Мәдениет және өнер факультеті Музыкалық білім және вокал кафедрасы 5В010600 Музыкалық білім Пәннің атауы: Музыкалық білім беру әдістемесі Дәріс оқитын: Философия докторы (PhD) К.Р. Кажимова
Орал, 2020 ж
Курстың мақсаты: Болашақ музыка мұғалімінің жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен кәсіби - педагогикалық жұмыс жасауға дайындау, болашақ музыка мұғалімінің мектептегі музыкалық педагогикалық жұмыстарға қызығушылығын қалыптастыру, өз бетімен музыкалық білім алуға қажеттілікті, алған білімдерін практикада қолдану, жалпы білім беретін мектептің әр сыныптарында музыкадан бағдарламаларды жүзеге асыруда оқушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын бейімділіктерін ескере отырып, музыкалық жұмыстардың әдістемелерін меңгеруге көмектесу. Өз тәжірбиелерін жинақтау үшін шығармашылық ізденуіне жағдай жасау.
Курстың міндеттері:
болашақ музыка мұғалімінің музыкаға және мектептегі музыкалық-педагогикалық жұмыстарға қызығушылығын қалыптастыру;
жалпы білім беретін мектептің әр сыныптарында музыкадан бағдарламаларды жүзеге асыруда оқушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, бейімділіктерін ескере отырып, музыкалық жұмыстардың әдістемелерін меңгеруге көмектесу;
музыканың мәнін мен ерекшеліктерін, оның әлеуметтік рөлін ашып көрсету;
музыкалық білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес «Музыка» бағдарламасының негізгі мазмұнын, ұстанымдарын және оқыту әдістерін толық игерту.
№ 1 дәріс Дәріс тақырыбы: Пәннің мақсаты, міндеттері, жалпы бағыттылығы, оның жоғарғы оқу орындарындағы музыка – педагогикалық алатын орны Мақсаты: Музыка пәнін оқыту әдістемесі пәні туралы түсінік беру.
Білім саласындағы әлемдік дамуды ескеру, Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беруді, соның ішінде музыкалық білім беруді реформалау, жоғары мектептегі музыкалық-педагогикалық процестерді ұйымдастырудың қалыптасқан негіздерін әдіснамалық-теориялық тұрғыдан терең пайымдауды қажет етеді. Қазіргі таңда болашақ музыка мұғалімдерін даярлаудың ісі белгілі бір жүйеге келтіріліп жатқанымен, бұл салада лайықты оқулықтар, оқу құралдары жоқ деуге болады. Музыкалық білім берудің әдістемесі педагогика, психология, музыкатану ғылымдарын ұштастыратын қалыптасу үстіндегі ғылым саласы. Аталған мәселелердің ойдағыдай дұрыс шешім табуы ВУЗ-дық блім беру жүйесінде болашақ манан даярлауға арналған „Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы“, „Музыкалық білім берудің әдіснамасы“, “Музыкалық педагогика“ курстары бойынша арнайы оқулықтарды, оқу құралдарын, әдістемелік нұсқауларды, хрестоматияларды, бейне, жазба материалдарын дайындауды жетілдіру ісімен тығыз байланысты. Мұғалімнің кәсіби дайындығы оның қоғамдық саяси, арнаулы және педагогикалық-психологиялық терең жан-жақты білімі болуымен анықталады. Білімді үнемі толықтырып отыру, өз пәнін жан-жақты игеру қазіргі мұғалімге қойылатын басты да нақты талап.
Қазіргі таңда білім шарттары бойынша балаларға музыкалық білім берудің мазмұны мен олардың музыкалық дамуы арасындағы байланысын, музыкадан сабақ берудің жаңарту үрдісінің тиімді критерийлерін жасаудағы ұмтылыс оқушыларға музыкалық білім беру әдістемесінің интеграциясы мен бағдарламалар нұсқаларында ерекше өзекті мәселе больш отыр.