Сөйлеу қабілеті өте нашар балаларға арналған №9 арнайы (түзету) мектеп- интернаты



бет1/10
Дата10.12.2022
өлшемі0,9 Mb.
#56256
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

"Сөйлеу қабілеті өте нашар балаларға арналған №9 арнайы (түзету) мектеп- интернаты " КММ білім беру үрдісіне қатысушылармен жүргізілген психологиялық
зерттеу жұмыстарының жылдық
қ о р ы т ы н д ы л а р ы

2020-2021 оқу жылында оқу-тәрбие үрдісінде психологиялық қызметті іске асыру үшін және мектептің алдына қойған мақсатын ескере отырып, жылдық жұмыс жоспары құрылып, мектеп әкімшілігімен бекітілді.



Мектептегі психологиялық қызмет төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1. Психологиялық алдын алу жұмысы, яғни, тұлғаның дамып жетілуінде мүмкін болатын психикалық ауытқудың алдын алу, баланың интеллектуалдық немесе тұлғалық өсуіне жағымсыз ықпал етуі мүмкін жағдайды дер кезінде анықтау, баланың әрбір сатыға көтерілуіне байланысты кездесетін қиындықтардың алдын алу.
2. Психологиялық ағарту, яғни, оқушыларды, мұғалімді, ата-ананың педагогикалық, әлеуметтік, жас ерекшелік психологиясы негіздерімен таныстыру.
3. Психологиялық диагностика, яғни, баламен жұмыс істеудің қандай бағдарламасын таңдауға болатынын, түзету немесе дамыту бағдарламаларының қайсысына ерекше ден қою керектігін анықтаумен ерекшеленеді.
4. Психологиялық түзету, яғни әлеуметтік педагог және дәрігермен бірлесе, оқушының тұлғалық дара ерекшелігін сақтап қала отырып, қалыптасу үрдісіне белсенді әсер ету.
5. Психологиялық кеңес беру, яғни, оқушыларға, олардың ата-аналарына, педагогтарға және білім беру үрдісінің басқа да қатысушыларына тәрбиелеу, оқыту, дамыту, мәселелері бойынша психологиялық кеңес беру арқылы талдау.


1. Психодиагностикалық бағыты бойынша:
Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлғаарлық өзара әрекет ерекшеліктерін де зерттеу.
- Өз-өзін танып білу тестері;
- Бейімделу деңгейін анықтау тесті.
- Мазасыздықты анықтау тесті;
- Таным процестерін анықтау тесті;
- Қарым-қатынас анықтау тесті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет