6-апта өзіндік жұмыс тапсырмалары: «Қазіргі заманғы педагогикалық технология»



бет1/4
Дата02.11.2022
өлшемі24,93 Kb.
#46978
  1   2   3   4

6-апта өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. «Қазіргі заманғы педагогикалық технология» пəнінің
объектісі, пəні, мақсаты мен міндеттерін саралаңыз.
2. «Технология» ұғымын түсіндіріңіз.
3. «Педагогикалық технология» ұғымына берген педагогғалымдардың түрлі пікірлерін сипаттаңыз.
4. «Педагогикалық технология» ұғымының мағынасын атаңыз.
Қазақстан Республикасыөзінің тəуелсізмемлекет екендігін бүкіл əлемге дəлелдеді. Ендігі басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың əлеуметтік, экономикалық жағынан кемелденуі болып табылады. Мемлекеттің əлеуметтік, экономикалық өсіпөркендеуінің түпқазығы – білім мен ғылым екені даусыз. Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, əлемдік кеңістіктегі орны білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ. Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы бүкіл ұлттың, елдің барлық атқару органдарының басты идеясына айланысуы тиіс екендігін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаев атап көрсетті. Бұл білім саласына, соның ішінде білім саласының мамандарын дайындауға үлкен жауапкершілік жүктейтіні түсінікті. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің реформалануы коғамның демократикалық бағытта дамуына бет алғанын айқындайды. Осыған орай, білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығыменжаңаруына алып келді. Күн тəртібінде қойылып отырған күрделі мəселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді əлемдік деңгейгежеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі – 12 жыл оқыту моделі. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық жəне рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды жəне жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді. 12 жылдықжалпыортабілімберудіңмақсаты – алғанбілімдерінің негізінде еркін баяндалатын, өзін таныта, дамыта білетін, қазіргі заманға бейімделіп, өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру. Еліміздің болашағы жастар десек, жастардың болашағы оларды саналы тəрбиемен, сапалы біліммен қаруландырып, білімі озық елдердің əлемдік озық үлгісін өнегесін, тəжірибесін үйрететін ұстаздар қауымына жүктелген еңбегіне байланысты болмақ. Осы тұста В. Г. Белинскийдің: «...ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр», – деген сөзі еріксіз еске түседі. Өйткені, ұстаз – болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тəрбиелеу жəне терең де жан-жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Ол жас ұрпақ бойына білімді, əдетті, дүниетанымдылықты, өмірге деген өмірлік мақсатын қалыптастырушы басты тұлға. Уақыт өткен сайын білім саласының əлеуметтік рөлі де нығайып келеді. Бұған дəлел – бүгінгі таңда еліміздің білім беру мекемелерінің алдында Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға дейінгі стратегиялық дамуын жүзеге асыру, 2015 жылға дейінгі Қазақстандағы білім беру Тұжырымдамасының бекітілуі. Осы аталған құжаттардың көздеген мақсаттары бір арнаға тоғысады. Ол мақсат – білім беру мекемелерінің мамандарына еліміздің болашағы – жастарды терең біліммен сусындату, яғни бір сөзбен айтқанда бəсекеге қабілетті ұрпақ дайындау мəселесі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет