Науқас есін білсе, қан кетудің мүмкін себептерін білу үшін қажетті мәліметті сұрастыру керек. Егер қан кету менструалды циклдың кідіруінде болса, жүктіліктің болуы мүмкіндігін естен шығармау керек. Бұрын-соңды қан кетулер жиі болған болса дисфенкционалды гормондық бұзылыстар жайлы айтуга болады. Егер жүктілікке күдік болса және іштің ауырып қан кету болса жатырдан тыс жүктілікті және өздігінен түсіктің белшісі болуы мүмкін.
Қан кету көлемін анықтау керек. Науқастан қан кету басталғалы қанша прокладка ауыстырғанын , қанның түсін сұрау керек немесе көру керек.
Егер науқастың АҚҚ төмендеп, пульсы жоғарыласа қан көлемін толтыруға бағытталған іс-шаралар жасау керек.
Вена ішіне тамшылатып 400 мл 5 проценттік глюкоза ерітіндісін немесе 0,9 проценттік натрий хлориді ерітіндісін құямыз. АҚҚ бұлшықетке 2 мл 10 проценттік кофеин ерітіндісін енгізу арқылы көтерсек болады. Егер АҚҚ 80-90 сын. Бағ төмен болса венаға 60-90 мг преднизолонды құямыз.
Қан кетуді азайту үшін қан кетуді тоқтататын препараттар енгізу керек. Мысалы 1 мл 1 проценттік викасол ерітіндісін бұлшықетке және 2 мл 12,5 проценттік этамзилатты бұлшықет немесе венаға салу.
Егер әйел жүкті болса кішкене ғана қан кетсе де оған демалу керек. Түсіктін алдын алу үшін бірден 4 таблетка дидрогестерон береміз. Егер аурумен қатар қан кетсе папаверин, дротаверин секілді спазмолитиктерді бұлшықетке енгіземіз.