4К моделі: сыни ойлауды, шығармашылықты, қарым-қатынасты және ынтымақтастықты өлшеу құралы ретінде



бет1/3
Дата03.02.2023
өлшемі18,84 Kb.
#64958
  1   2   3
Байланысты:
4К моделі


Курманбекова Гульбар Абдылкайымовна
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақсеңгір
ауылы «Ақбота» бөбекжайы

4К моделі: сыни ойлауды, шығармашылықты, қарым-қатынасты және ынтымақтастықты өлшеу құралы ретінде.
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың өзектілігі Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту Қазақстан Республикасында білімнің қоғамдағы мәдени, жасампаз рөлін өркендетуге бағытталған жаңа білім беру саясатымен байланысты. 2000 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнында қазақ халқы мен ел аумағында тұратын басқа да этностардың тарихи және мәдени дәстүрлеріне негізделген әлеуметтік және педагогикалық функцияларды қамтитын реформалау үдерісі белсенді іске асырылуда. Қазақстанда мектепке дейінгі білім классикалық түрде беріледі, сонымен қатар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі – НЗМ) ұсынған білім берудің инновациялық нысандары да қолданысқа еніп келеді. НЗМ білім беру бағдарламалары балалардың ерте жастан кең ауқымды бағыттар бойынша дамуына қолдау көрсетуге негізделген ХХІ ғасырдың педагогикалық тәсілдемесін жүзеге асырудың үлгісі болып табылады. Мұндай білім беру бағдарламалары еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдар үшін де жақсы үлгі бола алады. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі мақсаты баланың жас ерекшелігіне сай әлеуетті мүмкіндіктерін барынша дамытуға, функционалдық тұрғыдан сауатты, кез келген өмірлік жағдайларда меңгерген білім, білік, дағдыларын тиімді қолдануға қабілетті бірегей тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бала өзіндік әлеуетін байқауы, өзінің күш-жігеріне сеніп, іс-әрекетте табысқа жетуді үйренуі тиіс. Бұл оның балабақшадан мектепке көшуін анағұрлым жеңілдетіп, мектепте оқу барысында танымдық қызығушылығын арттыруға ықпал етеді (ББҒДМБ, 2016). Осыған орай қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесі қалыптасып келе жатқан тұлғаның құқықтары мен мүдделерін түсінуді және құрметтеуді қажет ететін балаларға ізгілікті көзқарасқа бағдарлануы тиіс.
Сонымен қатар Бағдарламаға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың теориялық негіздерін жаңаша айқындау, қазақстандық мәнмәтін тұрғысынан талдау жасау және бейімдеу үшін осы саладағы әлемдік ғылыми зерттеулер тәжірибесін ұсыну идеялары негіз болған.
Ғылыми қоғамдастық қабылдаған 4К тұжырымдамасы, жан-жақты зерттеліп, апробациядан өтті, нәтижесінде көптеген білім беру стандарттарында кеңінен қолданыс таба бастады. 2010 жылы American Management Association өз зерттеулерінде 4K ұғымының өзектілігін растады.
Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында білім беруде 4K моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды дамытуға, коммуникативтілік пен командада жұмыс істеуге басымдық беріле бастағанына назар аударды . Заманауи еңбек нарығында өзекті болып табылатын дағдылар тізімін анықтауға бағытталған ғылыми ізденістер мен зерттеулер халықаралық деңгейде де жүргізілуде. Мысалы, ХХІ ғасыр дағдылары бойынша әріптестік (Partnership for 21st Century Skills) сыни ойлау, креативтілік, қарым-қатынаста және ұжымдаса жұмыс істеуді ХХІ ғасырдағы білім беру шеңберінің маңызды бөлігі ретінде қарастырады . Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда ұсынылған «New Vision for Education» баяндамасында қазіргі кезде адам үшін маңызды үш сала анықталды: функционалдық сауаттылық, ХХІ ғасыр құзыреттіліктері (сыни ойлау, креативтілік, коммуникация, ынтымақтастық) және жеке тұлғалық қасиеттер (білімқұмарлық, бастамашылдық, табандылық, көшбасшылық, әлеуметтік және мәдени хабардарлық) . Бағдарламаның негізгі идеялары балалардың бойында ерте жастан дамыту қажет негізгі дағдылармен тығыз байланысты: - сыни ойлау; - проблемаларды шығармашылықпен шеше білу; - сындарлы диалог немесе қарым-қатынас; - командада жұмыс істеу. Бұл идеялар балалардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, олардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескерумен тығыз байланысты және баланың зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамуына оң ықпал етуге бағдарланған.
Балабақшада 4К моделін қолдану жоғарыда айтылғандай өте тиімді болды . Мысалы: Өз тәжірбиемнен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет