№ 4 дәріске СОӨЖ тақырыбы/сұрақтар кестесін дайындау
4-тақырып. ПЕДАГОГТЫҢ ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ӨСУ ФАКТОРЛАРЫ
4.1Педагогтың үздіксіз кәсіби өсу факторлары
4.2Өздігінен білім алу - қазіргі заман жағдайында мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің нормасы
4.3 Мұғалімніңкәсіби-педагогикалықмәдениеті
Сұрақ
|
Жауап
|
Үздіксіз білім беру дегенімізді қалай түсінесіз?
|
тұлғаның шығармашылық әлеуетін және рухани әлемін жан-жақты үздіксіз жетілдіруге бағытталған көпсатылы үдеріс.
|
Үздіксізбілім беру жүйесіне не жатады?
|
түрлі оқу-тәрбие мекемелерінің типтері (бала бақша, жалпы білім беру мектептері), кәсіптік-техникалық колледждер, жоғары оқу орындары (бакалавриат, магистратура, докторантура, адъюнктура), біліктілікті жетілдіру курстары, тағылымдамалар, түрлі қызығушылықтарға байланысты құрылған қоғамдастықтар, on-line курстары, семинарлар, тренингтер, қашықтықтан оқыту түрлері т.с.с. жатады.
|
Педагогика ғылы-мында Б.Б. Айсмонтас өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін қандай үш топқа бөлген?
|
өзін-өзі тану, өзін-өзі меңгеру, өзін-өзі ынталандыру әдістері.
|
болашақ мұғалімдер үшін өздігінен білім алудың негізгі көздерін атаңыз!
|
педагогикалық практика, кітапханадағы электрондық кітап қоры, Интернет жүйе-сін пайдалану, желілік кәсіби қоғамдастықтарға мүше болу, студенттердің ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттері, білімді, іскерліктерді жан-жақты жетілдіру курстарына қатысу, кәсіби іс-әрекет бағытында жұмыс істеп көру, қоршаған ортадан алынған ақпараттарды білім алу көзіне айналдыру, теледидардан көретін мамандыққа қатысты бағдарламалар көру, Өзін-өзі жетілдіруде көп кітап оқу, Деректі және көркем фильмдер, ұлы адамдар өмірбаяндары, түрлі кездесулер, шығармашылық кештер, спектакльдер, мәдени-та-нымдық бағдарламалар т.б. іс-шараларға қатысу, Тәлімгер таңдау.
|
Педагогикалық шеберлік дегеніміз не?
|
балаларға деген сүйіспеншілігі жоғары өз жүрек қалауы бойын-ша жұмыс істейтін әр педагогқа қолжетімді, үнемі жетілдіру үстінде болатын оқыту және тәрбиелеу өнері.
|
Достарыңызбен бөлісу: |