5 балл сұрақтары:
1.Электрлік сұлбаларда "Кабель" қалай белгіленеді?
Кабель екі немесе одан да көп сымдардың тіркесі деп
аталады. Олардың әрқайсысы бөлек оқшауланған.
Сонымен қатар, кабель толықтай міндетті түрде
оқшауланады. Осылайша, қарапайым түрде түсіндірілгенде, кабель бірнеше
сымнан тұрады.
2.Электрлік сұлбаларында активті энергия есептегіші қалай белгіленеді?
Активті энергия есептегіші (Счетчик активной энергии): PI
3.Асқын кернеуді шектегіштің шартты графикалық белгісін көрсетіңіз.
Асқын кернеуді шектегіш: RU
Асқын кернеуді шектегіш — электрмен жабдықтау жүйелерінің
жабдықтарын коммутациялық және найзағай асқын кернеулерінен
қорғауға арналған электр аппараты.
4."Жоғары вольтты ажыратқыш" шартты графикалық белгісін көрсетіңіз.
Жоғары кернеулі ажыратқыш: Q
Жоғарғы кернеулі ажыратқыштар жоғары кернеулі электр тізбегін
қосуға және ажыратуға, сондай–ақ қысқа тұйықталу, апаттық
режимдер кезінде ажыратуға арналған.
5.Электр тізбектерінде тіркеуші ваттметр қалай белгіленеді?
- Регистрирующий ваттметр: PSW
6(1).Екі орамды тармақталған трансформатордың белгісін көрсетіңіз.
Әріптік белгіленуі: Т
Трансформатор – айнымалы ток энергиясын бір тізбектен
екіншісіне электромагниттік өзара әрекеттесу арқылы беретін
электрлік құрылғы. Трансформаторлардың көпшілігі үш бөліктен
тұрады: 1-ші ретті орам, 2-ші ретті орам және өзек.
6(2).Осциллографтың шартты графикалық белгісін көрсетіңіз.
Осциллографтың
әріптік
белгіленуі: PO
Осциллограф – кез-келген
радиотехникалық зертхана мен шеберханада қажет болатын ең көп таралған
бақылау-өлшеу құралдарының бірі. Осциллографтың негізгі мақсаты – электр
сигналының жиілік және амплитудалық сипаттамаларын зерттеу (бақылау,
сақтау және талдау).
7."АКР (РПН) бар автотрансформатор" шартты графикалық белгісін
көрсетіңіз.
Әріптік белгіленуі: АТ
Автотрансформатор – бірінші ретті орамы мен екінші ретті орамы
қосылған, кіріс және шығыс кернеулері үшін ортақ бір орамасы бар
трф түрі.
8."Вентильдік разрядтағыш" шартты графикалық белгісін көрсетіңіз.
Вентильдік разрядтағыш
:
FV
Вентильдік разрядтағыштар, басқа разрядтағыштар сияқты,
оқшаулаудың ықтимал бұзылуын, жабдықтың зақымдалуын және басқа да
жағымсыз салдардың алдын алу үшін электр желілерінде болатын
коммутациялық және атмосфералық асқын кернеулерді шектеуге арналған.
9.Электр сұлбаларында реактивті энергия есептегіші қалай белгіленеді?
Реактивті энергия есептегіші (Счетчик активной энергии): PK
10(1).Электр сұлбаларында "НН орамасы екіге бөлінген екі орамды күштік
трансформатор, РПН бар" қалай белгіленеді?
НН орамасы екіге бөлінген екі орамды күштік трансформатор, РПН
бар: Т
Трансформатор – айнымалы ток энергиясын бір тізбектен екіншісіне
электромагниттік өзара әрекеттесу арқылы беретін электрлік
құрылғы. Трансформаторлардың көпшілігі үш бөліктен тұрады: 1-ші ретті
орам, 2-ші ретті орам және өзек.
10(2).Электр сұлбаларында "РПН бар күштік трансформатор" қалай
белгіленеді?
РПН бар күштік трансформатор: Т
11."Қосарлы реактор" шартты графикалық белгісін көрсетіңіз.
Қосарлы реактор: LR
Қосарлы реактор – параллель жұмыс істейтін және жылу
энергиясын алмастыратын екі реакторлық блоктан тұратын
ядролық реакторлардың ерекше түрі.
12.Үш фазалы кернеу трансформаторының шартты графикалық белгісін
көрсетіңіз.
Үш фазалы, екі орамды кернеу трф: TV
Үш фазалы, үш орамды кернеу трф: TV
КТ – жоғары кернеуді стандартты 100 және
100√3
мәніне дейін
төмендетуге арналған.
13.Электр сұлбасында токты шектейтін реактор қалай белгіленеді?
Токты шектейтін реактор: LR
Токты шектейтін реактор – қысқа тұйықталу тогын шектеуге арналған
электр аппараты.
14(1).Электр сұлбаларында "соединение контактное разъемное (контактілі
ажыратылған байланыс)" қалай бейнеленеді?
Соединение контактное разъемное
(контактілі ажыратылған байланыс)
Ажыратылатын байланыс қосылымы-
бөлшектемей (жинамай) ашық (жабық) болуы мүмкін байланыс қосылымы.
14(2). Электр сұлбаларында "ажырату түйіспелер /контактілері/ байланысын"
қалай бейнеленеді?
15(1)."Сигнал шамдарының" шартты графикалық белгісін көрсетіңіз.
Сигнал шамдары: HL
Жасыл линзалы: HLG
Қызыл линзалы: HLR
15(2)."Қыздыру шамдарының" шартты графикалық белгісін көрсетіңіз.
Қыздыру шамдары – элекрлік жарық көзі болып табылады.
16.Электр станциясы дегеніміз не? Электр станцияларының мақсаты?
Электр станциясы — электр энергиясын өндіруге арналған құрал-жабдықтар
мен қондырғылардың, сондай-ақ осы мақсат үшін салынған құрылыстар мен
ғимараттардың жиынтығы.
Электр станцияларының мақсаты электр энергиясын өндіру. Ол энергия көзіне
сәйкес су электр станциясы, жылу электр станциясы, атом электр станциясы,
жел электр станциясы, күн электр станциясы болып ажыратылады. Жылу
электр станциясына конденсациялық электр станциясы, жылу электр
станциясы, газ турбиналы электр станциясы, дизель электр станциясы жатады.
Республика бойынша өндірілетін электр энергиясының 80%-ға жуығы жылу
электр станцияларының үлесіне тиеді. Болашақта қуаты зор атом электр
станциялары үлкен рөл атқаратын болады.
17.Электр станцияларының түрлері?
1. Атом электр станциялары (АЭС) кейбір ауыр элементтер ядросын
нейтрондық сәуле түсіру арқылы жарып, ыдыратқанда туатын энергияны
немесе термоядролық реакциялар энергиясын пайдаланады.
2. Жылу электр станциялары (ЖЭС) органикалық отынның химиялық
энергиясын пайдаланады.
Жылу электр орталықтары (ЖЭО) тұтынушыларға жылу мен электр
энергиясын беретін жылу электр станциялары.
3. Гидроэлектр станциялары (ГЭС) су тасқынының механикалық энергиясын
электр энергиясына түрлендіретін электр станциялары. Көбінесе төменге
қарай құлап аққан су күшін пайдалану арқылы жұмыс жасайды.
4. Конденсациялық электр станциясы (КЭС) тек электр энергиясын өндіретін
ЖЭС конденсациялық турбинамен жабдықталады.
5. Күн электр станциялары (КүнЭС) немесе гелиоэлектрлік станция — электр
энергиясын өндіру үшін
күн
радиациясын пайдаланатын
электр станциясы.
Күн электр станциясының негізгі екі түрі (термодинамикалық және
фотоэлектрлік) бар.
Термодинамикалық күн электр станциясында күн энергиясы алдымен жылу
энергиясына, одан кейін электр энергиясына айналады.
Фотоэлектрлік күн электр станциясында күн энергиясы фотоэлектрлік
генератордың көмегімен тікелей электр энергиясына түрленеді.
6.
Жел
электр
станциялары
(ЖелЭС)
жел
ағынының
басқарылмайтын
кинетикалық энергиясын
электр энергиясына
айналдырады.
7. Дизель электр станциялары (ДЭС) сұйық мұнай отынмен жұмыс істейді.
18.Электр энергетикалық жүйесі дегеніміз не?
Ол өзара және энергия тұтынушылармен электр энергиясын жеткізу желісі
арқылы жалғасқан электр станцияларының жиынтығы.
Электр энергетикалық жүйесі (ЭЭС) — электр энергетикасындағы
орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару жағдайында электр
энергиясын өндірудің, берудің және тұтынудың бірыңғай технологиялық
процесінде жалпы жұмыс режимімен байланысты электр энергетикасы
объектілерінің және электр энергиясын тұтынушылардың энергия
қабылдайтын қондырғыларының жиынтығы.
Электр энергетикасы жүйесіне электр станциялары, сондай-ақ электр
энергиясын тұтынатын қондырғылар, оларды электр станцияларымен
байланыстыратын электр желілері, трансформаторларды жоғарылататын және
төмендететін электр тарату құрылғылары кіреді. Электр энергиясын мың
километрге дейінгі қашықтыққа тасымалдау жоғары кернеулі электр беру
желілері (ЭЖЖ) (100 кВ 750 кВ), жақын көлік — аз кернеулі электр беру
желілері (100 кВ дейін) бойынша жүзеге асырылады.
19.Электр қосалқы станциясы дегеніміз не? Анықтама беріңіз.
Электр қосалқы станциясы (ЭҚС) электр энергиясын түрлендіруге және
таратуға арналған, электр жүйесінің бөлігі болып табылатын электр
құрылғысы немесе жабдықтар тобы. Электрлік қосалқы станция - екі немесе
одан да көп тізбектердің кернеуін, жиілігін, фазалар санын немесе
қосылымдарын
түрлендіруге
жауапты
қондырғы.
Олар
электр
станцияларының жанында, тұтыну аймақтарының шетінде немесе
ғимараттардың ішінде және сыртында орналасқан. Электрлік қосалқы
станциялардың бірнеше түрлері бар:
1) Трансформациялық қосалқы станциялар.
2) Коммутациялық қосалқы станция.
3) Күшейткіш трансформаторлар.
4) Төмендеткіш трансформаторлар.
20.Қазақстанда айнымалы токтың стандартты кернеулерінің шкаласын
келтіріңіз.
Жиілігі 50 Гц айнымалы ток желілері үшін номиналды кернеу шкаласы
фазааралық кернеу болуы керек 12, 24, 36, 42, 127, 220, 380 В.
3, 6, 10, 20, 35, 110, 150, 220, 330, 500, 750, 1150 кВ, тұрақты ток желілері үшін
-12, 24, 36, 48, 60, 110, 220, 440, 660, 3000 В.
Электр қондырғыларын басқару, Дабыл беру және автоматтандыру
тізбектерін, сондай-ақ өндірістік цехтардағы электрлендірілген құрал мен
жергілікті жарықтандыруды қоректендіру 12, 24, 36, 48 және 60 В
кернеулерімен тұрақты токта және 12, 24 және 36 В айнымалы бір фазалы
токта жүзеге асырылады. Ток 115; 230 және 460 А.
21.Жылу конденсациялық электр станциясы (КЭС) дегеніміз не?
Конденсациялық электр станциясы (КЭС) – конденсациялық турбинаның
көмегімен бастапқы көздердің энергиясын (табиғи газ, қазба көмір, мазут және
т.б.) электр энергиясына айналатын жылу бу турбиналы электр станциясы.
КЭС тек электр энергиясын өндіреді.
22.ЖЭО (ТЭЦ) қандай мақсаттарға арналған?
Жылу электр орталығы (ЖЭО) — тұтынушыларға бір мезгілде электр
энергиясы мен жылуды бу және ыстық су түрінде бірге өндіріп беретін бу (газ)
турбиналы электр станциясы.
ЖЭО беретін жылу қызған бу немесе ыстық су түрінде таратылады. Мақсаты,
энергетикалық бу қазандарында (жану камераларында) өндірілген тиісті
параметрлі бу (газ) турбинаны және онымен бір білікте орнатылған электр
генераторын айналдырады. Турбиналарда жұмыс істеп шыққан будың қалдық
қызуының едәуір бөлігі кәсіпорындардың технолологиялық процестерін
бумен жабдықтауға және ыстық сумен үйлерді жылыту жүйелеріне
жұмсалады.
23.Атом электр станциялары (АЭС) электр энергиясын алу үшін қандай
энергияны пайдаланады?
Атом электр станциялары (АЭС) кейбір ауыр элементтер ядросын нейтрондық
сәуле түсіру арқылы жарып, ыдыратқанда туатын энергияны немесе
термоядролық реакциялар энергиясын пайдаланады. Атом энергиясын
түрлендіру арқылы электр және жылу энергиясын өндірумен пайдаланатын
энергетика саласы. Әдетте, ядролық энергияны өндіру үшін плутоний-239
немесе уран-235 ядролық ыдырау тізбекті реакциясы қолданылады.
24(1).Су аккумуляциялық электр станциялары дегеніміз не және олар энергия
жүйесінде қандай рөл атқарады?
Су аккумуляциялық электр станциялары (ГАЭС) кем дегенде екі бассейінді су
қоймасының су энергиясын пайдаланылатын станция. Дүниеүзінде барлығы
150 САЭС жұмыс істейді.
Электрэнергетика жүйесі жұмысында қарбалас кезең болғанда, САЭС-ның
электр машинасы генератор режімінде жұмыс істейді де, осы жүйедегі
қарбаласты тез уақыттың ішінде (шамамен 1-2 мин) қалыпқа түсіреді. Ал,
егерде электр жүйесінде жүктеме аз болса, бұл электр станциясының
машиналары сорғы режіміне көшеді. Сөйтіп жоғарғы бассейнді сумен
толтырады да, келесі генератор режімінде жұмыс істеуге дайын тұрады.
Нәтижесінде жылу электр станциясы мен атом электр станциясының
экономикалық тиімділігі артады.
24(2).Газтурбиналық электр станцияларының жұмысының ерекшеліктері
қандай?
25.Жаңартылатын энергияны пайдаланатын электр станциялары қандай?
Дәстүрлі емес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану – болашақтың
бағыт-бағдарын, электр энергетикасын дамыту. Мұндай көздерге энергияның
келесі түрлері жатады: күн, жел, геотермалды және толқындық.
26.Генератор дегеніміз не? Анықтама беріңіз.
Генератор механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіретін
құрылғы. Жұмыс істеу принципі электромагниттік индукция заңына
негізделген.
27.Трансформатор дегеніміз не? Анықтама беріңіз.
Трансформатор (лат. transformo – түрлендіремін) – кернеулі айнымалы токты
жиілігін өзгертпей басқа кернеулі айнымалы токқа түрлендіретін статикалық
электрмагниттік құрылғы. Трансформатордың жұмыс істеу принципі
электромагниттік индукция құбылысына негізделген. Негізгі элементтері:
Болат өзекше, бірінші және екінші реттік орамдар. Трансформатордың барлық
орамалары бір-бірімен индуктивті түрде, ортақ магнит өрісімен байланысқан.
Бірқатар трансформаторларда екінші реттік орама қызметін бірінші реттік
ораманың
бір
бөлігі
атқарады,
мұндай
трансформаторларды
автотрансформаторлар деп атайды. Бірінші реттік орамасын қуат көзіне, ал
екінші реттік орамасын жүктемеге қосады. Бірінші реттік орамалардағы
айнымалы ток магнит өткізгіште айнымалы магнит ағынын, ал екінші реттік
орамалардағы өзара индукция электр қозғаушы күш (ЭҚК) тудырады. Бірінші
және екінші реттік орамалардағы кернеулердің қатынасы олардағы орамдар
санының қатынасына тең болады:
𝑈
1
𝑈
2
=
𝑊
1
𝑊
2
= 𝐾
тр
28.Қысқа тұйықталу дегеніміз не?
Қысқа тұйықталу — электр тізбегінің екі нүктесінің құрылғының
конструкциясында көзделмеген және оның қалыпты жұмысын бұзатын
әртүрлі потенциалдық мәндері бар электрлік қосылуы. Қысқа тұйықталу ток
өткізгіш элементтердің оқшаулануының бұзылуы немесе оқшауланбаған
элементтердің механикалық жанасуы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Сондай-ақ, қысқа тұйықталу жүктеме кедергісі қуат көзінің ішкі кедергісінен
аз болатын күй деп аталады.
29.Ажыратқыш дегеніміз не?
Ажыратқыш – ізбекті кез келген режімде ажырататын коммутациялық
аппарат. Жоғары кернеулі ажыратқыштар жоғары кернеулі электр тізбегін
қосуға және ажыратуға, сондай-ақ қысқа тұйықталу кезінде ажыратуға
арналған. Оның ажырататын қабілеті жеткілікті, қысқа уақытта орындайтын
жұмысы сенімді болуы тиіс. Жоғары вольтті ажыратқыштар қопарылудан
және өрттен қауіпсіз, конструкциясы қарапайым, пайдаланылуы ыңғайлы,
мөлшері мен салмағы мүмкіндігінше шағын болғаны жөн.
30.Өлшеуіш ток трансформаторы дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |