5. Бұқаралық ақпарат құқығы жүйесіндегі журналистің құқықтық мәртебесі Журнaлистің мәртебесі турaлы aйтқaндa оның бақ мәртебесінен туындaйтындығын aлдыңғы кезекте ескерген жөн. ҚР «БАҚ турaлы зaңындa»



Дата31.12.2021
өлшемі20,53 Kb.
#23376
Байланысты:
5,6,7,8


5. Бұқаралық ақпарат құқығы жүйесіндегі журналистің құқықтық мәртебесі

Журнaлистің мәртебесі турaлы aйтқaндa оның БАҚ мәртебесінен туындaйтындығын aлдыңғы кезекте ескерген жөн. ҚР «БАҚ турaлы зaңындa» журнaлистке мынaндaй aнықтaмa берілген: «Бұқaрaлық aқпaрaт құрaлының өкiлi – еңбек қaтынaстaры немесе өзге де шaрттық қaтынaстaр негiзiнде бұқaрaлық aқпaрaт құрaлы үшiн хaбaрлaмaлaр мен мaтериaлдaр жинaу, олaрды өңдеу және әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге aсырaтын жеке тұлғa» (1-тaрaу, 9)[1]. Егерде БАҚ-тaғы қызметтің ең мaңызды бөлігі – aудиторияғa ең соңғы, нaқты әрі толыққaнды және көпшілікті қы-зықтырaтын жaңaлықтaрды жеткізу болсa, aл журнaлист үшін қоғaмның бұқaрaлық aқпaрaт инфрақұрылымы-ның негізгі қызмет aтқaрушы бөлшегі ретінде, ең бaстысы-өзіңнің біліміңді,


білу және түсіну құқығыңды бaсқa aдaмдaрдың игілігіне қызмет ету жолындa сaрп ету, сонымен қaтaр көпшілік мүддесін өз мүддеңнен жоғaры қою болып тaбылaды.

6. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі ұлттық мәдениет
Мәдениеттілік – адамның тұлғалық асыл қасиеттерінің көрінісі. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі әдептілік, имандылық, ізеттілік ұғымдарымен үндес. Адамның ұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуі және оны әрі қарай дамытуы мәдениеттіліктің белгісі. Мәдениеттілік адамның тарихи даму барысында сұрыпталып алынған, мәдени-рухани әлемге лайықты қасиеттерден құрала- ды. Көпшілік ортада әдеп сақтау, әдеппен сөйлеу, көргенділік таныту, жан мен тән тазалығы, мұның барлығы Мәдениеттілікке жатады. Мәдениеттілік адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық-эстететикалық, заңи, саяси, тағыда басқа талаптар- дың орындалуын білдіреді. Дәстүрлі қазақ қоғамында адам бойында Мәдениеттіліктің қалыптасып, дамуына ерекше көңіл бөлінген. Мәдениеттілік жөніндегі көзқарастар кемел адам ұғымымен үндестік тауып, адамгершілік, кісілік қасиеттері- нің қалыптасуы арнасында дамыды.

7. Конфиденциалды ақпарат және куәгер

Қолжетімділік санаттары бойынша барлық ақпарат ашық (жалпыға қолжетімді) және қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа бөлінеді. Шектеулі қол жетімділікке мемлекеттік құпия және басқа да құпия ақпарат кіреді.

Жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратқа жалпыға бірдей белгілі мәліметтер және қолжетімділігі шектелмеген өзге де ақпарат жатады. Жалпыға қол жетімді ақпаратты (мысалы, Мәскеу Ресейдің астанасы немесе Амур жолбарысы Қызыл кітапқа енген жойылып бара жатқан түрлер) кез - келген адам өз қалауы бойынша пайдалана алады. Мұндай ақпаратты таратуға қатысты шектеулерді тек федералды заңдар белгілей алады.

Құпия ақпаратқа қол жетімділігі федералды заңдармен шектелген ақпарат кіреді. Шектеулердің мақсаттары әртүрлі. Мысалы, конституциялық құрылыстың негіздерін, адамгершілікті, денсаулықты, кейбір адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Құпиялылық белгілі бір ақпаратқа қол жеткізген адамның мұндай ақпаратты оның иесінің келісімінсіз басқа адамдарға беруге құқығы жоқ екенін білдіреді.



Кез келген журналист қандай ақпараттың құпияға жататынын, оны қалай дұрыс пайдалану және тарату керектігін білуі тиіс. Құпия ақпаратты дұрыс пайдаланбау бақылаушы органдардың шағымдарына, сот дауларына немесе тіпті қылмыстық қудалауға әкелуі мүмкін.

8. Қызметтік және коммерциялық құпия

Қызметтік құпия - мемлекеттік құпияның құрамына кіруі мүмкін, жарияланған немесе жоғалған жағдайда мемлекеттің ұлттық мүдделеріне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін жекелеген деректер сипаты бар мәліметтер;

Коммерциялық құпия дегеніміз - жариялануы (берілуі, сыртқа мәлім болуы) шаруашылық жүргізуші субъектінің мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін өндіріске, технологиялық хабарламаға, басқаруға, қаржыға және оның басқа да қызметіне байланысты мемлекеттік құпия емес мәліметтер. Коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтердің құрамы мен көлемін шаруашылық жүргізуші субъектілер анықтайды, бұл туралы мүдделі адамдарға жазбаша түрде хабарланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет