      


 

 

 



 

ӘОЖ  377. 031.4 +53 

 

МЕТАЛДЫҚ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ 

  

 Г.Имашев, п.ғ.д., профессор,Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 



Н.С.Жазылбаева,  Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты 

 

Қазіргі  ғылыми-техникалық  прогрестің  ерекшеліктерінің  бірі  микроэлектрониканың  жедел 



қарқынмен  дамуы  және  пайдаланылуы.  Микроэкономикалық  техниканың  негізінде  электрондық 

ақпарат, жасанды интеллектуалды  элементтерді  бойына  дарытқан  электронды  есептеу  машиналары, 

икемді  автоматтандырылған  өндіріс  пайда  болды.  Бұл  қазірдің  өзінде,  әсіресе  келешекте  қоғамдық 

өндірісті  дамытудың  негізгі  факторына  айналып  отыр.  Осының  негізінде,  қалдықты  аз  қалдыратын 

немесе тіпті  қалдықсыз технология  өмірге  келді.  Мұның экономикалық  және экологиялық маңызы  өз 

алдына ерекше, өндіріске озық технологияны пайдалану қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің  негізгі 

көріністерінің  бірі,  машина  компонентіне  және  элементтеріне  жаңа  сапалық  өзгерістер  енді.  Бұл 

жағдай  адамның  өндірістегі  орны  мен  рөлін  мүлдем  өзгертті,  жұмысты  күрделендірді,  жаңа  биік 

талаптар  қойылды,  қазіргі  ғылыми–техникалық  прогретің  әлемдік  сипатқа  ие  болды,  бүкіл 

дүниежүзілік құбылысқа айналды, биотехника кең өріс алды. 

Қазіргі  ғылыми-техникалық  прогресс  өте  тапшы  шикізаттарды  жасанды  жолмен  алған 

заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып отыр. Бұл материалдарды өңдеудің 

жаңа  әдістерін  одан  сайын  жетілдіріп  және  іс  жүзінде  пайдалануды  тездетеді.    Соның  ішінде  қазіргі 

кезде компазициялық материалдардың өндірісте алатын орны ерекше. 

Композициялықтар  материалдар  –  құрылуына  қарай  екі  немесе  көбірек  компоненттердің 

ерекшеліктерімен  және  қасиеттермен  өте  жақсы  жиынтықталған  құрастырушы  компоненттер. 

Композициялық  құрамына  ерімейтін  немесе  аз  еритін,  қасиеттері  бойынша  бір-бірінен  күшті 

айырмашылығы бар компоненттер енетін күрделі материалдарды айтады. 

Композициялық  материалдардың  артықшылықтары:  аса  беріктігі,  морт  сынып    бұзылуға 

қарсылық  жасайтын  кедергісінің  жоғарлығы,  аса  қызуға  беріктігі,  серпімділік  модулы  және 

қасиеттерінің термиялық тұрақтылығы. Композициялық  материалдардың қасиеттері компоненттердің 

механикалық қасиеттеріне және негізінен адгезиялық сипаттағы процестермен анықталатын олардың 

арасындағы байланыстың беріктігіне тәуелді болады. 

     Металдық  композициялық    материалдардың  негізі  айтарлықтай  пластикалыққа  ие  болатын  таза 

металл  немесе  қорытпа  болады.  Матрица  композицияны  байланыстырады,    оны  формаға  келтіреді. 

Матрицада қалған компоненттер бір қалыпты таралған. Композициялық материалдарды бекемдеудегі 

негізгі рольді тотықтырғыштар атқаратын болғандықтан, оларды көбінесе бекемдегіштер деп атайды. 

Бекемдегіштерге  қойылатын    негізі    талаптар  –  серпімділіктің  жоғары  модулы,  беріктігі  және 

қаттылығы.  Осындай  сипаттамалары  бойынша  толықтырғыш  матрицадан  едәуір  асып  тусуге  тиіс. 

Толықтырғыштың  серпімділік  модулы  мен  беріктігі  артқан  сайын  композициялық  материалдың  соған 

сәйкес  келетін  қасиеттері,  бекемдегіштердің  сипаттамасына  жете  алмаса  да,  арта  түседі. 

Композициялық  материалдардың  қасиеттері  де  толықтырғыштардың  формасына,  өлшемдеріне  және 

санына байланысты болады [1]. 

     Толықтырғыштың  формасы  бойынша  композициялық  материалдар  талшықты  және  диспресті 

бекемделген  материалдарға  бөлінеді.  Талшықты  материалдарға  қиын    балқитын  қосылыстар  мен 

элементтердің  талшықтарымен    немесе  жіп  тәрізді    кристалдарымен,  сондай-ақ  жіңішке  микрондық 

металдық сымдармен бекемделген композициялық материалдар жатады. Диспресті бекемделген деп, 

толықтырғыштардың  рөлін  тотықтардың,  карбидтердің,  боридтердің,  нитридтердің  атқаратын 

материалдарды айтады. 

    Талшықты композициялық материалдар алудың негізгі технологиялық әдісіне бекемдеуші талшыққа 

матрица  ерітіндісін  сіңіру,  бекемделуші  талшыққа  электрохимиялық  әдіспен  немесе  плазмалық 

шаңдатумен  матрица  енгізу,  компоненттердің  көп  қабатты  ленталарын  пакеттік  диффузиялық  пісіру 

және  басқалар  жатады.  Диспресті  бекемделген  композициялық  материалдар  –  беті  тотыққан 

ұнтақтарды  ішкі  тотықтыру,  престеу  және  жентектеу  әдістерімен  алынады,  айталық,  балқытылған 



 

81 


матрицаға  қиын  балқитын  бөлшектерді  тікелей  енгізу  және  басқалар  арқылы  жентектелген 

аллюминий опасын алған сияқты алынады [2]. 

    Талшықты материалдарға түсетін күшті негізінен бекемдегіштер қабылдайды, ал матрица кернеуді 

тасымалдайтын  орта  қызметін  атқарады.  Сондықтан  олардың    бекемделуі  талшықтың  беріктігіне, 

қалыңдығына және ұзындығына байланысты болады. Талшық неғұрлым жіңішке әрі ұзынырақ, дәлірек 

айтқанда  неғұрлым  аз  болса,  талшықты  материалдардың  сипаттамасы  соғұрлым  жоғары  болады. 

Беріктіктің  бекемдегіштің  мөлшеріне  өте  аз  және  жоғары  болатын  композиция  бұған  қосылмайды. 

Диспресті  бекемделетін  материалдарға  негізгі  түсетін  күшті    матрица  қабылдайды.  Бекемдегіштің 

диспресті  бөлшектері  пластикалық  деформацияның    дамуына  кедергі  жасай  отырып,  дислокатцияны 

нығайтады.  Бөлшектер  неғұрлым  жіңішке  әрі  олардың  ара  қашықтығы  неғұрлым  аз  болса, 

композициялық  материал  соғұрлым  берігірек  болады.  Оның  қызуға  беріктігіне  бөлшектердің 

матрицада  ерімейтіндігі  және  олардың  қайта  кристалдану  процесіне  кедергі  жасайтын  әсері  себепші 

болады.  Тотықтырғыштың  мөлшерін  арттырғанда  диспресті  бекемделетін  материалдың  беріктігі  мен 

қызуға беріктігі экстремальдық тәуелділік бойынша өзгереді.  

    Авиация мен ракета техникасы үшін ерекше мүдде аллюминий және оның қорытпалары негізіндегі 

композициялық  материалдар  болып  табылады.  Талшықты  композициялық  материалдар  үшін 

анизотропия қасиеттері тән. Диспресті бекемделген қорытпаларда мұндай кемшілік болмайды. 

    Магниттік  материалдар  жоғары  жиілікте  жұмыс  атқарғанда  гизтерезиске  жұмсалатын  шығын 

(магниттік  шығын),  әсіресе  электрлік  шығын  ерекше  арта  түседі,  олар  мынадай  формуламен 

анықталады:  





2

2



d

f

                                                    (1) 

мұндағы 

-  ферромагнетик    пен  өріс  кернеулігінің  қасиеттері  мен  формуласына  тәуелді 

коэффициент; d- ферромагниттік дененің қалыңдығы; 

f

-жиілігі және 



-меншікті электр кедергісі [3]. 

    Формуланың  нәтижесінен  көрініп  тұрғанындай,  үлкен  жиіліктегі  электрлік  шығынды  кеміту 

әдістерінің    бірі  –  материал  табағының  қалыңдығын  бірнеше  микронға  дейін  кеміту.  Алайда  жұқа 

материал табақтарын  жасап шығару технологиясының  күрделілігінен, сондықтан олардың құнының 

қымбаттылығынан  бұл әдіс кең өріс алған жоқ. 

    Жаппай  өндіру  жағдайларында  магнит  диэлектриктерін  жасап  шығарудың  ең  оңай  әдісі 

қолданылады;  мұндай  магнит  диэлектриктері    өте  ұсақ  ферромагниттік  ұнтақтың  изоляциялаушы 

материалмен  престелген  қоспасы  болып  табылады.  Магнит  диэлектрінде  өлшемі  шамамен  бірнеше 

микрон  және  онан  да  кем    болатын  магнит  ұнтағының  әрбір  бөлшегі  диэлектрлік    қабықшамен 

қоршалған, сондықтан пайда болатын құйындық токтардың шамасы аз болады.  

    Магнит    диэлектриктерінің  магниттік  өтімділігі  біршама  төмен  болады,  бірақ  олардың  магниттік 

қасиеттері жақсы  температуралық тұрақтылыққа ие болады да, 1 МГц жиілікке дейін  қолданылады.  

Күшті  магнитсіздендіретін  фактордың  салдарынан  олар  ең  алдымен  әлсіз  магнит    өрістерінде 

қолданылады  әрі байланыс техникасында, атап айтқанда ақпарат алмасуда пайдаланылады. 

    Электр  шығынын    шұғыл  азайтуға  мүмкіндік  беретін  екінші  бір  елеулі  фактор  –  ферромагниттің 

өзінің меншікті  электр кедергісін арттыру. Ферриттер деп аталып, осы заманғы электроникада ерекше 

маңызды роль атқаратын  магниттік  материалдардың  жоғары электр  кедергісі болады. 

    Ферриттерді  өндіру  технологиясы  өте  жеңіл  әрі  оны  өте  оңай  автоматтандыруға  да  болады, 

сондықтан  ферриттік  өзектердің  өзіндік  құны  жинақталған  металдық  өзектердікінен  едәуір  арзан 

болады.  Алайда    ферриттердің  металдық  ферромагнетиктермен    салыстырғандағы  бірқатар 

кемшіліктерін атап өту қажет: 

1)  Кюри 

нүктесі 


температурасының 

төмендігі, 

осының 

нәтижесінде 



ферриттер 

нашар 


температуралық тұрақтылыққа ие болады; 

2)  Шамамен  4000  Гс  болатын  қанығу  индукциясының  төмендігі,  бұл  қуатты,  төмен  жиілікті  күш 

трансформаторларына арналған ферриттерді пайдалануға мүмкіндік бермейді; 

3)  Аса    қаттылғы  мен  аса  морт    сыңғыштығы  фериттердің  механикалық  өңделуін  қиындатады  ( 

олардың тек тегістеліп өңделуі мүмкін) . 

     Ферритердің 

қасиеттері 

кейбір 


технологиялық 

факторларға 

(құрамына, 

жеңтектелу 

температурасына  т.б.)    ерекше  тәуелді  болады,  бұл  олардың  қасиеттерінің      көп  бытыраңқылығына 

әкеп соқтырады. 

      Ферриттердің  магниттік  қасиеттерінің  табиғаты.  Ферритер  металдардың  қос  тотықтары  болып 

табылады.    MeOF

2

O

3



  химиялық    формуласымен  өрнектелген  ферриттердің  ерекше  зор  маңызы  бар, 

бұл  формуладағы  Ме  –  металдың  екі  валентті  ионы.  Мұндай  ферриттердің  шпинель  типті  куб  торы 

болады,  сондықтан  олар  шпинелидтер  деп  аталады.  Мұнан  басқа  типті  ферриттер  де  қолданылады: 

МеО 6F


2

О

2



 (гексаферриттер) немесе 3Ме

2

О



3

∙5Fе


2

О

3



 (гранаталар) және басқалар. 

 

82

     Басқа ферромагниттік заттардағы сияқты, ферриттердегі магниттік момент негізінен парамагниттік 



иондардың  электрондарының  спиндерінің  әсерінен пайда  болады.  Ферриттердің  металл  иондарының 

(ферромагнетиктердің)  антипараллельдік  магниттік  моменттерімен  компенсацияланбаған  домендік 

құрлымы болады. 

    Ферриттердің  магниттік және электрлік қасиеттері тек химиялық құрамға ғана емес, сонымен қатар 

пайдаланылу  жағдайларына,  ең  алдымен  оған  түсірілген  өрістің  жиілігіне  байланысты  болады. 

Металдық  ферромагнетикке  жиілігі  арта  түсетін  жоғары  жиіліктегі  өріспен  әсер  еткенде,  магниттік 

өтімділік  құйынды  токтардың  магнитсіздендіретін  әсерінің  салдарынан  азаяды.Үлкен    кедергіге  ие 

болатын ферриттерге құйынды токтардың тигізетін әсерін жоғары жиілікке дейін елемеуге болады. 

     Қазіргі уақытта радиожиіліктерінде Mn-Zn және Ni-Zn ферриттері кең түрде қолданылатын болады. 

Mn-Zn  ферриттері  екі  топқа  бөлінеді:  олардың  бірінші  тобының  құрамында  арнаулы  қосымшалар 

болмайды  және  бұл  топ,    бастапқы  магниттік  өтімділіктің  температуралық  тұрақтылығына  жоғары 

талап  қойылмаған  жағдайда,  бірнеше  жүздеген  кГц-ге  дейінгі  диапозонда  пайдаланылады,  екінші 

тобының  құрамында  бастапқы  магниттік  өтімділіктің  температуралық  тұрақтылығын  жақсарту  үшін 

енгізілетін  кобальттың  шала  тотығы  және  басқа  тотықтар  сияқты  қосымшалар  болады,  ал  бұл  топ  

3МГц  дейінгі  жиіліктердегі  әлсіз  және  орташа  өрістерде  пайдалануға  арналған.  Ni-Zn  ферриттері 

жоғары  меншікті  электр  кедергісіне,  аз  шығынға  ие  болады,  сондықтан  оларды  өте  жоғары 

жиіліктерде пайдаланылады; Ni-Zn ферриттері үш топқа бөлінеді. 

1- кесте. Радиотехникалық ферриттердің құрамы мен қасиеттері 

Ферриттер 

Мольдық құрам, % 

f, МГц 

Н

с



, Э 

,Ом∙см 


0



С 

 

 



 

 

Mn-Zn 



6000НМ 

3000НМ 


1000НМ3 

 

52,50 



53,75 

54,80 


 

24,5 


26,1 

32,6 


 

 

23,00 



21,15 

14,10 


 

 



0,3 


 

0,02 


0,30 

2,70 


 

 

0,10 



0,15 

0,30 


 

 

10 



50 

1000 


 

 

110 



140 

200 


Ni-Zn 

2000ТЖ 


600ТЖ 

200ТЖ 


300ТЖ 

60ТЖ 


100ЖЖ 

20ЖЖ 


 

59,0 


50,0 

49,5 


48,4 

49,0 


48,8 

54,5 


 

16,0 


17,5 

18,2 


19,5 

29,5 


18,8 

30,9 


 

 

34,0 



38,0 

33,4 


31,9 

20,5 


19,0 

13,6 


 

 



2,5 



1,0 

1,0 


0,5 

 

 



55,0 

35,0 


30,0 

10,0 


5,0 

1,2 


0,2 

 

 



0,1 

0,4 


1,5 

3,8 


4,0 

1,0 


10,0 

 

 



10

3

 



10

4

 



10

5

 



10

6

 



10

8

 



10

6

 



10

6

 



 

 

70 



110 

120 


400 

350 


120 

450 


 

 

      Бірінші  топтың  құрамында  арнаулы  қосымшалар  болмайды  және  бұл  топ  бірнеше  мегагерцке 



дейінгі жиіліктердегі әлсіз және орташа өрістерде жұмыс атқару үшін пайдаланылады. Екінші топтың 

құрамында  артық  Fе

2

О



тотығы,  сондай-ақ  оның  қасиеттерін  жақсарту  үшін  енгізілетін  кобальт  және 

басқа  материалдар  сияқты  қосымшалар  болады.  Мндай  ферриттердің  құйындық  тоққа  жұмсалатын 

шығыны  аз  болады  әрі  олар  100МГц-ке  дейінгі  жиіліктердегі  әлсіз  өрістерде  пайдалануға  арналған; 

Кюри нүктесінің температурасы жоғары болғандықтан олардың температураның кең интервалындағы  

магниттік  өтімділігінің  температуралық  коэффициенті  аз  болады.  Үшінші  топтың  құрамында  50%   

2



О

3

  тотығы,    басқа  тотықтардың  едәуір  қосымшалары  (1-8%)  болады,  бұл  топ  100-300  МГц 



жиіліктерде қолданылады.  

      Төрт  және  онан  да  көп  тотықтардан  жасалатын,  құрамы  күрделі  ферриттер  көп  қолданылатын 

болды.  Бастапқы  компоненттерді  алуан  түрлі  етіп үйлестіру  –  магниттік  қасиеттері  әр  түрлі  болатын 

материалдар жасауға шексіз мүмкіншілік туғызып отыр. Магниті жұмсақ ферриттердің басым көпшілігі 

магниттік  өтімділіктің  сандық  мәні  тұрады,  сонан  кейін  қолданылатын  жиілік  диапозының  белгілейтін 

әріптер  (ТЖ-төмен  жиілікті,  ЖЖ-жоғары  жиілікті)  келеді.  Мұнан  кейін  материалдың  құрамын 

белгілейтін әріптер (М-марганец-мырышты, Н-никель-мырышты т.с.с.) келеді. Ең соңында тұрған цифр 

ферриттің бір түрінің нөмірін көрсетеді [4]. 

      Төтенше  жоғары  жиіліктерге  (ТЖЖ)  арналған  ферриттер.  ТЖЖ  техникасының  (радилокация, 

радиорелелік  байланыс т.б.) кең түрде дамуы – аппаратураның әр түрлі тораптарының параметрлері, 

тез әсер ететін инерциясыз басқару тәсілдерін жетілдіруді талап етеді, бұл ферриттерді қолданғанда 

ойдағыдай жүзеге асырады  (1- кесте). 

     Ферриттер  электромагниттік  толқындарды  шағылыстырмайды,  қайта  оларды  еленбейтін 

шығынсыз-ақ  өткізіп  жібереді.  өтіп  кететін  электромагниттік  толқындар  поляризация    құбылысын 

туғызады.  Егер    феррит  магниттелсе,  онда  поляризация  жазықтығы,  өрістің  кернеулігі  мен 


 

83 


ферромагнетиктің  табиғатына  тәуелді  болатын,  белгілі  бір  бұрышқа  бұрылады.  Осындай  құбылысты 

пайдалану  –  фаза  айналдырғыштар,  фазалық  модуляторлар  және  басқа типтес  әр  түрлі құрылғылар 

жасауға мүмкіндік береді. 

2- кесте. Кейбір ферриттердің ТЖЖ–диапазонына арналған қасиеттері  

Ферриттің 

маркасы 


В

S

, Гс 



0



С 

∆Н, Э 


9200, МГц 

3000 МГц 

1ТЖ1 

3ТЖ4 


6ТЖ1 

10ТЖ 


60ТЖ 

0,8КГ 


5КШ43 

2000 


1800 

1300 


800 

500 


1750 

3900 


270 

240 


200 

170 


150 

290 


640 

500 


200 





400 



160 

40-70 


0,6 

40 


 

Толқындық техникада бірнеше жүйелердің ферриттері қолданылады. 

      Мыс,  марганец  және  кобальт  тотықтары  қосылған  никельді  ферриттер  (NiO-CuO,  NiO-CuO-  MnO, 

NiO-CuO –CoO). Никельді ферриттерге мыс тотығын енгізгенде оның тығыздығы артады, айтарлықтай 

жоғары  қанығу  индукциясын  шығарып  алуға  мүмкіндік  туғызады,  жентектелу  температурасын  100-

200


0

С-қа  төмендетеді.  Марганец  тотығы  меншікті  электр  кедергісін  едәуір  арттырады,  ал  кобальт 

тотығы ферромагниттік резонанстың қисық сызығының енін тарылтады. 

1.  Магнийлі  ферриттер MnO тотығын қосқанда магнийлі ферриттерден меншікті электр кедергісін 

жоғары  және  магниттік  шығыны  аз  болатын  материалдар  шығарып  алуға  болады.  Ферриттердің  бұл 

тобы толқын ұзындығы 3см-лік диапозонда қолданылады. 

2.  Магнийлі ферроалюминаттар  (MgO-М

2

О



3

). 


Мұндай  ферриттердегі  Fe

2

О



3

  тотығының  бір  бөлігі  Al

2

О

3



  тотығымен  алмастырылған.  Олардың  электр 

кедергісі  жоғары  болады,  ал  ферриттегі  Al

2

О

3



    тотығы  неғұрлым  көп  болса,  ол  соғұрлым  жоғары 

болады,  бірақ  мұнда  қанығу  индукциясы  мен  Кюри  нүктесінің  температурасы  төмендейді.  Мұндай 

ферриттер толқын ұзындығы шамамен 4-5 см болатын диапозонда қолданылады. 

       3.Никель және магнийлі феррохроматтар (NiO-Cr

2

O-ZnO, MgO –Cr



2

O

3



). 

       4.Ферриттер-гранаттар. 

      Ферриттер  -  гранаттардың  химиялық  құрамы  мынадай  формулалармен  өрнектеледі:  Ме

3



2

О

12



  

немесе 3Ме

2

О

3



·5F

2

О, мұндағы Ме-жерде сирек кездесетін элементтердің бірі. 



      Қазіргі  уақытта  ферриттердің  монокристалдары    ойдағыдай  қолданыла  бастады.  Егер  тұрақты 

магнит  өрісі  қиын  магниттелетін  бағытқа    түсірілсе,  резонанстық  тар  қисық  сызық  шығатындығы 

дәлелденген. 

      5.Феррокспландар. 

      Егер  барий  иондарының  бір  бөлігі  басқа  металдармен  алмастырсақ  (ВаМе)  О·6Fe

2

О



3

,  онда 


феррокспландар  деп  аталатын  ферриттер  тобы  түзіледі.  Олардың  тамаша  ерекшілігі  –  жеңіл 

магниттелетін жазықтығының болатындығы, бұл – феррокспландардың жеңіл магниттелетін сызықтық 

бағыты әрі куб құрылымы болатын ферриттерден өзгешелігі болады [5]. 

     Феррокспландардың құрамына қайсыбір екі валентті катиондар енгізе отырып, қанығу индукциясы 

алуан  түрлі  және  Кюри  нүктесінің  температурасы  әр  түрлі  болатын  материалдар  шығарып  алуға 

болады.  Феррокспландар  меншікті  электр  кедергісінің  жоғарлығымен,  магниттік  өтімділігінің 

тұрақтылығымен және шығындарының аздығымен сипатталады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. Гусев А.И., Ремпель А.А. Нанокристаллические материалы, М.: Физматлит, 2001 г. 

2. Васильева В.В., Тарнопольского Ю.М., Композиционные материалы. Справочник под общей ред. М.: 

Машиностроение, 1990. 

3.  Тоқтабаева,  Ә.Қ.  Полимерлік  композиттік  материалдарды  алу  және  зерттеу  әдістері:  ҚазҰУ.- 

Алматы: Қазақ ун-ті, 2009ж. 

4. Г.П. Фетисов, В.М. Карпман, В.С. Матюнин , Материаловедение и технология металлов М.: Высшая 

школа, 2001 

5. Б.Н. Арзамасов, В.И. Макарова, Г.Г. Мухин, Материаловедение Учебник для ВУЗов под общ. ред. 

Б.Н. Арзамасова.- М.: МГТУ им. Баумана, 2001 

 

Резюме 

       В работе рассмотрены физические свойства металлических композиционных материалов,     доказаны 

важнейшие характеристики ферритов и их применение в технике.  

 


 

84

Summary 

        This  paper  discusses  the  physical  properties  of  metallic  composite  materials,  we  prove  the  essential 

characteristics of ferrites and their applications in engineering. 

 

 

 



КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ  МҰНАЙ  КЕН  ОРЫНДАРЫ  САЛДАРЫНАН ЛАСТАНУЫ ЖӘНЕ  ОНЫҢ  

ТЕҢІЗ  ФАУНАСЫНА  ТИГІЗЕТІН  ӘСЕРІ 

 

Д.Ж.Қалиманова, б.ғ.к., аға оқытушы, 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 

 

Каспий  теңізінде  мұнай  және  газ  өндіру  өндірісі  150  жылдан  бері  жүргізілуде.  Ресейлік 



мамандардың  жобалау  анықтамасы  бойынша  өндірілетін  мұнайдың  жалпы  қоры  200  млрд  баррель 

көлеміндей деп  бағалайды. Ең ірі көмірсутектердің қоры Қазақстан шельфінде орналасқан. Мұнай мен 

газдың өндірілу мен өңделу көлемінің ұлғаюы эколог мамандарының ең басты проблемалары. 

 

Каспий теңізі негізінен геологиялық тұрғыдан қарағанда, әлемдік теңізге жатпайтын, тұйық су 



бассейні, сондықтан мұнай салдарынан қоршаған ортаның ластануы көбейіп отыр.  

 

Тұрмыстық шаруашылық  қалдықтарымен  ластанатын  шамамен  132  өзен  ағыс  арқылы  Каспий 



теңізіне    келіп  қосылады.  Мысалы,  ауыл  шарушылық  қалдықтар,  өзен  ағыстары  арқылы  Каспий 

теңізіне қосылуы, Иран ауданындағы ең басты экологиялық проблемалардың бірі болып табылады. 

 

Каспий  теңізінің  мұнаймен  ластануы,  мұнай  скважиналарының  суға  кетуінен,  мөлшерден  тыс 



өндірілуден,  байқаусызда  мұнайдың  суға  төгілуінен  болады.    КЭП  (Каспийдің  экологиологиялық 

программасының)  негізгі  мәліметтері  бойынша  теңіз  суларын  мұнаймен  ластаушылардың    табиғи 

көздері (17,2 %)  және өзендер (64,6 %). Солтүстік Каспий  теңізі соңғы жылдары апаттық жағдайлар 

тізімі қатарынан алдыңғы орын алады. 

 

Солтүстік  Каспий  теңізіндегі  апаттық  жағдайлар  және  теңізге    мұнай  төгілген  жөніндегі 



қысқаша мәліметтер: 

 -  1985  –  1986  ж.ж.  -  №  37  скважинадан  Тенгизде  апаттық    жағдай  болып,  3,5  млн  тонна  мұнай 

жанып, 900 т мұнай суға төгілді, ретке келтіру жұмыстары 398 күнге созылды. 

- 2000 ж. Наурыз айында – «Сұңқар» бұрғылау орнында, теңізге мұнай төгілу жөнінде мәлімет бар. 

-  2000  ж.Сәуір  айында  –  Шығыс  Қашаған  «Сұңқар»  бұрғылау  орнында,  скважинадан  мұнай  зерттеу 

кезінде теңізге мұнай төгілген. 

-  2001  ж.  Сәуір айында  –  Батыс  Қашаған  «Сұңқар»  бұрғылау  орнында,  зерттеу  кезінде  скважинадан 

теңіз суына мұнай төгіліп, күкіртсутек ауаға жіберілген. 

-  2001  ж.Мамыр  айында  -    белгісіз    танкерден  мұнай  өнімдері  теңізге  төгілген  жөніндегі  мәліметтер 

жинағы тіркелген. 

 

Каспий  теңізінің  Қазақстандағы  бөлігі  шикізаттарға  және  биологиялық  ресурстарға  өте  бай. 



Осы  аймақтан  күкіртсутек  шикізатын  1899  жылдан  бастап  өндіреді.  Мұнай  және  газ  өндірісінен 

өндірілетін  негізгі  қорлар  таскөмір,  төменгіперм,  перм  –  триасты,  юралы  және  бор  қалдықтарына 

жатады.  Атырау  облысында  мұнай  және  газ  өндірісінің  43  мұнай  кен  орындарының  ресурстары  бар, 

соның  ішінде  ең  басты  кен  орны  Тенгиз.  2000  жылы  Атырау  қаласынан  70  км    оңтүстік  –  шығыс 

(теңіздің терең емес) аймағына қарай, ең ірі шығыс Қашаған мұнайгаз өндірісінің кен орны ашылды.   

 

2001  жылдан  бастап  батыс  Қашаған  кен  орнынан  мұнайгаз  тасымалдай  бастады.  Маңғыстау 



облысындағы  69  кен  орнына  бақылау  жұмыстарын  жүргізген  кезде,    соның  ішінде  27  кен  орнынан 

мұнай және газ өндіру жұмыстарын жүргізуге болатындығын байқады. Каспийдің осы аймағынан 18,2 

млн. т. мұнай өндірілген.  

 

Мұнай  өнімдері  қалдықтарының  теңіз  суына  төгілуі,  басқада  теңіз  жануарларына  әсерін 



тигізеді.  Көбінесе,  өндіріс  жұмыстары  қайраңдардан  жүргізілгенде  теңіз  көксеркесінің  санының 

азаюымен бірге оның ресурстық мәні де жойылады. Соның ішінде ең қауіпті қатердің бірі теңіз суының 

мұнаймен ластануы, осындай қатердің салдарынан бір ғана түр жойылып қоймай, олардың мекен ету 

ортасы  түгелдей  жойылады.  Бекіре  тұқымдастары  Каспий  теңізінің  бірден  –  бір  таптырмас  байлығы, 

қара  уылдырықтан  келетін  пайданы  дүние  жүзілік  баға  бойынша,  қара  алтыннан  келетін  пайдамен 

салыстырмалы түрде қарағанда, едәуір жоғары болып келеді. Ихтиологтардың айтуы бойынша Каспий 

теңізіндегі  бекіре  тұқымдас  балықтардың  жойылып  кету  қауіпі  бар  екендігін  айқын  айта  алады.  

Ихтиолог  ғалымдар,  балықтар  және  теңіздің  басқада  жануарлары,  теңіз  қайрандарынан  мұнай  және 

газ өндіру кезінде,  қорғаныштық қызмет атқара алмауына байланысты,  жойылуға әкеледі деп шешті. 

 

Мұнайгаз  кешені,  атмосферасы,  топырағы  және  су  ресурстары  мұнай  қалдықтарымен 



ластанған  аймақтағы  жергілікті  тұрғындар  денсаулығына  көп  көңіл  бөлу  керектігін,  басты  міндетке 

қойды.Мұнай  өндірісіне жақын  аймақта, Қазақстанның  солтүстігінде  орналасқан  тұрғындарға  зерттеу 



 

85 


жүргізілгенде,  көбінесе  қан  тамыры  жолдары  мен  қан  бұзылу  ауруына  шалдыққан  адам  саны, 

Республика бойынша алғанда   2-4 есе жоғары болған.       

 

Қортындылай  келгенде    бұл  жағдайлардан  шығатын  мына  жолдарды  қарастыруға  болады, 



алдымен  мониторинг  пен  қоғамға  мәлімет  жеткізіп  отыратын  және  мониторингтік  құрлымға  ие  

ұлтаралық    жүйе  құру  керек.  Жүйе  максималды  түрде  икемді,  орталықтандырылған,  табиғи 

ресурстарды басқаруда кең қоғамды біртіндеп алаңдататын болу қажет. 

 




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет