№4(80)/2015 Серия филология



жүктеу 5.33 Mb.
Pdf просмотр
бет1/13
Дата03.03.2017
өлшемі5.33 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 

Қ АР АҒ АН Д Ы  

У Н И В Е Р С И Т Е Т I Н I Ң  

ÕÀÁÀÐØÛÑÛ 

ÂÅÑÒÍÈÊ 

К АР АГ АН Д И Н С К О Г О  

У Н И В Е Р С И Т Е Т А

 

ISSN 0142-0843 

 

ФИЛОЛОГИЯ сериясы 

№ 4(80)/2015 

Серия ФИЛОЛОГИЯ 

 

Қазан–қараша–желтоқсан 

30 желтоқсан 2015 ж. 

1996 жылдан бастап шығады 

Жылына 4 рет шығады 

Октябрь–ноябрь–декабрь 

30 декабря 2015 г. 

Издается с 1996 года 

Выходит 4 раза в год 

             Собственник  РГП   



Карагандинский государственный университет  

                                                    имени академика Е.А.Букетова

 

Бас редакторы — Главный редактор 

Кубеев Е.К., д-р юрид. наук, профессор 

 

Зам. главного редактора  

Х.Б.Омаров, д-р техн. наук 



Ответственный секретарь  

Г.Ю.Аманбаева, д-р филол. наук 



Редакция алқасы — Редакционная коллегия 

М.И.Абдуов, 

редактор д-р филол. наук; 

Г.Ю.Аманбаева, 

д-р филол. наук; 

Золтан Андраш, 

д-р филол. наук (Венгрия); 

Ж.А.Жакупов, 

д-р филол. наук; 

Ш.М.Мажитаева,  

д-р филол. наук; 

Матейко Любор, PhD 

д-р (Словакия); 

Ж.Н.Жунусова, 

д-р филол. наук; 

Н.И.Букетова, 

д-р филол. наук; 

А.С.Адилова, 

д-р филол. наук; 

Б.Шалабай, 

д-р филол. наук; 

Н.Ж.Шаймерденова, 

д-р филол. наук; 

С.А.Матяш, 

д-р филол. наук (Россия); 

М.Д.Джусупов, 

д-р филол. наук (Узбекистан); 

У.М.Бахтикиреева, 

д-р филол. наук (Россия); 

Т.В.Белошапкова, 

д-р филол. наук (Россия); 

К.Жанбозулы, 

д-р филол. наук (КНР); 

Ж.З.Кадина, 

отв. секретарь  

 

канд. филол. наук  



 

 

Адрес редакции: 100028, г. Караганда, ул. Университетская, 28 

Тел.: 77-03-69 (внутр. 1026); факс: (7212) 77-03-84.  

E-mail: vestnick_kargu@ksu.kz  Сайт: vestnik.ksu.kz 

 

 

 



 

 

Редакторы  Ж.Т.Нұрмұханова  



Техн. редактор  А.Қ.Тыныштықбай 

Издательство Карагандинского  

государственного университета  

им. Е.А.Букетова 

100012, г. Караганда,  

ул. Гоголя, 38,  

тел.: (7212) 51-38-20 

e-mail: izd_kargu@mail.ru 

 

Басуға 29.12.2015 ж. қол қойылды.  



Пiшiмi 60

84 1/8.  

Офсеттік қағазы.  

Көлемi 12,0 б.т.  

Таралымы 300 дана.  

Бағасы келiсiм бойынша.  

Тапсырыс № 316. 

 

Подписано в печать 29.12.2015 г.  



Формат 60

84 1/8. 

Бумага офсетная. 

Объем 12,0 п.л. Тираж 300 экз. 

Цена договорная. Заказ № 316. 

 

Отпечатано в типографии  



издательства КарГУ  

им. Е.А.Букетова 

© Карагандинский государственный университет, 2015 

Зарегистрирован Министерством культуры и информации Республики Казахстан. 

Регистрационное свидетельство № 13109–Ж от 23.10.2012 г. 


Вестник Карагандинского университета 



М А З М Ұ Н Ы  

 

С О Д Е Р Ж А Н И Е  

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ 

 

КАЗАХСКОЕ ЯЗЫКОЗНАНИЕ 

Тұрсынова М.А., Тілеубек Ж.Е. Түркі тілдерін-

дегі  жабайы  аңдарға  қатысты  атаулардың 

тарихи-салыстырмалы сипаты ..........................  

4

 



Турсунова М.А.,  Тилеубек Ж.Е.  Сравнительно-

историческая  характеристика  названий  диких 

животных в тюркских языках ............................ 

4

Пірімбетов Т.Т., 



Ахметова А.А

Қазақ 


тіліндегі 

шылаулардың 

морфологиялық 

тұлғасы мен лексика-грамматикалық мəні .......   

11

 

Примбетов Т.Т.,  Ахметова А.А.  Морфологи-



ческая  структура  и  лексико-грамматические 

значения предлогов казахского языка ............... 

11

Қазанбаева А.З.,  Қалыбекқызы Г.  Батырлар 

жырындағы 

этномəдени 

лексиканың 

танымдық сипаты ...............................................  

17

 



Казанбаева А.З.,  Калыбеккызы Г.  Когнитив-

ная характеристика этнокультурной лексики в 

героических эпосах ............................................. 

17

ЖАЛПЫ ЖƏНЕ ОРЫС ТІЛ БІЛІМІ 



 

ОБЩЕЕ И РУССКОЕ  ЯЗЫКОЗНАНИЕ 

Аманбаева Г.Ю.,  Қасенова Г.Б.  Орыс  тілін 

кəсіби  бағдар  бере  отырып  оқытуда  заманауи 

технологияларын қолдану .................................  

23

 



Amanbaeva G.Yu.,  Kasenova G.B. Modern tech-

nologies the professional focused studying of 

Russian .................................................................. 

23

ƏДЕБИЕТТАНУ ЖƏНЕ  



ФОЛЬКЛОРТАНУ 

 

ЛИТЕРАТУРОВЕДЕНИЕ И 

ФОЛЬКЛОРИСТИКА 

Нəукенұлы Б.  Балаларға  арналған  қазақтың 

халық  ойындарының  Қытайдағы  тарихи  даму 

барысы .................................................................  

28

 



Наукенулы Б.  Процесс  развития  казахских 

народных игр для детей в Китае ........................ 

28

Каренов Р.С. 

Ұлы 


педагог 

Ыбырай 


Алтынсарин — көрнекті  ақын,  жаңашыл 

жазушы (туғанына 175 жыл толуына орай) .....  

36

 

Каренов Р.С. 



Грани 

творчества 

Ибрая 

Алтынсарина (к 175-летию со дня рождения) .. 



36

Шаубиң Чи,  Ысқақұлы С.  Қытайдағы  таяу 

заман қазақ əдебиетінің қалыптасуы мен даму 

үрдісі (XIX ғ. – XX ғ. алғашқы жартысындағы 

əдебиет мысалында) ...........................................  

45

 

Шаубин Чи,  Ыскакулы С.  Формирование  и 



развитие современной казахской литературы в 

Китае  (на  примере  литературы XIX в. – пер-

вой половины XX в.) ........................................... 

45

Каренов Р.С.  Іргелі  жазушы,  халқымыздың 

асыл  перзенті  Ілияс  Есенберлиннің  əдебие-

тімізде  алатын  орны  (туғанына 100 жыл 

толуына орай)......................................................  

54

 



Каренов Р.С.  Многогранность  творчества 

Ильяса  Есенберлина  (к 100-летию  со  дня 

рождения) ............................................................. 

54

ТІЛ МЕН ƏДЕБИЕТТІ  



ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ 

 

МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ  

ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ 

Байгаж А.,  Кадина Ж.З.  Өзге  тілде  ауызша 

сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыруда  компью-

терлік  презентациялар  мен  бейнефильмдерді 

қолдану ................................................................  

63

 

Байгаж А., 



Кадина Ж.З. 

Использование 

компьютерных  презентаций  и  видеороликов 

для  формирования  правил  устной  речи  на 

иностранном языке .............................................. 

63

Сағындықова Ж.  Шетелде  оқыту  арқылы 

мəдениетаралық құзыреттілікті дамыту ...........  

67

 



Sagyndykova Zh.  Developing intercultural com-

petency: study abroad experience .......................... 

67

Аманова Г.М.  Сөйлеу  құзыреттілігін  қалып-

тастыруда  қырғыз  мектебі  оқушыларын 

сөйлеу іс-əрекеті түрлеріне оқыту ....................  

71

 



Аманова Г.М.  Взаимосвязанное  обучение  ви-

дам  речевой  деятельности  учащихся  кыргыз-

ской  школы  при  формировании  речевой  ком-

пентенции ............................................................. 

71

Жумагулова Н.С., Жумагулова Е.В. Қазақстан-

дағы үш тұғырлы тіл: pros and cons ..................  

78

 

Жумагулова Н.С.,  Жумагулова  Е.В.  Трехъ-



язычие в Казахстане: pros and cons .................... 

78

СЫН ЖƏНЕ БИБЛИОГРАФИЯ 



 

РЕЦЕНЗИИ И БИБЛИОГРАФИЯ 

Əбдуов М.І.,  Қазбеков Т.Б.  Асқар  таудай  əке 

мұрасын зерттеу ..................................................   

84

 

Абдуов М.И.,  Казбеков Т.Б.  Исследование 



о наследии отца ................................................... 

84


Содержание… 

Серия «Филология». № 4(80)/2015 

АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МƏЛІМЕТТЕР .............   



91  

СВЕДЕНИЯ ОБ АВТОРАХ ................................ 

91

2015  жылғы  «Қарағанды  университетінің  ха-



баршысында»  жарияланған  мақалалардың 

көрсеткіші. «Филология» сериясы ....................  

92

 

Указатель  статей,  опубликованных  в  «Вест-



нике  Карагандинского  университета»  в 2015 

году. Серия «Филология» ................................... 

92

 

 



 

 


Вестник Карагандинского университета 



ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ 

КАЗАХСКОЕ ЯЗЫКОЗНАНИЕ 

ƏОЖ 811.512.1

 

М.А.Тұрсынова



1

, Ж.Е.Тілеубек

2

 

1



Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті; 

2

А.Құнанбаев атындағы № 5 мектеп-гимназиясы, Абай (Қарағанды облысы) 

(Е-mail: t_marhaba@mail.ru) 

Түркі тілдеріндегі жабайы аңдарға қатысты атаулардың 

тарихи-салыстырмалы сипаты 

Мақалада қазіргі түркі тілдеріндегі жабайы аңға қатысты атаулардың сипатына тарихи-салыстырмалы 

талдау  жасалған.  Түркі  тілдеріндегі  жабайы  аңға  қатысты  атаулардың  өзіне  тəн  ерекшеліктері 

қарастырылып,  мысалдармен  дəлелденген.  Түркі  тілдеріндегі  жабайы  аңға  қатысты  атаулардың 

сипатын  көрсетуде  зерттеушілер  еңбектері  арқылы  қыпшақ,  оғыз,  қарлұқ,  бұлғар,  ұйғыр-оғыз 

тобындағы  тілдердегі  дамуы  мен  қалыптасуы,  жеке  тілдерге  қатысты  өзгешеліктері  қарастырылған. 

Түркі  тілдеріндегі  жабайы  аңға  қатысты  атаулардың  ерекшеліктерін,  айырмашылықтарын, 

ортақтықтарын  көрсету  барысында  көне  жазба  ескерткіштері  материалдарымен  байланыста  талдау 

жасалған, түркі тілдерінің тарихи грамматикасына қатысты мəліметтер келтірілген. 

Кілт сөздер: түркі тілдері, салыстырмалы лексика, түркі тілдеріндегі жабайы аң атаулары, көне түркі 

тілі, қазіргі түркі тілдері, салыстырмалы-тарихи зерттеулер. 

 

Түркі тілдерінің салыстырмалы лексикасына қатысты талдау жүргізу арқылы көне түркі тілінен 



бастап  қазіргі  түркі  тілдерінің  дамуын,  сөздік  қордағы  сөздің  қалыптасуын  немесе  өзгеріске  түсуін 

қадағалауға болады. 

Түркілердің  көне  жəдігерлер  тілінен  келе  жатқан  сөздерінің  ортақтығымен  қоса,  жеке  тілдің 

қалыптасуына  байланысты  өзгешеліктері  де  жоқ  емес.  Солардың  бірі — түркі  тілдеріндегі  жабайы 

аңдарға қатысты сөздердің сипаты. 

Түркі  даласын  мекендейтін,  сиыр  тұқымдас  күйіс  қайыратын  дала  жануары,  сусиыры  «Қазақ 

тілінің  түсіндірме  сөздігінде»  Африкадан  тараған,  терісі  қалың,  тықыр  түкті,  сүтқоректілер  тобына 

жататын,  салмағы  зор,  ірі  денелі  хайуанды  сусиыр  екендігін  айтады [1]. Қарақалпақ  тілінде  сув 



сыйыр;  ноғай  тілінде  сусыйыр,  кəвміш;  түрік  тілінде  сусығыры;  түркімен  тілінде  гəвмиш  деп 

қолданылады.  Басқа  түркі  тілдерінің  көбінде  (башқұрт,  қазақ,  қырғыз,  татар,  тува)  орыс  тіліндегі 



буйвол сөзі алмастырады. Түрік тілінде сусиырын басқаша манда деп те атайды [2; 122]. Əзербайжан 

тілінде  сусиырдың  еркегіне  байланысты  қолданатын  кəл  сөзі  кездеседі.  Сусиырдың  жас  төлінің 



еркегін  кəлчə  деп  атайды.  Əзербайжан  тілінің  əр  диалектісінде  кəлчə  сөзінің  жас  мөлшеріне 

байланысты мағынасы əр түрлі болып келеді. Кейбір жерлерде жаңа туған төлінен бастап алты айға 

дейінгі баласын, кейбір жерлерде бір жасқа дейінгі төлін немесе бір жастан үш жасқа дейінгі төлін 

осылай  атайды.  Сусиырдың  ұрғашысына  байланысты  əзербайжан  тілінде  жамыш  сөзін  қолданады. 



Жамыш  сөзі  түрік  тілінде  жамус  деп  кездеседі.  Бірақ  мұндағы  жамус  сөзі  жалпы  буйволдардың 

атауы болып табылады. Ал ұрғашысын домбай сөзі алмастырады. Əзербайжан тілінде жамыш сөзі 



дүйə  сөзімен  тіркесіп  келген  жағдайда  əлі  шағылысқа  түспеген  жас  ұрғашы  сусиырды  білдіреді. 

Ұрпақ  таратуға  қабілетсіз,  бедеу  ұрғашы  сусиырды  əзербайжан  тілінде  əрəмік  деп  атайды. 

Сусиырдың  жынысы  мен  жас  мөлшеріне  байланысты  жіктелуі  əзербайжан  тілі  мен  түрік  тілінде 

көрініс  табады.  Мысалға  əзербайжан  тілінде  туылғаннан  бастап  алты  айға  дейінгі  төлдің  жалпы 

атауын  балағ,  балах  деп  атайды.  Түрік  тілінде  малақ  (жас  сусиыр);  көдəк,  хөтəк  (алты  айдан  бір 


Түркі тілдеріндегі жабайы … 

Серия «Филология». № 4(80)/2015 

жасқа дейінгі төлі); пота, авара (бір жастан екі жасқа дейінгі төлі); дүгə (жас ұрғашы сусиыр); ішəй 



(екі жастан төрт жасқа дейінгі еркек сусиыр); шахі, кəл вуран, быға кəл (үш жасар еркек сусиыр); кəлə 

дуран  (үш  жасар  ұрғашы  сусиыр);  тумі  (төрт  жасар  еркек  сусиыр)  деп  атайды [2; 123]. Бұдан 

сусиырдың  барлық  түркі  тілдерінде  жасына,  жынысына  байланысты  атаулардың  толық  көрініс 

таппайтынын аңғаруға болады. Махмұт Қашқаридің еңбегінде жабайы сиыр мағынасында қоtuz сөзі 

кездеседі [3; 422]. 

Түркі жерін мекендеген жабайы дала жануарларының бірі — доңыз. Доңыз — терісі қалың, түр-

сипаты тұрпайы жабайы хайуан, шошқа. Доңыз сөзі көне түркі тілінде тоңuz болып кездеседі [3; 358]. 

Əзербайжан тілінде донуз; гагауз, түрік тілдерінде домуз; қазақ тілінде доңыз; қарақалпақ, түркімен 

тілдерінде доңуз; татар тілінде дуңыз; өзбек тілінде тунғыз; ұйғыр тілінде тоңғуз, тоңуз, доңуз деп 

атайды. Доңыз  сөзі  өзбек  тілінде  үйде  өсірілетін  доңызбен  қоса  жабайы  доңызды  да  осылай  атаған 

(jaбан дуңғузы, кик тоңуз, қазіргі өзбек тілінде евойи чучқа). 

А.М.Щербак өзінің еңбегінде Əлішер Навоидің «Мухакамат ал-лугатайн» деген еңбегіне сілтеме 

жасай  отырып: «Одним  из  важнейших  животных,  на  которых  охотятся  в  Средней  Азии,  является 

тонқуз, и что самца этого животного называют қабан, самку — мегежін (өзбек тілінде мегəжін, қазақ 

жəне  қырғыз  тілдерінде  мегежін,  монғол  тілінде  megcin),  а  детеныша — чорпə», – деп  жазады [2; 

125].  Қырғыз  тілінде  де  доңуз  сөзі  жабайы  шошқа  мағынасында  жұмсалады.  Көне  жыл  санау 

бойынша доңыз жылы он екінші жыл болып саналады. 



Доңыз сөзінің этимологиясын анықтауда əр түрлі пікірлер бар. Г.Вамбери тоңуз сөзінің негізін 

тоң сөзі деп, оны қырғыз тіліндегі «үлкен», «мықты» мағынасындағы чоң сөзімен байланыстырады. 

Ал  Г.Рамстедт  тоңуз  сөзін  ton  (шошқа)  сөзімен  байланыстырады [2; 125]. Біздің  ойымызша,  көне 

түркі  тіліндегі  тоңуз  сөзі  қатып  қалған,  қыңыр  мағынасындағы  сөзден  туындауы  мүмкін  деп 

ойлаймыз (тоңмойын — ырыққа көнбейтін бірбет, қыңыр мінез). 

Түркі тілдерінің көбінде үй шошқасынан бөлек жабайы, дала шошқасын қабан деп атаған. Тува 

тілінде  ғана  қабан  сөзі  үй  шошқасы  мағынасында  қолданылады.  Мысалға,  чер  хаваны  (жабайы 

шошқа), ым хаваны (үй шошқасы) деп айтылады. Ал басқа түркі тілдерінде жабайы шошқаны қабан 

деп  атайды.  Əзербайжан,  түркімен  тілдерінде  ғабан;  башқұрт,  қарақалпақ,  татар,  қазақ  тілдерінде 



қабан;  қырғыз  тілінде  қаман;  өзбек  тілінде  қабан;  ұйғыр  тілінде  қаван  деп  атайды [2; 125]. Тірі 

тілдердің,  диалектілердің,  жазбалардағы  сөздердің  мəліметтеріне  сүйенсек,  қабан  сөзінің  көне 

мағынасы  жабайы  шошқа  дегенді  білдіреді.  Осы  мағынадағы  кабан  сөзі  түркі  тілінен  орыс  тіліне 

көшкен. Сөйтіп, көне славян тіліндегі қабан мағынасындағы вепрь сөзін ығыстырып шығарған. 

Осы  сөздермен  синонимдес  чочқа  сөзі  түркі  тілінде  қолданылады.  Мəселен,  алтай,  қырғыз 

тілдерінде  чочқо;  башқұрт  тілінде  сусқа;  қазақ,  қарақалпақ  тілдерінде  шошқа;  татар  тілінде  чучқа

өзбек тілінде чўчқа; ұйғыр тілінде чочқа; хакас тілінде сосха; чуваш тілінде сысна деп атайды. 

Гагауз  тілінде  скрофа; < румын  тілінде  scroafa; < якут  тілінде  сабінне; < орыс  тілінде  свинья

Көне жазбаларда шошқа мағынасындағы лағзын сөзі кездеседі. Бұл сөзді В.Томсен манчжур тіліндегі 

улгян сөзімен жақындастырады [2; 125]. 

Шошқаның  төлін  қазақ  тілінде  торай;  қырғыз  тілінде  торопой;  якут  тілінде  тороқу,  тороху 

(жабайы  шошқа,  қабан)  деп  атайды.  Монғол  тілінде  түркі  тілінің  əсерінен  болса  керек,  торой  деп 

қолданылады.  Қырғыз  тіліндегі  торопой  сөзін  этимологиялық  формаға  жақын  деп  айтуға  болады. 

Біздің ойымызша, торопой сөзі түйенің төліне байланысты атайтын торум сөзі мен сиырдың төліне 

қолданатын торпақ сөзімен байланысты деп ойлаймыз. 

Түркімен  тілінде  шошқаның  төлін  jojuk  деп  атайды.  Jojuk  сөзі  чочқа  сөзінен  туындап, 

морфологиялық өзгеріске түсуі мүмкін. Əзербайжан тіліндегі чочқа сөзі доңуз сөзімен қарама-қайшы 

келеді. Дегенмен, шошқаның төлін білдіретін чочуқ сөзімен мағыналас болып келеді. Түркі тілдерінің 

ішіндегі  түрік  тіліндегі  ерекшелікті  аңғаруға  болады.  Түрік  тілінде  чожуқ  сөзі  бала  мағынасында 

жұмсалады [2; 126]. 

Гагауз тілінде төлге де, балаға да қатысты женік сөзі қолданылады. Женік сөзін біз көне жəне 

қазіргі  көптеген  түркі  тілдеріндегі  бөрінің,  иттің,  көп  жағдайда  арыстанның  төлін  білдіретін  енік, 

енүк  сөздерімен  байланыстырамыз  (арслан  енүкледі).  Біздің  ойымызша,  қазақ  тіліндегі  күшік  сөзі 

көне  түркі  тіліндегі  енүк  сөзімен  байланысты  болуы  мүмкін.  Гагауз  тілінде  малдың  төлі 

мағынасындағы басқа түркі тілдерінің ешқайсысында кездеспейтін потмар сөзі кездеседі. Дегенмен 

потмар  сөзін  басқа  тілден  енген,  кірме  сөз  деп  қарастыруға  болмайды.  Морфологиялық  жағынан 

өзгерген чуваш тіліндегі чумар (жаңбыр) < чу — құлау, жүру + мар, көне түркі тілінде жағмурпусмар 

(зорлық) < пус — басу, қысым көрсету + мар; көне түркі тіліндегі алмыр (сараң) < ал — алу + мыр, 


М.А.Тұрсынова, Ж.Е.Тілеубек 

Вестник Карагандинского университета 



чоқмар  (шоқпар) < чоқ — тоқ — соғу + мар;  түрік  тіліндегі  чоқмар  (шоқпар,  екінші  мағынасы, — 

мұқыл қой), чомар (бақташы ит, екінші мағынасы — құлағы мен құйрығы қысқа, бойы аласа қойдың 

түрі).  Потмар  сөзі  «пот»  сөзі  арқылы  жасалған  туынды  сөз  болуы  мүмкін.  Мысалға,  əзербайжан 

тіліндегі  «сыч»  арқылы  жасалған  сычовул  (егеуқұйрық)  жəне  «мыш»  арқылы  жасалған  мышовул 

(тиін)  сөздерін  атауға  болады.  Түйенің  төлін  білдіретін  ботуқ  (потуқ)  сөзінің  де  түбірі  бір  болуы 

мүмкін.  Потмар  сөзіне  жақын,  морфологиялық  жағынан  өзгеріске  ұшыраған  татар  тіліндегі 

егеуқұйрық  мағынасындағы  көсмəр  сөзін  жатқызуға  болады.  Шошқаның  төлін  білдіретін  түрік 

тілінде  буртлақ  (бурт + лақ)  сөзі  кездеседі.  Якут  тіліндегі  осы  мағынадағы  боросуонақ  сөзі  орыс 

тіліндегі  поросенок  сөзімен  байланысы  бар  деп  ойлаймыз.  Махмұт  Қашқаридің  сөздігінде  аюдың 

төлін  білдіретін  merdek  (мердек)  сөзі  кездеседі  (адзығ  мердегі).  Ғалымның  жазуы  бойынша,  кейбір 

түркі халықтары доңыздың төлін де «тоңуз мердегі» деп атаған [2; 126,127]. 

Түркі даласын мекендеген, түркі халықтарына ортақ жыртқыш аңдардың бірі — аю. Аю сөзі көне 

түркі тілін зерттеген ғұлама ғалым Махмұт Қашқаридің сөздігінде ajығ (айығ) деп кездеседі [2; 113]. 

Осы  сөздікте  аюды  қыпшақша  ава  деп  атағанын  байқаймыз [3; 116]. «Қазақ  тілінің  түсіндірме 

сөздігінде»  аюды  ірі  денелі  икемсіз  жыртқыш  аң  деп  түсіндіреді.  Аю  сөзі  түркі  тілдерінде  бір 

мағынада жұмсалады. Əзербайжан, түрік тілдерінде ауi; түркімен тілінде ауі, ауызекі сөйлеу тілінде 



gödek adam; қырғыз тілінде аюу, ауызекі сөйлеу тілінде копол адам; қазақ, қарақалпақ, алтай, балқар, 

татар  тілдерінде аю; башқұрт  тілінде  айыу;  құмық,  ноғай  тілдерінде  айыв;  тува  тілінде  адыг;  өзбек 

тілінде  айиқ;  ұйғыр  тілінде  əйіқ;  хакас  диалектісінде  азығ,  адығ  деп  қолданылады [2; 130]. Түркі 

халықтарының ішіндегі сібір түркі халықтарында, əсіресе якут халқында аюға байланысты тыйымдар 

(табу)  кездеседі.  Содан  болар  якут  тілінде  аюдың  жеке  нақты  атауы  кездеспейді.  Аюды  ата 

мағынасындағы  «эһэ»  сөзі  алмастырады.  Алтай,  хакас,  тува  тілдерінде  де  аю  сөзін  алмастыратын 

көптеген  эвфемизмдер  кездеседі.  Хакас  тілінде  əке  мағынасындағы  «аба»  сөзі,  алтай  тілінде  шал 

мағынасындағы  «апшыйақ»  пен  аға  мағынасындағы  «абаға»  сөзі  тува  тілінде  ана  мағынасындағы 

«ава» сөзі алмастырады. 

Якут  диалектісіндегі  аюды  білдіретін  басқа  сөздер  біршама  суреттелген.  Мысалға,  тыатаағы 



оjурдағы  (орманда  жүретін);  қырдағас  (қария);  оғоннор  (шал);  эһэкэн  (ата);  қыыл  (хайуан);  тыа 

қырдағаһа  (орман  шалы);  тоjон  эһэ  (қожайын  ата);  ардай  аһыылах  (өте  өткір  азу  тісті);  адыырға 

(қылшықты,  азулы);  сырған  (аш);  моғус  (қомағай);  отуулах  (күркесі  бар)  сөздерін  кездестіруге  болады 

[2;131]. 

А.М.Щербактың «Название домашних и диких животных» еңбегінде якут жəне тува тілдеріндегі 



аю мағынасындағы бірнеше сөздерді орыс тілінің əсерінен пайда болған деп жазады. «Ряд названий 

медведя  в  якутском  языке — искаженные  русские  слова,  ср.  біліміэм (< медведь),  таптыықын 

(<топтыгин),  маатыс (< матушка,  тыһы  эһэ),  мөлбүөм (- мөлбөр < медведь),  мііскэ (< мишка). 

В тувинском  языке  дополнительными  наименованиями  медведя  являются:  хаjəрақан  (соответствует 

рус. благочинный или господин), мажаалай (< русск. Михаил), ірэй (< ір муж, мужичок), қара чүвэ 

(букв. черная вещь, черный предмет), чоорғаннығ (букв. имеющий одеяло) [2; 131]. 

Тува  жерінің  кейбір  аудандарында  аюдың  жас  ерекшелгіне  байланысты  сөздерді  байқауға 

болады. Бір жасар аюдың баласын бічіі оғлу, екі жасар аюды хунан оғлу, немесе қунан айуу, үш жасар 

аюды  төнөн  оғлу  деп  атайды.  Махмұт  Қашқаридың  сөздігіне  сүйенетін  болсақ,  көне  түркі  тілінде 

аюдың баласын merdek (адзығ мердегі) деп атаған [3;540]. 

Түркі тілдерінің көбінде аюдың аналығына, ұрғашысына арналған жекелеген сөздерді кездестіре 

алмаймыз.  Тек  ұрғашы  (діші,  ене,  ана)  мағынасындағы  сөздер  тіркесіп  келген  жағдайда  аюдың 

ұрғашысын  білдіреді.  Қазақ  тілінде  аюдың  ұрғашысы  мағынасында  кірекей  сөзін  кездестіруге 

болады. Бұл сөз басқа түркі тілдерінде кездеспеген соң, оның этимологиясын анықтау мүмкін емес. 

Түркі жерін мекендейтін жыртқыш аңдардың бірі — қасқыр. Бұл сөз түркі тілдерінде бөрі, құрт, 

қасқыр деп кездеседі. Көне түркі тілінде сырттан мағынасында «ar» сөзі кездеседі (Ar bөri — көкжал 

бөрі) [3,109]. Бөрі  сөзі  алтай,  балқар,  қырғыз,  қарақалпақ,  құмық,  тува  тілдерінде  бөрү;  башқұрт, 

татар тілдерінде бүре; қазақ, түркімен, ұйғыр тілдерінде бөрі; өзбек тілінде бўри; хакас тілінде пӱӱр

якут  тілінде  бөрө  деп  кездеседі [2;131]. Татар  тілінде  чүл  бүресе  шиебөріні,  ар  бөрі  қорқау  қасқыр 

мағынасын  білдіреді.  Мұндағы  «чүл»  сөзі  дала,  ал  «ар»  сөзі  сарғыш  деген  мағынаны  білдіреді. 

Жоғарыда  атап  өткендей,  көне  түркі  тілінде  көкжал  бөріні  білдіретін  ар  бөрі  сөзі  татар  тілінде 

мағыналық жағынан өзгергенін көруге болады. Кейбір түркі тілдерінде қасқыр сөзі кездеседі. Қазақ 

пен  қарақалпақ  тілдерінде  қасқыр;  қырғыз  тілінде  қарышқыр;  өзбек  тілінде  қашқыр;  чуваш  тілінде 



кашкӑр деп атайды [2; 132]. 

Түркі тілдеріндегі жабайы … 

Серия «Филология». № 4(80)/2015 

Махмұт Қашқаридің еңбегінде көне түріктер қолданған «құrt» сөзін кездестіруге болады [3;400]. 



Құрт  сөзі  қазіргі  түркі  тілдерінің  ішіндегі  əзербайжан  тілінде  ғурд;  түрік  тілінде  қурт;  түркімен 

тілінде  ғурт  деп  қолданылады.  Түрік  тілінде  қурт  сөзі  «желелі»  сөзімен  тіркесіп  келген  жағдайда 

қорқау  қасқыр  мағынасында  жұмсалады.  Бұндағы  «желелі»  сөзі  жалды  мағынасын  білдіреді.  Құрт 

сөзі  түркімен  тіліндегі  жəндікті  білдіретін «möjekler»; əзербайжан,  ғағауз  тілдеріндегі  жануар 

мағынасындағы «hayvan» (жанавар);  ғағауз  тіліндегі  хайуан  мағынасындағы  «жабаны»  сөздерімен 

қатар жұмсала береді [2; 132]. 

Түркі  тілдерінде  қасқыр  сөзіне  байланысты  тыйымдар  кездеседі.  Тыйымға  байланысты 

қасқырды  атайтын  басқаша  атауларды  көруге  болады.  Мəселен,  əзербайжан  тілінде  ағзығара  (аузы 

қара);  тува  тілінде  көк  қарақ  (көк  көз,  қарас),  қызық  қарақ  (қызыл  көз,  қарас),  ашақ  (шал);  якут 

тілінде кутуруктах (құйрығы бар), аһыылаах (тамағы бар), тынырахтаах (тырнағы бар), халаан уола 

(аспан ұлы), сэм (тамақ қалдығы), қыыл (хайуан), кутурук (құйрық), таңара уола (тəңір ұлы); чуваш 

тілінде тукмак (тоқпақ), тукмак хÿре құйрығы тоқпақ сияқты), вурум хÿре (ұзын құйрық), пігамбар 



jыммы  (пайғамбардың  иті)  деген  сияқты  сөздер  алмастырылып  қолданылады.  Қазақ  тілінде  де 

тыйымға байланысты осындай сөздерді атап өтуге болады. Мысалы, қазақ қасқырды «ит», «ұлыма» 

сияқты сөздермен атаған. 

Кейбір  түркі  тілдерінде  қасқыр,  бөрі  сөздері  «кəнтəй», «қаншық», «қыс», «өлешін»  сөздерімен 

тіркесіп келген жағдайда ұрғашысын білдіреді. Мысалға, башқұрт тілінде кəнтəй бүре; қазақ тілінде 

қаншық қасқыр; қарақалпақ тілінде қасқыр қаншығы; тува тілінде қыс бөрүөлешін бөрү деп атайды. 

Мұндағы «кəнтəй», «қаншық», «қыс», «өлешін» сөздері ұрғашы мағынасын білдіреді [2;133]. 

Бұдан  бөлек  қасқырдың  баласын  білдіретін  қазақ,  қырғыз,  тува  тілдерінде  жеке  сөздерді 

кездестіруге  болады.  Қазақ  тілінде  бөлтірік;  қырғыз  тілінде  бөлтүрүк;  тува  тілінде  бөрзек  деп 

атайды. Бұл  сөздердің  барлығы  бөрі  сөзіндегі  соңғы  дыбыстың  түсіп  қалуынан  пайда  болған.  Көне 

жəне қазіргі түркі тілдерінің көбінде қасқырдың баласына «енүк» сөзі қолданылады. 

Махмұт  Қашқаридің  сөздігінде  жыртқыш  аңдардың  бірі  аrslаn  сөзі  кездеседі [3;184]. 

Əзербайжан, балқар, ғағауз, түрік тілдерінде аслан; алтай, қарақалпақ, құмық, ноғай, татар, түркімен, 

ұйғыр  тілдерінде  арслан;  башқұрт  тілінде  арыслан;  қазақ,  қырғыз  тілдерінде  арыстан;  чуваш 

диалектісінде  услан  деп  атайды [2;137]. Арыстанның  жынысына,  түріне  байланысты  атаулар  түркі 

тілінде  көп  кездеспейді.  Тек  қарайым  тілінде  славян  тіл  тобындағы  ұрғашыны  білдіретін  -ка 

қосымшасы  арқылы  (арысланка)  арыстанның  ұрғашысын  білдіреді.  Басқа  түркі  тілдерінде 

арыстанның  ұрғашысына  жеке  атаулар  кездесе  қоймайды.  Арыстан  сөзінен  бөлек  осы  мағынаны 

білдіретін əзербайжан, түрік, түркімен, ұйғыр тілдерінде шир; қарақалпақ, қырғыз, өзбек тілдерінде 



шер  сөзі  кездеседі.  Махмұт  Қашқаридің  сөздігіне  сүйенетін  болсақ,  көне  түркі  тілінде  арыстанның 

күшігін енүк деп атаған. Енүк сөзі арыстанның күшігінен басқа сырттан, бөрі мен иттің күшігіне де 

бірдей қолданылған. 

Осындай  жыртқыш  аңдардың  бірі — жолбарыс.  Башқұрт,  татар  тілдерінде  юлбарыс;  қазақ, 

қарақалпақ  тілдерінде  жолбарыс;  қырғыз  тілінде  жолборс;  өзбек  тілінде  йўлбарс;  ұйғыр  тілінде 

йолвас  деп  келеді.  Жолбарыс  сөзі  барлық  түркі  тілінде  жол  жəне  барыс  мағынасындағы  сөздер 

арқылы  жасалған.  Мұндағы  жол  сөзі  барлық  түркі  тілінде  жолақ  мағынасын  білдіреді.  Осы 

мағынадағы сөз хакас тілінде алабарыс деп кездеседі. Қар барысына байланысты қазақ тілінде ілбіс

қырғыз  тілінде  илбирс  сөздері  кездеседі [2;138]. Жалпы  бұл  сөздердің  жолбарыс,  не  болмаса 



алабарыс сөздерімен байланысы жоқ, жеке сөздер деп ойлаймыз. Махмұт Қашқаридің еңбегінде көне 

түрік тілінде жолбарыс тектес бір аңды «тоңа» деп атаған [4]. 

Түркі  тілінде жыртқыш аңдардың  тағы  бір  атауы  қабылан  сөзі  кездеседі.  Башқұрт,  ноғай,  татар, 

түрік,  ұйғыр  тілдерінде  каплан;  қырғыз,  қазақ  тілдерінде  қабылан;  түркімен  тілінде  ғаплан;  өзбек 

тілінде  қоплон  деп  атайды.  Түрік  тілінде  қабылан  сөзінен  бөлек  осы  мағынада  çitа, leopar  сөздері 

кездеседі.  Көне  түркі  тілінде  жолбарыс  мағынасында  есрі  жəне  тоңа  сөздерін  кездестіруге  болады 

[2;138]. 

Түркі  тіліндерінде  осындай  жыртқыш  аңдардың  бірі — барыс,  кейбір  түркі  тілдерінде  пəлəң, 



бəбір деп келеді. Қазақ тілінде барыс; қарайым, қарақалпақ, қырғыз, татар, түркімен тілдерінде барс; 

түрік тілінде парс; ұйғыр тілінде ба(р)с деп қолданылады. Алтай тіліндегі бар, ал тува тіліндегі пар 

сөзі монғол тіліндегі бар < барс сөзінің ықпалынан туындауы мүмкін. 

Қырғыз  диалектісінде  пəлəң,  палаң;  түркімен  тілінде  пелең;  ұйғыр  тілінде  пəлəң  сөздерін 

кездестіруге  болады.  Əзербайжан  тілінде  қабылан  мағынасында  халлы  пəлəнк  сөзі де  қолданылады. 

Ал пəлəнк сөзі жеке келіп жолбарыс, арыстан мағынасында жұмсалады [2;139]. 



М.А.Тұрсынова, Ж.Е.Тілеубек 

Вестник Карагандинского университета 



Қабылан  мағынасында  қазақ  тілінде  бабыр;  əзербайжан  тілінде  бəбір;  түрік  тілінде  бебр;  якут 

тілінде баабыр сөздері кездеседі. Тува тілінде диис, моортай сөздері осы мағынада жұмсалады. 

Түркі  даласын  мекендеген  жабайы  аңдардың  бірі — түлкі.  Түлкі  сөзі  Махмұт  Қашқаридің 

сөздігінде  тіlкү  деп  берілген [3; 485]. Сөздікте  қыз  балаларды  тұспалдап  осы  сөзбен  атаған  деп 

жазылған. Əзербайжан, алтай, қырғыз, ноғай, құмық тілдерінде түлкү; башқұрт тілінде төлкө; гагауз, 

түрік, түркімен тілдерінде тілкі; қазақ, қарайым, өзбек, ұйғыр тілдерінде түлкі; татар тілінде төлке

тува тілінде ділгі; хакас тілінде түлгү; чуваш тілінде тилĕ деп атайды. Түркі тілдерінің ішіндегі якут 

тілінде түлкі сөзіне қатысты ерекшелікті байқауға болады. Якут тілінде түлкіні саһыл деп атайды [2; 135]. 

Түркі  тілдерінің  көбінде  түлкінің  баласына  байланысты  жеке  атаулар  кездесе  қоймайды.  Қырғыз 

тілінде түлкінің баласына байланысты бачики, пачки сөздері қолданылады. 

Түлкі тектес жануарларға жататын, дала жануарларының бірі — қарсақ. Қарсақ сөзін көне түркі 

тілінің  сөздігін  жазған  Махмұт  Қашқаридің  еңбегінен  (қаrsақ)  кездестіруге  болады [3; 533]. Онда 

қарсақты түлкі тұқымдас бір айуан деп түсіндіреді. Қазіргі түркі тілдерінде қарсақ сөзін кездестіре 

алмаймыз.  Тек  чуваш  тілінде  қарсақ  сөзі  кездескенімен,  мағыналық  жағынан  өзгеше  болып  келеді. 

Кейбір  түркі  тілдерінде  түлкі  тұқымдасына  жататын  кырса  сөзі  кездеседі.  Кырса  сөзінің  алғашқы 

мағынасы  кең  болуы  мүмкін.  Сондықтан  болар,  кырса  сөзі  түлкіден  бөлек  бұлғын  мен  күзен 

мағынасында да жұмсалады. Мысалға, қырғыз тіліндегі қырса сөзі түлкіні; тува тіліндегі кырза күзенді, 

ал чыдығ кырза болып келген жағдайда бұлғынды; якут тіліндегі кырса сөзі түлкінің бір түрін білдіреді. 

Түркі  тілдерінде  ортақ  жануардың  бірі,  даланы  мекендейтін,  сүтқоректілер  тұқымдасына 

жататын  қоянға  келетін  болсақ,  түркі  тілдерінде  осы  сөзге  қатысты  айырмашылықтар  мен 

ұқсастықтарды  байқауға  болады.  Алтай,  қырғыз  тілдерінде  коён;  башқұрт,  чуваш,  татар  тілдерінде 

куян;  қазақ,  қарақалпақ,  ноғай,  құмық,  түркімен,  ұйғыр  тілдерінде  қоян;  тува  тілінде  кодан;  өзбек 

тілінде қуён; хакас тілінде хозан деп кездеседі [2;136]. Түркі тілдерінің көбінде қоян сөзіне ақ, сұр, ор 

сөздері тіркесіп келген жағдайда қоянның түрлерін білдіреді. 

Махмұт  Қашқаридің  сөздігінде  қоян  мағынасында  тауышған  сөзі  кездеседі [2; 403]. Қазіргі 

түркі тілдерінің ішінен əзербайжан тілінде довшан; гагауз, құмық, түрік тілдерінде тавшан; түркімен 

тілінде товшан; якут тілінде куобах деп кездеседі. Көне түркі тілінде табыш сөзі секіру мағынасын 

білдіреді.  Тавышқан  сөзінің  шығуы  осы  етістікпен  байланысты  болуы  керек.  А.М.Щербактың 

еңбегінде  тува  тілінде  шымдаған  сөзі  тавышқан  мен  қоян  сөзінің  мағынасында  қолданылатыны 

туралы кездеседі. Қазіргі тува тілінде қоян мағынасында тоолай сөзі кездеседі [2; 136]. Бұл сөз көне 

түркі тілінде кездеспегендіктен, монғол тіліндегі туулай сөзінен келген болуы керек деп ойлаймыз. 

Осы  сияқты  орыс  тіліндегі  заяц  сөзінің  əсерінен  чуваш  тіліндегі  қоян  мағынасындағы  сайкка  сөзін 

айтуға болады. 

Қоянның баласын көжек деп атайды. Көжек сөзі қазақ тілінен бөлек қарақалпақ тілінде гөжек

қырғыз тілінде бөжөк; түрік тілінде гөчкен, гөжен деп кездеседі. Осы аталған сөздер тобына түрік 

тіліндегі  сусар  мағынасындағы  гүчлін,  қырым — татар  тіліндегі  сасықкүзен  мағынасындағы  гүчəн 

сөзін жатқызуға болады [2; 137]. 

Түркі  жерін  мекендейтін,  қуыс  мүйізділер  тұқымдасына  жататын  жұп  тұяқты  сүтқоректі 

жануардың бірі — жайран. Алтай тілінде жеерен; əзербайжан тілінде ceyran; қазақ тілінде жайран

қырғыз  тілінде  жейрен;  түрік  тілінде  жейлан;  тува  тілінде  чеерен;  түркімен  тілінде  жерен;  ұйғыр 

тілінде  жəйрен  (жəəйрен);  өзбек  тілінде  жайрон  деп  атайды [2; 133]. Қазақ,  қырғыз,  өзбек,  ұйғыр 

тілдерінде  бөкен  мағынасын  да  білдіреді.  Мəселен,  қазақ  тілінде  сайғақ,  бөкен,  ақбөкен;  қырғыз 

тілінде бөкөн; өзбек тілінде оққуйруқ, қорақуйруқ сөздерін кездестіруге болады. Тува тілінде жайран 

сөзі  сайғақтың  ұрғашысын  білдіреді.  Көне  түркі  тілінде  ақбөкен  мағынасында  suқақ  (сұқақ)  сөзін 

қолданған [2; 133]. Сұқақ сөзін қазіргі түркі тілдерінің ешқайсысынан кездестіре алмаймыз. 

Осы  тектес  жануарлардың  бірі  əзербайжан,  түрік  тілдерінде  аху;  өзбек  тілінде  оху  сөздерін 

кездестіреміз.  Аху  сөзі  қазақ  тіліндегі  қарақұйрық  деп  аталатын  жануарды  білдіреді.  Сол  сияқты 

этимологиясы түркі тіліне белгісіз ғазал сөзін атап өтуге болады. Мысалы, əзербайжан тілінде гəзал

түркімен  тілінде  ғазал;  өзбек  тілінде  ғызол  деп  кездеседі [2;133]. Біздің  ойымызша,  ғазал  сөзі  араб 

тілінен кірген кірме сөз болуы мүмкін. 

Түркі  тілдерінде  бұғы  тұқымдас жануарлардың  атауы  көптеп  кездеседі.  Олардың  жынысы  мен 

жасына  байланысты  атаулар  барлық  түркі  тілдерінде  кездеспейді.  Кездескен  жағдайдың  өзінде 

барлығында  бірдей  емес.  Əзербайжан  тілінде  сығын (sığın);  түркімен  тілінде  sugun;  хакас,  тува 

тілдерінде  сыын  сөздерін  кездестіруге  болады.  Сығын  сөзі  қазақ  тіліндегі  марал,  бұлан  сөздерімен 

синонимдес.  Көне  түркі  тілінде  қолданған  bulan  сөзін  кездестіруге  болады.  Махмұт  Қашқаридің 

сөздігінде: «Қыпшақ елдерінде өсетін ірі жабайы хайуан. Оны аулайды. Оның түбі ойық күбі секілді, 


Түркі тілдеріндегі жабайы … 

Серия «Филология». № 4(80)/2015 

іші бос қуыс, ауызы жоғарыға, аспанға қарап шыққан мүйізі бар. Оған қар, жаңбыр сулары жиналады. 



Ұрғашысы  шөгіп,  оның  мүйізіне — еркегі,  еркегі  шөгіп,  оның  мүйізінен  ұрғашысы  су  ішеді», — 

деген  анықтама  берілген [3;473]. Осы  мағынада  жұмсалатын  тува  тілінде  иви  сөзін  атауға  болады. 

Тува тілінде кездесетін бұғы тектес жануарлар: дуб, улуг, буур, эдер, булан, мынды, амытан сөздері 

бар.  Қазақ  тілінде  кермарал,  марал,  бұлан,  кербұғы  сөздерін  атап  өтуге  болады.  Осы  сөздер  басқа 

түркі тілдеріне қарағанда, түрік тілінде маралды ерекшелік байқалады. Мəселен, түрік тілінде бұғыны 

geyik, маралды sibirya geyik, ал бұланды кanada geyiği деп атайды. 

Осы  тектес  жануарлардың  бірі — бұғы.  Балқар  тілінде  бу;  қазақ  тілінде  бұғы;  қырғыз,  өзбек 

тілінде буғу; ұйғыр тілінде буға деп кездеседі [2;134]. Біздің ойымызша, ертеде «бұқа» сөзі бұғының 

орнына  жұмсалып,  сол  малдың  аталығын  білдіруі  мүмкін.  Кейіннен  уақыт  өте  келе  бұғы  сөзі 

қолданысқа еніп, бұқа сөзін ығыстырып шығарған болу керек. 

Бұғының  басқаша  атаулары  гагауз  тілінде  қаража;  татар  диалектісінде  жуша;  түрік  тілінде 



жағмурча (аса ірі емес бұғы); якут тілінде анабы, анамы (ірі бұғы), хаарғын (чукот бұғысы), мəнəəк 

(жабайы  бұғы),  ондоодо  (қолға  үйретілген  бұғы)  сөздерін  кездестіруге  болады.  Марал  сөзі  қазақ 

тілімен қоса əзербайжан, қарақалпақ, ұйғыр, чуваш тілдерінде кездеседі [2;134]. 

Осы  тектес  жануардың  еркегін  якут  тілінде  бур,  таба,  қыыл  деп  атайды.  Тува  тілінде  еркегін 



чары, ал ұрғашысын иви деп аталады. Түрік тілінде ұрғашысына байланысты бурчын, бурчун сөздері 

пайдаланылады (бур+чун, чын). Мұндағы -чын, -чун қосымшалары монғол тілінде ұрғашыға қатысты 

қолданылады.  Маралдың  ұрғашысына  байланысты  алтай  тілінде  мыжғақ,  муйғақ;  тува  тілінде 

мыжғах;  хакас  тілінде  муйғах  деп  кездеседі.  Муйғақ  сөзі  тек  еркек  мағынасында  қолданылатын 

«сығын» сөзімен қатар келген жағдайда ғана маралдың ұрғашысын білдіреді. Сол сияқты кейбір түркі 

тілдерінде бұғы сөзі еркек мағынасында, ал марал ұрғашы мағынасын білдіреді. 

Маралдың  жас  ерекшелігіне  байланысты  толық  атауды  тува  тілі  мен  диалектісінде  байқауға 

болады.  Мысалы,  жалпы  төлдерінің  атауын  быза,  бір  жасқа  дейінгі  төлін  дош,  бір  жасар  төлін 

сарадақ  (көбінде  ұрғашысын),  екі  жасар  төлін  сарылық  деп  атайды.  Осы  сияқты  бұғының  да  бір 

жасқа  дейінгі  төлін  доңгур,  бір  жастағы  төлін  хоққаш,  екі  жасқа  дейінгі  төлін  дүктүг  мыжыс  деп 

кездеседі [2;135]. 

Марал  мен  бұғының  жас  ерекшелігіне  байланысты  атаулар  қырғыз  бен  якут  тілінде  де 

ұшырасады. Қырғыз тілінде жас марал мен бұғыны буғучар; якут тілінде үш жасар бұғыны үөңəс, ал 

еркек  бұғыны  туған  мезгілінен  бастап  төртінші  көктеміне  дейін  үктəнə,  іктəнə;  бір  жасқа  дейінгі 

бұғының төлін туғут, тубут деп атайды. 

Салыстырмалы-тарихи  зерттеудің  ішінде  бұрыннан  сөз  болып  келе  жатқан  саласы  лексика. 

Лексиканың  өзіндік  ерекшелігі  де  бар.  Ең  алдымен,  ол — тілдердің  туыстық  белгісін,  сəйкестігін 

анық  көрсететін  фактілерге  бай  сала.  Бірақ  тілдің  лексика  саласы  тез  өзгеретіндігін,  лексикадағы 

сəйкестік  барлық  кезде  де  туысқандықтың  белгісі  бола  бермейтіндігін  тіл  мамандарының  барлығы 

дерлік  мойындайды.  Демек,  тілдің  лексика  саласының  екі жағы  бар екен: бір  бөлшегі  ертеден келе 

жатқан  төл  сөздер  де,  екіншісі — кірме  сөздер.  Тілдердің  туыстық  белгісін  анықтауда  тек  осы  төл 

сөздер ғана ертеден келе жатқан сөздік қорға негіз бола алады. 

 

 

Əдебиеттер тізімі 



1  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. — Алматы: Дайк-Пресс, 2008. — 744-б. 

2  Исследования  по  сравнительной  грамматике  тюркских  языков. — Ч. 3. Лексика. — М.:  Изд.  АН  СССР, 1955. — 

298 с. 

3  Қашқари М. Түрік сөздігі. — І-т. — Алматы: Хант, 1997. — 375 б. 



4  Қашқари М. Түрік сөздігі. — ІІІ-т. — Алматы: Хант, 1998. — 493-б. 

 

 



 

М.А.Тұрсынова, Ж.Е.Тілеубек 

10 


Вестник Карагандинского университета 

М.А.Турсунова, Ж.Е.Тилеубек  





Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет