Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт шаттық молшылық әкелсін Бәрімізге мына жыл арайлы !



Дата10.12.2023
өлшемі17,09 Kb.
#136487

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт шаттық молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы !
Құтты болсын ағайын
Жаңа жылың тағыда
Қол соғып қарсы алайық
«Айгөлек» тобын ортаға
Балалар келіп шыршаны айналып тұрады.
Музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді.
Сиқыршы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр.
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы айнала неткен керемет әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен Бәрімізде әп-әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қалыппыз. Бірақ шыршымыз көңілсіз қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен ,сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат! (3 рет)
Жүргізуші: Міне керемет,қол ұстасып әнімізді шырқайық
Ән: «Шырща жыры»
Жүргізуші: Ендеше шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.
Тақпақтар:
Ырысбек: Бақша іші мереке
Ойын күлкі асқақ ән
Жақсы әпкелер жана кеп
Мерекені бастаған
Айару: Жылдың әнін бастайын
Аяз ата келіп қалды
Майысады жас қайың
Көтере алмай көп қарды.
Досымбек: Жана жылды қарсы алдың
Мініп алып күймеге
Менде бүгін ән салдым
Араласттым бигеде.
Салтанат: Жаңа жылмен жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді анамызды
Қонақтардыі бәрінде
Жансерік: Оралдың өлкеме жана жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Ақсартау қарлы шың
Алмас: Ақ қырауға малынған
Сақалыда мұртыда
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Би. Қуыршақ биі. Орындайтындар:Фариза, Айшат, Ақсамала, Адина, Наз, Аян, Марьян, Ақбота.
Жүргізуші: Балалар жарайсыңдар!
Айтыңдаршы жылда жаңа жылға бізге кім келуші еді?
Балалар: Аяз-ата, Аяз-ата, Аяз-ата, Ақша қар ау-у-у (3 рет)
Аю: Здавствуйте ребята! С Новым годом!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай шу, тасыр шошып ояндым,не болып қалды деп сұрап едім,бәрінің айтатындары бір-ақ сөз:Жаңа жыл келіп қалды ,жаңа жыл дейді .
Машаны іздеп осында болар деп келдім
Жүргізуші: Мәссаған ,балалар бұл кім?
Балалар: Аю
Жүргізуші: Иә, «Маша мен аю»мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдерғой. Бірақ біз Аяз-атаны шақырдыққой ,аюды емес…
Балалар: Иә
(Осы кезде Маша келеді шыршаға таңырқап)
Маша: Керемет деп шыршаның астында қорапты тауып алады Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады.
Аю: -Әрең таптым-ау,сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. кетіп бара жатырып
Жүргізуші: Тоқтаңыздар ,кетпеңіздер бізбен бірге болыңыздар!
Екеуі қуанып балалардың жанына келеді.
Жүргізуші: Балалар мына сыйлықты бәріміз бөлісейік … деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады.
Күлдіргіш: Амансыңдарма балалар !Иә бұл менмін Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар ,әрі қап-қараңғы .Ал мұнда сондай тамаша екен !Мен сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.
Шыршаға қарап
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады
Түрлі-түсті ойыншық
Шыршада көз тартады
-Ой балалар ,шыршамызға Аяз-атамен Ақшақар жетіспейді
Бәрі: Қоңырау үні сыңғырла
Аяз-ата Ақшақар
Біз сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз-ата, Ақша қар (3 рет)
Ортаға Аяз атамен Ақшақар келеді.
Аяз-ата: Құтты болсын жаңа жыл
Келген жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз-ұлдарың
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келемдеп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдарма?
Балалар: Аяз-ата!
Ақшақар: — Сәлеметсіңдерме балалар Жаңа жылдарың құтты болсын.
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармен арайлы
Жалт-жұлт еткен жүзіммен
Күміс сәуле тарайды
Ақшақармен аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін жырмын тақпақпын.
Ит: Сәлеметсіздерме балалар
Мен тұрмын қуанып
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызға, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әніде, биіде бар.
Отыр ата сәл демал.
Ән: «тамаша тамаша»
Таппақтар
Саян: Безендіріп шыршаны
Жыл қуанты баршаны
Той-маскарад басталды
Аяз оны басқарды.
Елжас: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оранып.
Дастан: Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып
Жолын койдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп
Әсима: Аяз ата ойды
Аралап жүр түгел шолып
Қарсы алғалы жаңа жылды
Олда көптің бірі болып
Қайда қызық болса думан

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет