54. Көне түркі ескерткіштері туралы зерттеушілердің ғылыми-зерттеу еңбектеріне хронологиялық тізім ұсыныңыз



Дата20.02.2023
өлшемі26,9 Kb.
#69459

54. Көне түркі ескерткіштері туралы зерттеушілердің ғылыми-зерттеу еңбектеріне хронологиялық тізім ұсыныңыз.
Қазақстанның ортағасырлық археология тарихы өте теренде жатыр. Ғалымның ортағасырлық ескерткіштерді зерттеуіне негіз болған ойлардың бірі қазақ халқының пайда болуын, тарихын, мәдениетін жан-жақты зерттеу мен зерделеу болды. Осы бағытта ортағасырлық ескерткіштерге археологиялық зерттеулер жүргізу арқылы сол уакыттағы халықтардың тыныс-тіршілігінен, сол уақыттың мәдени және саяси өмірінен мол мағұлматтар аламыз. Отандық ғылымда Ә. Марғұланның ортағасырлық ескерткіштерді зерттеулерде алар орны ерекше. Қыпшақ мәселесін зерттеушілерге Қазақстан қыпшақтануының негізін қалаған Ә.Х. Марғұланның ғылыми ойларын айналып өту мүмкін емес. Ол кыпшақ тайпаларының (қыпшақ, кұман, қимақ) тарихын зерттеушілерге әл-Идрисидің (XII ғ.) географиялық шығармасындағы зерттеулерге көп көңіл бөлу қажеттігін айтып отырды.«Қыпшақ тарихы» - Ә.Х. Марғұланның басты арманы болды деді көрнекті ғалым Л. Кызласов езінің академик жайлы жазған «К портрету ученого и человека» [1, 125]- деген мақаласында.
Ә.Х. Марғұлан XIV ғ. Бірінші жартысы деп танылған – Нұрадағы қыпшақ қабірін ашты. Бұл қыпшақ қабірі жөнінде 1959 жылы жан-жақты зерттей келелі мақала жариялады.Ал академиктің басты мақсаты болған ежелгі түркі тақырыбын оның үш оқушысы жалғастырды. Олар С.М. Ақынжанов – қыпшақтар жөнінде бағалы еңбек қалдырды, Б. Е. Көмеков – араб және парсы деректері бойынша қимақтар мәселесі және А.Ш. Қадырбаев – ХІІІ-ХІУ ғғ. Түріктер мен ирандықтар жайында ортағасырлық қытай деректерін сөйлетті.
55. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегіндегі қазақ хандығының қалыптасуы туралы мәліметін саралаңыз.
Хайдар мырза жазбаларының ішіндегі ең қызықтысы – әрине, халқымыздың тарихына қатысты мағлұматтары. Ғалым нағашы атасы Жүніс хан мен Уәйіс ханның кенже ұлы Есейбураның (1418—1462) билікке таласар тұстарын сөз еткен. Дешті Қыпшақ әміршісі Әбілхайырдан көп қысым көрген Жәнібек хан мен Керей ханның одан бөлініп, Моғолстандағы Шу мен Қозыбасыға келуі, Есенбұғаның оларды жылы қарсы алуы, соңынан Әбілхайыр қайтыс болған соң оның ұлысынан үдере көшкен елдің, Жәнібек хан мен Керей ханға келіп қосылуы жайлы айтуды да автор ұмытпаған. «Олардын, ұзын саны екі жүз мыңға жетті. Олар өзбек-қазақ деген атқа ие болды. Қазақ сұлтандарының билік құра бастауы 870 (1465) жылдан басталады. (Бірақ оны) Алла (бізден) артық біледі» — деп жазады Хайдар мырза.Сөйтіп, қазақ халқының тарих сахнасына көтерілген кезі 1465 жыл екенін Хайдар мырза шегелей көрсеткен. Одан әрі ол: «содан қазақтар 940 (1533—34) жылға дейін Өзбекстанның (көшпелі өзбектер жөнінде айтып отыр — Ә. Д.) көпшілік бөлігін тұтастай биледі. Керей ханнан кейін Мұрыңдық хан болды. Сонан соң Жәнібектің баласы Қасым хан болды. Ол өз билігін Дешті Қыпшаққа да жүргізді. Оның әскері миллионнан да көп еді. Жошы ханнан кейін бұл үйден одан қүшті хан шыққан емес. Қасымнан соң оның баласы Мамаш хан болды. Одан кейін Тақыр хан болды. Осы Тақыр хан тұсында қазақтар көп қиыншылықтарға ұшырады. Одан кейін оның бауыры Бұйдаш хан болды. Қысқаша айтқанда, Есенбұға ханнан бастап Рашид ханға дейінгі аралықта моғолдар мен қазақтар тату-тәтті, тыныштықта өмір сүрді, бірақ оны Рашид сұлтан бұзды» деп жазады ол. Ол рас та еді. Өйткені Рашид сұлтан қазақтардан гөрі шайбандарға көп мойын бұрған, солардан одақ іздеген.Сөйтіп, қазақ хандығының пайда болуы мен тыныс-тіршілігі, өмір сүрген ортасы һәм көршілерімен болған қарым-қатынасы жайлы Хайдар мырза секілді дәл ссылай жүйелі де нақтылы жазған қаламгерлер кемде-кем-ақ.Ғалым бабамыз сондай-ақ өз жазбаларында көп ретте әдеби тәсіл — шегініс жасауды да шебер пайдадана білген. Мысалы, ол Жүніс ханның тақ үшін таласта жеңіліске ұшырағаннан кейін Иран (жаққа кетуі, соңынан Моғолстанға оралған соң Мір Қажы кеншінің қызы Исан Дәулат бегімге үйленуі, Сырбойында Әбілхайырдың,ұлы Бұрыж оғланмен шайқасып, кейін Ташкентке келуі, шейх Жамалдың тұтқынына түсіп қалуы, бірақ арада бір жыл өткен соң дулаттардын шейх Жамалды өлтіріп, Жүніс ханды құтқаруы, оның Моғолстанға қайтып оралуы кино жолағындай рет-ретімен көз алдыңнан өте береді. Оның ара-арасында Хайдар мырза Жүніс ханнық үш қызының тұрмысқа шығуы, Әмір Темір ұрпақтарының өзара қақтырыстары жайлы да айтып өтеді. Одан кейінгі тарауларда Жүніс ханның ұлы Ахмет ханның өмірі, қалмақтардың шабуы, өзбек-қазақ мәселесі, мырза Әбу Бәкір Дулатимен болған соғысты сипаттауда да шеберлік таныта алған.Моғолстанның хандары, дулаттан шыққан әмірлері мен бектері, онда өмір сүрген түркі тайпаларының, тыныс-тіршілігі, Әбілхайыр хан негізін салған Дешті Қыпшақ мемлекеті, ханның өзі және ұрпактарының Мәуераннаһрде, сондай-ақ казак хандары һәм сұлтандарымен жүргізген соғыстары жайлы тәптіштей баяндаған. Хайдар мырзаның бір ерекшелігі ол тек шындықты ғана жазады. Тарихшы ғалымдардың барлығы да Хайдар мырзаның осы бір қасиетіне ерекше мән береді.
56.Мырзатай Жолдасбековтың «Асыл арналар» атты еңбегіне әдеби сараптама жасаңыз.
Әдебиетші ғалым Мырзатай Жолдас­бек­овтің «Асыл арналар» кітабы – қазақ хал­қының рухани азаттығын жоқтаған, қазақ ұлтының тамырын тереңге жіберген халық екенін танытқан биік мақсатты еңбектер еді.
Мырзатай Жолдасбеков «Асыл арналары» қазақ әдебиеттану ғылымына соны серпін әкелген кітаптардың бірі болды. Өйткені ғалымның бұл еңбегі арқылы күллі қазақ түркі жазуы, сол жазумен жазылған әдеби мұралар жөнінде тұңғыш рет осы кітап арқылы кең түрде түсінік алды.«Асыл арналар» атты ғылыми,әдеби мақалалар жинағының алғашқы тарауы «Ежелгі әдебиет» деп аталады.Мұнда «Қазақ әдебиетінің түп-төркіні жайында»,»Орхон ескерткіштері (ҮІІ-ҮШ ғ.ғ), «Орхон ескерткіштері туған дәуір,ондағы тарихи шындық»,»Орхон ескерткіштерінің тексті», »Орхон ескерткіштерінің жанрлық сипаты» және «Қорқыт (ҮШ ғ)», »Оғыз нама (ІХғ)» туралы жеке мақалалар топтастырылған
57. Әл-Фарабидің әдебиеттану, тіл білімі, музыка салалары бойынша жазған зерттеу еңбектерін саралаңыз.
Әбу Насырдың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді. Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған.
Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған)
58. Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы жөнінде жүйелі сараптама жасаңыз.
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IXғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды.Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдатқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі Бағдат халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдат шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдатта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен.
59. Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Бақытқа жету» атты трактатына талдау жасаңыз
«Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» атты еңбектерінің негізгі түпкі ойы – бақытқа жету туралы, сыйластық, адамгершілік, мейірімділік, ізеттік, құрмет жайында. Әл-Фараби бақытқа жету ұғымынның мәселелерін, негізінен филосфиялық мәнмен ұштастырып қарастырған.
Бақытқа жету – философияның алдыңғы шарттарының бірі болып есептеледі. Адам баласы, дүние есігін ашқаннан кейін, өмірін бақытқа толы сәттермен өткізуге тырысады. Негізімен адамдар бақытты болуды әркім әрқилы түсінеді.Әл-Фарабидің осы бір еңбегінде, бақытты болудын 3 түрін жазыпты. Онда: бірінші- адамның іс-әрекеті, яғни адам өзінің бақытқа жету жолында әрекет жасап ұмтылса, онда ол адам өзінің мақсатына жетеді. Екінші-жандүние сенімдері, мысалы: құштарлығы, ашуы, рахаты, қанышы, жабырқауы осының бәрі адамның жандүниесіне жатады. Үшіншісі- адамның ақыл-парасаты. Адам ақылды болса,яғни көп оқым іздемпаз болуы әрбір жетістікке жетеді. Осының бірін бір жүйеге келтірсек, адамның әрекетшіл, ақыл- парасатты болуы, кемелдіктің жоғарғы сатысына көтерілуге септігін тигізсе, адам осы сатыға жете білсе, онда адам бақыттың жоғарғы сатысынна қол жеткізеді.Философиялық анықтамасы бойынша бақытты- адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Ал, Әл-Фараби бақытқа жетуді, адамның алға қойған мақсаттарын отындағанда ғана адам бақытты болады деген қортынды жасаған. Әл-Фараби осы еңбектерінде бақытыт ұғымын төрт түрге бөліп қарастырған. 1. Жақсылыққа жету, даналық, 2. Қуаныш, рахат, 3. Өмірден өз орнын табу, 4. Бақ- дәулет. Міне, осы төрт шарт орындалса адам өзін бақытты санайды.
60. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі Қорқыт тұлғасына талдау жасаңыз.
Қорқыт айтқан ойлар бұдан әрі қарай отбасыңдагы келісім, тайпа-ру бірлігі, патротизм, жауға деген қаталдық, досқа адалдық, батырлық, табиғат, тіршілік меселелеріне катысты пікірлермен кеңейе түсті. Қоркыт түлғасы халқымыз мәдениеті дамуыңдағы көп ғасырлық желіні жалғастырады, оның мұрасы арқылы өткен ұрпақпен рухани байланысқа түсе аламыз. Әсіресе, тарихи дамудың бабамыз өмір сүрген дәуіріңдегі салт-дәстүр, құңдылықтар мен мінез-құлық қалыптарының өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру тұрғысынан алып қарағанда «Қорқыт ата кітабының» халқымыздың тәлім-тәрбиесі тарихындағы алатын орны айтарлықтай екеңдігі даусыз.Қорқыттың өзі – нағыз ұстаз, тәрбиеші. Өзіндік тәжірибесіне, жеке өнегесі, білімі мен даналығына сай ол түркілер үшін кеңес беруші, жол сілтеуші, ақыл-парасатқа үйретуші болды және болып қала береді. Дастанның басында Қорқыт дәл осындай бәрін өзі біліп тұрған жетекші деп көрсетіледі, оның түркі халқы қиыншылықтарын шешкені айтылады. Қандай іс болмасын Қорқыт атадан кеңес сұрамай шешілмейді. Дастанның бүкіл жыр жолдарыңда барлық жерде ол нағыз оқытушы және шебер тәрбиеші, қуатты ой-өрісті иемденуші ретіңде әрекет етеді. Ол халық жиналысын жүргізеді, жаңа туғаңдарға ат береді, дана сөздер айтады, өзін-өзі ұстай білуге үйретеді, ол бәріне канық қауым ақсақалы ретіңде оны ізгі істерге шақырады, бейбітшілік пен жақсылыққа үндейді, отаңды қорғауға ықпал жасайды.Халқымыздың көне замандардағы таным-түйсігінен туған Қорқыт туралы аңыздардың астарында философиялық-эстетикалық зор мән-мағына бар; Бұл аңыздарды халқымыздан рухани мұрасының бір болігі ретіңде бағалап, қастерлеуіміз де соңдықтан. Аңыздардағы Корқыт философиясының негізгі түйіндерінің бірі – ажалды өмірдегі бар зұлымдық пек жауыздықтың басы деп тану, онымен күресу, өмірдің тұрлаусыздығын мойындау, мәңгілік ғүмырды аңсау. Қорқыт туралы Мүхтар Әуезов былай деп жазды: «…Аңыздарда оптимистік мағына басым. Қорқыт жайындағыаңыздардың тақырыбы – ажалмен алысу туралы тақырып. Қорқыт жазмыш, тағдыр даярлап қойған талайына қарсы алысады». Ал академик Әлкей Марғүланның сөзімен айтқанда: «Қорқыттың өліммен алысу туралы фәлсафасы – дүние тарихында өте сирек жолығатын, адам баласы тудырған ойдың ең жарқын бейнесінің бірі болып суреттеледі.Аты аңызға айналған күй атасы Қорқыттың мұрасын халқымыз ғасырлар бойы қадірлеп-қастерлеп, көзінің қарашығындай сақтап келді. Соның аркасында Қорқыт күйлері біздің заманымызга жарқырай жетіп, бүгінгі бақытты ұрпағымен табысты.
61. Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігіндегі «Түркі халықтары мен тайпалары» бөліміне талдау жасаңыз.

62. «Құтты білікте» көтерілген этикалық-философиялық мəселелердің бірі — қанағат, ынсап мəселесіне әдеби сараптама жасаңыз.


Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында этникалық , қанағат туралы шақырады. Ел басқарған әкімдерді қанағатшыл, ынсапты болуға шақырады. Сондай –ақ дүниеқұмарлықты, ашкөздікті, парақорлықты сынайды:
Аш көзденебе, ұятты ойла, адал бол,
Ашық айтып, әділ іске жарар бол!
Сұғанақтық –дауасыз дерт, арылмас,
Күллі жиһан емі қонбас, жазылмас.
Барлық аштар жесе ақыры тояды,
Сұғанақ көз тек көрінде кояды.
Жүсіп Баласағұн өз оқырманын әдептілікке, кішіпейілділікке, мейірімділікке, имандылыққа шақырады. Әке-шешеден тәрбие алғандар жомар, бауырмал, сабырлы, инабатты болып келеді. Жүсіп Баласағұн әдептіліктің сан түрін айта келе, ең бастысы – тіл әдептілігі деген. Мәнерлі, сыпайлы, мәнді сөйлей білу өнеріне арналған. Сөйлей білу әдептіліктің басы деген тұжырым жасайды
63. Ахмет Яссауи іліміндегі «инсони камал» дәрежесі, хәл ілімі туралы ойларын Абайдың «Толық адам» ілімімен салыстырыңыз.

Ахмет Йассауи дүниетанымының жалпы желісін екіге бөліп қарастырған жөн. Біріншісі – моральдық-этикалық (парасаттылық), ал екіншісі – сопылық хикметтер деп атауға болар еді.Ахмет Йассауи ілімінің моральдық-этикалық бөлімі адамның бойындағы адамгершілік қасиеттердің мәртебесін арттыра түсуді көздеп, «инсони камал» («кемелденген адам»)дәрежесінежетуді мақсат етеді. Ал«кемелдік»дәрежесіне жету үшін адам сан алуан ілім-ғылым түрлерін игеруі қажет.Йассауи дүниетанымының теориялық негізі шариғат пен марифат болса, бұл ілімнің практикалық негізі тарихат болып табылады. Сонымен, «Диуани хикметте» «адамның өзін-өзі тануы» арқылы Ақиқатты, яғни Хақты (құдайды) тану жолдары сөз болады. Ал сопылық хикметтер арқылы ақын адамның түпкілікті мақсаты – ақиқатқа, яғни Хаққа жету екенін айтады.Ахмет Йассауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Бұл белестер, жоғарыда көрсетілгендей, төрт өлшемнен жоғарыда көрсетілгендей, төрт өлшемнен тұрады, олар: шариғат, тариқат, маърифат және хақиқат. Ал Абай адам болып қалыптасуға қажетті бес асыл қасиеттің бірі –қанағат деп біледі:


Талап, еңбек, тереңой, Қанағат, рақым, ойлап қой –Бес асыл іс кенсеңіз.
Абай өз ұстазы Йассауи сөзімен айтқанда, «ділі, көңілі қара надандарды», «ғибрат сөзді естімейтін, білмейтіндерді» өлтіре сынайды. Абайдың жәуанмәртлікке қатынасы.
Абай көптеген өлеңдері мен, әсіресе, 17-қарасөзінде жүректің культін көтеріп, барлық ізгі сезім, рахым, шапағат, махаббат атаулының шығар кезі ретінде жүректі шешуші орынға қойып, онда адамгершілік танымның негізі жатыр деп қараған.
64. Бабырдың «Шариғат түсініктері» («Мубəййəн дəр фикһ») атты еңбегіндегі діни көзқарастарын саралаңыз.
Бабырдың осы томды құрап отырған «Мубəййəн дəр фикһ» («Шариғат түсініктері») еңбегінің түркі жазба əдебиетінде алар орны ерекше. Бабыр бұл шығармасында Ислам дінінің ұстындарын, иман негіздері мен шариғат шарттарын өлең сөзбен өрнектеген.
65. «Махаббат-намедегі» жігіттің қызға жазған хаттарының мазмұнын, идеясын саралаңыз.

Дастанда 11 наме (хат) бар.Жігіттің қызға жазған он бір хаты жырға негіз болған. Солардың ішінде төртінші, сегізінші, он бірінші хаттар парсы тілінде жазылған. Қалғандары Алтын Орда қыпшақтарының тіліндегі жырлар болып келеді. Сонымен, дастандағы 317 бәйіт қыпшақ тілінде, 156 бәйіт парсы-тәжік тілінде жазылған. Әйтсе де «Мұхаббат наменің» негізгі тілі Алтын Орда қыпшақтарының тілі екенін ұмытуға болмайды. Дастанның әрбір жолы бұған айқын дәлел. Мұнда грамматикалық жағынан да, лексикалық тұрғыдан да қыпшақ тілі элементтері басым. «Мұхаббат-наменің» негізгі бөлімінде жігіттің сүйген қызына деген мөлдір махаббаты жырланады. Жігіт сүйген қызына әсемдік әлемнен тең таппай, оны Айға да, күнге де теңеп, жер бетіндегі сұлулық атауынының ғажайып суретін жасайды. Дастанда адамның осы өмірдегі адамға деген сүйіспеншілігі зор шабытпен жырланады, ақын нақты өмірдің қадір-қасиетін жоғары бағалайды, шығарманың бас қаһарманы өз сүйіктісі үшін еш қандай қауып–қатерден тайсалмайды. Дастанның басты қаһармандары-бір-біріне ғашық болған жігіт пен қыз. Шығарма негізінен жігіттің қызға жазған он бір хатынан тұрады. Дастанда қыздың жігітке жазылған жауап хаты берілмейді. Алайда жігіттің хатынан қыздың сүйген жігітке деген сүйіспеншілік сезімін, қуныш-реніштерін айқын аңғаруға болады.


66. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі тарихи оқиғаларға талдау жасаңыз.
Хайдар Дулатидің есімін әлемге мәшһур еткен ең басты шығармасы. Бүл еңбегінде ғалым XV—XVI ғасырларда қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, ІІІығыс Түркістан аймағында болған аса маңызды тарихи оқиғалар туралы жазады. Сондай-ақ Ауғанстан, Тибет, Үнді елдерінде орын алған кейбір саяси, мәдени, әлеуметтік оқиғалар да қамтылған.

«Тарихи Рашиди» атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті-Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар.


67. Әйгілі ғалым Ә.Қоңыратбаевтың «Қорқыт ата» дастаны туралы зерттеген еңбектерін саралаңыз.
Әлем әдебиетіне белгілі «Қорқыт ата кітабы» туралы мәліметтердің қазақ ғылымында бой көрсетуі Әуелбек Қоңыратбаев есімімен тығыз байланысты. Сонау 1947 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы тарапынан жоспарланған «Қазақ әдебиетінің тарихы» (2-том) атты ұжымдық еңбектің көне әдебиетке қатысты тарауларын жазу ісі Ә.Қоңыратбаевқа жүктелгені мәлім.
68. Қорқыттың дүниеге келуі, ажалдан қашуы, жалпы өмірдеректеріне тоқталыңыз.
Мәңгілік өмірді іздеген Қорқыт ата қайда барса да алдында қазулы тұрған көр арқылы жеке адам ретінде өзінің өлімге душар екендігі, тек жасампаздық ісімен, музыкалық өнерімен өлмейтініне, мәңгілікке қалатынына көзін жеткізеді. «Ол тіршілік көзі, өмір мәні және ел қамы, халық тағдыры істерінің ең киелі өзегі өмір үшін жан қиярлықпен күресте, қаралы жауыз күштің ең үлкен алпауыты ажалға қарсы қасқайып тұрды; теңдесі жоқ ерлік жасады. Сондықтан ол Ер Қорқыт атанды». Қорқыт туралы мәңгілік философиясының мәні де осында жатыр. Қорқыт арқылы адамдардың өмір үшін күресуші, бұл ғаламды гүлдендіруші, үйлесімдендіруші миссияны атқарушы екендігін мойындауға болады. Адамның бақыттылығы осы өмірлік қызметімен өлшенеді.Қорқыттың өмірі – ерекше жасампаздыққа бағыт, бағдар беретін рухани мұрат сияқты, яғни оның негізінде адамның өмірі күнделікті тамақ жеу мен ұйқыға негізделген қарапайым тіршілік емес, ол жасампаздық шығармашылыққа сүйенген, рухани
Құндылықтардан нәр алатын іс-әрекеті ғана адамды нағыз өмірге, мәңгілікке жетелейді» дегенді үлгі етеді. Қорқыт Ата аңызының түпкі философиялық пайымы – адам тәні өткінші, ал жаны, рухани жасампаздық еңбегі мен өнері – мәңгілік. Негізінен алғанда жан мен тәннің арасындағы айырмашылық та, бірлік те болмыстың екі қырының – өлім мен өмірдің байланысын танытады. Тәннің уақытша болмысы осындай жалпы табиғаттың заңдылығына бағынады.Қорқыт уағыздайтын мәңгілік мәселесі – өмірге құштар адам ғана жалпы ел мен қоғамның болашағы алдында өзінің жауапкершілігін түсінеді және парасаттылықпен орындай алады. Қорыта келгенде, Қорқыттың өлімнен қашуы – өткіншілік пен мәңгіліктің қайшылығын көрсетіп қана қоймай, мәңгіліктің өткіншіліктен артықшылығын, тіпті оның үстемдігін де айшықтайды десек қателеспейміз.
69. “Оғыз-наме” – Оғыз қағанның ата-тегін, өмір жолын, күресін баяндайтын мифтік сюжеттегі ерлік жыр. Жырдың екі бөлімін сипаттаңыз.
‘’Оғыз-наме’’-түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық шығарма. Соның өзінде, шығарманың сюжеттік желісі жеке ру-тайпалар шежіресіне негізделген емес. ‘’Оғыз-намені’’-әрі көркем, әрі тарихи туынды деуге болады.
‘’Оғыз-намеде’’, негізінен, Оғыз қағанның әскери жорықтары, батырдың қан майдан соғыстағы ерлік істері мадақталады. Шығарманың негізгі идеясы-елді ауызбірлікке, ерлікке, адамгершілікке үндеу, халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру.“Оғыз-наме” – Оғыз қағанның ата-тегін, өмір жолын, күресін баяндайтын мифтік сюжеттегі ерлік жырға жатады.Жыр негізгі екі бөлімнен тұрады:1) оғыздың өсуі, билікке келуі, 2) жорықтары мен соғыстары. Алғашқы бөлім шығарманың халық аңызы мен ертедегі мифтеріне сәйкестігі екендігін аңғартса, соңғы бөлімнен тарихи деректердің кейбір елесі көрінеді. Шығармада аты аталатын жер, тайпа, мемлекет аттары шындыққа жанасады.“Оғыз-наменің” негізгі идеясы бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күреске шақыру болып табылады.“Оғыз-наме” – генеалогиялық аңыздар негізінде жазылған, қазіргі түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихынан мағлұмат беретін, көркемдік дәрежесі биік, эпостық туынды.
70. Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» атты еңбегінің тәрбиелік мәніне тоқталыңыз.
Біздің заманымызға жеткен “Хибатул – хақайық” (“Ақиқат сыйы”) атты кітабы – тәлім-тәрбие, адамгершілік, білім, кісілік туралы өнегелерді өлең өрнектерімен айтып, ұрпақты ұлағаттылыққа тәрбиелейтін аса құнды, данышпандық ойларға толы даналық мұра. Кітаптың аты араб тілінде қойылғанмен, ондағы өлеңдер орта ғасырдағы түркі тектес халықтардың көбіне түсінікті болған Қараханид түркілерінің тілінде жазылған.«Ақиқат сыйы» атты еңбегімен мұсылмандықтың асыл қасиеттерін халыққа уағыздап, олардың діни сауатын көтеруге, білімін арттыруға өз үлесін қосқан еңбегі.
71. Ахмет Йүгінекидің білім туралы айтқан ойларын саралаңыз.
Білімсіз жан – тірі өлік, – деп, ақын білімсіз, надан адамның адамдық бейнесі болмайтынын басып айтады. Халқымыздың “оқу-инемен құдық қазғандай”, “Оқу – білім қазығы, білім-өмір азығы” деген мақалы осы бір отты қайнар көзінен туындаған болу керек.
«Айтар лебізіңді алдымен ойлап ал». Осындай ұлағатты лебіздер бейнелі салыстырулар мен теңеулерге, нақылдар мен мақалдар-мәтелдерге толы. «Білімдінің сөзі үгіт, насихат, үгіт-өнеге», - дейді бір сөзінде білімдар ақын. Бақыт жолы білім арқылы білінетіні, білімді азамат қоғам үшін бағалы, ал білімсіз наданның құны жоқ екендігі туралы баян етеді. Демек, білімді салғыртсынбай үйрену арқылы қоғам өмірінің алға жылжитындығына көзімізді жеткізеді. Азаматтарға сөзбен ықпал ету тек білімдінің қолынан келетіндігін түсінеміз. Жалпы қоғамның даму сатыларына, әсіресе, біздің өткен тарихымыздағы қоғам мүшелері үшін данышпандардың сөздері жоғары дәрежеде өз әсерін тигізді. Өлең, толғауларда елдің қорғаныс қабілетін нығайту, ел іргесін берік ағайындар ұжымымен күшті болуы насихатталды.
72. Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» атты еңбегінің нұсқаларын, зерттелу тарихын қарастырыңыз.
«Ақиқат сыйы» - тарихи- әдеби шығарма.Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйының» түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмед Иүгінеки мұрасының ХІУ-ХУ ғасырда жасалған үш түрлі көшірмесі, үш түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі – 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі – 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя-София кітапханасы қорында сақтаулы. Екінші нұсқа – Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд әр-Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар бұл нұсқа Стамбұлдағы Айя – София кітапханасында сақтаулы. Қолжазбаны Н. Әсім 1915 жылы, ал Маһмудов 1972 жылы алғаш рет жариялаған. «Ақиқат сыйының» үшінші арабша нұсқасы шамамен ХІУ ғасырдың соңында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ-Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты «Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі» деген адамның кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен. Ақын шығармасындағы алғашқы сөзін мейірімді, рахымды Аллаға шексіз мадақ айтумен бастап, Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерін пайдаланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет