Аурудың себептері
Обаның көзі бактерия - егеуқұйрықтарда болатын, оларда бүргелер тарататын оба таяқшасы болды. Сауда байланыстарының дамуына байланысты, осы жануарлардың миграциясы (орын ауыстыруы) жиі жүретін. Шаруашылықтың дамуына байланысты халық санының өсуі азық-түлік жетіспеушілі мәселесінің туындауына алып келді. Аштық адамдарды әлсіз және ауруларды қабылдағыш етті. XIV ғасырдың басында Еуропада климат нашарлады - ол салқын және жаңбырлы болды. Астық түсімі азайды. Аш адамдар өлген жануарлар, жәндіктер, арамшөптер сияқты қолға түскеннің бәрін жеді. Қаладағы адамдар тығыз өмір сүрді, көшелері тар болды, оған көбінесе қоқыстарды тастаған. Оларды сирек тазалаған. Көшелердің лас болуы жұқпалы аурулардың таралуына себепкер болды. Орта ғасырлық Еуропада медицина екінші кезектегі ғылым деп есептелді. Ол орта ғасырлық тұрғындардың пікірінше, күнәнің көзі болған «опасыз денені» емдеумен айналысты. Олардың көбісі жылдар бойы жуынбаған, бүргелер мен сіркелерді «таңғажайып қазына» ретінде есептеген және ауырған жағдайда дәрігерге емес, шіркеуге асыққан. Эпидемия кезінде Батыс Еуропа қалаларында ауруды жұқтырып алғандарға емдік шөптермен, тұнбалармен, қан тазартумен көмектесуге тырысқан «оба дәрігерлері» пайда болды. Олардың басты міндеті ауруды жұқтырғандарды сау адамдардан аластау еді. Олардың емдері көп жағдайда сәтсіз болды. Ауырғандардың 97% обадан қайтыс болатын. Обалық дәрігерлер де жиі аурудың құрбаны болған. Ғылымның дамуымен француз ғалымдары тек ХХ ғасырда оба микробының штаммын анықтап, вакцина жасады.
Ұзақмерзімді себептер
|
Ортамерзімді себептер
|
Қысқамерзімді себептер
|
|
|
|
Джованни Боккаччо, «Декамерон»
«Сонымен, Италиядағы ең үздік қала, айтулы Флоренцияға қырғын оба келіп, Құдай Ұлының адамзатты құтқарған кезеңінен мың үш жүз қырық сегіз жыл өтті... Қаланы барлық жиналған қоқыстан адам қолымен тазарту мақсатында қолданылған, науқастарға шығуға тыйым салған, жұқпалы аурудан сақтану жөніндегі дәрігерлердің кеңестерін таратқан адамдардың тапқырлығы мен көрегендігі оған қарсы ештеңе жасай алмады; құдай жолына беріліп рәсімдерге қатысқан адамдардың жиі дұғалары және басқа да ғибадаттары ештене өзгерте алмады, - жоғарыда көрсетілген жылдың көктем айының басында жаман кесел залады әсерін көрсетіп, өзінің әдеттен тыс көрінісімен таң қалдыра бастады».
Біз білетін нәрсе (мәтіннен және өз білімімізден алынған фактілер)
|
Мәселелер (біз үйренгіміз келетін нәрсе) (мәселе бойынша оқушылардың сұрақтары)
|
Іс-әрекет жоспары (оқушылардың ақпарат тың қалай үйренетінін және пайдаланатындығын сипаттайды)
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |