Жер бетіндегі географиялық белдеулер мен зоналар



бет1/4
Дата15.10.2022
өлшемі482,73 Kb.
#43244
  1   2   3   4
Байланысты:
Жер бетіндегі географиялық белдеулер мен зоналар

Құрлықтағы географиялық зоналық зоналықтың планетарлық моделін таңдау

1. Жер шарындағы географиялық белдеулер мен зоналардың пайда болу заңдылықтарын түсіндіре білу.

Орындаған Ибрашимов И. И Тексерген Мақаш К. К


Географиялық қабықтың біртұтас болуына қарамастан, оның ірі бөліктеріндегі табиғат кешендері ендік бойынша өзгеріп отырады. Ондай бөліктер қатарына – географиялық белдеу жатады. Белдеулер жер шары бойынша тұйық шеңбер құрап, материк пен мұхитты кесіп өтеді. Олар жылу режимі, басым ауа массаларының циркуляциясы, топырақ-өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі, биохимиялық процестердің жиынтығы жөніндегі ортақ көрсеткіштері негізінде ажыратылады. Мұхит үстіндегі шекарасы беткі судың температурасы мен тұздылығы, судың мөлдірлігі жəне оттегімен қанығуы, циркуяциясы, тіршілік дүниесінің құрамы мен тығыздығы бойынша анықталады. Əрбір белдеудің өзі ылғалдың түсу мөлшеріне сəйкес, секторларға бөлінеді Материктердің батыс пен шығыс бөлігі мұхит жағалық секторға, ал ішкі аудандар континенттік секторға жіктеледі. Осындай айырмашылықтар негізінде белдеулер географиялық зоналарға ажыратылады. Əрбір зона өзіне тəн жылу мен ылғал мөлшері, топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің тобы арқылы ерекшеленеді Географиялық қабықтағы зоналық заңдылық. Географиялық қабықтың зоналық заңдылығы – табиғат компоненттері мен кешендерінің экватордан полюстерге қарай ғаламшар ауқымында өзгеру заңдылығын атақты орыс ғалымы В. В. Докучаев негіздеген.
.
Географиялық қабық біртұтас бола тұра Жердің пішінінің шар тəрізді болуына жəне күн сəулесінің əртүрлі түсуіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастыратын табиғат кешендерінің күрделі жиынтығынан тұрады. Географиялық ендік зоналық заңдылығы əсіресе жазық жер бедері тəн Шығыс Еуропа жазығы, Солтүстік Африка жерлерінде айқын көрінеді. Жер шарының кейбір бөліктерінде, ылғалдың таралу ерекшелігіне байланысты зоналық заңдылық меридиандық сипат алады. Ондай жағдай Солтүстік Америкадағы Ұлы Жазық пен Аустралияның шығысына тəн. Ал биік таулы аудандарда биіктікке қарай жылу мен ылғал мөлшерінің өзгеруі зоналық заңдылықтың ерекше түрі – биіктік белдеулілікті қалыптастырады.
Дүниежүзілік мұхит суларына да зоналық заңдылық тəн, бірақ құрлықтағы тəрізді айқын емес. Ол экватордан полюстерге қарай беткі су температурасы мен тұздылығының, тығыздығы мен мөлдірлігінің, беткі ағыстардың сипаты мен қозғалыс жылдамдығының жəне органикалық дүниесінің түр құрамының өзгеруінен байқалады. Тереңдікке қарай да зоналық өзгерістер жүреді, тек мұндағы басты көрсеткіш – күн сəулесі жарығының азаюы немесе жетпеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет