«Электр техникасының теориялық негіздері» пәні бойынша зертханалық жұмыстарға Әдістемелік нұСҚау қарағанды 2018 Әдістемелік нұсқаулық «Электр техникасының теориялық негіздері»



бет1/12
Дата20.03.2023
өлшемі1,96 Mb.
#75549
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


«Энергетикалық жүйелер»


кафедрасы
«Электр техникасының теориялық негіздері»
пәні бойынша зертханалық жұмыстарға


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Қарағанды 2018


Әдістемелік нұсқаулық «Электр техникасының теориялық негіздері» пәні бойынша бағдарлама негізінде жасалып, зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті ақпараттарды қамтиды.

Әдістемелік нұсқау –Автоматтандыру және басқару мамандықтары студенттері үшін арналған.


Әдістемелік нұсқаулық Утегенова А.С., Дюсембина А.Г. әзірленген.

«Энергетикалық жүйелер» кафедрасының отырысында талқыланды.

Хаттама № ___ «____»_______2018ж.

Кафедра меңгерушісі____________ Таранов А.В. «____»_______2018ж.


«Өндірістік үдерістерді автоматтандыру» кафедрасымен келісілген
Кафедра меңгерушісі__________ Брейдо И.В. «____» _________2018 ж.

Мазмұны

Кіріспе.....……………………………………………………………………… 4
Зертханалық жұмыс № 1
Электрлік тізбек элементімен танысу, бірнеше электр өлшеуіш құрылғыларын және негізгі электрлік шамаларды техникалық өлшеуін үйрену.................…………………...5
Зертханалық жұмыс № 2
Тұрақты тоқтың тізбегін беттестіру әдісімен зерттеу......................………………………………………………………….. 9
Зертханалық жұмыс № 3
Активті екіполюстік әдісімен тізбекті зерттеу....................................................……...........……………..................…19
Зертханалық жұмыс № 4
Бірфазалы айнымалы тоқ тізбегіндегі кедергінің, катушка индуктивтілігінің, конденсатордың параллель жалғануындағы есептік және тәжірибелік жолмен зерттеу …………........................................................... 24
Зертханалық жұмыс № 5
Синусоидалды тоқтың тарамдалған және тарамдалмаған электрлік тізбектерінде резонанстік режим кезінде есептік және тәжірибелік жолмен зерттеу ……………………...............................................…………………….28
Зертханалық жұмыс № 6
Құрамында индуктивті байланысты элементер бар синусоидалдық тоқтың электрлік тізбегіндегі тоқ пен кернеудің қатынасын эксперименталді зерттеу ……………………………………………………………… ........... 36
Әдебиет...... ………………………………………………………………… 42

Кіріспе

Электр техникасының теориялық негіздері курсында электрлік және магниттік құбылыстар және де оларды тәжірибелік мақсаттарда қолданулар зерттелінеді.
«Электр техникасының теориялық негіздері» пәнін зерделеу жұмыстарында электротехникалық құралдар мен қондырғыларды пайдаланатын техникалық бакалаврларды дайындаудың негізгі бөлігі болып табылады.
«Электр техникасының теориялық негіздері» курсында дәрістерде алынатын теориялық білімдерді тәжірибелік түрде түсіндіріп, дәлелдейтін зертханалық жұмыстарға көп көңіл аударылады.
Ұсынылған зертханалық практикум студенттердің өз бетінше есептеу модельдерін құрып, нәтижесін талдап, ПЭВМ қолдана отырып зертханалық жұмыстарды орындауға арналған. Осыған байланысты студенттер зертханалық жұмыстарды орындай отырып, зерттеу түрінде әрбір сұрақтарды өз бетінше шешуді үйренеді. Программалық қамтамасыздандыру ретінде Electronics Workbench программасы қолданылады.
№ 1 зертханалық жұмыста студенттер Electronics Workbench программасымен берілген электр тізбектерінің элементерін зерттейді, өлшеу құралдарының параметрлерін таңдауды және электр схемаларын құруды үйренеді.


Зертханалық жұмыстарды орындау ережелері
1. Жұмысты орындау алдында оқытушы әрбір студентке жеке сұрақтар қойып, оның дайындығын тексереді. Зертханалық жұмысты орындауға жіберілген студент компьютердің алдына отырып, Electronics Workbench программасын қосып жұмысын бастайды.
2. Зертханалық жұмыстың соңында студент жасаған жұмысының нәтижесін оқытушыға көрсетеді.
3. Студент зерттеу нәтижесімен зертханалық жұмыстың есебін беріп, қорғауы керек. Әрбір студент жеке-жеке қорытынды жасауы қажет. Зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасамаған студент келесі жұмысты орындауға жіберілмейді.
4. Әр жұмыс бойынша есеп беру, әр студентке жеке болады және оның ішінде:
- кафедраның атауы, курсы, жұмыстың атауы, студенттің тегі мен тобы көрсетілген титулдық бет;
- жұмыстың мақсаты мен мазмұны;
- тәжірибелердің электрлік схемалары;
- есептеулердің нәтижелері бар кестелер және берілген элементтер;
- есептеу есептемелері;
- графиктер;
- қорытындылар болу керек.
Есеп беру қолжазба тәжірибе, А4 стандарт форматта орындалады. Электрлік схемаларды сызғанда МЕСТ-термен сәйкестендірілген шартты белгілерді қолдану керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет