5 Қорытынды Пайдаланған әдебиттер



бет1/5
Дата14.10.2023
өлшемі34,39 Kb.
#114375
  1   2   3   4   5


Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………….3
I 12 жылдық білім беру жағдайындағы мұғалімнің
кәсібиқұзіреттілігі.......................................................................................5
Қорытынды……………………………………………………………...13
Пайдаланған әдебиттер...........................................................................14


Кіріспе
Еліміздің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты - еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анық көрсетілген.
Әлемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми құжатта әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімнің мазмұнын меңгеруге бағытталған үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат етілген, олар:

  • өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін проблеманың шешімін табу құзыреттілігі;

  • ақпараттық құзыреттілік;

  • білімді игерумен бірге жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік.

Дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған құзыреттілік, құзырет терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне ене бастады. Мұндай аса жауапты білім деңгейіне жету үшін оқу үдерісін соған сай ұйымдастыра білетін, мектеп оқушыларына білімді өз бетінше еңбек етіп алатындай күйге жеткізе алатын, өзі де осы аталған құзыреттіліктерді меңгерген, кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі қалыптасқан мұғалімдер даярлау міндеті тұр.
Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді дайындау үдерісінде олардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі соңғы жылдары ғана қарастырыла бастады. Осы орайда, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау мұғалімдерді кәсіби дайындау мәселесінің жан-жақты зерттелгенін байқатты.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастыру туралы классикалық педагогика өкілдері А.Дистервег, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, П.П.Блонский, Н.К.Крупскаяның, қазақ ағартушылары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, Ш.Уәлихановтың және т.б. педагогикалық мұраларында қарастырылған. Сонымен қатар, Ж.Аймауытұлы, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедұлы, М.Жұмабаев, К.Жәленұлы, С.Қожанұлы, Ә.Қасымұлы, Е.Омарұлы, Т.Шонанұлы және т.б. қазақтың біртуар зиялы азаматтары да мұғалімдердің білімін көтеруіне, әдістемелік дайындығына атсалысқаны белгіл.
Мұғалімнің кәсіби қалыптасуы сол кезеңдегі білім жүйесінің дамуымен тікелей байланысты.
Қазақстанның білім саласының жағдайы мен мұғалімдерді даярлау мәселелері:

  • болашақ мұғалімдерді дидактикалық және әдістемелік тұрғыда дайындау (А.Е.Әбілқасымова, Б.Баймұханов, Т.С.Сабыров, М.Ж.Жадрина, С.А.Жолдасбекова, Ә.А.Молдажанова, С.С.Маусымбаев, А. Нұғысова, Д. Рахымбек, Қ.Ж. Қарақұлов, Б.Қасқатаева және т.б.);

  • экологиялық тұрғыда дайындау (М.Н.Сарыбеков, Қ.М.Беркімбаев және т.б.);

  • болашақ мұғалімдерді дайындаудағы біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасы рөлінің, жоғары мектеп дидактикасының дамуы (Н.Д.Хмель, А.А.Бейсенбаева, С.Т.Каргин, Е.Жұматаева, К.С.Успанов, А.С.Карбаева және т.б.);

  • мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін, шығармашылық ізденісін қалыптастыру (Ш.Т.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева, Н.А.Шамельханова, Е.И.Бурдина және т.б.) ;

  • қазақ этнопедагогикасы негізінде жеке тұлғаны дамыту, мұғалімдерді жалпы педагогикалық даярлау (Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, Б.А.Тойлыбаев, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, А.А.Қалыбекова, А.С.Мағауова, Р.К.Төлеубекова, Ә.Табылдиев, Қ.Бөлеев, М.Х.Балтабаев, А.Б.Абибулаева, А.Б.Нұрлыбекова, Ш.М.Мұхтарова, А.А.Жайтапова және т.б.) ;

  • болашақ маманға кәсіптік білім беру тұрғысынан (М.Ә.Құдайқұлов, К.А.Дүйсенбаев, А.П.Сейтешев, И.Б.Сиқымбаев, А.А.Жолдасбеков, А.М.Әбдіров және т.б.),

  • компьютерлік технологияны оқу үдерісіне енгізіп, болашақ мұғалімдерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға даярлау (Т.О.Балықбаев, Е.Ы. Бидайбеков, Ж.Ж.Жаңабаев, Қ.Қабдықайыров, Ж.А. Қараев, С.М. Кеңесбаев, Б.Д. Сыдықов, Л.А. Шкутина, Г.О. Тәжіғұлова және т.б.) тұрғысынан жан - жақты зерттелген.



I
12 жылдық білім беру жағдайындағы мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, жалпыға арналған білімнен, білім әркімге өмір бойы үлгісіне көшуді мақсат етеді. Қазіргі замандағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан - жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де кең болмақ.
Құзырлық сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: құзыр (компетенция) - жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау деп берілген. Латын тілінен аударғанда құзырлық - өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлылықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой - тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ онда құзыр - тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс - әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі.
Құзырлылық белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас салалары мен оның психологиялық - педагогикалық және теориялық білімнің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арна тоғысуы деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет