4 «Үміт» арнайы мектеп интернаты 2022-2023 оқу жылындағы сенбі, жексенбі



Дата02.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#98418
Байланысты:
сенбі жексенбі


4 «Үміт» арнайы мектеп интернаты


2022-2023 оқу жылындағы сенбі, жексенбі
күндеріндегі тәрбие жұмысының
жылдық қорытынды есебі

Топтар : «Раушангүл» тобы
«Қызғалдақ» тобы
«Айгөлек» тобы

Жауапты тәрбиешілер: Г. Базаралиева
А.Доспанова
Ә. Мейірманова

4 «Үміт» арнайы мектеп интернаты


2022-2023 оқу жылындағы сенбі, жексенбі күндеріндегі тәрбие жұмысының жылдық қорытынды есебі
Тәрбиенің мақсаты оқушы бойындағы ізгілік, инабаттыл ық қасиеттерін және өмір сүруге қажетті дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Соның ішінде қыз баланың тәрбиесі ерекше орын алады. «Қыз қылығымен- қымбатты, ақылымен сымбатты» сол себепті де қыздардың жүріс-тұрысына, тәрбиесіне, білімді болуына ықпал ету мақсатында 8 бағыт бойынша тәрбие жұмыстары жүргізіледі.Осы мақсат барысында сенбі, жексенбі күндері қыздармен 3 тәрбиеші жұмыс жасаймыз.
Сенбі, жексенбі күндері бекітілген күн тәртібі бойынша топ оқушыларын адалдыққа,адамгершілікке, өз Отанын құрметтеуге және еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет жасауға дағдыландырып тәрбие беру жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында сенбі күні топтық жұмыстарын жасату,жексенбі күні спорттық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Жоспарланған жұмыстар уақтылы өткізіліп отырды. Атап айтатын болсақ салауатты өмір салтын ұстанып, қимыл –қозғалысты арттыру мақсатында «Шынықсаң шымыр боларсың», «Көңілді старт» тақырыптары бойынша ұлдар және қыздар тобының арасында сайыс өткізілді. Тәрбиеленушілердің бойында адамгершілік қасиетті қалыптастыра отырып, бір-бірін сыйлауға, қиналған сәтте қол ұшын беруге тәрбиелеу жұмыстары жүргізілді. Есте сақтау қабілеттерін және қиялды дамыту мақсатында әр-түрлі дидактикалық ойындар ойнатып, ертегі, әдеби кітаптар оқуға, сурет салуға бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Еңбек құралдарын пайдалана отырып, оқушылардың деңгейіне қарай қолөнер жұмыстарын жасатып отырдық
. Жұмбақтар шешкізу, мақалдар жаттату, тәрбиелік мәні бар кітаптар оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін арттырып, тілдік қорын молайтуға ықпал ете отырып,білімге деген қызығушылықтарының артуына ықпал жасадық. Еркін тақырыптағы суреттер салғызу арқылы баланың қиялына еркіндік беріп, баланың ой-өрісін дамыту жұмыстары жүргізілді. Қыздар арасында жоспардан тыс «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі», «Киіне білуде өнер», «Қызым саған айтам...», «Сұлулық әлемі» т.б еркін тақырыптарда пікірталас, әңгімелесулер жүргізіліп отырды.
Әр аптаның сенбі күндерінде топтық жұмыстар жүргізілді.
21.01.2023 күні «Өнер талаптан туады» тақырыбында қазақ халқының өнерімен таныстырып, ұлттық ою-өрнек түрлерін жасата отырып еңбекке баулу жұмысы жүргізілді.
28.01.2023 күні «Саусақпен сурет салу» тақырыбында сурет салу іс-әрекеті арқылы балалардың ой-өрісін дамыта отырып тәрбиелеу және қолдың ұсақ маторикасын дамыту мақсатында жұмыстар жасалды.
18.02.2023 күні «Өнерлі қол» тақырыбы бойынша қол өнер жұмыстарын жасауға бейімдеу мақсатында жұмыс жүргізілді. Жалпы қол өнер туралы түсінік беріп, мақал-мәтелдер айтып мағынасына тоқталып түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
25.02. 2023 күні «Жаңа ертегі» тақырыбы бойынша тәрбиеленушілердің қиялын дамыту, сөздік қорларын молайту мақсатында тапсырма беріліп, ертегі кейіпкерлерін сомдап өз ойларынан жаңа ертегі құрастырып шығарды.
«Табиғатқа қамқорлық» , «Ою өрнек түрлері», «Ертегілер әлемі», «Шебердің қолы ортақ», «Қоян мүсіні», «Не өзгерді?», «Аула тазалығы», «Кім зерек?», «Мен ұқыпты боламын!», «Тазалық –денсаулық кепілі», «Тақия тастамақ» тақырыптары бойынша ойындар ойнатып, жұмыстар жүргізілді.
Ал жексенбі күндері іс-шаралар төменде көрсетілген тақырыптар бойынша жүргізілді.
Тақырыптар: «Қызықты демалыс», «Көңілді мәре», «Шынықсаң шымыр боларсың!», «Тапқырлар алаңы», «Орта доп», «Доп қағу», «Жер,су,ауа,от», «Кім жылдам?», «Көп және біреу», «Ұшқыр ой мен шешен тіл», «Ыстық доп», «Желден жүйрік желаяқ», «Түйілген орамал», «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік».
Сонымен қатар топтағы қыздардың сұранысы бойынша «Біз бақытты баламыз» тақырыбында концерттік іс-шара ұйымдастырып оқушылар мен апайлардың ризашылығын алды. Іс –шараға Тұран Іңкәр, Отарова Аруна , Қойшыман Аружан, Қанай Әлия, Тілеулес Ұлдана, Амангелді Жанерке және ұлдар «Сұңқар» тобының тәрбиеленушісі Таңатар Азамат қатысып өз өнерлерін көрсетті. Іс-шараның жүргізілу жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытқан оқушылар Асанқызы Арай, Жұматаев Береке, Әбдіразақ Дамир өз істеріне жауапты екенін көрсете білді. Әр оқушының бойындағы дарынды қабілеттерін ашу әрбір ұстаздың міндеті

Дидактикалық ойын: «Бағдаршам» Жаңа жыл қарсаңында.



«Шынықсаң шымыр боларсың!» мараппаттау кезеңі.

Сурет көрмесі. «Әлем балалар көзімен»





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет