№6 (7856). 2015 Қой жылы, сенбі, 14 ақпан


ЖалдамалылыҚ-  Қауіпті  Қылмыс



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата09.01.2017
өлшемі9,06 Mb.
#1485
1   2   3   4   5   6

ЖалдамалылыҚ-  Қауіпті  Қылмыс

«Таблиғи Жамағат» мүшелері сотталды

Сотталушылардың біреуі – 1 жыл 6 ай, қалған төртеуі 1 жыл 8 ай 

мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сотталғандардың көбі діни 

экстремизмге қатысы барын мойындамады. 

«Таблиғи  Жамағат»  ісі  бойынша  сотталғандардың  бірі  Айхан 

Құрманғалиев. Талдықорған, 14 қаңтар 2015 жыл.

Айыптау  тарабының  болжамынша,    Талдықорғанда  сотқа 

тартылған  жергілікті  бес  тұрғын  Қазақстанда  тыйым  салынған 

«Таблиғи Жамағат» діни қозғалысына мүше болған.

Айыпталушылардың  үшеуі  –  Бақыт  Нұрманбетов,  Қайрат 

Есмұхамбетов  және  Сағындық  Татубаев  сот  процесіне  дейін, 

қыркүйек  айында  тұтқындалған.  Ал  екеуі  –  Руслан  Қайранов  пен 

Айхан Құрманғалиев сотқа дейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен 

бостандықта жүрген.

Тергеу  деректері  бойынша,  сотталушылар  бірнеше  рет 

Бангладештегі  діни  семинарияларға  оқуға  барған,  әрі  Бақыт 

Нұрманбетовтың  үйінде  жиі  бас  қосып,  «экстремистік  сипаттағы» 

мәлімдемелер жасаған. 

 Тергеушілер олардың айыбын дәлелдеді. Көптеген куәгерлердің 

түсініктемелері,  фонограммалар,  аудио  және  видео  жазбалар  істе 

тіркелген.  Соттан  оларды  екі  жылға  дейін  бас  бостандығынан 

айыруды  және  жаза  мерзімін  жалпы  тәртіптегі  колонияда  өтеуді 

тағайындауды сұраймын, – деді айыптау ұйғарымын оқыған прокурор 

Гүлшат Азаматова.

Талдықорған қалалық сотының судьясы Сара Жаңбырбаева үкімді 

қаңтардың 14-і күні түнде жариялады. Руслан Қайранов бір жарым 

жылға,  қалғандары  бір  жыл  сегіз  айға  сотталды.  Сотталғандардың 

туыстары сот шешіміне қатысты комментарий беруден бас тартты.

«Таблиғи  жамағат»  діни  ұйымы  өткен  ғасырда  Үндістанда 

құрылған.  2013  жылдың  ақпан  айында  Астана  қаласы,    Сарыарқа 

аудандық соты ұйымды экстремистік деп танып,  Қазақстан аумағында 

қызмет етуіне тыйым салған. Бұл ұйым қызметіне Ресей, Өзбекстан 

және Тәжікстанда да тыйым салынған.

ТүзеТу 

2015 

жылдың 



қаңтарында 

аудандық 

«Хантәңірі» 

газетіне 

аудан      әкімдігінің  02  наурыз  2011 

жылғы  “Үгіт  баспа    материалдарын 

орналастыру  үшін  орын  белгілеу 

туралы»    №61  қаулысының  күші 

аудан    әкімдігінің  14  қараша  2013 

жылғы  №191  қаулысы  мен”  деген 

сөйлем  “09  ақпан  2012  жылғы  №22 

қаулысымен  күші  жойылсын”  деген 

сөзбен оқылсын.

   Аудан   әкімдігінің 15 ақпан 2012 

жылғы  «Райымбек  ауданы  бойынша 

жастар  практикасын  ұйымдастыру 

туралы»  №25  қаулысының  күшін 

жойылуына байланысты газет бетіне 

жарияланғанда    “Алматы  облыстық 

Әділет департаментінің 2012 жылдың 

28 

ақпаннындағы 

 

№2-11-116 

нөмірімен  нормативтік-  құқықтық 

акт  реестрінде  мемлекеттік  тіркеудің 

тізімінде  тіркелген”    деген  сөйлем  

“2012  жылдың    28  ақпан  №2-15-116 

нөмірімен тіркелінген” деп оқылсын.

Неке және отбасы 

туындаған  дауларды  сотқа  дейін  шешу  мәселесі  барысында 

тоқталғым келеді.

Неке  бұзу  туралы  азаматтық  істерді  қарағанда  соттың  бар 

мүмкіншілігі сот мәжілісінде екі жақты татуластыру үшін әрекет  

жасауға мүдделі, екі жұбайдың олардың талап- тілектерін егжей- 

тегжейіне  дейін  екеуін  зерттеп,  не  олардың  некесін  айыру 

қажет, не үш айға татуластыру мақсатын көздеп  мерзім береді. 

Жұбайлардың  жанұясын сақтап қалуы үшін, олардың кәмелетке 

толмаған жас бүлдіршін балаларын тірі жетім қылып қалдырмас 

үшін, заң жүзінде соттың құзырындағы бар мүмкіншілік осы.

Сот ісін қараған кезде, ерлі- зайыптылардың  жас бүлдіршін 

бөбектерінің  қамы  үшін,  оларды  жарастыру,  татуластыру 

мақсатында  аталы  сөздерді  айтып  және  жауапкершіліктерін 

қараған  судья  түсіндіреді.  Балаларының  алдындағы,  ел- 

жұртының  алдындағы  борышын  түсініп  райынан  қайтып, 

жарасып  кеткен  жастар  аз  емес.  Кәмелетке  толмаған    ортақ 

балалары жоқ ерлі-  зайыптылардың некені бұзуға өзара келісімі 

кезінде  және  бір-  біріне  мүліктік  және  өзге  де  талаптары 

болмаған  кезде  тіркеуші  органдарда  неке  бұзылады.    Алайда 

сот  тәжірибесінде  заңның  осы  талабын  білмеудің  салдарынан 

кәмелетке  толмаған  ортақ  балалары  жоқ  некені  бұзуға  өзара 

келісімі бар және бір- біріне мүліктік, одан өзге де талаптары 

жоқ  көптеген  азаматтар  мен  азаматшалар  тіркеуші  органдарға 

арызданбастан бірден сотқа некені бұзу туралы талап арызбен 

жүгінеді.

  Алайда,  сот    тәжірибесінде  ерлі-    зайыптылардың 

ортақ    мүлкін  бөлу  кезінде  араларында  дау  болмағандығына 

қарамастан,  сотқа  жүгіну  деректері  кездеседі,  мысалы  ортақ 

некеде  тұрған  уақыттарында  сатып  алған  пәтердің  екеуіне 

тиісті үлесін  анықтап беру туралы талап арызбен сотқа жүгінуі 

жиі кездеседі. Мұндай жағдайда олар сотқа жүгінбей-ақ ортақ 

мүлікті  бөлу  туралы  келісімдерін  нотариатта  куәландырса  да 

жеткілікті.

Сонымен  қатар,    неке  және    отбасы  туралы  кодекстің 

талаптарына сай баланың ата- анасымен екеуінде аталарымен,  

әжелерімен,  аға- інілерімен,  басқа да туыстарымен араласуға 

құқығы  бар.  Ата-  ана  некесінің,    ерлі-    зайыптылығының  

бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата- аналарының 

бөлек тұруы  баланың құқығына әсер етпеуге тиіс.

Медиация  туралы  заң  қабылданды.  Осы  заң  талаптарын  

сотқа  қаралатын неке және отбасымен байланысты туындайтын 

даулар жөніндегі азаматтық істерді қарау барысында қолданған 

жөн болар еді.



                                           М. М. усеНов,

                                              аудандық сотының бас 

маманы.

Заң және Сана



3

Хантәңірі

g. hantaniri@mail.ru.

2015— Қой жылы, сенбі, 14 ақпан

Озық тәжірибе— ортақ қазына

Музыкалық ертегі

Сабақтың  тақырыбы:  «Жыл  басы  кім 

болады?»


Мақсаты:  1.  Оқушыларды  адамгершілікке, 

достыққа, 

патриоттыққа, 

жан-жануарға 

мейірімділікпен қарауға, қорғауға  тәрбиелеу.

2.  Музыкалық  ертегі  арқылы  есте  сақтау, 

ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Музыкалық білімдерін жетілдіру, сауатты 

ән айтуға үйрету.

Көрнекілігі: Жан-жануарлардың суреті. Жыл 

атаулары, сахналық безендірулер. 



Ұйымдастыру:  Оқушыларды  музыкалық 

ертегіні сахналап қоюға дайындау. 



Мазмұны:  Орман,  алаңның  ортасында 

ұйықтап  жатқан  қоян.  Қоян  есінеп,  жаңа 

оянғандай  жан-жағына  қарап,  біреулерді  

іздейді.  Ешкімді  көрместен  өзімен-өзі  билей  

жөнеледі.  Бидің  әуенін  естіп,  орманның  түрлі 

жануарлары  жиналады.  Олар  қоянға  қосылып 

билеп кетеді. Бидің аяғында жануарлар сағаттың 

ұрған дыбысын тыңдап тұрып қалады. «Бұл не? 

Иә,  бұл-келе  жатқан  Жаңа  жыл,  біз  осы  үшін 

шақырылған екенбіз ғой...»

 Жануарлардың бірінші хоры:

Жыл басы тек мен болам,-

Деп хайуандар таласты.

Өз-өздері мақтанып,

Уәждәрі жарасты.

Жылды қарап тұрайық.

Ең бұрын көрген батырды

Жыл басы деп ұғайық.



 

Сиырдың әні:

«Мө»деп мөңіредім,

Молшылық төңірегім.

Жыл басы боламын деп,-

Ертерек келіп едім.

Көгалда-тұрағым,

Дайын тұр құрағым.

Сүтіммен, етіммен,

Адамға ұнадым.

Сабақтың  тақырыбы:  «Құстар—  біздің 

досымыз».



Сабақтың мақсаты: 

Білімділігі:  Балаларға құстар туралы мағлұмат 

беру.  Үй  құстары  және  дала  құстарымен 

таныстыру.    Балаларды  табиғаттағы  құстарды 

аялап, оларға қамқор  бола білуге үйрету.



Дамытушылығы:  Сөздік  қорларын  молайту.  

Байланыстырып сөйлеу қабілеттерін және тілін 

дамыту.

Тәрбиелілігі:  Балаларды  құстарға  қамқор 

болуға тәрбиелеу.



Әдіс-  тәсілі:  Көрсету,  әңгімелеу,  түсіндіру, 

сұрақ- жауап.



Көрнекіліктер:  Құстар туралы слайд көрсету, 

құстардың  дауысы  жазылған  үнтаспа,    құстың 

ұясы.

Сабақтың барысы: Шаттық шеңбері

-Балалар  шаттық  шеңберін  құрып,  бір- 

біріне жылы лебіздерін білдіреді.

- Сен қандай сүйкімдісің

-Бүгін сен әдемісің.

- Сен менің досымсың т. б



Ұйымдастырушылық – ізденушілік кезең.

Шыр-шыр еткен торғайды.

Қорғамасаң болмайды.

Кіп-кішкентай торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қоңбайды.

Балалар,  сендер  не  жайында  өлең 



тыңдадыңдар ?

Құстар.



Сендер, қандай құстарды білесіңдер ?

Торғай, 


сарышымшық, 

қарға, 


сауысқан, тоқылдақ, кептер, суықторғай.  

-  Осы  айтқан  құстар  біздің  ауламызда  бар 

ма?



(Слайд  арқылы  құстардың  түрлерін 



көрсетіп таныстыру). 

Балалар құстар екіге бөлінеді.



Үй құстары және дала құстары.

-Дала құстарына қандай құстар жатады?

-Қарға, торғай, көгершін, аққу, тырна.

-Дала  құстары  далада  өз  еріктерімен  ұшып 

жүреді,  олар  құрт-  құмырсқамен  қоректенеді. 

Құстар  ағаштың  басына  ұя  салады.  Оларға  біз 

қамқор болып ұя жасап беруіміз керек.

-Ал,  балалар  үй  құстарына  қандай  құстар 

жатады екен ?

-Тауық, әтеш, күркетауық, үйрек, қаз т.б

-Үй  құстары  үйде  өсіріледі,  олар  аулада 

жайылып жүреді.

Құстар  табиғатты  қорғайды.  Бау-  бақшаны 

зиянды құрт- құмырсқалардан тазартады.

«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісінен қойылым  

тамашалау.

Сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық,

Қәне, қанат қағайық.

Ұшып-ұшып алайық,

 Аққуша мойын созайық.

 Торғайша  келіп қонайық.

Дидактикалық ойын: «Құстарды ажырат»

Ойынның  мақсаты:    Балалардың  зейінің 

дамытып,  құстардың  түрлерін  ажырата  білуге 

үйрету.

Ойынның  барысы:    Балаларға  үстел  үстінде 

орналасқан  суреттерден  үй  құстары    мен  дала 

құстарын ажыратып алу.

Балалар  жұмбақтар  мен  тыйым  сөздер 

айтады.

Құйқылжытып дала күйін  



Бұрап қойған сағаттай

Үй ішіне салады үйін.   (қарлығаш)     

 Айқайлайды таң атпай.     (әтеш)

Құстарды атуға болмайды.

Құстың ұясын бұзба.

Қорытынды: 

 

Сұрақ-жауап 



арқылы 

балалардан  бүгінгі  сабақтан  қандай  нәтиже 

алғандығын тексереді.

Күтілетін нәтиже: 

Білу керек:  Балалар үй құстары туралы,немен 

қоректенетінін, олардың түрлерін білуі  керек.



Түсінігі:        Құстарға  әрқашан  қамқорлық 

көрсету және қорғау.



    Көрсете  білуі:    Берілген  сұрақтарға  жауап 

беріп, құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу.



А. КӘДірБАевА,  

  «Балауса бөбекжай-

 балалар бақшасы»

 мектепалды даярлық 

тобының  тәрбиешісі.

«Жыл басы кім болады?»

 

Жылқының әні:

Алысқа шауып барамын,

Адамның бабын табамын.

Пайдасы мол Жылқымын,

Жыл басы мен боламын.

Әсем десең,әсеммін,

Сылаң қағып өсемін.

Кең далада көсіліп,

Самал желдей есемін.

 

Түйенің әні:

Түйе,Түйе,Түйемін,

Жануармын киелі.

Кім таласар бойыма,

Жыл басыңа иемін.

Жан-жағыма қараймын,

Күн мен түнді санаймын.

Мен өзімді даланың,

Кербезіне балаймын.

    


   

Барыстың әні:

Ырр,ырр,Барыспын,Барыспын,

Бәріңе таныспын,таныспын.

Айналама сыйлымын,сыйлымын.

Сезімсізбен алыстым,алыстым.

Күшіме сенемін,сенемін,

Бәрін де жеңемін, жеңемін.

Жыл басы болуға,

Шіреніп келемін.

 

Ұлудың әні:

Ұлу деген мықтымын,

Жарқын-жарқын шықты үнім,

Ойым озар өзімнен,

Ақыл, ой бар сөзімде.

Үйім бірге өзіммен,

Сабыр етем төзіммен,

Күш пен көрік құлпырар,

Салиқалы сөзімнен.

Бір мезетте ортаға Маймыл секіріп шығып, 

бәрін  мазақтай  бастайды.  Ол  Жыланға  келіп 

тиіседі. Жайбарақат жатқан Жылан Маймылды 

шағып  алғысы  келеді.  Маймыл  сәл  кідіріп, 

қайтадан  мазақтауға  көшеді.  Басқа  жануарлар 

екеуінің  таластарын  бақылап  тұрады.  Ақылды 

Жылан соңында Маймылмен татуласып, екеуі 

полька билей жөнеледі.

     


    Қойдың әні:

Бә, бә, бә, мен қоймын,

Көк шөпке тойдым.

Жыл басы болуға

Кетіп тұр ойым.

Қараңдаршы,қандаймын,

Аппақ болған таңдаймын.

Жыл басыңа лайық,

Жарқырап тұр маңдайым.

Тауық,  Ит,  Доңыз,  Қоян  жылды  көріп 

таласқан.

   Тауықтың әні:

Қо, қо, қо, қо, қоқ,

Жыл әлі неге жоқ?

Жұмыртқамды жегесін,

Барлық бала тоқ.

Құрт-құмырсқа жемтігім,

Жоқ ешбір кемтігім,

Бәрің де бос мақтанып,

Шаршамаңдар ентігіп.

       

 

 Иттің әні:

Абалап үремін,

Үй қорып жүремін.

Адамның көмекші,

Досының бірімін.

Ит болғасын үремін,

Сергек өмір сүремін.

Жеті қазынаның бірімін,

Адамды қорып жүремін.

          

  Доңыз бен Қоянның дуеті:

Түйе мойын созады, 

«Мен болам»,-деп жар салып.

Тышқан одан озады,

Жылды алғаш қарсы алып.

    


 Тышқанның әні:

Алақай, алақай,

Күнді көрдім, алақай!

Қулығыммен, ақылыммен

Бәрін жеңдім, алақай!

Жануарлардың  екінші хорының жалғасы:

Тышқан деген батырың

Таңды көзбен атырды.

Төбесінен  түйенің 

Жылды көріп қатырды.

Барлығың да қараңдар,

Енді үйге тараңдар.

Жылды көрген тышқанды— жыл басы деп 

санаңдар!

Жылды    Тышқаннан  кейін  Сиыр,  Барыс, 

Қоян,  Ұлу,  Жылан,  Жылқы,  Қой,  Мешін, 

Тауық, Ит, Доңыз көрген екен. Ал Түйе болса, 

ауызы  ашылып,    таңырқап,  ештеңеге  түсінбей 

қала  береді,  сөйтіп  жыл  атауларынан  құр 

алақан  қалыпты.  Жан-жануарлар  достық  пен 

сыйластықты,  ақылдылықты,  тапқырлықты 

мойындап,  әнге  қосып,  билеп,  жаңа  жылды 

тойлаған екен.

                     Жануарлардың соңғы хоры:

Соңғы бөлім

Тышқан , Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан,

Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңызды,

Санап, жаттап, біліп қой!

 Д. САТылғАнОв,



 Текес балалар  өнер мектебі. 

Құстар- біздің досымыз

П,  п   дыбысы  мен әріпі 

Сабақтың  тақырыбы:   П,   п   дыбысы  мен әріпі 

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі:  оқушыларды  П,  п  дыбысының  әріп  

таңбасымен  таныстыру,    жаңа  сөздерді  оқушыларға 

меңгерту.  Сөздерге  дыбыстық    талдау  жасату  және 

оқушыларға П, п дыбысы мен әріпі арқылы берілген 

сөздерді тізбектей оқыту.

Дамытушылығы:  П, п дыбысы мен әріпі арқылы 

оқушылардың  ойлау,  есте  сақтау  қабілеттерін, 

танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік 

қорларын дамыту.   



Тәрбиелігі: 

оқушыларды 

ұқыптылыққа, 

сауатылыққа,  табиғатты  сүюге,  өз  бетімен  жұмыс 

атқаруға тәрбиелеу.

  Сабақтың  әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап,  ойын 

түрлері, баяндау, талдау, түсіндіру. 

Түрі: аралас  сабақ

Көрнекілігі:  суреттер,  тақта,  бор,  оқулық, 

жұмбақтар.  



Техникалық  құрал-  жабдықтар:  интерактивті 

тақта.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын  сұрау

ІІІ.Мақсат  қою

ІҮ.Жаңа   сабақ

Балалар,  біз  көңіл-  күйіміздің  әрқашанда 

көтерінкі  болғанын,  көңілімізге  ешқашан  да  кірбің 

түспеуін, бұлт шалмауын қалаймыз. Біздің тақтадағы 

күніміздің  бетін  бұлт  жауып  қалыпты.    Күн  көзінен 

бұлтты  сейілту  үшін  мына  бұлттардың  артындағы 

жұмбақты  шешейік.  Сол  жұмбақты  шешу  арқылы 

біз  күнімізге  көмектесейік.  Келістік  пе,  балалар?   

(Оқушылар жауабы) 

Жесең ащы, 

Көзіңнен шығарар жасты. (Пияз)

—  Пияз  деген  сөздің  ең  бірінші  әріпіне  назар 

аударайықшы,  балалар.  Бұл  П  әрпі.  Бүгінгі  біздің 

тақырыбымыз П әрпі мен дыбысы. П әрпі дауыссыз 

дыбыс.  Балалар,  мына  суретте  П  дыбысы  қандай 

түспен  боялған?  Иә,  балалар,  дұрыс  айтасыңдар,  П 

дыбысы көк түспен боялған. Біз қандай дыбысты көк 

түспен бояушы едік? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Біз 

көк түспен дауыссыз дыбысты бояймыз. П дыбысын 

айтқанда жоғарғы ерін төменгі ерінге жуық тиіп, тез 

ажырап  кетеді.  Қанекей,  балалар,  барлығымыз  бірге 

айтып көрейікші: -П-п-п

— Жақсы балалар, ал енді кім П әріпі кездесетін 

сөздерді  біледі?  (Парта,  парақ,  піл,  жапырақ,  кітап 

т.б.). Осы сөздердің қай жерінде П әріпі кездесіп тұр? 

(Оқушылар жауабы). 

—  П  дыбысы  сөздің  басында  да,  аяғындада  да 

кездеседі.

    2   Дәптермен жұмыс.

— Балалар, п әріпінің үлкен  әріпі үш элементтен 

тұрады.

Ал,  енді  барлығымыз  сиқырлы  тақтаға  назар 



аударайық.  Барлығымыз  көркем  жазу  дәптерімізді 

ашып  әдемілеп  жазайық.  (Оқушыларға  П  әріпін 

жазғызу). 

Сергіту сәті.

Ү. Оқулықпен жұмыс.

Балалар,  кітаптағы  сөздерді    барлығымыз  бірге 

оқиықшы.


Тап,  пішен,  шопан,  әріп,  талап,    қап,    пәтер,  

шапан,  кітап,  Жақып.

— Ал,  енді,  Кітап деген мәтінді кезекпен оқып 

шығайық. 

 Кітап 

Кітап-білім  бастауы.  Кітапты  оқи  білу- 



өнер.  Кітап-  адамның  ақылшы  досы.  Оны  жұрт  

құрметтейді.  Кітаптағы  қызықты  ертегі,  әңгіме 

өлеңдерді  жазушылар,  ақындар  жазады.  Суретшілер 

суретін салады. 

Кітап  қай  жерде  басылып  шығады,  балалар? 

(Кітаптағы сурет бойынша әңгімелеу).

Кітап.    Жатқа.  Оқиды.  Абай.  Ыбырай.  Шоқан. 

әңгіме. ертегі. өлең. газет. журнал. көп. 

Шәріп қайда келді?

Ол нешінші сыныпта оқиды? Қандай кітаптарды 

ұнатады? Кітаптарды қайда жинап қояды?

Тақтамен жұмыс.

Ал,  енді  балалар  тақтадағы  суретке  назар 

аударайықшы  (тақтадағы суреттерді түсіндіру арқылы 

балаларға таныстыру).

Үі. Сабақты  қорытындылау.

Балалар,  бүгін  біз  қандай  тақырып  өттік? 

Сонымен  П,  п  әріпі  кездесетін  қандай  сөздер  біледі  

екенбіз?  П, п  әріпі қандай дыбыс екен?  Жарайсыңдар 

балалар!

Үіі.   Үйге  тапсырма

Балалар,  үйде  102-103-бетті  оқып,  дәптерге    П 

әріпін жазып келейік.

Үііі.    Бағалау. 

Жарайсыңдар,  балалар!    Бүгін  барлығымыз 

сабаққа  жақсы  қатысып  отырдық  (оқушыларды 

жауабына қарай бағалау).

    

 

             н. е. ИБрАИМОвА ,



«Б. Соқпақбаев  атындағы  орта мектеп  

мектепке  дейінгі  шағын  орталығымен» коммуналдық  

мемлекеттік  мекемесі даярлық сынып  мұғалімі. 

Мерей

4

Хантәңірі

g. hantaniri@mail.ru.

2015— Қой жылы, сенбі, 14  ақпан

«Бұрынғылар күнім өтіп бара жатыр»-деп жылайды екен деген 

сөзді  жас  шағымызда  үлкендерден  жиі  еститінбіз.  Бүгінде  сол 

өтіп  жатқан  уақыттың  өзіміз  де  куәсі  болып  отырған  жайымыз 

бар.  Жаңа  жыл  қарсаңында  зейнетақы  құжатын  реттетіп  жүрсек, 

зейнетақы  төлеу  орталығыдағы  бір  ініміз  «бұрын  зейнетке 

шыққандар  үлкен  көрінуші  еді,  қазіргілер  жас  көрінеді  ғой»-деп 

әзілдейді.  Бағамдасам,  ондай  «жастардың»  арасында  мен  жалғыз 

емес екенмін. Қаңтарда зейнеткерлер қатарын толықтырған Жанат 

Демежанов, Досан Дуанқұлов құрдастарым бастаған  көш ақпанда 

жаңа  есімдермен  толықты.  Жақында  редакцияға  зейнет  жасына 

келген  Құдайберген  Ыдырысов  бас  сұққанда  есейдік  деп  әбіржіп 

жүрген көңіліміз  бір орнына түсіп қалғандай «жайланып» қалдық. 

Құдышпен  аудан  қосылғанда,    1997  жылы  таныстық.  Одан  бері 

табаны күректей 18 жыл өтіпті-ау! Зымырап жатқан уақыт осы емес 

пе?.. Бәрі де күні кешегідей сияқты.

— Оу, «қайын ағаңмын» деп «үлкейіп» жүруші едің, бір ай кіші 

екенсің ғой, -деймін.

—  Бір  айдың  әрісі  не,  берісі  не,-  деп  жайдары  жымиды 

Құдыш. Уақыт көші алға кетіп, зейнеткерлер ауылына ат тіресе де 

оның  тұла  бойында  ешнәрсе 

өзгермегендей.  Өзіне  сеніп 

тапсырылған 

ірілі-ұсақты 

лауазымдардан 

тыс 


14 

жылдан  аса    аудандық  ауыл 

шаруашылығын 

басқарған 

азаматтың  өмір соқпақтарының 

әр  күні,  әр  сағаты    аудан  үшін 

еңбек  еткен  мазасыз  жылдарға 

толы  емес  пе.  Жоғарының 

нұсқауын бұлжытпай орындап, 

білімді азамат.  Ұрсу, айғайлау дегенді білмейтін. Жоқ жерден ілік 

іздеп, қарамағындағы мамандардың соңына түспейтін. Өзара сенім 

қалыптасқан  ұжымда  жұмыс  та  ілгері  басады  ғой.  Жұмысымыз 

да  ілгеріледі,  әрі  басшымыздан  көп  нәрсе    үйрендік-  дейді, 

Құдайберген  Ыдырысұлының  тәлім-тәрбиесін  көріп,  бүгінде 

аудандық  Халыққа  қызмет  көрсету  бөлімін  басқарып  отырған 

Тұрсынбай Әлімбаев.

«Ұяда не  көрсең, ұшқанда соны ілесің»-дейді, халық нақылы. 

Құдайбергеннің  бойындағы  адамдарға,  айналасына  деген  құрмет 

пен қамқорлық  әкесі, Еңбек Ері Ыдырыс Әбдіғұловтың үлгісі деп 

ойлаймыз.Ұлы Отан соғысы жылдары балалықтың қызығын бастан 

кешпей,  14  жасында  шопан  таяғын  ұстаған  Ыдырыс  Әбдіғұлов 

кейіннен  әр  жүз  саулықтан  120-160  аралығында  қозы  алып,  бір 

шаруашылықтың малымен пара -пар қой өсіріпті.

Майталман  малшының  еңбегі  жоғары  бағаланып,  1966 

жылы  22  наурызда  СССР  Жоғарғы  Кеңесінің  Төралқасының 

Жарлығымен  Социалистік  Еңбек  Ері  атанды.  Ыдырыс  Әбдіғұлов 

заман  талабынан  да  қалмай  еңбек  ете  жүріп,  зоотехникалық 

техникумды  бітірді.Өзі  туып  өскен  Ұзынбұлақ  ауылындағы  асыл  

тұқымды кеңшарда зоотехник болып, жас шопандарға өзінің бай 

тәжірибесін үйретті. 

Өмірден  түйгені  көп  ақсақалдың  кезінде  талай  жастарды 

кәсіптік бағытта баулып қана қоймай, өмірдегі бағыт-бағдарының 

да қалыптасуына ағалық жол көрсеткені анық.

Ыдырыс  Әбдіғұлов  қарияны  аудандағы  шараларға  келгенде 

бірнеше  рет  көрдім.  Ешкіні-апа,  текені-жезделеп  жүріп,азды-

көпті шен-шекпеннің иесі атанып, көңілдері бұлттардың арасында 

«қалқып»  жүретіндер  болады.  Осындай  біреуді  қолдан  жаратып 

алғандай айналасына жоғарыдан қарайтын жасанды тәкәппарлық 

Ыдырыс  ақсақалдың  бойына  бітпепті.  Шақырылған  аудандық 

шараларда  қарапайым,кішіпейіл  жан  өзін  мінберден  көрсетуге 

де  талпынған  жоқ.Кішіпейілдігінен,  сыпайылығынан  жазбай,  өз 

ойын көпшілікке түсінікті ұғымда жеткізіп жүрді.Бұл нағыз еңбек 

адамына тән қасиет.

—  Мен  ауылдағы    қарапайым  малшының  баласымын. 

Сондықтан  болар    ауыл  шаруашылығы  саласы  мамандығын 

таңдағаным,  -  дейді  Құдайберген.  Әкем  «Еңбек  Ері»  деп,  кейбір 

пенделер  сияқты  асып-таспайды.  Бұл  қарапайымдылық  та  оған 

әкеден  сіңгені  айтпаса  да  түсінікті.  Сондықтан  да    Тәңірберген 

Қасымберкебаев  айтқандай,  «шалқар  шабыт,  тың  табыстан» 

жаңалық  іздемей,  елағасының  жасына  жетіп  қалған  азаматтың 

артта қалған жарқын жылдарын өзімен сұхбат арқылы білдірейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет