4 дәріс Еліміздегі әлемдік маңызы бар мемлекеттік табиғи қорықтар. Биоалуантүрлілікті сақтаудың тұжырымдамасы мен қағидалары. Әлемдік табиғи мұралар тізіміне тіркелген қорықтар-Қорғалжын және Наурызым қорығы. Флорасы мен фаунасы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата09.05.2023
өлшемі400,25 Kb.
#91307
  1   2
Байланысты:
4 дәріс ЕҚТА (1)




4 дәріс 
Еліміздегі әлемдік маңызы бар мемлекеттік табиғи қорықтар. Биоалуантүрлілікті 
сақтаудың тұжырымдамасы мен қағидалары. Әлемдік табиғи мұралар тізіміне 
тіркелген қорықтар-Қорғалжын және Наурызым қорығы. Флорасы мен фаунасы 
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) деген ұғым қоршаған табиғи ортаны 
ерекше қорғау мақсатында мемлекет және жеке адамдар тарапынан арнайы бөлінетін 
құрлықтағы және су айдынындарында жер телімдерінің жүйесі деген түсінікті білдіреді. 
Бұл ұғым белгілі бір аймақтағы табиғаттың бастапқы қалпы сақталған немесе адамның 
шаруашылық жұмыстарының әсерінен әлі де болса өзгере қоймаған құнды экологиялық 
жүйелерді сақтап қалу және оларды қорғау мақсатында ұйымдастырылатын арнайы 
мемлекеттік мекемелер жүйесін қамтиды.
ЕҚТА негізінен табиғи байлықтардың алуантүрлілігін сақтап қалу және оларды 
қатаң түрде қорғау мақсатында ұйымдастырылады, яғни қазіргі кездегі тірі организмдердің 
гендік қорының жиынтығын сақтап қалуды көздейді.Соңғы жылдары ЕҚТА-дың көлемін 
ұлғайту шаралары дүниежүзі бойынша кеңінен өріс алуда.
Биологиялық алуантүрлілік терминін ғылымға алғаш рет енгізген ағылшын ғылымы, 
әрі саяхатшысы Бейтс Генри Уолтер (Bates H.W, 1825-1892).
Биоалуантүрлілік ұғымы табиғатта кездесетін организмдердің кез келген түрін 
сақтап қалу, оларды ғылыми тұрғыдан тиянақты түрде зерттеу және оны адамзат игілігі 
үшін тиімді пайдалана білу деген мағынаны білдіреді. Биоалуантүрлілік ұғымы 1972 жылы 
БҰҰ-ның Стокгольм қаласында (Швеция) өткен қоршаған орта туралы конференциясынан 
кейін кеңінен тарала бастады. Ал, қазіргі кезде биоалуантүрлілік ұғымы әрбір мемлекеттің 
тұрақты дамуындағы экономикалық және экологиялық саясатының құрамдас бір бөлігі 
ретінде күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналып отыр.
Ғылыми тұрғыдан алғанда биологиялық алуантүрлілік дегеніміз табиғатта әр түрлі 
гендердің, әр түрлі организмдердің және әр түрлі экожүйелердің болуы деген ұғымды 
білдіреді. 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) өткен БҰҰ-ның арнайы 
конференциясында Халықаралық «Биологиялық алуантүрлілік туралы Конвенциясы» 
қабылданып, оның негізгі стратегиялық бағыттары белгіленді. Мұнда бүкіл адамзат 
баласының басты көңіл бөлер қағидалары нақты атап көрсетілді:
- жалпы ғаламдық деңгейде биоалуантүрлілікті зерттеп анықтау;
- әрбір мемлекет өз елінде биоалуантүрлілікті сақтап қалу және оны тиімді 
пайдалану үшін ұлттық стратегиясын белгілеу;
- әрбір экожүйедегі биоалуантүрлілікті зерттеудің ұзақ мерзімге арналған 
бағыттарын жүзеге асыру;
- тірі организмдердің тіршілік ететін орта жағдайларын қоса қорғау;
- бұзылған экожүйелерді қайта қалпына келтіруге барлық жағдайлар жасау т.б.
Биоалуантүрлілік екінші сөзбен айтқанда «Жер бетінде тіршілік» деген мағынаға сәйкес 
келеді. Ғылыми тұрғыдан алғанда, биоалуантүрлілік ұғымы тіршілік деңгейлеріне 
байланысты айтылатын ген (молекулярлық деңгей), түр және экожүйе деген түсініктерді 
қамтиды. 
Өйткені 2008 жылы шілде айының бас кезінде ЮНЕСКО-ның (БҰҰ-ның білім беру, 
ғылым және мәдениет жөніндегі арнайы мекемесі) шешімі бойынша бүкіл Орталық Азия 
өңірінде алғаш рет Әлемдік маңызы бар табиғи мұралардың тізіміне Сарыарқа:” Солтүстік 
Қазақстанның даласы және көлдері “ деген атаумен Қорғалжын және Наурызым 


мемлекеттік табиғи қорықтары тіркелді. Мұның өзі еліміздегі аты аталған табиғи 
қорықтардың қайталанбас табиғат байлықтарының Әлемдік маңызды екенін көрсетеді.
«Қорғалжын» қорығы Еуразияның құрғақ шөл зонасының бірегей ландшафттары 
мен жағалауымен қоса тұщы және тұзды сулы жерлерін қамтыған табиғи кешенді құрайды. 
Қорықтың 
аумағы 
Қазақстанның 
басқа 
бөліктерінде 
азайған 
шөл 
дала 
табиғи экожүйелерінің эталондық учаскелерін сақтайтын орын болып табылады. 
Қорғалжын Орталық Қазақстанның шөл дала зонасында, Орталық Азия -Үнді және 
Сібір - Шығыс Африкалық ұшатын құстардың миграциялық жолдарының қиылысында 
орналасқан және Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Азия үшін халықаралық маңызы 
зор сулы-батпақты алқап саналады. Қорғалжын қорығы 2008 жылы ЮНЕСКО-ның 
Бүкіләлемдік мұралар тізіміне алынған. 2000 жылдан бастап «Тірі көлдер» халықаралық 
ұйымына кірді. Әлемдегі ерекше бақылауды талап ететін Халықаралық маңызы бар, 
қорғауға алынған батпақты-сулы жерлердің тізіміне Рамсар Конвенциясының «А» тобында 
тіркелген. 2007 ж. бұл көлдерге халықаралық деңгейдегі орнитологиялық регион дәрежесі 
(ІBA) берілді.Сондай-ақ 2012 жылы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО 
ұйымының биосфералық резерваттар жүйесіне қабылданды. 
Елордамыз Астананың оңтүстік-батысына қарай 130 шақырым жерде орналасқан 
Қорғалжын қорығы – әлем картасында айрықша орын алатын сулы да нулы аймақ. Өзі Ақ-
мола облысының Қорғалжын, Егіндікөл және Қарағандының Нұра аудандарының шегіне 
созылып жатыр. Аймақ дейтініміз, қорық көлемі 259,9 мың гектар жерді алып жатса, оның 
198 мың гектары акваторий саналады. Қорық алғаш, 1957 жылы аң аулау орны болып 
белгіленген. Одан қорық болып ауыстырылады, ал 1962 жылы Қорғалжын орман-аңшылық 
шаруашылығына айналған. Тек 1968 жылы ғана Ғылым Академиясының ұсынысымен 
Қорғалжын мемлекеттік қорық мәртебесіне қол жеткізеді. Қорғалжын мемлекеттік табиғи 
қорығы құстар мен жануарлардың сирек және жойылып кету қауіпі бар түрлерін сақтау 
және олардың табиғатта болатын өзгерістерге бейімделуін зерттеу мақсатында құрылған.
Қорық Теңіз – Қорғалжын ойпаттарында орналасқан және жалпы ауданы 259,9 мың га, 
оның 198 мыңын акватория алып жатыр.
Жалпы қорық аймағы – ойпаттың барлық территориясын алып жатқан ежелгі 
теңіздің қалдығы екі үлкен өзен – Теңіз және Қорғалжын ортасында орналасқан. Қорық 
аумағында 123 үлкенді-кішілі, ашылы-тұшылы көлдер бар. Олардың ішінде әйгілі үлкен, 
кіші Теңіз көлдері, Керей, Қыпшақ болса, тұсшы Қорғалжын, Есей, Сұлтанкелді, Қоқай, 
Асаубалық, Жаманкөл, Жабай, Табанқазы, үлкен, кіші Қаракөл, Манат, Суберген, 
Тоқтамыс, Базар, Сары және Қызыл көлдер болады. Осы көптеген көлдерді атақты Нұра, 
Құланөтпес, Көн, Жаман Көң, Жақсы Көң өзендері суландырады. Оның ішінде Теңіз 
көлдерінің гидрологиялық режимін сақтайды. 
Бұл қорықта бас-аяғы 340-қа жуық құстар мекен етеді. Тіпті өте сирек кездесетін 
құстарды осы маңдағы Теңіз көлінен кездестіруге болады. Мұндағы 35-тен аса құс түрі 
еліміздің «Қызыл кітабына» енсе, 26 құс түрі халықаралық «Қызыл кітапқа» тіркеген. 
Ғалымдардың айтуынша, қорық ресурсы 15 миллион құсты асырауға қауқары бар.
Флорасы: Қорғалжын қорығы сулы-нулы жерде тұрғандықтан мұнда өсімдіктің сан 
түрі өседі. Табиғат зерттеуші мамандардың дәйектері бойынша мұнда өсімдіктің 500-ге 
жуық түрі бар. Қорық флорасы гүлді өсімдіктердің 300 түрін құрайды. Ағаштар жоқ, 
алайда бұталардың 12 түрі бар. Қорғалжын қорығында сирек кездесетін өсімдіктердің 45 
түрі қорғалады. Олардың арасында Шренк қызғалдағы, Қазақстанның Қызыл 
кітабына енген екі түсті қызғалдақ, көкшіл жуа, орал миясы, құмды цмин, дәрілік алтей, 
қара жусан, ақмия, бозы және дала шатырашы бар. Олардың ішінде кейбірі ерекше қорғауға 
алынған. Қызғалдақ гүлі қорық даласының сәні десе болады. Ал мұнда сол қызғалдақтың 
бірнеше түрі өседі. Табиғаттың, даланың органикалық тепе-теңдігін сақтауға әсер ететін 
қызғалдақ гүлдерін қорғау және көбейту мақсатында қорық аумағында «Қызғалдақтар 
фестивалін» ұйымдастыру дәстүрі қалыптасқан. 


Фаунасы:Қорғалжын фаунасы дала және жартылай шөл дала аймақтарына тән. 
Мұнда сүтқоректілердің 41 түрі, құстардың 294 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 
түрі, қос мекенділердің 2 түрі, балықтың 11 түрі бар. Қорықтың омыртқасыздар фаунасы 
мүлдем зерттелмеген. Қорықта қоңыздардың 300 түрі тіркелген. Қорғалжын қорығының 
басты бренді – қоқиқаздар. Айрықша сұлулығымен ерекшеленетін қоқиқаздар үшін 
Қорғалжын қорығы солтүстікте қоныстанатын соңғы мекен саналады. Бұл құстар жыл 
сайын көктемде Африканың шығыс-батысынан, Иран, Үндістан және Пәкістан елдерінен 
ұшып келіп, осында ұя басып, балапандарын қанаттандырып, қара күздің салқыны түсе 
бергенде келген жолдарымен жылы жаққа бет түзейді. Әлемде қоныс аударатын құстардың 
8 жолы бар. Олардың үшеуі осы қорықтағы Теңіз көлін басып өтеді. Жерорта теңізі арқылы 
ұшатын жол шығыс-батыс Африка және Орта Азияда Үндістан, Пәкістан, Иран арқылы 
өтеді. Жыл сайын 14 мыңға жуық жұп құс келіп, саны 60 мыңға жуықтайды 
Қоқиқаздың негізгі қорегі – артемия шаяны. Мұндай шаяндар тек тұзды көлдерде болады. 
Ал 
Теңіз 
көлінің 
тұздылығы 
әлемдік 
мұхиттардан 
5-6 
есе 
артық. 
Дәстүрлі «Қоқиқаздар фестивалі» өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет