6 дәріс. Кедендік бақылау жүргізудің принциптері



Pdf көрінісі
Дата22.12.2022
өлшемі259,27 Kb.
#59122


6 дәріс.
Кедендік бақылау. Кедендік бақылау жүргізудің принциптері. 
Кедендік бақылау– бұл заңды және жеке тұлғалармен Қазақстан 
Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының халықаралық 
шарттарын, тауарларды, көлік құралдарын, валютаны және валюталық 
құндылықтарды әкелу, әкету және транзит тәртібін реттейтін ережелерді 
сақталуына бағытталған Қазақстан Республикасының кеден органдарымен 
құқылы іс-әрекеттерді жүргізу. 
Кедендік бақылаудың негізгі мақсаты— өткізілген кедендік 
операциялар мен кедендік заңнама бойынша іс-әрекеттерді сәйкестігін 
кедендік бақылаудың әр түрлі нысандарының көмегімен айқындау; 
белгіленген кедендік ережелер мен рәсімдерді кедендік қызметке қатысатын 
заңды және жеке тұлғалармен сақтау. 
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін 
негізге алады және орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген 
Кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасы 
заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кедендік 
бақылаудың нысандарымен ғана шектеледі. Кедендік бақылаудың 
объектілері мен нысандарын таңдаған кезде тәуекелдерді басқару жүйесі 
қолданылады.Кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында кеден органдары 
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет 
мемлекеттердің кеден органдарымен ынтымақтасады.
Кедендік бақылаудың негізгі функциялары: 

кедендік заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету; 

кеден ісін жүзеге асыру кезінде азаматтар, ұйымдар мен мекемелердің 
құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау бойынша шараларды 
қабылдау; 

өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды қамтамасыз ету; 

кедендік баждарды, салықтарды және басқа да кедендік төлемдерді 
алу; 

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен 
көлік құралдарды өткізудің рұқсат тәртібін сақтауын қамтамасыз ету; 

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін 
тауарлар мен көлік құралдарға қатысты тарифтік және тарифсіз 
шараларды құрастыруына және оларды жүзеге асыруына қатысу; 

кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүргізу және жетілдіру
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар 
айналымын жетілдіретін шарттарды жасау. 
Кедендік бақылаудың объектілері болып: 



Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін 
тауарлар мен көлік құралдары; 

тауарлар мен көлік құралдары туралы құжаттар мен мәліметтер

тауарлар мен көлік құралдарына қатысты құзыретілігі бар заңды және 
жеке тұлғалар (тауар иесі, кедендік брокерлер, декларанттар, кедендік 
тасымалдаушылар және т.б.) саналады. 
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылауы Қазақстан 
Республикасының барлық кедендік аумағында ұйымдастырылады және 
жүзеге асырылады, ең алдымен, кедендік бақылау аймақтарында, сонымен 
бірге, еркін қоймаларда және еркін кеден аймақтарында. Кедендік бақылау 
тауардың мынадай қозғалу сатыларына қатысты: тауарды өндіру, сақтау, 
сату, сатып алу, тиеу, түсіру, қораптау, тасымалдау, сақтандыру, қолдану 
және т.б. Бұл, тауардың шыққан елі, кедендік құны, оның сапасы және саны, 
СЭҚ ТН сәйкес дұрыс жіктелуі және т.б. туралы мәліметтерді тексеруінде 
нақты байқалады. Аталған мәліметтердің маңызы Қазақстан 
Республикасының заңдылығын және халықаралық шарттарын сақтау туралы 
мәселелерді шешу үшін қажетті. 
Кедендік бақылау субъектілері болып Қазақстан Республикасының кедендік 
жүйесі, тауарлар мен көлік құралдарды кедендік шекарадан өткізуімен 
байланысты сыртқыэкономикалық қызметке қатысушы тұлғалармен өзара 
қарым-қатынас жасайтын, олардың лауазымды тұлғалары. Кедендік бақылау 
субъектілерінің әр қайсысы нақты іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін белгілі 
бір құзіреттіліктері бар. 
Кедендік бақылау нысандарына мыналар жатады: 
1. кеден декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді тексеру; 
2. ауызша пікір сұрау; 
3. түсіндірмелер алу; 
4. кедендік қадағалау; 
5. тауарлар мен көлік құралдарын тексеру
6. тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау; 
7. жеке тексеру; 
8. тауарларды арнаулы таңбалар мен таңбалау, бірдейлендіру белгілерін 
соғу; 
9. тауарлар мен көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік 
жүйесін тексеру; 


10. тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу
11. үй-жайлар мен аумақтарды тексеру болып табылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет