№4(56)/2009 Серия история. Философия. Право


« ҚЫРҒЫЗДАРДЫҢ  (ҚАЗАҚТАРДЫҢ)  ЖЕРДІ  ПАЙДАЛАНУ  МАТЕРИАЛДАРЫ...»



жүктеу 6.1 Mb.
Pdf просмотр
бет5/39
Дата22.12.2016
өлшемі6.1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

«
ҚЫРҒЫЗДАРДЫҢ  (ҚАЗАҚТАРДЫҢ)  ЖЕРДІ  ПАЙДАЛАНУ  МАТЕРИАЛДАРЫ...»  
ХІХ Ғ.  СОҢЫ  МЕН  ХХ Ғ.  БАСЫНДАҒЫ  ПАВЛОДАР  ОЯЗЫНЫҢ  
РУЛЫҚ  ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ  ДЕРЕК  КӨЗІ  РЕТІНДЕ 
В статье рассматривается особая роль в историографии Казахстана вопросов, связанных с 
единой этнической историей казахского народа. Особое внимание уделяется изучению данных 
экспедиции Ф.А.Щербины о развитии оседлости и племенных родах Павлодарского уезда. Ав-
тор пытается показать одну из сторон исследования этногенеза казахского народа и коло-
ниальную политику царского правительства. 
Мақалада Қазақстан тарихнамасындағы қазақ халқының этникалық тарихымен байланысты 
мəселелер  қарастырылады.  Ф.А.Щербина  экспедициясы  мен  Павлодар  уездінің  тайпаларына 
назар  аударылады.  Автор  қазақ  халқының  этногенезінің  жəне  патша  үкіметінің  отарлау 
саясатының зерттелуінің бір жағаын көрсетуге тырысты. 
 
XIX ғ.  аяғы  мен  ХХ ғ.  басы  патша  үкіметінің  арнайы  статистикалық,  экономикалық  жəне 
жергілікті  ғылыми,  қоғамдық-географиялық  экспедициялар  ұйымдастыру  арқылы  Қазақстанды 
қарқынды түрде зерттеуімен сипатталады. Осы кездегі статистикалық-экономикалық зерттеулер мен 
тексерулер  қазақтардың  құнарлы  игерілген  жерлерін  артық  жерлер,  бос  жатқан  жерлер  деп, 
қоныстану  корына  тартып  алу  мақсатында  жүргізіледі.  Осындай  мағынадағы  статистикалық 
мəліметтердің  жарықка  шығуы  патша  өкіметінің  қоныстандыру  саясатының  құрамдас  бөліктерінің 
бірі болып табылады. 
Əрбір  өркениетті  мемлекет,  əрбір  халық  өзінің  өткенін  бағамдап,  ата  тарихын  жасайтыны  хақ. 
Сол  тарихынан  тағылым  алып,  оның  сабақтарын  ескеру — мемлекетіміздің  дамуының  негізгі 
факторларының бірі. Адам қоғамындағы ілгері дамудың бəрі де өткен өмірдің тəжірибесінің нəтижесі. 
Сондықтан  тарихқа  мойын  бұру,  ата-бабаның  өмір-тіршілігін  ұмытпау  келешек  ұрпақтың  адамгершілік 
міндеті  ғана  емес,  сонымен  бірге  ілгері  дамудың  кепілі  де.  Ал,  сол  тарихи  сананы,  тарихи 
құбылыстарды калпына келтіру үшін міндетті түрде тарихи деректерге жүгінуіміз керек. 
Кез  келген  халықтың  төл  тарихының  табиғи  негізін  тарихи  деректер  құрайды.  Бірақ  та  бұл 
деректің  өзін  шикі  түрінде  пайдалану,  тарихты  бұрмалауға  алып  келетіні  анық.  Қазақ  халқының 
толыққанды іргелі тарихын жазу үшін, ең алдымен сол тарихтың негізін құрайтын деректермен жұмыс 
жүргізе білу қажет. 
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Ресейдің Қазақстанды отарлау үрдісі 
бұрын болмаған жаңа сатыға көтеріліп, патша өкіметі жүргізген əкімшілік реформалары қазақ елінің 
дербестігін  жойып  жіберген-ді.  Бұл  реформалармен  қоса  қазақ  жерін  қазаққа  «артық»  деп  қоныс 
аударушы  келімсектерге  ғылыми  тұрғыда  негіздеу  науқаны  басталды.  Аграрлық  саясаттағы  зерттеу 
жұмыстары Ақмола, Семей, Орал-Торғай, Сырдария, Жетісу облыстарында барынша карқынды түрде 
жүргізілді.  Бұл  өңірлерден  жинақталған  материалдар  өңделіп,  сұрыпталып, «Қырғыздардың 
(қазақтардың)  жерді  пайдалану  материалдары...»  деген  атпен  жарияланды.  Қазақстан  жерін  отарлау 
тарихының  дерек  көзі  ретінде  «Қырғыздардың  (қазақтардың)  жерді  пайдалану  материалдарын...» 
талдау  арқылы  тарихымыздың  əлі  де  болса  толығымен  зерттелмеген  тұстарын  айқындауға  бүгінгі 
таңда зор мүмкіндіктер беріліп отыр. 
Бүгінде  Қазақстан  өз  тəуелсіздігін  алып,  тарихшылар  өз  халқының  тарихын  терең  зерттеп, 
объективті  жазуға  кірісті.  Əсіресе  қазақ  тарихындағы  деректанулық  салаға  көп  көңіл  бөлініп, 
«Мəдени  мұра»  бағдарламасы  аясында  көптеген  құнды  деректер  жарыққа  шықты.  Демек  Отан 
тарихының  ХІХ  ғ.  соңы – ХХ  ғ.  басы  кезеңіндегі  құнды  мəліметтерді  жинақтаған  «Қырғыздардың 
(қазақтардың) жерді пайдалану материалдары...» сияқты өзіндік ерекшелігі бар еңбекке деректанулық 
талдау  жасауға  арналған  зерттеу  қазіргі  таңдағы  Қазақстан  тарихындағы  өзекті  мəселелердің  бірі 
болып табылады. Өйткені бұл деректегі мəліметтер дəстүрлі қазақ қоғамының тарихын жаңғыртып, оны 
қайта тануға қомақты үлес қоса алады. Олар отарлау саясатының дерегі болса да, сол кезеңдегі қазақ 
қоғамының шаруашылық, экономикалық, рулық-тайпалық құрылымын, əлеуметтік тарихын жəне т.б. 
салалары  бойынша  құнды  əрі  жан-жақты  мəліметтер  береді.  Əсіресе  ХІХ ғ.  соңы  мен  ХХ ғ. 
басындағы Ресейдің Қазақстанға жүргізген отаршылдық саясатын зерттеуде бұл деректің алатын орны 

35 
ерекше. Себебі сол кезеңдегі қазақ қоғамының дəстүрлі сипатының дағдарысқа ұшырауының тереңдеуі, 
шаруашылық  экономикалық  саладағы  өзгерістер,  қоныс  аударушылар  санының  артуы  т.б.  мəселелер 
бұл деректе нақты əрі шынайы көрініс тапқан [1; 3]. 
Еліміздің  тұңғыш  Президенті  Н.Ə.Назарбаев  өзінің  «Тарих  толқынында»  атты  еңбегінде: 
«Тарихтың тағылымы біреу-ақ: ол ешқандай тағылым бермейді дейтін тұжырымға мен үзілді-кесілді 
қарсымын.  Тарихты  жеңіл-желпі  аңыз  сөздердің  жиынтығы  деп  қарайтын  адамдар  шынында  да 
тарихтан  тағылым  ала  алмайды...  Қазақ  руханияты  дамуының  Ресей  отарлығы  тұсындағы 
қайшылықты  үрдісінің  күрделі  де  қайғылы  сипатын  жуып-шаю  мүмкін  емес», — деп  атап  көрсетті 
[2].  Сондықтан  да  қазақ  даласына  жүргізілген  отаршылдық  саясаттың  мəнін  жан-жақты  ашып,  əр 
қырынан қарастыру қашанда маңызды болып, ортақ ұлттық мүддені ту етіп көтеретін иманды қазақ 
азаматын қалыптастыра алады. 
«Қырғыздардың  (қазақтардың)  жерді  пайдалану  материалдары...»  Кеңес  үкіметі  орнағаннан 
кейінгі  жылдардағы  зерттеулерде  пайдаланылмағандығын  байқауға  болады.  Кеңестік  дəуірдің 
тарихнамасында «Қырғыздардың (қазақтардың) жерді пайдалану материалдары...» дерек көзіне көбіне 
теріс  баға  беріліп,  ондағы  мəліметтердің,  Лениннің  атап  өткеніндей, «орташа»  есептерге  байланысты 
күмəн  келтіретіндігі  туралы  айтылды.  Бірақ  та  зерттеу  еңбектерінде  сандық  мəлімет  ретінде 
ақпараттары  жиі  пайдаланылғандығын  да  жасыруға  болмайды. 1945 ж.  соғыстан  кейін  ғана 
«Қырғыздардың  (қазақтардың)  жерді  пайдалану  материалдарына...»  көңіл  бөліне  бастады.  Бұл 
кезеңдегі  зерттеушілер  «Қырғыздардың  (қазақтардың)  жерді  пайдалану  материалдарының...» 
мəліметтерін  патша  үкіметінің  жер  саясатын,  отарлау  саясатын,  қазақтардың  шаруашылық-
экономикалық  жағдайы  мен  аграрлық  мəселелерді  зерттеуде  өз  еңбектерінде  пайдаланған  болатын. 
Дегенмен  осы  Ф.А.Щербина  экспедициясының  мəліметтеріне  сүйене  отырып  қарастырылған 
толыққанды деректанулық талдау кешенді зерттеу жасалған жұмыс болмады, тек жалпы тұрғыда 
қарастырылған.  Олардың  ішінде  О.А.Ваганов,  Е.Б.Бекмаханов,  Б.Сүлейменов,  А.Б.Тұрсынбаев, 
Л.М.Əуезова,  Т.К.Литвинова,  К.М.Туманшин,  С.А.Сүндетов,  А.Б.Геллер  жəне  тағы  басқаларды  атап 
өтуге болады. Көпшілік авторлар «Материалдар» мəліметтерін өзге деректермен салыстырған, сөйтіп 
деректемелік сұрақты шешуге тырысқан. 
Зерттеуші  Т.П.Волкова — Ф.А.Щербина  экспедициясының  жинаған  материалдарын  алғаш  рет 
толыққанды  деректанулық  талдаудан  өткізген  зерттеушілердің  бірі.  Ол  «Қырғыздардың  (қазақтардың) 
жерді  пайдалану  материалдарының...»  ақпараттық  мүмкіндіктерін  қарастыра  отырып,  бұл  дерек 
мəліметтерінің  шынайылығы  мен  оларды  пайдалану  əдісін  жасады.  Ол  өзінің 1982 жылы  қорғаған 
«Материалы  по  киргизскому  (казахскому)  землепользованию,  собранные  и  разработанные  по 
исследованию  степных  областей»  атты  диссертациялық  жұмысында  деректегі  статистикалық 
мəліметтерге  корреляциялық  талдау  жүргізді [3]. Онда  екі  деректегі  коэффициенттерді  корреляция 
арқылы  салыстыру  жүргізілді.  Т.П.Волкова  «Қырғыздардың  (қазақтардың)  жерді  пайдалану 
материалдары...» дерек көзіндегі сандык жағынан шынайы мəліметтер күмəн келтіретін мəліметтерден көп 
болғанын дəлелдеп, бұл деректің жалпы тұтастай шынайылығы жоғары деп қорытынды жасаған болатын. 
Зерттеуші  Т.П.Волкованың  Ф.А.Щербина  басқарған  экспедицияның  құрамына [4],  бюджеттік 
статистиканы  есептеу  əдістеріне  талдау  жасаған  бірнеше  ғылыми  маңызы  зор  мақалалары  жарық 
көрді.  Дегенмен  зерттеушінің  еңбегі  көп  ізденіс  пен  математикалық  əдісті  пайдалануымен 
ерекшеленгенімен  де  ол  көп  жағдайда  дəстүрлі  қазақ  қоғамының  тарихын  зерттеуде  маркстік-
лениндік методологияны басшылыққа алып отырған. 
Тəуелсіздігімізді  алғаннан  кейінгі  кезеңде  «Қырғыздардың  (қазақтардың)  жерді  пайдалану 
материалдары...»  дерек  көзіне  аса  үлкен  қызығушылықтар  пайда  бола  бастады. 2002 ж.  зерттеуші 
Г.Ə.Ерменбетова «XX ғасырдың  басындағы  қазақ  ауылындағы  жер  қатынасын  зерттеуде  В.Кузнецов 
экспедициясының  материалдары»  тақырыбында  кандидаттық  диссертация  қорғады.  Автор 
диссертацияда  Ф.А.Щербина  мен  В.В.Кузнецов  экспедицияларының  көрсеткіштерін  салыстырып, 
корреляциялық  талдау  арқылы  статистикалық  мəліметтердің  дұрыстығын  тексерген  болатын.  Бұл 
еңбек  тарих  ғылымында  тұңғыш  рет  В.Кузнецов  экспедициясының  жинаған  материалдарын 
математикалық əдіспен зерттелуімен де құнды. 2009 жылы зерттеуші Н.Тасилова «Қырғыздардағы жер 
пайдалану  материалдары...»  қазақ  қоғамының  рулық-тайпалық  құрылымы  тарихының  дерек  көзі 
ретінде (ХІХ ғ.соңы мен ХХ ғ. басы) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Автор XIX 
ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында жарық көрген «Қырғыздардың (қазақтардың) жер пайдалану 
материалдарын...»  дəстүрлі  казақ  қоғамының  рулық-тайпалық  құрылымының  дерек  көзі  ретінде 
қарастырып,  алғаш  рет  бұл  деректің  қарастырылып  отырған  кезеңдегі  қазақ  ру-тайпаларын 
зерттеудің  дерек  көзі  ретіндегі  маңызы  мен  ерекшеліктерін  айқындаған.  Сонымен  қатар 

36 
«Қырғыздардың  (қазақтардың)  жер  пайдалану  материалдарындағы...»  рулық-тайпалық  құрылымдар 
туралы  деректердің  пайда  болу  объективтілігі  мен  тарихи  жағдайы  анықталып,  əр  түрлі  белгілеріне 
қарай сыныпталды. 
Ф.А.Щербина  үкіметтің  экспедицияның  алдына  қойған  мақсаттарына  толық  келісті.  Дегенмен, 
ол  бұл  мақсаттан  асып,  қазақ  шаруашылығын  жан-жақты  зерттеуге  қол  жеткізді.  Статистикалық 
жұмыстардың мақсаты мен міндетін ол былай деп тұжырымдады: «Зерттеудің негізгі міндетін мына 
анықтамалар  құрады,  бір  жағынан,  нақтылы  табиғи,  шаруашылық  жағдайдағы  қырғыздардың 
қажеттілігін  өтейтін  жер  көлемін  анықтау,  ал  екінші  жағынан,  жердің  қалған  артық  бөлігін  қоныс 
аударушылардың  қажетіне  жеткізу».  Бұл  үшін,  деп  көрсетеді  Ф.А.Щербина,  экспедиция  мынаны 
анықтау қажет: 
«1) белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызатын шаруашылық пен тұрғылықты халық 
санын анықтау; 
2)  қырғыздардың  орташа  отбасына  қажетті  азық-түлік  пен  өзге  де  қажеттіліктерінің  көлемін 
анықтау, осы бойынша оны қанағаттандыруға қажеттілікті көрсету: 
3)  көшпелі  халықтың  тұрмысын  қамтамасыз  ететін  басты  шаруашылық  фактор — мал  саны 
ерекшілігін анықтау; 
4) қырғыздардың жерді пайдалану ерекшелігі, немесе тұрғылықты халықтың жерге қатынасы; 
5) əр түрлі жайылымдардың сапалық ерекшелігі» . 
Міндеттердің  кеңінен  қойылуы  зерттеудің  осы  талапқа  сай  əдістерін  талап  етті.  Жер  жəне 
Мемлекеттік  мүлік  министрлігінің  нұсқауынан  тыс  Ф.А.Щербина  жұмыс  негізіне  аулалық  санақты 
(нақтылы алғанда шаруашылықтық) енгізді. Бұл əдісті ол «толық нəтиже алуға кепілдік беретін əдіс» 
деп көрсетті. Мұнымен қоса экспедицияның алғашқы жылғы жұмысынан кейін аулалық сипаттауды 
министрлік  те  қолдады.  Мемлекеттік  жер  мүлкі  департаментінің  директоры  И.И.Тихеев  істің 
барысын  талдай  келе, «жүргізілген  жұмыстар  негізіне  жалпы  зерттеу  принципін  енгізуі  тіптен  де 
дұрыс болды... бұл əдісті басқа əдіспен ауыстырудың пайдалылығы күмəнді болып саналар еді» деп 
көрсетеді. 
Омбы уезін  зерттеуде  келесі бірліктері  қолданылған: шаруашылық, шаруашылық  ауыл, қауым, 
болыс. Бағдарламаны талдау зерттеудің осы бірліктеріне қатысты жүргізілді. 
Ф.А.Щербинаның айтуынша, бағдарлама мақсаты — «шаруашылықтың, тұрғылықты халықтың, 
малдың  жеке  шаруашылық  ауылға  байланысты  кешенді  есебін  жүргізу,  екіншіден,  осы  ауылдарды 
қауымға  біріктіре  отырып,  жайылымдардың  əр  түрін  қандай  ауданда,  қандай  ұзақ  мерзімде 
пайдаланғандығын;  шаруашылықтың  құрамын,  отбасының  азық-түлік  жəне  басқа  қажеттіліктермен 
қамтамасыз  етуіне  арналған  бюджеттік  есептерін  анықтау,  əр  болысқа  қатысты  шаруашылық 
жағдайына, əрі табиғи-тарихи белгілеріне сипаттама беру». 
Қазақ  халқының  этникалық  тарихы  тарихи  өзекті  мəселелердің  ішіндегі  ең  маңыздысы,  ең 
күрделісі деп қарастыруымызға болады. Қазақ халқының шығу тегі, оның ру-тайпалық құрамы  мен 
қоныстану  тарихын  зерттеуге  үлес  қосқан  қазақ  өлкесінің  далалық  облыстарына  зерттеу  жүргізген 
Ф.А.Щербина  экспедициясы.  Бұл  экспедиция  зерттеулерінің  нəтижесінде 1903–1905 жылдар 
аралығында  Воронеж  қаласында  жалпы  көлемі 13 том  болып  шығарылған  «Материалы  по 
киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных 
областей»  деп  аталатын  танымдық,  дерекнамалық  мəні  зор  жинақ  бар.  Көп  томдық  бұл  еңбек  ХХ 
ғасырдың басына қарай жинақталған. Бұл мақалада кең көлемді зерттеуді қажет ететін мəселенің бірі 
ретінде  экспедиция  «Қырғыздардың  (қазақтардың)  жерді  пайдалану  материалдарының...»  Павлодар 
оязына  арналған  ІV  томындағы  Павлодар  оязын  қоныстану  тарихына,  ояздың  рулық  құрылымына 
тоқталмақпыз. 
Ф.А.Щербина  экспедициясы  Семей  облысының  Павлодар  оязын 1897 жылдың  екінші 
жартысында  зерттеген.  Зерттеушілердің  Ə.Н.Бөкейхан  бастаған  ғылыми  тобы  Павлодар  оязының 
Алтыбай  жəне  Қызылтау  болыстарына  жасақталған  болатын-ды.  Ғылыми  жұмыстардан  кейін 
Ə.Н.Бөкейхан  Павлодар  оязы  қазақтарының  шежіресі,  ояздың  қоныстану  тарихын  жəне  өзі  зерттеп 
шыққан Алтыбай мен Қызылтау болыстары шаруашылығының ғылыми сипаттамасын жазып, өңдеп, 
баспаға  дайындап  берген.  Соның  нəтижесінде 1903 жылы  Воронеж  қаласынан  жарық  көрген 
«Материалдардың»  Павлодар  оязына  қатысты  ІV  томында  аталмыш  ояздың  тарихи-географиялық 
жайы,  ондағы  мекендеген  қазақтардың  рулық  құрылымы,  тұрмыс-тіршілігі,  патша  үкіметінің 
қарқынды жүргізген саясатының нəтижесінде оязда қоныстанған орыс шаруаларының, поселкілерінің 
тұрмыс-жайы,  жалпы  ояздың  шаруашылық  құрылымы  туралы  жан-жақты  кең  көлемді  мəліметтер 

37 
жинақталған.  Еңбек  бірнеше  бөлімдерден  құралған.  Еңбектің  соңында  бюджеттік  статистикалық 
мəліметтері бар кестелер берілген. 
«Семей облысы, Қарқаралы уезі» деген атпен экспедиция «Материалдарының...» VI томы 1905 
жылы Санкт-Петербург қаласында жарық көрген. Осы VI томның «Кіріспе сөзін» жазғанда Л.Чермак 
былай  деп  көрсетеді: «Материалдарды  саралауға  Ə.Н.Бөкейхан,  И.Ф.Гусеев  жəне  мен  қатыстым. 
Қауымдық ауылдың топтарға қатысты қосымшаларды, рулық схемаларды, табиғи-тарихи аудандарды 
анықтау  жəне  суреттеу,  көшіп-қонудың  кестесін  жасау,  қырғыз  (қазақ)  сөздерін  алфавиттік  жүйеде 
топтау...  қырғыздардағы  жерді  пайдалану  картасын  құрастыру  жұмысы  Ə.Н.Бөкейхан 
белсенділігімен  атқарылды»  деген  жолдарынан  кейін,  кітапқа  енген  жұмыстардың  басым 
көпшілігінің  негізгісін  Əлихан  Бөкейханның  жазғандығына  көз  жеткіземіз.  Ə.Бөкейхан  жоғарыда 
аталған 4 уезде  жиналған  материалдар  негізінде  қазақтың  жер  қоғамдастығы  мəселесін  де 
қарастырған. Халқымыздың əрбір жүз, руының өз мекені, қыстау-жайлауы, өзен-суы, яғни əрбір жер 
судың тұрақты иесі, болғандығы белгілі. 
Міне осыдан кейін Ə.Бөкейхан қазақ қоғамының жүздік, рулық құрылымын терең зерттеп, қазақ 
руларының шежіресін жазады. Осы  уезге көшіп келген келімсектердің  егін шаруашылығын зерттеп 
оның  тиімсіздігін  көрсетеді.  Экспедиция  қорытындыларына  сүйене  отырып,  патша  үкіметінің 
қоныстандыру  саясатына  табанды  қарсылық  көрсетеді.  Зерттеу  жұмыстарының  нəтижелері  қазақ 
даласының  егін  шаруашылығынан  гөрі,  мал  шаруашылығына  көбірек  икем  екендігін,  ол  өкіметтің 
қоныстандыру  саясаты,  Дала  өлкесінің  табиғатына,  жер-суына  жəне  ежелден  қалыптасқан  дəстүрлі 
шаруашылығына  өтелместей  нұқсан  келтіретіндігін  дəлелдеп  шықты.  Бұл  мəселеге  қатысты  ой-
тұжырымдарды  біз  Ə.Н.Бөкейханның  шығармалар  жинағынан  кездестіреміз.  Ал  Ə.Н.Бөкейханның 
осы  экспедиция  құрамындағы  қызметі  патша  үкіметінің  саясатына  қатысты  көп  мəселелердің 
жауабын табуға кең мүмкіндік береді деп есептейміз. 
Ендігі кезекте «Павлодар оязының жалпы сипаттамасына» тоқталсақ, Семей облысының 5 оязының 
ішіндегі ең шеткі солтүстігінде орналасқан Павлодар оязы шығысында Алтай таулы округі жерлерімен; 
солтүстігінде Том губерниясының Қайың уезімен жəне Ақмола облысының Омбы оязымен; батысында 
Ақмола  облысымен;  оңтүстігінде  Қарқаралы  оязымен;  оңтүстік-шығысында  Семей  оязымен  шектеседі. 
Ояз 16 болыстан  құрылған:  Аққөл,  Ақбеттау,  Ақсу,  Алакөл,  Алтыбай,  Атағазы,  Баянауыл,  Далба, 
Қарамола, Қызылағаш, Қызылтау, Маралды, Тереңкөл, Майкөл, Шақшан, Ұрық. 
Ертіс  өзені  оязды 2 бөлікке  бөледі:  оң  жағалауындағы 10–20 верст  жер  киіз  үй  бөліктермен 
əскери  запас  жерлер  жəне  Сібір  казак  əскерінің  офицерлік  учаскелері  болып  табылады,  ал  сол 
жағалауында 10 верстік  белдеу  өтеді.  Ал  оң  жағалауында  орыс  поселкілері  мен  станциялары 
орналасқан Павлодар оязының жері əскери күштердің ортасында қалғанын байқау қиын емес. Семей 
облыстық басқармасының мəліметі бойынша, облыстың кеңістігі 422246,2 шаршы верст, оның ішінде 
Павлодар  оязының  үлесіне 103788,2 шаршы  верст  жер  тиеді.  Павлодар  оязы  облыстағы  ең  ірі  ояз 
облыстың  барлық  территориясының 4/1 бөлігін  алғанымен,  ояз  көлемін  нақты  анықтау  мүмкін 
болмағандығын айтып өтеді. 
Казак əскерлерінің жерін қоспағанда ояз қырғыздарының пайдалануына небəрі 9147425 десятина 
жер  бар.  Сонда  бір  шаруашылыққа 415 десятина  жер  келеді,  бұл  басқа  ояздармен  салыстырғанда 
төмен  көрсеткіш,  себебі  омбылық  қырғыздарға 536 десятинадан  келсе,  ал  көкшетаулық 
шаруашылыққа 428 десятинадан келгендіктен деп көрсетеді. 
Осы  кітаптың  соңғы  тарауында  «Павлодар  оязын  қоныстану  тарихы»  деген  бөлім  бар.  Осы 
бөлімнің  алғы  сөзінде  осы  экспедицияны  басқарушы  жəне  басылымды  шығарушы  Ф.А.Щербина 
«Павлодар  оязын  қоныстану  тарихы»  оның  рулық  құрылымы,  Алтыбай,  Қызылтау  болыстарының 
сипаттамасын жазған Ə.Н.Бөкейхан деп көрсеткен. 
Енді Павлодар оязын қоныстану тарихы мəселесіне тоқталмақпыз, себебі бұл сұрақ өз кезегінде 
патша  үкіметінің  отаршылдық  саясатының  мəнін  ашуға  мүмкіндік  береді  деп  есептейміз.  Өздерінің 
атамекенінде  қазақтардың  рулық  құрылымының  бірлігіне  тиген  соққының  нəтижесінде  рулар 
тұтастығынан  айырылуы,  өз  жерлерін  жалға  алуы,  рулардың  ыдырай  бастауына  жол  ашқан  бұл 
аймақтағы үрдістердің мəнін ашу үшін, ең алдымен осы өлкені мекендеген ру-тайпалардың өткеніне, 
экспедициядағы  жинақталған  мəліметтер  арқылы  шолу  жасауды  өзіміздің  бұл  мақаладағы  негізгі 
міндетімізге жатқыздық. 
Павлодар  оязын  қоныстанған  рулардың  көпшілігі  Арғын  руынан,  араларында  тек  аз  ғана 
Қыпшақ  пен  Найман  руларының  аталары  кездеседі.  Қыпшақ  руының  аталары  ояздың  терістігінде 
Ертіс  өзенінің  оң  жəне  сол  жағалауында  аздаған  жерлерді  мекендеген,  ал  Найман  руының  аталары 
ояздың  əр  жерлерінде  басқа  рулардың  ішіне  араласа  орналасқан.  Ояздың  басқа  жерлерінің  бəрін 

38 
Арғын руларының аталары мекендеген. Көптеген аталарға бөлінетін Арғын оязда Мейрам, Бəсентин, 
Қанжығалы жəне Уақ, Керей аталарымен орналасқан. Осы əр рулар, кейбірі аттары ғана болмаса, бəрі 
біртұтас территорияны алып жатыр. Бұл бізге рулар келіп қоныстанған кезде қазақтардың үлкен ру 
топтарымен  қоныстанғандығын  көрсетеді  жəне  бəрі  бірге  қоныстанған.  Қазақ  руларына  қатысты 
мəліметтерді  қарастырсақ,  Павлодар  оязын  қоныстану  туралы  аңыздар  ауызша  айтылып  жетіп,  ең 
əрісі ХҮІІІ ғасырдың аяғы — ХІХ ғасырдың басымен шектеледі. Əңгімені Сүйіндік руынан бастайық. 
Ақбеттау  жəне  Далба  болыстарының  рулары — Айдаболдың  жеті  руының  ұрпақтары.  Айдабол  өзі 
Тəшкенты маңында өмір сүріп, сонда өлген. Айдаболдың кіші ұлының немересі — Олжабай батыр. 
Ол Абылай ханға қызмет еткен. Бұдан 160 жылдай бұрын, 1730 жылдары Баянауыл тауларына келіп 
қоныстанған.  Бұл  жерлерден  Олжабай  батыр  қалмақтарды  кездестіріп,  көп  жылғы  күрестен  кейін 
қазақтар  оларды  оңтүстікке  қарай  ығыстырған.  Олардың  қалмақтармен  қақтығысын  қырғыздардың 
ақын-жыраулары  ерекше  жырлайды  жəне  «ержүрек  батыр  Олжабай  мен  оның  айбынды  ханы 
Абылайдың»  атымен  байланыстырады.  Қалмақтарды  қуып  шыққаннан  кейін  Айдабол  руы 
Олжабайдың  басшылығымен  ең  жақын  деген  жерлері  Баянауыл  мен  Далба  тауларына  қоныстанған 
деп көрсете келе, Павлодар оязын ХҮІІІ ғасырдың басына дейін Ертіс бойына оңтүстік пен батыстан 
екі лекпен келген қазақ рулары келіп қоныстанған деп тұжырымдайды. Осы аталған Павлодар оязы 
территориясындағы  қырғыздар  мен  қалмақтардың  арасындағы  күрестің  мəңгілік  ескерткіші  ретінде 
Шідерті  өзенінің  жоғарғы  ағысындағы,  ояздың  оңтүстік-батыс  бөлігіндегі  Шүршітқырған  мекені 
жəне ояздың оңтүстік-шығысындағы Қалмаққырған тауы белгілі. «Шүршіт» деп көбінесе қырғыздар 
қытайлықтарды атаған, дегенмен бұл атауды қалмақтарға қатысты да айтқан. «Шүршітқырған» жəне 
«Қалмаққырған» мағынасына қарай аударған кезде қалмақ əскерінің жеңіліске жеткендігін білдіреді. 
Экспедиция  мəліметтеріне  қарап  отырсақ,  Олжабай  батыр  шыққан  Айдабол  ең  жақсы  жерлерді 
Баянауыл  мен  Далба  тауларын  иеленген.  Олжабайдың  өзі  Жасыбай  көлінің  бойындағы  Баян 
тауларын  жайлаған.  Олжабаймен  бірге  ояздың  иеліктерінде  Айдаболдың  өзге  де  ұрпақтары  өмір 
сүрген.  Мысалы,  халық  арасында  сақталған  ауызша  мұраға  сүйенсек,  олардың  ұрпағы  Тілеу 
Қарқаралы  өңірін  жайлаған,  кейін  өз  руластарымен  бірігу  мақсатында  оларға  жылжыған.  Жолда 
Айдаболдың шөбересі, Олжабайдың замандасы Еламанмен кездесіп, демалуға тоқтаған. Кейін екі ру 
өзара  туыстасып,  кішіордалықтар  Тілеудің  ұрпақтары  Айдаболдың  арасында  түпкілікті  қалған.  Бұл 
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысына қатысты. 
Оязды  қоныстану  жөніндегі  тағы  бір  мəліметтерді  Далба  болысының  жазбаларынан 
кездестіреміз. Айдаболдан тарайтын Аққозы мен Қарақозы аталарының шабындықтарын Қожа деген 
жерден  жинадық.  Жер  аты  Қожа  Абылайханның  үлкен  ұлы  Уəлиханның  бейітіне  байланысты 
қойылған. Ол ХҮІІІ ғасырдың ортасында өлген. ХҮІІІ ғасырдың аяғында Құлболды мен Қанжығалы 
руларының арасында Ереймен тауы бойында жайлауда отырғанда жер үшін болған дауда Қанжығалы 
руының 4 жігіті  қаза  болады.  Қазақтың  Айдабол  руының  атақты  биі  Шоң  Ереймен  тауларын 
Қанжығалыға қаза болғандардың құны ретінде кесіп береді. Осы уақыттан бастап Қанжығалы рулары 
өз қыстауларын Ереймен тауларында сала бастайды. Айдабол руы туралы айтарымыз осы. Кейіннен 
Айдабол  ұрпақтары  ояздың  басқа  жерлерін  мекендей  бастаған.  Олжабайдың  ұрпақтары  өздерінің 
жерін  Баянауыл  станциясын  салу  үшін  алып  қойғаннан  кейін  Далба  тауларына  ығысқан.  Ақкелін 
жəне  Баянауыл  болыстарының  көбін  Құлболдының  замандасы  Сүйіндіктің  асырап  алған  баласы 
Қаржастың  ұрпақтары,  олар  Далба,  Ақбеттау,  Қызылтау  жəне  біразы  Қарамола  болыстарын 
мекендейді.  Атақты  Мұса  Шормановтың  арғы  атасы  Сəти  Түркістаннан  қайтқанда,  қыстауын 
Қызылтау тауына салған, содан бері ол  жер  Сəти атымен  «Сəтитас» деп аталып кеткен, осыдан Сəти 
өзінің  Қаржас,  Құлболды,  Жанболды  жəне  Орманшы,  халық  арасында  Төртұл  деп  аталып  кеткен 
руластарымен жаз жайлауға Ақмола оязының терістігіне дейін жайлап отырған. Оған белгі сол Ақмола 
оязында жерленген Төртұлдың билері Итемген мен Мамайдың аталарымен аталған көлдер. Қаржастың 
аталары бұл жерлерге бұдан 100–150 жылдай бұрын, яғни ХҮІІІ ғасырдың орта кезінде Ақбеттау жəне 
Далба болыстарына Айдабол руынан 10 жылдай ғана кейін келіп қоныс тепкен. 
Құлболдының  шөберелері  Телембет,  Наурыз,  Ақыл,  Сексен  жəне  Даниярдың  бесінші  аталары 
Түркістаннан  келіп  Қызылтау  тауын  қоныстанғанда,  олар  бұл  жерде  Керей,  Уақ  жəне  Қарауыл 
руларының  кейбір  аталары  мекендеп  отырған  үстіне  келеді.  Бұлар  Құлболды  руы  келмей  тұрып-ақ 
басқа жаққа кеткен. Айдабол мен Құлболды Баянауыл, Далба, Қызылтау тауларын қыстап, жайлауға 
алыс  солтүстікке  Көкшетау  оязының  жеріне  дейін  көшіп  отырған.  Көкшетау  жеріндегі  бір  көл 
Айдаболдың  атақты  биі  Торайғырдың  атымен  Торайғыр  көлі  деп  аталған.  Құлболдының  баласы 
Қабылан  өз  ағасы  Ақбурадан  бөлініп,  қазіргі  тұрған  жеріне  бұдан  жүз  жылдай  бұрын  келіп 
орналасқан. Шідерті  өзенінің бойында баяғыдан Сүйіндік  аталарының  жайлауында Тұрсынхан төре 

39 
бұдан  жүз  жылдай  бұрын  қыстау  салған.  Оның  бейіті  сол  жерде.  Құлболды  рулары  Қызылтау 
тауларына  келген  кезде  Қақсал  руларының  аталары  да  дəл  сол  сəттерде  келген,  олардың  біразы 
Павлодар оязында тұрақтап, көбі Атбасар оязы, Есіл өзеніне қарай кеткен. 
Қарамола  болысының  І–VІ  жəне  Х  старшындарының  қазақтары  Бегендік  руына  жатады.  Олар 
қазіргі өздері тұрған жерлері ояздың оңтүстігіне бұдан 120–170 жылдай бұрын, яғни ХVІІІ ғасырдың 
алғашқы жартысында, Айдабол, Қаржас жəне Құлболды руларымен бірге бір уақытта келген. Барлық 
Атағозы болысы Орманшы руынан құрылған. Ояздың оңтүстігіне Орманшы руының кейбір аталары 
Шу  өзенінің  бойынан  келіп  бұдан  жүз  жылдай  бұрын  қазіргі  жерлерге  орналасқан.  Орманшының 
басқа  аталары 120–170 жылдай  бұрын  келіп  қоныстанған,  сондықтан  Орманшы  руы  да  Павлодар 
оязының  оңтүстігіне  ХVІІІ  ғасырдың  бірінші  жартысында  келген.  Сонымен  Павлодар  оязының 
оңтүстігін Сүйіндік пен Бегендік рулары ХVІІІ ғасырдың бірінші жəне екінші жартысында Баянауыл, 
Далба,  Қызылтау  тауларынан  оңтүстікке  қуып  шығып,  орнына  орналасқан.  Ақкөл  қазақтары 
өздерінің  Ертіс  бойындағы  жайлауларына,  ХVІІІ  ғасырдың  аяғына  дейін  қыстап  отырған  қазіргі 
Песчанный  орыс  мекенінің  қарсысындағы  қыстауларынан  көшіп  келген.  Бұларда 120–170 жылдай 
осы тұрған жерлерінде орналасқан. Сонымен, Шақшаң болысының қазақтары бұл тұрған жерлеріне 
ХІХ  ғасырдың  бірінші  ширегінен  бастап  көшіп  келіп,  сол  ғасырдың  аяғына  дейін  қоныстаған. 
Байқауымызша, Қанжығалы руы ояздың оңтүстікке өз көршілері Төртұл руларымен келіп, жартысы 
Баянауыл  тауларының  шығыс  жағын,  жартысы  Ертіс  бойындағы  Песчанный  мекенінің  қарсысына 
орналасқан.  Қанжығалы  руының  кейбір  аталары  Қарқаралы  оязынан  бұрын  алпыс  жылдай  бұрын 
өздерінің Ақкөл болысының І старшынындағы туыстарына көшіп келген. 
Қызылағаш  болысының  ІІІ–ІV  старшындарының  Қанжығалы  руының  аталары  бұдан  жүз 
жылдай  бұрын  Ереймен  тауынан  Ертіске  келіп  орналасқан.  Ол  кезде  бұл  жерлерде  ешқандай 
қоныстар болмаған, тек əр жерлерде бекеттер болған. Ертіс бойын мекендеген үлкен ру Бəсентин де 
бұл  жерге  Түркістаннан  келген.  Қазіргі  Маралды  болысының  Бəсентин  руының  қазақтары  Ертіс 
бойын  жоңғарлар  ол  жерден  Алтайға  қуылып  шығысымен  қоныстанған.  Бəсентиннің  Сəмек, 
Бəйімбет, Күшік аталары Ертіске 1800 жылы келген. Ертіс бойында казак орыстарының мекендері де 
дəл  осы  кездерде  пайда  бола  бастаған. 1802 жылы  Бəсентиндер  арасында  тұрған  Төре  Шаншар 
Сұлтанмəметовке  орыс  үкіметі  сыйлыққа  Жəміш  кеніштері  маңындағы  жерлерді  берген.  Бұл 
жерлерді  Бəсентин  руының  əр  түрлі  аталары  ертеден-ақ  мекен  еткен.  ХІХ  ғасырдың  басында 
Маралды  болысының  қазақтары  еш  кедергісіз  сонау  Обь  өзеніне  дейін  жаз  жайлауға  көшіп  барып 
отырған. Дəл осы кездерде Бəсентин руы да еш кедергісіз қазіргі Алтай округіне көшіп қоныстанып 
отырған. Алтай өлкесін қарашекпенділер отарлағаннан кейін қазақтарды кейін қарай өз болыстарына 
көшіріп  жіберген.  Мысалы  ХІХ  ғасырдың 70-жылдары  Қайсар  руын  Маралды  болысына  қайта 
көшірген.  Алтыбай  жəне  Алқакөл  болыстарының  Бəсентин  руының  Апай  атасының  қазақтары 
Павлодар оязына ХVІІ ғасырдың соңында келіп, Ертіс бойына Павлодар қаласының қарсысына келіп 
орналасқан. Əрине, ол кезде Павлодар қаласы болған жоқ. Алтыбай болысының ІІ старшыны Келден 
жəне  Сатыбалды  руларының  қазақтарын  Баянауыл  тауларының  шығыс  беткейінен  ХІХ  ғасырдың 
басында  Төртұл  руы  ығыстырып  шығарған.  Сөйтіп  олар  Ертіс  бойындағы  ағайындарына  көшкен. 
Байқауымызша,  Бəсентин  руы  Түркістаннан  Сүйіндік  руынан  бұрын  келген.  Бұл  жерлерде  Ертіс 
бойынан  кеткен  Бəсентин  руының  аталарын  Сүйіндіктер  өздері  келгенде  кездестірген.  Содаң  соң 
оларды əрі қарай шығысқа жəне солтүстікке ығыстырған. Оязға Ақсу болысын мекендейтін Сырым 
руының  келуі  туралы  ешқандай  дерек  жоқ.  Ақкөл  болысының  VІІ–VІІІ  старшындарын  мекендеген 
Найман руының Айдабол жəне Бозқозы аталары оңтүстіктегі өздерінің көршілері Бəсентиндіктермен 
Ертіс  бойын  қоныс  еткен.  Семей  оязының  Айғыржал  болысының  қазақтары 1868 жылғы  Уақытша 
ереже шыққанға дейін Ақкөл-Жайылма, қазіргі Ақкөл болысында жайлауға бірге көшіп жүрген. 1868 
жылдан  кейін  Айдабол  мен  Бозқозының  Семей  оязындағы  өз  туыстарымен  қарым-қатынастары 
үзілген.  Алғашқы  кезде  Айдабол  мен  Бозқозы  руларының  Айғыржал  болысына  көшіп  кету  ойлары 
болған, бірақ бұл ойлары жүзеге аспады. 
Ұрық болысын көбінен Қыпшақ руының жəне Бəсентиннің біраз аталары мекендеген. Бұлардың 
екеулері  де  болыс  жерін XIX ғасырдың  ІІ  жартысында  мекен  еткен.  Оған  дейін  Қыпшақтар  мен 
Бəсентиндер  Ертіс  бойын  қоныстаған,  əлі  де  ол  жерлерде  осы  рулардың  көптеген  аталары 
мекендейді. Ертіс бойында осы рулардың қазақтарына 1798 жылы орыс үкіметінің сыйлыққа берген 
жеке меншік жері бар. Ертіс бойына қыпшақтардың қай кезде де келгендері туралы бізде дерек жоқ. 
Ертістің  сол  жақ  бөлік  жағасында  Омбының  оңтүстігінде,  Павлодар  оязының  солтүстігінде 
орналасқан  қыпшақтың  Қосайдар  атасы, 1798 жылы  Ертістің  оң  жақ  жағасына  өтіп,  қазір  Ұрық 
болысының ХІ–ХІІ старшындарында тұрады. 

40 
Қызылағаш  болысының  Қыпшақ  рулары  Ертіс  бойына  бұдан 150 жылдай  бұрын,  яғни  ХVIII 
ғасырдың І жартысында, келген. Қыпшақтың Жолоба (V, VI старшындар) жəне Елетен (ІХ старшын 
Қызылағаш болысы) аталары туралы ел арасында мынадай аңыздар сақталған. 
Қыпшақтың  Бұлтыңғы  деген  атасы  қатысқан  бір  жаугершілікте,  жол  үстінде  жөргекте  ораулы 
жатқан  бір  баланы  тауып  алады.  Оған  Жолоба  деп  ат  қояды.  Елетен  деген  тегі  белгісіз  жігіт 
Қыпшақтарға рулар арасында жиі болып тұрған бір соғыстарда өзі келіп қосылған, кірме Жолоба мен 
Елетен руларын халық арасында Бұралқы-Қыпшақ деп те атайды. Тіпті олар туралы халық мақал да 
шығарған: «Елетен ел болмайды, ешкі қой болмайды». 
Тереңкөл  болысын  көбіне  Уақ  руының  екі  атасы  Абырай  мен  Əжікей  мекендеген.  Олар XVIII 
ғасырдың  басында  Ертістің  оң  жағалауындағы  бос  жерлерді  иеленген.  Уақтар  келгеннен  кейін 50 
жылдан  кейін, 1768 жылы  оларға  Керей  руының  Құдайберді  атасы  келіп  қосылады.  Олар  қазір 
Қызылағаш  болысының  ІІ  старшынында  жəне  Тереңкөл  болысының VIII старшынында  тұрады. 
Құдайберді руы Ақмола оязынан өзінің руластарына өкпелеп көшіп келген. 
Сонымен, жоғарыда айтылған толық емес деректерді қорытындылай келе, мынадай тұжырымға 
келуге  болады.  Павлодар  оязын XVIII ғасырдың  басынан  аяғына  дейін  Ертіс  бойына  оңтүстігінен 
жəне  батысынан  екі  лекпен  келген  қазақ  рулары  қоныстанған.  Түркістаннан  шыққанда  алдарынан 
Бəсентин  руы  жүріп, Ертістің бойына XVII ғасырдаң  аяғында-ақ қоныстанған. Қазір  олар Алтыбай, 
Ақсу,  Алқакөл  жəне  Маралды  болыстарын  қоныстанған.  Бəсентин  руынан  кейін  Сүйіндік  жəне 
Бегендік рулары Павлодар оязының оңтүстік таулы жерлеріне келіп орналасқан. Қазір онда Ақкелін, 
Ақбеттау,  Баянауыл,  Қызылтау,  Атақозы  жəне  Қарамола  болыстары  бар.  Бегендік-Сүйіндік 
руларымен  бір  уақытта  Қанжығалы  руы  да  келген,  қазір  олар  Ақкөл  жəне  Шақшан  болыстарында, 
Ертіс  пен  таулы  аудандар  арасына,  яғни  Бəсентин  мен  Бегендік-Сүйіндік  руларының  ортасына, 
орналасқан.  Қазір  Қызылағаш  жəне  Ұрық  болыстарында  аталары  бар  Қыпшақтар,  Қызылағаш  жəне 
Тереңкөл болыстарындағы Керей руы, Тереңкөл болысындағы Уақтар Ертіске батыстан келген. Бұл 
рулардың ояздың ішінде қоныстануы ХІХ ғасыр бойы жалғасып, жылдамдатылып іске асқан. Таулы 
жерлерде  қоныстану  халық  санының  өсуіне  байланысты.  Таудан  шығып  батысқа  жəне  солтүстікке 
Нұра мен Есіл, Өлеңті мен Шідерті бойындағы жайлауларды игеруге əкелді. Ертіс бойынан жер алған 
қазақтар  жер  тарлығынан  Ертістің  екі  жағасындағы  далаларға  көше  бастаған.  Өлеңті  мен  Шідерті 
жəне  Ертіс  өңіріндегі  далаларда  орналасқан  жаңа  қыстауларды  шаруашылық  жəне  қоғамдық 
мүдделері бірлескен барлық рулардың аталарының ұрпақтары салған. 
Ертіс  бойынан  шыққандардың  қыстауларын  айтқанда,  олардың  жерді  жалға  алуы  қазақтардың 
рулық  құрылымының  бірлігіне  тиген  соққы  болды,  ал  Шідерті  мен  Өлеңті  бойындағы  жаңа 
қыстауларды  да  қазақтың  əр  руларынан  жиналғандар  салған.  Мұның  өзі  рулар  тұтастығына  түсе 
бастаған  жарықшақ  еді.  Ояздың  таулы  аудандарындағыдай  таза  бір  рулардан  тұратын  руларды  біз 
бұл жерден таба алмаймыз, қазақтардың ояз ішінде араласа орналасуы рулардың ыдырай бастауына 
жол ашқан. 
Дегенмен,  Ф.А.Щербина  экспедициясы  нəтижесінде  жарық  көрген  бұл  томдағы  «Павлодар 
оязын  қоныстану  тарихы»  ХІХ  ғасырдың  аяғы — ХХ  ғасырдың  басындағы  жартылай  отырықшы 
қалыпқа  көшкен  қазақ  ауылдарының  əлі  де  болса,  көшпелі  дəстүрлі  шаруашылығымен  өзіндік 
болмыс-бітімін сақтап қалғандығын көрсетумен қоса, Ресейдің бұл аймақтағы жүргізген саясатынан 
хабардар беретін басты дерек көзі болып табылады. 
Қазақтардың  этникалық  құрамы  мен  қоныстануы  туралы  мəселе  қазақ  халқының  этногенезі 
проблемасын шешудің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Олай болса, Ф.А.Щербина экспедициясы 
жүргізген  зерттеулер  бойынша  «Павлодар оязын қоныстану тарихын» зерттеу, оның  деректік мəнін 
ашу  қазақ  руларына  қатысты  көп  мəселенің  бетін  ашуға  көмектеседі.  Бұл  еңбек  Орта  жүздің 
Павлодар оязын қоныстанған руларына қатысты жан-жақты мəліметтерімен құнды. 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Тасилова  Н. «Қырғыздардағы  жер  пайдалану  материалдары...»  қазақ  қоғамының  рулық-тайпалық  құрылымы 
тарихының дерек көзі ретінде (ХІХ ғ.соңы мен ХХ ғ. басы): Тарих ғыл. канд. ... дис. автореф. — Алматы, 2009. — 29 б. 
2.  Назарбаев Н.Ə. Тарих толқынында. — Алматы: Атамұра, 1999. — 279–285-б. 
3.  Бөкейхан Ə.Н. Таңдамалы. — Алматы, 1995. — 61–65-б. 
4.  Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных об-
ластей под руководством Ф.А.Щербины. Семипалатинская область. Павлодарский уезд. — Т. ІV. — Воронеж, 1903. — 
136 с. 
 

41 
УДК 930.1 (574) 
А.А.Айтмухамбетов 
Костанайский государственный университет им. А.Байтурсынова 
КУЛЬТУРНО-ПРОСВЕТИТЕЛЬСКАЯ  РАБОТА  
КАЗАХСКИХ  СЛУЖАЩИХ  В  XIX–XX  ВЕКАХ 
XIX–XX ғ.  басында  əр  түрлі  əлеуметтік  қабаттарынан  шыққан  қазақ  қызметкерлерінің 
категориясы  қалыптасты.  Олар  аймақтағы  барлық  қоғамдық  шараларға  белсене  қатысты 
олардың  мəдени-ағартушылық  жұмысының  ықпалымен  өлкеде  этностың  дамуына 
бейімделген ғылыми жəне қоғамдық ұйымдар əрекет етті. 
In the XIX–XX c. there was the formation of Kazakh employees’ category, which was represented by 
the people from different social circles. Kazakh employees took an active part in public processes in 
the region. Scientific and public organizations worked under the influence of their cultural activities. 
These organizations were oriented to the development of the nation. 
 
В XIX в. кардинально меняется процедура подготовки казахских служащих. Усложнение дело-
производства  и  стремление  государственных  властей  к  унифицированию  административно-
управленческой и судебной систем предопределили внедрение в регионе новой системы образования. 
Казахские  учащиеся  в  процессе  обучения  в  городских  школах  усваивали  новый  цивилизационный 
потенциал, востребованный для адаптации и включения в социокультурное пространство имперских 
городов, возникавших в северо-западном ареале этнотерритории казахов. 
Категория  казахских  служащих  прежде  всего  формировалась  представителями  элитных  слоев 
социума. Потребность роста бюрократического аппарата и эволюции социально-творческих профес-
сий динамизировала включение в образовательные процессы выходцев из всех групп казахского эт-
носа.  Таким  образом,  в XIX в.  корпус  профессиональных  чиновников  и  творческой  интеллигенции 
оказался разночинным по социальному статусу, различным по уровню подготовки и степени матери-
ально-финансового обеспечения. 
В этот период происходит сближение этих профессиональных групп в городах и прочих стацио-
нарных  поселениях  по  факторам  этнической  идентичности  и  близости  культурно-образовательных 
параметров оконченных ими училищ. Инкорпорированные в имперскую систему деловых отношений 
казахские служащие усваивали новые образцы поведения, ориентированные на кропотливую созида-
тельную работу на фоне личности совершенства. 
Трансформационные  процессы  казахского  этноса  в  зоне  соприкосновения  культур  обусловили 
повышение  ролевых  функций  национальных  служащих.  Данные  персоналии  в  своих  поступках  и 
действиях являлись носителями новых образов граждан — от внешних знаковых данных, как-то ев-
ропейская  одежда  и  городские  манеры,  до  новой  модели  поведения,  проявлявшейся  в  утверждении 
самостоятельной личной позиции и грамотном апеллировании к правовым нормам и использовании 
возможности легитимного давления на власти. 
Прогрессивные  представители  указанной  категории  служащих  обладали  взаимной  комплимен-
тарностью на уровне локально ограниченных регионов уездного или областного масштаба, реально 
осознавая  свой  потенциал  коллективного  взаимосотрудничества  на  фоне  нациообразующих 
тенденций казахского социума. В подобной ситуации постепенно вырабатывались совершенно иные 
критерии оценивания индивидуальной деятельности. 
Профессиональная  деятельность  казахских  служащих  в  инонациональной  среде  городов  актуа-
лизировала их приобщение к новым формам сотрудничества, отличавшимся от традиционной систе-
мы  отношений.  В  период  роста  национального  самосознания  акцентируется  ролевое  участие  казах-
ских  интеллектуалов  в  культурно-просветительской  сфере.  Прежде  всего  эти  персоны  занимались 
научной работой по исследованию территории расселения казахов. 
С  отделами  РГО  активно  сотрудничали  представители  казахского  офицерства.  В  исторической 
науке  зафиксирован  значительный  фактаж,  связанный  с  научно-исследовательскими  изысканиями 
Ч.Валиханова. Его современник — высокопоставленный военный Г.Б.Валихан активно сотрудничал 
с научными обществами. Он принимал деятельное участие в работе сибирского отделения РГО. При-
мечательно,  что  в 1881г.  на  официальном  собрании  ученых  и  общественных  деятелей  Сибири 
Г.Б.Валихан  выступил  с  научным  докладом,  в  котором  был  дан  критический  анализ  социально-
экономической ситуации в Крае. Докладчик негативно оценивал государственные программы, след-

42 
ствием которых являлось ухудшение положения казахов [1]. Впоследствии Г.Б.Валихан неоднократ-
но фигурировал в деятельности сибирского отделения. 
В этот период ярко проявился талант Алихана Букейханова. Букейханов активно сотрудничал с 
Семипалатинским  Подотделом  Западно-Сибирского  отдела  императорского  Русского  Географиче-
ского  общества.  В  статьях  Букейханова  описываются  быт  и  культура  казахов.  В  работе  «Из  бумаг 
султана Большой Киргизской Орды Сьюка Аблайханова» автор представил динамику политических 
событий 1820 г. Исходным материалом стала переписка султана С.Аблайханова с царской админист-
рацией.  Букейхановым  подробно  представлены  документы,  обнаруженные  в  архивах  того  времени. 
Данные документы и по сей день представляют научную ценность, так как в них досконально пред-
ставлены имена, фамилии основных фигурантов, показаны экономические показатели и весь драма-
тизм  сложных  событий  начала XIX в.  Букейханов  проживал  в  Омске,  но  поддерживал  творческие 
связи  с  семипалатинцами.  В 1905 г.  он  состоял  членом  Распорядительного  комитета  Западно-
Сибирского  Отдела [2]. В  материалах  сохранился  факт  официального  обращения  Букейханова  как 
члена комитета к членам Семипалатинского Подотдела о передаче некоторых экземпляров коллекции 
Семипалатинского музея в Западно-Сибирский отдел. 
Позже Букейхановым на суд читателей представляется этнографическая статья «Список Обам на 
реке Слеты в Коржункульской волости Акмолинского уезда». Особого интереса заслуживает статья-
некролог Букейханова памяти А.Кунанбаева «Абай (Ибрагим) Кунанбаев». В статье прослежена ге-
неалогия Кунанбаева, дан подробный анализ всей его биографии. Автор акцентирует внимание пуб-
лики  на  дружеских  отношениях  поэта  с  политическими  ссыльными:  Гросом,  Михаэлисом.  Трога-
тельно  изложено  впечатлительное  влияние  группы  русских  литературных  классиков  на  творчество 
Кунанбаева.  По  мнению  Букейханова,  Абай  Кунанбаев  многое  сделал  для  своего  народа.  Особенно 
автор выделял просветительскую деятельность поэта. Причем, как подчеркивал корреспондент, Абай 
был первым казахом, вкладывавшим большие деньги в обучение своих детей [3]. Безусловно, автори-
тет А.Кунанбаева в казахском обществе оставался высоким. У казахских прогрессистов и влиятель-
ных персон он снискал уважение. Букейханов принимал участие в московском сельскохозяйственном 
съезде. 
Расцвет  творчества  А  Кунанбаева  пришелся  на  эпоху  складывания  плеяды  казахской  интелли-
генции, и он по праву занимал в её рядах достойное место. Примечательно, что информативные ма-
териалы относительно поэта Букейханов получил у его сына Туракула и племянника Какытая Скако-
вича Кунанбаева. В переписке ученый при содействии Семипалатинского Подотдела РГО планировал 
издать под своей редакцией труды поэта. 
Периодически А.Букейханов печатался в петербургском журнале «Сибирские вопросы». В част-
ности, он опубликовал статью «Соляные монополии в Западной Сибири», в которой автором анали-
зируется состояние соляной промышленности в регионе. Букейханов с экономических позиций дета-
лизирует проблему деловых отношений торговых кругов и местного населения [4]. 
В данном выпуске опубликовался Ж.Акпаев по теме «Наброски по обычному, в частности брач-
ному  праву  киргиз-казахов».  Обращение  Акпаева  сопутствовало  не  только  его  научным  интересам, 
но и актуализировало щепетильную проблему соответствия норм обычного права казахов государст-
венным новшествам в области судопроизводства. Материалы издания прежде всего рассчитывались 
на  подготовленную  русскоязычную  публику.  В  этот  период  Акпаев  имел  степень  кандидата  права 
Санкт-Петербургского  университета.  Соотношение  и  правомочность  применения  норм  обычного 
права, мусульманского шариата и имперского судопроизводства сохраняли свою актуальность в рай-
онах компактного расселения казахов. 
Общественные и научные круги актуализировали проблему взаимодействия обычного права как 
традиционной  формы управления казахов  и государственных  законов в  рамках гармонизации  отно-
шений.  Информационная  база  по  казахскому  судопроизводству  оказалась  неполной.  Юридический 
сборник профессора Самоквасова, труды Гродекова и ряд других профессионально составленных на-
учных произведений оказались явно недостаточными в комплексной исследовательской программе. 
Объективно  участие  в  данном  проекте  Ж.Акпаева,  синтезировавшего  глубокое  понимание  нацио-
нальной психологии с жизненным опытом. 
Казахские общественные деятели в процессе сотрудничества с русскими учеными способствова-
ли  пропаганде  казахской  культуры.  На  протяжении  длительного  времени  этнографические  фонды 
Москвы и Петербурга пополнялись коллекциями предметов казахов, отобранных Чингизом Валиха-
новым [5]. За плодотворное сотрудничество в 1867 г. совет Императорского общества любителей ес-
тествознания наградил полковника Валиханова. В 1862 г., в связи с приездом князя Владимира Алек-

43 
сеевича, свои экспонаты на показательной выставке представил Мейрамбек Джанайдаров [6]. Дейст-
вительный член Оренбургского общества отдела Императорского Русского Географического общест-
ва  султан  С.А.Джантурин  курировал  подготовку  экспонатов  к  отправке  на III международный  кон-
гресс ориенталистов 1876 г. 
В  городском  секторе  представителями  тюркской  общественности  создавались  культурно-
просветительские  организации.  Подобные  общества  мусульман-прогрессистов  способствовали  реа-
лизации социальных проектов в интересах казахов, татар, башкир и др. этнических групп. Финанси-
ровали мусульманские общества меценаты-купцы, местные интеллигенты и служащие. Врач Тургай-
ской области А.Алдияров входил в состав региональной мусульманской организации [7]. За общест-
венные заслуги и профессиональное исполнение служебного долга он удостоился звания «почетного 
гражданина». В имперской практике подобное обозначение применялось к выходцам из дворянского 
сословия. Династийно Алдияров сохранял генетическое родство с ведущими кланами региона, одна-
ко соответствующее звание отражало его гражданскую позицию и ориентацию на выражение интере-
сов казахского этноса. Не менее интересно сложилась судьба его земляка — султана А.Темирова. Те-
миров — один из первых профессиональных юристов, удачно реализовавшийся на службе. Большую 

Каталог: journals
journals -> Национальной академии наук республики казахстан
journals -> №3(63)/2011 Серия филология
journals -> Казахский национальный
journals -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 / 2015
journals -> Рецензируемый медицинский научно-практический журнал
journals -> Редакционная коллегия: В. В. Тулупов — главный редактор
journals -> Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет