6 тақырып. Қазіргі заманғы педагогикалық жоо-да оқытуды ұйымдастыру



бет1/3
Дата09.05.2023
өлшемі28,36 Kb.
#91151
  1   2   3

6 тақырып. Қазіргі заманғы педагогикалық ЖОО-да оқытуды ұйымдастыру



  1. Өздігінен білім беру анықтамасын тұжырымдаңыз және дербес оқу жұмысын анықтаумен салыстырыңыз.



Өздігінен білім жетілдірудің мақсаты:
1. Мақсатталған өздігінен білім жетілдіру – адамның әлемін арандаттырып, құрастыратын, білім меңгеруге деген тұрақты қызығушылығын туғызатын белгілі әрекеттің түрі .
2.Жолшыбай өздігінен білім жетілдіру. Мақсатты әрекеттпен айналыса отыра, адам әрі қарай білім мен біліктерін қолдана алатын барлық жаңалықты біле бастайды.
3. Мақсатталған өздігінен білім жетілдіру. Адам өзіне өзі белгілі бір салада мақсат қояды. Бұл мақсат келесі ізденістерін жүзеге асырады, нәтижесін талдауда, оның шешімдерін қоюында дербестікті көрсетеді.
Өздігінен білімін жетілдіру
Осы әдістемелік құралда педагогтың өздігінен білім көтеру жұмысын ұйымдастыруға керек материалдар жиналған. Құралда өздігінен білім көтеру тақырыбынан бастап әдістемелік материалдармен қамтамасыз еткенше педагогтың іс-әрекетінің алгоритмі көрсетілген. Парақтың шетінде көрсетілген жаднама – бұл кітап және мақалалардың жарнамасы, оқу мен өзін-өзі дамыту қабілетін анықтайтын тест жинақтары, жоба және портфолио, папкаларды құрастыру алгоритмдері мен үлгілі нұсқалары түрінде берілген пайдалы ақпарат.
Осы құрал әр білім беру мекемесінде істейтін педагогтардың өздігінен білім көтеру үшін және осындай сапалы жұмысты қызығушылықпен ұйымдастыратын басшыларға қолдануға болады.
Ешкім басқаға өзінде жоқ нәрсені бере алмайды, өйткені өзі дамыған, тәрбиелі, білімді болмаса, басқаларды дамыта, тәрбиелей, білім бере алмайды. Ол ең алдымен өзі өзінің тәрбиесімен айналыспаса, басқаға да тәрбие, білім бере алмайды.
А.Дистервег
Өздігінен білім жетілдіру деген не?
Өздігінен білім жетілдіру – бұл адамның барлық рухани және физикалық күштері қатысқан тұлғаның ең жоғарғы өзін-өзі жетілдіретін көрсеткіші; бұл шығармашылық іс-әрекеттің түрі.Оның үдерісінде адам өзін-өзі дамыта және өзін-өзі өзгерте тұрып рухани және материалды объектті және субъектті қоғамдық мәні бар құндылықты қана құрып қоймайды.
А.Г. Мысливченко,
И.Л.Наумченко

Педагогтардың өздігінен білім жетілдіруін ұйымдастыру технологиясы келесі кезеңдерден тұрады:


І кезең. – таңдайтын. Бұл кезең өз бетімен жұмыс істеуге белгілі бір бағытты қарастырады; мектептің ғылыми-әдістемелік тақырыбына (өзекті мәселесіне) сай жұмыстың мақсатын таңдау; жеке алған тақырыбын қалыптастыруы, өз әрекеттерінің жүйелілігін ұғуы.
ІІ кезең – үйрететін.Бұл кезеңде педагог таңдап алған өзекті мәселе бойынша психолого-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттермен танысады.
ІІІ кезең – практикалық Бұл кезеңде эксперимент жасау, жұмыстың жаңа әдістерін қолдану, педагогтық дәлелдерді жинап, оларды іріктеу және талдау жүргізіледі. Практикалық жұмыспен қатар әдебиеттерді зерттеу бірге жүзеге асырылады.
ІҮ кезең – теорияны ұғып, жинаған педагогикалық дәлелдерді жалпылау және талдау. Бұл кезеңде оқыған педагогикалық әдебиеттерді ұжыммен талқылауды ұйымдастыру тиіс;қалалық ӘБ, кафедраның немесе ӘБ отырысында өздігінен білім жетілдіруінің барысы туралы шығармашылық есеп беру;ашық сабақтарға және басқа да жұмыс түрлеріне қатысып, талдау.
Ү кезең – қорытынды бақылаулы. Бұл кезеңде педагог өзінің жеке жұмысын қорытындылайды, бақылауларды жалпылайды, нәтижелерін белгілейді. Соның ішінде ең бастысы - жүргізілген жұмыс, белгіленген дәлелдер, олардың талдауы, нәтиженің теориялық негіздері, жалпы қорытындылардың және жұмыстың алдын ала жоспарын анықтау.
Педагогтың өзін-өзі жетілдірудің жұмыс жүйесі ағымды және алдын ала жоспарлауды бағыттайды; рационалды формалар мен ақпаратты меңгеру және сақтау құралдарын жинақтайды; өзінің және ұжымдық педагогикалық тәжірибесінің жалпылау тәсілдері және талдау әдістемесін меңгереді; зерттеу және эксперименталды әрекетінің әдістерін біртіндеп меңгереді.
Мұғалімнің өздігінен жетілдіру жоспарына оқитын әдебиеттер тізімі, өздігінен жетілдірудің формасы, жұмысты аяқтау мерзімі; күтілетін нәтиже (баяндама дайындау, ӘБ отырысында сөз сөйлеу, күнделікті жоспар, жұмыс тәжірибесін жазу, нәтижесін есеп түрінде рәсімдеу және т. б.) кіргізіледі.
Өздігінен білім жетілдіру барысында жиналған материалды бөлек тақырыптарға бөліп және карточкалар, арнайы дәптерлер, тақырыптық папка, мұғалімнің педагогикалық күнделігі түрінде орынды қолдану қажет.

Дербес тәсіл-бұл оқыту ұстанымы,ал оқытуды дербестендіру осы ұстанымды өзіндік формасы мен әдістері арқылы іске асыру.Оқыту бірдей бағдарламамен жүреді,бірақ әр оқушыға дербестендіру формасы мен әдістері қолданылады.Сондықтан оқытуды дербестендіру деп әр оқушының дербес (жеке) ерекшеліктеріне сай оқу процесін ұйымдастыруды айтады.Бұл тәсіл оқушының потенциалды мүмкіндіктерін толық іске асыруға ықпал етеді.Нақты мектеп жүйесінде дербестендіру салыстырмалы түрде өтеді.Өйткені сыныптағы оқушылардың санының көп болуы, олардың оқуға қабілеттілігінің бірегейлілігі бұл технологияны толық өткізуге мүмкіндік бермейді.Дербес оқытуға тірек конспектісі арқылы оқыту технологиясы да жатады.Технологияның авторы-В.Ф.Шаталов.Оның технологиясының негізгі өзегі-тірек белгілері және оларды жинақтап тірек конспектісін құру.Тірек белгісі-ассоциативті символ(белгі,сөз,сызбанұсқа,сурет және т.б.)бір мағынаны білдіреді.Тірек сызбанұсқалары оқушылардың білім деңгейін жаттанды түрде емес, тыңғылықты оқып үйренуін,түсінуін жеңілдетеді,сонымен қатар олардан алған білімін оңай еске түсіруіне мүмкіндік туғызады,ой-өрісін кеңейтеді.


Бұл технологияны іске асыру тиімді болу үшін тірек белгілерін пайдаланудың кезеңдерін,тәсілдерін және прициптік түрде әдістемелік шешімдерін білу қажет.Олар мыналар:
1. Теорияны сыныпта оқыту:
- тақта алдында көрнекіліктерді,техникалық оқу құралдарын пайдаланып түсіндіру;
- түсті бояулармен безендірілген тірек конспектісі арқылы қайталау;
- оқушылардың өз конспектілері бойынша дербес жұмыс жүргізуі;
- конспектіні блок түрінле жаппай баяндау.
2. Үйде орындалатын өзіндік жұмыс:
- конспектіні пайдаланып мұғалімнің түсіндірген оқу материалын еске алу;
- оқулық арқылы материалдарды қайталау;
- кітапта оқығанды конспектімен салысытру;
- конспект арқылы оқулықтағы материалды айту;
- тірек конспектіні жатқа айту;
- конспектіні жазбаша жазып,конспект түпнұсқасымен салыстыру;
- қажет болған жағдайда ата-ананың көмегін пайдалану.
3. Алғашқы қайталау-конспектіні жаппай бақылау арқылы меңгеру:
- барлық оқушылар есте сақтағанын қайталайды;
- мұғалім орындалған жұмыстарды тексереді;
- сол мезгілде магнитофонға жазу арқылы сұрау жүргізіледі;
- ауызша сұрау.
4. Тірек конспектісін ауызша айту:
5. Екінші мәрте қайталау,қорыту және жүйелеу:
- оқушылардың өзара бақылауы;
- бақылаудың барлық түрлерін қолдану;
- оқушылардың бір-біріне көмегі;
- ойын элементтерін пайдалану.
Осы технологияны қолдану барысында бақылауға көп назар аударылады,оқушының алған әр бағасы білім парағына ендіріледі және ол мәліметтер барлық оқушыларға белгілі болады.
Сонымен бұл технологияны оқыту өте тиімді,әрі ұтымды.Оқу материалын оқушының жүйелі есте сақтай білу дағдыларын қалыптастыруға ерекше ықпал етеді,яғни танымдық маңызы зор. Бұл технологияның тәрбиелік мәні де ерекше:
- әр оқушыны күнделікті еңбекке баулиды;
- танымдық іс-әрекет қалыптасады;
- оқушыларда өз қабілеттілігіне сенімділік пайда болады;
- жауапкершілік,шыншылдық,жолдастық сияқты қасиеттер қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет