Сақ тайпаларының әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы



Дата02.03.2023
өлшемі16,87 Kb.
#71208
Байланысты:
35^J36сұрақ


35сұрақ
Сақ тайпаларының әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы. Қазақ мемлекеттігінің түп-тамырын зерттеуді сақ, үйсін, каңлы және ғұн тайпаларының әлеуметтік құрылымынан бастаған жөн. Ғылымда бұл көшпелі тайпалардың әлеуметтік құрылымы аз зерттелген.
Сақтар мен үйсіндер өмір сүрген (б.з.д.VIII ғ.- б. з. V ғ.) көшпелі қоғамда малға жекеменшіктің шығуына байланысты қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді. Сөйтіп, мемлекеттік құрылымның пайда болуы жүзеге асты.
Сақтардың мемлекеттік құрылымынан олардың көшпелері Ахеменидтік Иран мен Грек – Бактриблық мемлекеттердің әсерін байқауға болады. Ал үйсіндерден Хань (Қытай) патшалығының әсері сезіледі.
Сақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды қалпына келтіруде жазба деректері мардымсыз, сондықтан археологиялық деректерге көбірек жүгінетін боламыз.
Алғашқы кездегі сақ қоғамын әскери – демократиялық жүйке деп түсіну керек. Ал әскери – демократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери демократия заманында байлық тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана жасалмайды.Байлық –ендігі жерде – соғыс, басқа жұрттардың мал – мүлкін тартып алу арқылы жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тез бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болған.Бұл кейін мүлік теңсіздігіне әкеліп соғып, қоғамда бай, кедей топтар қалыптаса бастады. Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске алып келді. Соңында таптық қоғамдағы меншікті қорғайтын, әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, өндіріс пен соғысты, қорғанысты ұйымдастыратын аппарат – мемлекет пайда болды.

Антикалық авторлардың деректері бойынша, сақтарда патшалар мен патшайымдар болған. Олардың қол астындағы жұртына әмірі күшті болды. Сақ патшалары соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешті, басқа елдерге елші тағайындады, сырт елдермен одақ құру мәселесіне басшылық жасады, әскерді басқарды. Патшаны бір рудан ғана сайлады. Егер патша өлсе, оның орнына інісі патша болып сайланды. Үлкен мемлекеттік істерді шешуде патша кейде ел құрылтайын шақырды. Бұл сақтардың мемлекеттік жүйесінде демократиялық қағиданың болғандығын көрсетеді.


Артикалық автор Аррианның дерегіне сүйенсек, сақ патшасы елді өзінң сатраптары (қызметшілері) арқылы басқарады.Олар патшаның белгілі бір аймақтағы немесе тайпадағы өкілі болып есептеледі. Сақтардың басқару жүйесіндегі келесі бір буын – әскери –тайпалық ақсүйектер болатын.
Сақтардың әлеуметтік құрылымы жөнінде тікелей жазба деректер жоқ. Сақтармен мәдени-генетикалық туыстас, қоғамдық дамуы деңгейлес скиф тайпалары жөніндегі жазба деректерді сақтар тарихына қатысты ғалымдар жиі пайдаланады. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, сақтардың әлеуметтік құрылымында қоғамдық-әлеуметтік сатының ең басында патшалық ру тұрған. Патша тек сол рудан ғана сайланған. Бұл дәстүр жерімізде сақтардан кейін өмір сүрген ғұндарда, одан түріктерде, тіпті бергі Қазақ хандығында да жалғасын тапқан.
Алтайдағы Берел, Шілікті, Жетісудағы Бесшатыр, Есік, Тарбағатайдағы «патшп қорғандары» сақтардың патша әулеті мен ел басқарған ірі ақсүйектердің молалары.
Сақтардың Қазақстан аумағында ғана емес, тіпті Еуразия құрлығындағы ең көне мемлекеттігінің жәдігерлері (б.з.д. VIII ғ.) Шілікті даласында зерттелді. Ұзын саны 200-ден астам сақ-үйсін мәдениеттерінің ескерткіштері шоғырланған бұл жазықта сақтардың қырықтан астам ірі патша обалары бар. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде үш ірі патша обасы зерттелді. Соның «Бәйгетөбе» деп аталатын біреуінен алтын киімде жерленген ерте сақ мемлекеті патшасының мүрдесі ашылды. Мола ерте заманда-ақ тоналып кеткен екен. Тоналғаннан қалған алтын түймелер, қаптырма әшекейлер мен зергерлік бұйымдардың саны 4000-нан асады.

36 сұрақ


Қазақстандағы тайпалық одақтар (б.з.б. 7 – 4 ғ-
ар) – қазақ жерінде құрылған алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Қола дәуіріндегі бақташы тайпалар б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында қоғамдық құрылымның ескі рулық түрін алмастырды. Бұлардың қалыптасуына өндіргіш күштердің сол заманға сай дәрежеде мықтап өсуі себепші болды, ал өндіргіш күштер халықтың жартылай көшпелі және көшпелі мал ш-на көшуіне, қола металлургиясының дамуына, темір өңдеудің жаңа әдістерін игеруге байланысты өсті. Мал жайылымдарын тиімді пайдаланып, оларды жеке ру-тайпалық топтарға бөліп берудің экон. қажеттігі, сондай-ақ өзінің малы мен жайылымдықтарын қорғауға ұмтылу туыстас тайпаларды тайпалық одақтарға бірігуге мәжбүр етті. Жеке отбасылық меншіктің ұлғаюы негізінде мүліктік теңсіздік күшейіп, әскери ақсүйектер тобы бөлініп шықты. Олар экон. және әскери жағынан неғұрлым күшті тайпалық одақтарды біріктіруші күш болды. Біртұтас одаққа кірген тайпалар мәдени-шаруашылық жағынан өзара жақындаса түсті, соның нәтижесінде материалдық және рухани мәдениеттің бүкіл тайпалық одақ үшін ортақ үлгілері жасалды. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шенінде қазіргі Орталық Азия мен Қазақстан жерінде сақтар деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары мекендеді. Ассирия деректемелерінде сақтар туралы алғашқы мәліметтер б.з.б. 641 – 640 ж. айтылады. Ал Заратуштраның “Авеста” жинағында бұлар “турлар” деп аталған.


Қазақстан аумағында оның Оңт.-шығыс және орт. аудандарын мекендеген тайпалардың көбі сақ тайпалық одағына, ал оның батыс және ішінара солт. аудандарындағылары савромат тайпалар бірлестігіне кірген. Б.з.б. 4 ғ-дың аяқ шенінде қоғам өміріндегі шаруашылық және саяси өзгерістердің нәтижесінде бұл одақтар неғұрлым күрделі құрылымдарға – Үйсін және Қаңлы тайпалық одақтарына орын берді

17сұрақ

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет