6 сұрақ Жарық шамаларын өлшеу әдістері



Дата10.03.2023
өлшемі18,6 Kb.
#73198

1-деңгей
6 сұрақ Жарық шамаларын өлшеу әдістері.
Юнг тәжірибесі. Френель тәжірибесі. Ньютон сақиналары. Малюс тәжірибесі.

21.Френель зоналары. Зоналық пластинка


Френель зоналары толқындық бетті ойша дөңгелек зоналарға бөлуге және олардан таралып бір-біріне қосылысып интерференцияланған элементар толқындардың амплитудалары мен фазаларын есепке алуға негізделген. S жарық көзінен жарық толқындары таралып сфералық толқындық беттер түзілсін, сонда олардың біреуі Σ-мен белгіленген бет болсын. Енді жарық толқынының Р нүктедегі әсерін анықтау үшін Френельше сол Σ толқындық бетті ойша дөңгелек зоналарға бөлеміз. Ол үшін Р-ні центр етіп алып, Σ бетті қия ойша бірнеше сфера сызамыз, сонда көршілес сфералардың радиустарының бір-бірінен айырмасын жарты толқын ұзындығына ( -ға) тең етіп аламыз.

39. Оптикалық жүйелердің аберрациясы


Оптикалық жүйе аберрациялары (лат. аберратіо – ауытқу) – оптикалық жүйе арқылы алынған кескіндердің бұрмалануы. Оптикалық жүйе аберрациялары оптикалық кескінді көмескілендіреді, жиектерін түрлі түске бояп, нысанмен ұқсастығын бұзады. Оның екі түрі бар.
Хроматтық аберрация ортаның сыну көрсеткішінің жарық толқынының ұзындығына тәуелділігінен пайда болады. Оның салдарынан кескін түрлі түске боялып көрінеді. Оптикалық жүйе аберрацияларын толық жою мүмкін емес. Бірақ әр түрлі әдістер арқылы оны азайтып, кескін сапасын арттыруға болады.
Геометриялық аберрацияға сфералық аберрация, кома, астигматизм, дисторсия жатады. Сфералық аберрация – нысанның бір нүктесінен шығып оптикалық жүйе арқылы оның осіне жақын және одан шеткері өтетін сәулелердің бір нүктеде қиылыспауы.

2 деңгей

6 сұрақ Кристаллоптика негіздері

Кристаллооптика – физиканың жарықтың кристалдарда таралу заңдылықтарын зерттейтін саласы. Кристаллооптикада кристалдың негізгі қасиеттері: сәуленің қосарланып сынуы, жарық поляризациясы, поляризация жазықтығының бұрылуы, плеохроизм қарастырылады.


21. Стефан-Больцман және Виннің ығысу заңы.


Абсолют қара дененің сәуле шығарғыштық қабілеті оның температурасы жоғарланған сайын күшейе түседі. Яғни,температура жоғарланғанда дененің жарқырауы да күшейіп, одан шығатын сәуленің түсі де өзгереді. Өте жоғары температурада дене қатты қызып, оның түсі қызғылт болады, кейігірек температура одан әрі жоғарлағанда түсі бірте-бірте ақ түске айналады. Әрбір қисықтың максимумы температура артқан сайын қысқа толқындар алқабына қарай ығыса бастайды. Ол дене температурасы төмен болса, онда қисықтың максимум мәндері ұзын толқындар алқабына қарай ығысып, дене инфрақызыл сәулелерді шығарар еді. Абсолют қара дененің жарқырауы


оның төрт дәрежеленген абсолют температурасына пропорционал болады.

3 деңгей



6 сұрақ Оптикадағы Доплер құбылысы.
Доплер эффекті — бақылаушы қабылдайтын толқын жиілігінің сол тербеліс көзінің қозғалу жылдамдығына қарай өзгеруі. Мысалы, дыбыс (электромагниттік тербеліс) көзі бақылаушыға жақындаса, онда бақылау орнында жиіліктің артатыны, бақылаушыдан алыстаса, жиіліктің кемитіні байқалады.


21. Толық ішкі шағылу құбылысы..


Жарық оптикаша тығыздығы кем ортадан тығыздығы артық ортаға өткенде, сәуле түсу нүктесінен жүргізілген нормальға жақындайды. Ал оптикаша тығыздығы артық оттадан, тығыздығы кем ортаға өткенде нормальда қашықтайды. Мысалы, судан ауаға өткен жағдайда r түсу бұрышы, і сыну бұрышы болса, онда r үлкейген сайын і да үлкейе береді. Түсу бұрышы белгілі бір шамаға (r0) теңелгенде сыну бұрышы і= П/2 болады да, сынған сәуле ауа мен судың шекаралық бетімен сырғанай таралады. Тәжірибеге қарағанда егер дарықтың түсу бұрышы r

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет