4. Химиялық құбылыстар химиялық



бет1/4
Дата30.05.2022
өлшемі50,24 Kb.
#35930
  1   2   3   4
Байланысты:
4 12 23 60


4. Химиялық құбылыстар химиялық реакциялар деп аталады. Химиялық реакциялар нәтижесінде жаңа заттар түзіледі, олардың қасиеттері реакцияға түскен заттардың қасиеттерінен өзгеше болады.
Сендер күнделікті өмірде химиялық реакцияларды жиі кездестіресіңдер, мысалы, отын мен май шамның жануын қарастырсак, реакция барысында жылу мен жарык бөлінетінін көреміз, ал реакция басталу үшін шырпымен от қоямыз. Темірден жасалған бұйымдардың (шелек, күрек, шылапшын) механикалык әсерден бүлінген жерлері қызыл-күрең ұнтақпен қапталып, біртіндеп тесіліп қалатыны белгілі. Ұзақ сақталған жұмыртқаны жарғанда жағымсыз иіс байқалады, яғни шіру де химиялық реакцияға жатады. Сол сиякты сүттің ашуы нәтижесінде сары су пайда болатынын да білесіңдер. Әшекейлік күміс бұйымдардың күңгірттенуі де химиялық реакцияға мысал болады. Химиялық реакциялардың жүру белгілері:
1. Жарык пен жылудың бөлінуі, не сіңірілуі;
2. Заттың түсінің өзгеруі;
3. Тұнба түзілуі немесе оның еріп кетуі
4. Газдың сіңірілуі немесе оның бөлінуі;
5. Иістің пайда болуы мен оның жойылуы.
Осы белгілердің барлығы реакция нәтижесінде жаңа заттардың түзілгендігіне дәлел болады. Көпшілік химиялык реакциялар өздігінен жүрмейді, оларды жүргізу үшін арнайы жағдай жасау қажет.
Реакцияның жүру жағдайлары:
1. Қатты заттардың әрекеттесуін жүзеге асыру үшін оларды ұнтақтау керек, сонда олардың жанасу бетінің ауданы артады.
2. Газ күйіндегі заттардың әрекеттесуін жүзеге асыру үшін сығып, көлемдерін азайтып, көлем бірлігіндегі бөлшектердің санын арттыру қажет.
3. Ерітінділердің арасында жүретін реакцияларды іс жүзінде жүзеге асыру үшін ерітіндідегі еріген заттардың мөлшерін арттыру керек.
4. Қайсыбір реакциялар тек қыздырғанда немесе жарықпен әсер еткенде ғана жүреді.
5. Кейбір заттар реакцияның жүруін тездетеді, олар - өршіткілер (катализаторлар), ал тежесе - ингибитор деп аталады.
Химиялык реакциялар өндірісте әр түрлі халық шаруашылығына қажетті өнімдер алуға мүмкіндік береді: тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер, құрылыс материалдары, жанар және жағар майлар, бояғыш заттар, металдар, пластмассалар, талшықтар, каучуктер, т.б




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет