Аннотация
Келимбердина Дария бұл тың тақырыпты 2017-2019 оқу жылында таңдап алып зерттеу жұмыстарын жүргізді. Тақырып бойынша алдына қойған мақсатына жетуге тырысты. Қазақ тіліндегі ержелерді жақсы меңгергендіктен, қазақша сленг сөздерді жан-жақты сипаттап талдады. Осы тақырыпты өз деңгейінде зерттеп қазақша ауызекі сөйлесуде сленгтердің қолдануын зерттеп тың ғылыми жаңалықтар ашуды көздеп отыр. Бұл тақырыпты 2014 жылы Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының №5 орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы Мещерякова Екатерина «Сленг сөздерін аударудағы қиындықтар»
тақырыбында ғылыми жоба қорғады. Жетекшісі: Карикпаева Динара Ақылбайқызы, бірінші санатты мұғалім. Екінші болып, Қарағанды облысында : Ж.Ақылбаев атындағы мектеп – гимназияның 7 - сынып оқушысы Қадырбек Азиат «Қазіргі жастар тілінің сөйлеу ерекшелігі» тақырыпта ғылыми жобасын қорғады. Жетекшісі: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Есенова Айгерим Атишкызы. Екі ғылыми жұмысты салыстырып, талдадық. Дарияның ғылыми жұмысы жоғарыда аталып кеткен жұмыстардан өзгеше және терең зерттелген. Келимбердина Дарияның ғылыми жұмысы Жамбыл атындағы гимназияда тыңдалып, қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің отырысында жоғары бағаланды. Аудандық ғылыми оқуға ұсынылды.
Бұл жұмыс сабақтан тыс жұмыста, қазақ тілі сабақтарында термин сөздер, диалект, көнерген сөздерді оқуда дидактикалық материал ретінде пайдалануға болатын ғылыми жұмыс.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ШУ ҚАЛАСЫ
Қазіргі жастар тіліндегі сленг сөздерді тақырыпқа жіктеу және көркем әдебиеттегі (Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романынан) сленгтердің қолданысы
\
Орындаған: Жамбыл атындағы
гимназияның
7 «б» - сынып оқушысы
Келимбердина Дария
Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Конысбаева Гульгул Кайратовна
87054460657
Шу 2019
Мазмұны
І Кіріспе _________________________________________________________1
ІІ Зерттеу бөлімі __________________________________________________ 2
Ауызекі сөйлеу стилі____________________________________________2
1.2 Сленг пайда болу тарихы________________________________________ 3
1.3 Сленгтің жіктелуі ______________________________________________5
1.4 Қазіргі жастардың «сленг» тілінде сөйлеуі және Шу қаласы жастарының сленг сөздері_____________________________________________________7
ІІІ Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романындағы сленг сөздерді қолдануы ________________________________________________________________10
2.1 16-45 жас аралығындағы халықтан алынған практикалық сауалнама_______________________________________________________ 12
ІV Қорытынды ___________________________________________________14
V Пайдаланған әдебиеттер тізімі ____________________________________15
Кіріспе
Функционалдық стильдердің ішінде ерекше тілдік жүйеге құрылған ауызекі сөйлеу стилі қазақ ұлттық әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алады. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі – сөйлеудің алдын – ала дайындықсыз тікелей қарым – қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы. Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері – варваризмдер, кәсіби сөздер, жаргондар, сленг, диалектлер т.б. кездесуі әбден мүмкін.
«Сленг» сөзін күнделікті өмірде белгілі бір заттың атауы үшін қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылдап, мәнерлі сөздер. Сленг әртүрлі әлеуметтік топтардың ерекше қолданыстағы сөздері. Кейбір зерттеушілер жаргонды сленгпен байланыстыра қарайды. Сондықтан сленг ерекше лексика қызығушылықтары ортақ адамдардың қарым – қатынастарынан туындайтын сөздер деп көрсетеді. Сленг табиғаты оның үнемі жаңарып отыруын талап етеді. Көптеген сленг сөздері салыстырмалы түрде ұзақ өмір сүрмейді және егер олар тілде тұрақталса, яғни сленг қатарынан жалпы ауызекі тіл лексикасына өтіп кетсе, қолданыстан түсіп қалады. Сонымен қатар студенттер, оқушылар және де оның ішінде 25-45 жасқа дейінгі үлкен кісілер де сөйлейтін болған. Қазіргі таңда жаргон, сленг сөздері қолданыста өте жиі кездесетін болғандықтан, бұл мәселе біздің жұмысымыздың зерттеу аспектісіне айналды. [1]
Достарыңызбен бөлісу: |