5-7 жастағы балалардың психологиялық – педагогикалық даму ерекшеліктері



бет1/4
Дата03.10.2023
өлшемі68,22 Kb.
#112737
  1   2   3   4

5-7 жастағы балалардың психологиялық – педагогикалық даму ерекшеліктері

Тәрбие мен оқыту жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі — жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.

Тәрбие мен оқыту жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі — жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.

Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт.


Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде маңызды орын алатын іс - әрекет бұл үй жұмысына, еңбегіне баланың қатысуы. 4 – 5 жастан бастап, бала үйде ылғи да істейтін жұмыс жүктелуі тиіс және бұны норма деп қарастыру керек. Бұл баланың жеке даралық дамуына зор ықпал етеді. Үй жұмысы барысында балада мұқияттылық, жауапкершілік, еңбекқорлық және т.б. пайдалы сапалары тәрбиеленеді. Бұл тек қана ата – анасына көмектесу үшін ғана қажет емес, сонымен қатар болашақта еңбекке икемділікті үйрену үшін де қажет.
Мектепке дейінгі кезеңдегі ойын рөлінің өзгеруі жас кезеңіне қарағанда, негізінен балада көптеген пайдалы жеке даралық сапалардың дамуы мен қалыптасу құралының қызметін атқаратынымен байланысты. Мектепке дейінгі баланың ойынында тәрбиелік функциясы баланың әртүрлі қажеттілігін қанағаттандыру құралымен, оның мотивациялық ауқымының даму қызметін атқарады. Ойында баланың жаңадан қызығушылықтары мен іс - әрекеттің жаңа мотивтері пайда болып, бекиді. Мектепке дейінгі баланың ойынына: «Символикалық ойын» бір заттың орнына ұқсас екінші бір затты қойып, оның бастапқы атымен емес, соңғы атымен атаушы ойын түрі және рольдік-сюжеттік ойындар.
Айнала қоршаған адамдармен өздерін салыстыруы көптеген балаларда 3 жасар шамасында нақты бір өзіндік бағалау пайда болады. Ол дұрыс қалыптасса (өте жиі кездесетін жағдайлар, мысалы: баланы асыра мақтау немесе сөгу). баланың психикалық дамуына пайдалы болады. Өзіндік бағалауы «төмен» балалар әдетте өздеріне деген сенімі жоқ, сондықтан табысқа жетуге мүмкіншілігі бар жерде талпынысы аз және күш салуға әрекеттенбейді. Ал өзіндік бағалауы «жоғары» балалар керісінше, өз мүмкіншіліктерін асырып онша күш салмайды. Баланың өзіндік бағалауының дұрыс қалыптасуына 1,5 жастан бастап көңіл бөлу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет