Қазыбек бидің



Дата25.05.2023
өлшемі14,99 Kb.
#97301
түріСценарий

Қазыбек би сценарий
Армысыздар,құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың ұлы үш биінің бірі, данышпан, дана ғұламасы, қазақ тарихының шоқтығы биік ірі тұлғасы Қазыбек бидің 335 жылдығына арналған әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған
Кез келген даудың төрелігін әділ шешкен қаз дауысты Қазыбек бидің бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 335 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек.Оның аты әйгілі Абылай хан, Бұқар жырау , Төле би, Әйтеке билермен қатар аталады.
 Әрине, Қазыбек би туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз секілді. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Қазыбек әлемін шарлап қайталық!
(Қазыбек бидің нақыл сөздері)
Қазыбек есімі екі елдің арасын бітістіруші батыл елші, парасатты мәмілегер ретінде мәлім. Ұзақ сөзбен емес, ұрымтал оймен, ұшқыр қиялымен саралай отырып, дәлелді жеткізген сөздері шешеннің еш нәрседен қайтпайтын қайсар әрі шешен, әрі батыр екенінің дәлелі. Ендеше Қазыбек бидің осы бір қасиеттерін өз көзімізбен тамашалайық!
(көрініс Қазыбек би )
Соңы-Осымен кешіміз өз мәресіне жетті.Үш жүздің ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мәселелердің басы қасында жүріп, хандардың секілді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған Қазыбек әр кез батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай ақ ақылымен жол тауып, ел бірлігінің елшісі бола білген Қазыбек бидің тұлғасы біз үшін мәңгі өнеге

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет