№4 дәріс бойынша тапсырма. Тақырып: Термин. Терминология ғылымы



Pdf көрінісі
Дата08.04.2023
өлшемі285,31 Kb.
#80666


№4 дәріс бойынша тапсырма. 
Тақырып: Термин. Терминология ғылымы. 
 
Терминология – белгілі бір білім саласында қолданылатын терминдердің 
жиынтығы
Термин Термин 

(лат. тerminus - шек, шекара) – ғылым, 
техниканың, өнердің және қоғамдық тұрмыстың т.б. саланың белгілі бір 
ұғымының немесе заттың дәл (ауыспалы немесе бейнелі түрде емес) 
мағынасын білдіретін немесе нақты мән-сипатын аңғартатын сөз немесе 
сөз тіркесі (лат. тerminus 

шек, шекара) – ғылым, техниканың, өнердің 
және қоғамдық тұрмыстың т.б. саланың белгілі бір ұғымының немесе 
заттың дәл (ауыспалы немесе бейнелі түрде емес) мағынасын білдіретін 
немесе нақты мән-сипатын аңғартатын сөз немесе сөз тіркесі. 
Терминдердің басқа сөздерден айырмашылығы, олар бірмағыналы, қысқа 
болады, эмоциялылық және экспрессия жоқ, стилистикалық бейтарап. Кейбір 
терминдер өзінің ерекше сипатын жоғалтып, әр түрлі сөйлеу стилінде 
кеңінен қолданылады. Терминология білімнің белгілі бір саласы 
терминдерінің жиынтығы ретінде кез келген тілде кәсіби қызметпен тығыз 
байланысты. Адам қызметінің белгілі бір саласында жұмыс істейтін маман 
терминологияны меңгермей, өз мүмкіндіктерін толыққанды іске асыра 
алмайды. Терминдердің арасында термин-синонимдер де кездеседі, мысалы, 
пневмония 
– 
өкпенің қабынуы, грамматикалық модель 

грамматикалық 
құрылым, дисфазия 

афазия. Терминологияда пәнаралық терминологиялық 
омонимия таралған. Бір термин осы тілдің түрлі терминологиясына кіре 
алады. Мысалы, реакция термині химия, саясат, физиологияда кездеседі.
Терминологиялық лексика екі топқа бөлінеді: тарсалалық және жалпы 
ғылыми терминдер. Тарсалалық терминдер жекелеген ғылым шеңберінде 
ғана кездеседі: математика, физика, химия, информатика және т. б. 
Тарсалалық терминдер ерекше функционалдық оқшаулығымен сипатталады, 
көбінесе мамандарға ғана белгілі. Олардың басқа стильдерде қолданылуы 
шектеулі.
Жалпы ғылыми терминдер ғылымның әртүрлі салаларында кездеседі, 
олар барлық адамдарға түсінікті, оларды жалпыға түсінікті деп аталады. 
Термин тек бір терминологияның құрамына кіруі мүмкін, және де әртүрлі 
терминологияларға, мысалы, операция (ота) 

медицинада, қаржы саласында, 
әскери істе; ассимиляция 

биологияда, этнографияда, лингвистикада кіруі 
мүмкін. Терминологияда детерминологизация және терминдену үрдісі 
кездеседі. Детерминологизация дегеніміз терминнің жалпы қолданылатын 
лексикаға ауысуы) және терминдену жалпы қолданылатын сөздің терминге 
ауысуы, мысалы, «жалғау – окончание»)
Қазіргі жағдайда терминге қойылатын маңызды талап оның 
халықаралық сипаты, халықаралық стандарттарға сәйкестігі болып 
табылады.
СӨЗДІК: 
терминдердің жиынтығы – совокупность терминов


ұғым - понятие
айырмашылық - отличие
бірмағыналы – однозначны
бейтарап – нейтральный
кәсіби қызмет – профессиональная деятельность
функционалдық оқшаулығымен – функциональной обособленностью
толыққанды -полноценно
пәнаралық - междисциплинарный
тарсалалық - узкоспециальный
жалпы ғылыми - общенаучный
жалпыға түсінікті - общепонятный
 
 
ТАПСЫРМА: 
1. Сұрақтарға жауап беріңіз. 
1. Термин, терминология сөздеріне анықтама беріңіз 
2. Терминдердің басқа сөздерден ең басты айырмашылықтары қандай? 
3. Тар салалық және жалпы ғылыми терминдердің айырмашылығы неде? (4-5 
мысал келтіріңіз ).
4. Детерминологизация, терминдену дегеніміз не? (4-5 мысал келтіріңіз) 
Ескерту: Мысалдарды өз мамандығыңызға қатысты алыңыз 
5. Терминдер қалай жасалады? 
2. Өз мамандығыңызға қатысты 10 термин жазып, қай тілден енгенін 
және анықтамасын жазыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз .(5 сөйлем)
 
 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет