6 тақырып. Əлеуметтіқ қамсыздандырудағы өтемақылар мен жəрдемақылар



Pdf көрінісі
Дата17.02.2022
өлшемі94,9 Kb.
#25764
Байланысты:
E97B2015-FC44-438A-A97B-EF8CF12E10D9



6 - тақырып.

Əлеуметтіқ қамсыздандырудағы өтемақылар мен жəрдемақылар.

1.

Əлеуметтіқ қамсыздандырудағы өтемақылар мен жəрдемақылардың түсінігі.

2.

Еңбекке жарамсыз азаматтарды күтетін тұлғаларға берілетін өтемақылар.

3.

Əлеуметтік  қамсыздандыру  құқығындағы  жеңілдіктердің  түсінігі  жəне  олардың 

түрлері.

Əлеуметтік  жəрдемақыларды  өтемақылық  төлемдерден  ажырата  білген  жөн,  себебі  оған 

тəуелсіз  жағдайлар  бойынша  əлеуметтік  қолдау  мен  көмекті  қажет  ететін  тұлғалардың  тар 

шеңберіне арналған.



Өтемақылар – бұл азаматтарға олардың жалақысы немесе өмір сүрудің өзге де көзінің бар-

жоқтығына  қарамастан,  заңдарда  көзделген  жағдайларда  қосымша  материалдық  көмек  көрсету 

үшін  тағайындалатын  ақшалай  төлемдер.  Өтемақыларды  əлеуметтік  жəрдемақыларға  қосымша 

ретінде қарастырған жөн.

Өтемақыларға мыналар жатады.

- Еңбекке жарамсыз азаматтарды күтуді жүзеге асыратын тұлғаларға берілетін өтемақылар;

-  Отбасылық типтегі балалар үйіндегі балаларға берілетін өтемақылар;

-  Бастауыш  жəне  орта,  арнайы  оқытумен  айналысатын  мемлекеттік  мекемелерде 

оқитындардың тамақтануына берілетін өтемақалар;

Өмірде еңбекке жарамды азаматтардың емдеу мекемесінің қорытындысы бойынша тұрақты 

түрде бөтеңнің көмегін қажет ететін 1-топ мүгедегін немесе қарт адамды немесе 80-жастан асқан 

қарт  адамды,  сонымен  қатар  18-жасқа  толмаған  мүгедек  баланы  күтуіне  байланысты  жұмыс 

істемейтін  еңбекке  жарамды  азаматтарға  төленеді.  Бұл  азаматтарға  жəрдемақы  төлеу  тəртібі 

заңдарда  анықталған  өтемақылық  төлемдер  ретінде  төленеді.  Аталған  өтемақылар  еңбекке 

жарамсыз  азаматтар  санаттарының  зейнетақыларына  қосу  арқылы  жүргізіледі,  бұлар  еңбекке 

жарамсыз  азаматтарды  іс-жүзінде  күтуші,  жүмыс  істемейтін  еңбекке  қабілетті  тұлғаға    олардың 

туыстық қатынастарына жəне бірге тұру-тұрмауына қарамастан төленеді.

Өтемақылардың бұл түрін тағайындау үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1.

Еңбекке жарамсыз тұлғаны күтуші азаматтың жеке куəлігі;



2.

Еңбекке  жарамсыз  тұлғаны  күтуші  азаматтың  күтуді  бастаған  күнін  көрсеткен 

өтініші;

3.

Еңбекке жарамсыз тұлғаны күтуші азаматтың еңбек кітапшасы;



4.

Еңбекке  жарамсыз  тұлғаны  күтуші  азаматтың  тұрғылықты  жеріндегі  халықты 

əлеуметтік  қорғау  жөніндегі  органның  аталған  тұлғаның  зейнетақы  алмайтыны  жөніндегі 

анықтамасы;

5.

Аталған тұлғаның атаулы əлеуметтік көмек алмайтыны туралы анықтама;



6.

Еңбекке жарамсыз тұлғаны күтуші азаматтың еңбек кітапшасы;

7.

МƏСК-ның мүгедектіктің 1-тобын белгілеу туралы анықтамасы, 18-жасқа  дейінгі 



баланы  мүгедек  деп  тану  туралы  медициналық  қорытындысы,  емдеу  мекемесінің  еңбекке 

жарамсыз  тұлғаның  бөтен  адамның  көмегіне  тұрақты  түрде  мұқтаж  екендігі  туралы 

қорытындысы;

8.

  Еңбекке  жарамсыз  тұлғанының    өзін  күтуші  тұлғаның  күтетіндігін  растайтын 



өтініші талап етіледі.

Бұл құжаттар еңбекке жарамсыз азаматқа зейнетақы төлейтін органға беріледі. Ай сайынғы 

ақшалай өтемақыны тағайындаудан бас тартқан жағдайда, мұндай шешімді қабылдаған орган бас 

тартудың себептерін жəне шешімге шағымдану тəртібін көрсете отырып өтініш берушіге жазбаша 

түрде хабарланады.

Ай  сайынғы  ақшалай  өтемақыны  тағайындау  туралы  мəселе  шешілген  соң          өтіні      ш 

берушіге еңбек кітапшасы мен жеке куəлігі қайтарылады, олардың көшірмелері іске қосылады. Ай 

сайнғы ақшалай өтемақыларды төлеу келесі жағдайларда тоқтатылады:

- еңбекке жарамсыз  азамат не оны күтуші тұлға қайтыс болған жағдайда;



- еңбекке жарамсыз тұлғаны күтуші  тұлғаға  зейнетақының немесе жəрдемақының қандай 

да бір түрі тағайындалғанда;

- не еңбекке жарамсыз тұлғаның, не оны күтуші тұлғаның жұмысқа тұрғанда;

-  еңбекке  жарамсыз  адамды  күтудің  тоқтатылуы,  бұл  еңбекке  жарамсыз  азаматтың  немесе 

оның заңды өкілінің тиісті өтінішімен расталуы қажет;

- мүгедектің 1-тобы белгіленген мерзімнің өтуі;

-  мүгедек  баланың  18-жасқа  толуы,  егер  бұл  балаға  осы  жасқа  толғанда  1-топ  мүгедектігі 

белгіленбесе;

- еңбекке жарамсыз азаматтың толығымен мемлекеттік қамсыздандырылуға ауысуы;

- мугедек баланы 18-жасқа дейін күтуші ата-анасының ата-аналық құқықтардан айырылуы;

- еңбекке жарамсыз  азаматтың тұрғылықты жерін ауыстыруы, бұл оған зейнетақы төлейтін 

органның ауысуына əкеп соқтырған жағдайда тоқтатылады.

Уақытында алынбаған ай сайынғы өтемақының сомасы бүкіл өткен уақыт үшін, бірақ оны 

алуға  өтініш  берген  күнге  дейінгі    үш  жылдан  аспайтын  уақытқа  төленеді.  Ай  саынғы  ақшалай 

өтемақыны оны тағайындайтын не төлейтін органның кінəсі бойынша уақытылы төленбесе, онда 

ол бүкіл өткен уақыт үшін қандай да бір мерзімдік шектеусіз төленеді.

Ал  жеңілдіктер  деп  -  бұл  азаматтардың  жекелеген  санаттарына  немесе  отбасыларына,   

қандай да бір қолайсыз салдар мен жағдайлардың нəтижесінде ерекше əлеуметтік қорғауды қажет 

еткен  жағдайда  қоғам  тарапынан  көрсетілетін  артықшылықтар  немесе  көмек  беру  болып 

табылады. 

Жеңілдіктердің келесі түрлері бар:

-  Əлеуметтік  негіздер  жəне  себептер  бойынша  берілетін  əлеуметтік  жеңілдіктер  олар  əлеуметтік 

жағдайдың нашарлығы, кəрілік, науқастану, көп балалық, мүгедектік жəне т.б.

-  Өзге  де  жағдайлардың  негізінде  қызмет  түрі,  қызметтік  жағдайда-судьялар,  депутаттар,  əскери 

қызметшілер жəне т.б.

Əлеуметтік жеңілдіктер 2-негіз бойынша беріледі:

1.

Əлеуметтік  жағдайдың  нашарлығына  жататын  жағдайларға  ардагерлер, 



зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы отбасылар т.б. жатады.

2.

  Отан  алдындағы    ерен  еңбегі  үшін  оларға  Қеңес  Одағының  Батырлары, 



Социалистік  Еңбек  Ері,  Халық  Қаһарманы,  Ұлы  Отан  Соғысының  мүгедектері  жəне 

қатысушылары берілетін əлеуметтік жеңілдіктерге жіктеледі.



Жеңілдіктерді материалдық жəне материалдық емес деп бөлеміз. 

Материалдық  сипаттағы  жеңілдіктердің  мəні  мынада:  жеңілдікті    алушы  қандай  да  бір 

тауар не қызмет үшін жалпы төлемді төлеуден босатылады немесе жеңілдетілген бағамен төлейді.



Материалдық  емес  сипатағы  жеңілдіктер  кезектілікті  қажет  ететін  жерлерде  кезексіз 

немесе алғашқы кезектілік құқығын пайдаланудан немесе қандай да бір құқықты пайдаланудағы 

артықшылықты мүмкіндіктен көрініс табады.

Жеңілдіктерді мазмұны бойынша келесі түрлерге бөлуге болады:

- қоғамдық көлікте, темір жол, су жəне ауа көлігінде жүруге қатысты жеңілдіктер;

- тұрғын үй, коммуналдық төлемдерді жəне жанармайды төлеуге қатысты жеңілдіктер;

- тұрғын үймен қамсыздандыруға қатысты жеңілдіктер;

- тұрғын ұй құрылысын жүргізуге қатысты несиені жеңілдетілген жағдайларда алу құқығы;

- телефонды орнатуға жəне оны пайдалануға қатысты жеңілдіктер;

- санаторийлық-курорттық емделуге жолдама алуға қатысты жеңілдіктер;

- медициналық жəне əлеуметтік көмекті, дəрі-дəрмектерді алуға қатысты жеңілдіктер;

-  көлік  құралдарымен  қамсыздандыру,  сонымен  қатар  оларды  күту  жəне  қызмет  көрсетуге 

байланысты жеңілдіктер;

-  əртүрлі  бірлестіктерге  (тұрғын  үй,  саяжай,  бау-бақша  жəне  т.б)  енудегі  артықшылықты 

құқықтағы жеңілдіктер;

- өзге де жеңілдіктер қарастырылыған.




Үй тапсырмасы:

1. Өтемақы түсінігі жəне түрлері.



2. Өтемақы төлеу негізі мен түрлерін анықтаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет