4 тақырып. Қазіргі әскери қақтығыстардың сипаттамасы.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасына әскери қауіп-қатерлерге әкелуі мүмкін
негізгі шарттар.
2. Қазіргі әскери қақтығыстардың негізгі белгілері.
1-сұрақ
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне төнетiн қауiп-қатерлер мыналар:
1) заңдылық пен құқық тәртiбiнiң әлсiреуi, оның iшiнде ұйымдасқан нысандарын қоса алғанда қылмыстылықтың өсуi, мемлекеттiк органдардың қылмыстық құрылымдармен астасуы, лауазымды адамдардың капиталдың заңсыз айналымына сүйеушi болуы, сыбайлас жемқорлық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу дәрежесi төмендеуiне ықпал ететiн қару мен есiрткi заттардың заңсыз айналысы;
2) конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекет, оның iшiнде Қазақстан Республикасының бiрегей құрылысына, тұтастығына, қол сұғылмаушылығына, аумағының бөлiнбестiгiне қиянат келтiретiн iс-әрекет;
3) елдiң қорғаныс қабiлетiнiң әлсiреуi, мемлекеттiк шекараның қол сұғылмаушылығына төнген қауiп-қатер, Қазақстан Республикасына қатысты күш қолдану, оған қарсы агрессия;
4) шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жеке адамдардың Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған барлаушылық, террорлық, диверсиялық және өзге де iс-әрекеттерi;
5) мемлекеттiк органдардың қызметiне iрiткi салу, олардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн бұзу, елдiң басқарылу дәрежесiн төмендету;
6) кез келген нысандағы саяси экстремизм, оның iшiнде әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты немесе алаусыздықты қоздыру;
7) ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдардан, жаппай тәртiпсiздiктерден, рұқсат етiлмеген жиналыстардан, митингiлерден, шерулер мен демонстрациялардан, заңсыз тосқауылдар мен ереуiлдерден көрiнетiн әлеуметтiк-саяси жағдайдың шиеленiсуi;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген әскерилендiрiлген құрамалар құру;
9) экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы, табиғи апаттар мен табиғи және техногендiк сипаттағы өзге де төтенше жағдайлар, жұқпалы аурулар мен iндеттер;
10) стратегиялық ресурстардың ел мүдделерiне кереғар пайдаланылуын, инвестициялық белсендiлiктiң артуына, соның iшiнде Қазақстан Республикасына шетелдiк инвестициялардың құйылуына кедергi жасауды қоса алғанда, мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру, капиталды елден сыртқа бақылаусыз әкетуi;
11) демографиялық жағдайдың нашарлауы, соның iшiнде бала туудың күрт төмендеуi, өлiм-жітiмнiң көбеюi, бақылаусыз көшi-қон процестерiнiң туындауы;
12) елдiң бiлiм және интеллектуалдық әлеуетi сапасының нашарлауы;
13) елдiң ұлттық мүдделерiн қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жетiлдiрiлмегендiгi немесе болмауы;
14) ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарлары өндірісінің қысқаруына, сапасының, бәсекеге қабілеттілігінің және қолжетімділігінің төмендеуіне, олардың Қазақстан Республикасында өндірілмейтіндерінің басқа мемлекеттерден берілімінің қысқаруына байланысты азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің нашарлауы.
2-сұрақ
: Әскери қақтығыс - әдетте соғысқа ұласпайтын әскери жанжал; мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды шешудің ерекше жолы. Қақтығысушы екі мемлекеттің немесе осы мемлекеттердегі бітіспес күштердің қысқа мерзімді қарулы шекісуінен көрініс табады. Шектеулі ауданда, шекарада, теңіздерде, әуе кеңістігінде аз уақытта, аз ғана қарулы күштерді қолданумен жұргізіледі. Кәп жағдайда әскери қақтығысты тез шешуге болады, кейбір жағдайда үзаққа созылып, таралып кету қаупі бар. Әскери қақтығыс - әлеу¬меттік өзара әрекет түрі, өйткені барлық қақтығыстар қақтығысушы жақтардың мүдделерінің қайшылығынан туады. Онымен қоймай қақтығысқа қатысушылар өз мақсаттарына келесі жақтың есебінен жеткісі келеді. Әскери кақтығыстардың негізгі белгілері Өңдеу
таралу кеңістігінің үнемі ұлғайып отыруы, ұтқырлық, әскери іс-қимылдын. түйісусіз және дәстүрлі емес нысандары мен тәсілдерін пайдалану, алыс қашықтықтан алдын ала ату аркылы жою және электрондық жаныштау, майдан мен тыл арасындағы айырмашылыктардың азаюы;
Соғысқа жүйесіз, кейде тіпті заңсыз қарулы құрылымдардың қатысуы;
қару-жарақ пен әскери техниканың казіргі замангы жоғары тиімді жүйелерінің қолданылуы;
жанама стратегиялық іс-қимылдардың кеңінен колданылуы (саяси және психологиялық қысым көрсету, экономикалық санкциялар, ақпараттық күрес, көлік коммуникацияларын шектеу, күш көрсету және т. б.);
мемлекеттік және әскери баскару жүйесіне іріткі салу;
әскерлер мен қаруды баскару жүйелерін қатардан шығару;
негізінен энергетика кәсіпорындарын, қауіпті өндірістерді, коммуникацияларды, инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін жою.
Достарыңызбен бөлісу: |