Дәрістен негізгі түсініктерді жазып, оларға қысқаша анықтама беріңіз (кем дегенде 10 термин) Эмоция



Дата28.02.2022
өлшемі19,29 Kb.
#26689

БАӨЖ 3:



  1. Дәрістен негізгі түсініктерді жазып, оларға қысқаша анықтама беріңіз (кем дегенде 10 термин)
    Эмоция –
    адамның мінез-құлқына, іс-әрекетіне, пікіріне қанағаттануы немесе қанағаттанбауынан көрінеді.

Эмоциялық интелект – өз эмоциялары мен өзін қоршаған адамдардың эмоцияларын ұғыну және түсіну қабілеттілігі.

Аффект – қысқа уақыт аралығында бұрқ етіп көрінетін күшті эмоция.

Стеникалық сезім – адамның белсенділігі арттыратын, күші мен қуатын еселейтін, адамды жігерлендіретін сергектікке бағыттайтын сезім.

Көңіл-күй - адамның барлық басқа күйзелістерін, ойлары мен іс-әрекеттерін бояй отырып, әлсіз білдірілген жағымды немесе жағымсыз эмоциялармен байланысты ұзақ мерзімді эмоционалды жағдай.

Эстетикалық сезімдер адамның табиғаттағы, өнердегі, адамдар өміріндегі әсемдіктерге деген эмоциялық қатынасын білдіреді.

Эмпатия – басқа адамды түсіне білу, оның ішкі сезіміне және ойына ене білу, қайғысына, қуанышына ортақтаса білу.

Өзін-өзі тану - эмоционалды күйлерді атай білу, эмоциялар, ойлау мен іс-әрекеттер арасындағы байланысты түсіну қабілеті, өзінің күшті және әлсіз жақтарын адекватты бағалай білу.

Өзін-өзі реттеу - эмоцияларды басқара білу, қажетсіз эмоционалды жағдайды өзгерту, стресстен тезірек шығу мүмкіндігі.

Мотивация – адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік.

Әлеуметтік дағдылар дегеніміз - қанағаттанарлық тұлғааралық қатынастарға түсу және қолдау.


  1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:


А) Адам эмоциясын жасыра білгені дұрыс па? Қуанышты кезде, қатты корыққан сәттегі сезімдерді жасыру керек пе, әлде сыртқа шығарған жақсы ма? Шынайы сезімімізді жасыра білу ұстамдылық па қорқыныш па?

Б) Қатты ашуланғанда не істейсіз? Эмоцияңызды басқаларға көрсетесіз бе?

С) Сіз эмоцияға көп берілетін жансыз ба? Мысалы, бірден ашуланып немесе жылап жіберетін адамдарға көзқарасыңыз қандай?


  1. Жоқ сөздерді немесе сөйлемдерді толықтырыңыз.


Адамның басқа адамдарға жанашырлық қабілетін эмпатия деп атайды.
Фрустрация - бұл сәтсіздіктер кезінде пайда болатын эмоционалды күй, үмітсіздік, үміттердің күйреуімен бірге жүреді.
Еріксіз, күшті эмоциялардың әсерінен болатын әрекеттерді аффект деп атайды.
Асентикалық бұл адамды әлсіздендіретін, оның белсенділігін төмендететін күйзелістер.


Стеникалық сезім - бұл жағдай төтенше жағдайда туындайды, ол адамнан күш пен жігер жұмылдыруды талап етеді.
Ерік - қойылған мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңу арқылы көрінетін адамның психикалық қасиеті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет