№ 5 зертханалық жұмыс
Хабарламаның ығысуы және инверсиясы
Теориялық негіздер
Хабарламалардың ығысуы (жиіліктің ығысуы) – сигналдың
модуляциясы кезінде жиіліктік аумақта оның ығысуы жүретін қабылдау.
Мысал үшін сөздік сигналды алайық (1 сурет).
1 сурет
2а, 2б, 2с және 2д суреттерде амплитудалы модуляциямен модуляциялау
кезіндегі сөздік сигналдың спектрлік композициясы, тасушыны басатын екі
жолақты модуляция және тасымалдаушы тербелістің 100кГц жиілігі кезіндегі
тасымалдаушыны басатын бір жолақты модуляция көрсетілген.
2 сурет
2а, 2б, 2с суреттерден
көріп тұрғанымыздай, барлық үш жүйе де дәл
сондай энергиялардың үлестірілуі бар дәл
сондай синусоидалар жинағын
көрсетеді, тек 100,3кГц және 103кГц диапазон аралығында. Басқа сөзбен
айтқанда, хабарлама 100кГц – ке ығыстырылған. Жиіліктік ығысу хабарлама
жиілігінің төмендеуімен де жүзеге асуы мүмкін, мысалы, бұл сигналдардың
амплитудалы және жиіліктік демодуляциясы кезінде болады.
Дегенмен,
суретке тағы бір рет қарасақ, модуляцияның барлық үш
схемасы да 97кГц және 99,7кГц диапазондарында сигналды келтіреді. Бұл
сигналдың көшірмелері де жиілік бойынша ығыстырылған, бірақ сигналдың
энергетикалық үлестірілуі бастапқы хабарламаның айналық бейнесі болып
табылады. Бұл хабарламаның инверсиясы деп аталады (жиілік инверсиясы).
Хабарламалардың инверсиясы – радио-
және телекоммуникациларды
бөгде тұтынушылармен кездейсоқ тыңдалуынан қорғау мақсатындағы кең
таралған скремблдеу әдісі. Бұл үрдіс жоғарыда суреттелгенмен бірдей, тек бір
өзгешілігі модуляцияланған сигнал сол жиіліктің жолағында қалуы үшін
хабарлама төмен жиілікті тасушыны модуляциялайды.
Бұл 3а және 3б суреттерде көрсетілген. Хабарлама тасушыны 3,3кГц
жиілікпен екі әдіс арқылы модуляциялайды: DSBSC (3а) және SSBSC (3б). Екі
жағдайда да сигнал бастапқы сигнал секілді спектрдің сондай бөлігін алады,
тек энергияның инвертирленген үлестірілуімен.
3а сурет
3б сурет
Хабарлама
инвертирленген соң, жоғарғы бүйір жолақты алып тастау
үшін оны сүзгілейді (екі жолақты модуляция үшін). Енді хабарлама естіледі,
бірақ оны түсіну мүмкін емес. Тек осыдан
кейін ғана инвертирленген
хабарламаны тасымалдаушыны модуляциялау және тарату үшін қолданады.
Мұнда қарапайым тыңдаушы осы хабарламаны қарапайым
қабылдағышпен ұстап қалған кезде анық ештеңе ести алмайтыны маңызды.
Бұл хабарламаны дескремблдеу үшін арналған
қабылдағыш хабарламаны
түсіну үшін оны демодуляциядан кейін инвертирлеу керек.
Мұның барлығы – көзделген жасырын тыңдау талпыныстарына кедергі
келтіре алмайтын скремблдеудің ең қарапайым түрі. Күрделірек скремблерлер
тасымалдаушының жиілігін тікелей өзгерту арқылы немесе хабарламаны
жиіліктік төменгі диапазондарға бөліктеу
және оларды белгілі ретпен
араластыру көмегімен хабарламаны ұстап қалуды қиындата алады. Мұндай
хабарламаны дұрыс қалпына келтіру үшін скремблдеуші тасымалдаушының
жиілігін және екінші жағдай үшін жиіліктік
төменгі диапазондардың орын
ауыстыру заңдылығын білу қажет.