Тақырып :Жеке табыс салығы Сұрақтар:
1. ЖТС төлеушілері, салық салу обьектілері;
2. Төлем көзінен салық салынатын табыстар;
3. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар.
Ойын бизнесіне салықты, тіркелген салықты төлеушілер сәйкес қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша ЖТС төлеушілері болып табылмайды.
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша ЖТС төлеушілері болып табылмайды.
153-бап.
ҚР-ның резиденттері болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды, сондай-ақ салық есептiлiгiн табыс етудi салық агенті сәйкес салықтық шегерімдерді ескере отырып және сәйкес ставкалар бойынша белгіленген тәртіппен жүргізеді.
ҚР-ның резиденттері болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды, сондай-ақ салық есептiлiгiн табыс етудi салық агенті сәйкес салықтық шегерімдерді ескере отырып және сәйкес ставкалар бойынша белгіленген тәртіппен жүргізеді.
154-бап.
Салық салу обьектілері:
Салық салу обьектілері:
1) төлем көзінен салық салынатын табыстар;
2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары.
Салық салу объектілері сәйкес түзетулерді ескере отырып, салық салуға жататын табыстар мен сәйкес тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
155-бап.
Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайтындар: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;
2) жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;
3) қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда - оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай төлемдердi есепке жазу күнi қолданыста болатын 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;
4) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтік, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі:
Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде - іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде - іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттік мекемелердi қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезіндегі өтемақылар;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде және тәртiппен жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезіндегі өтемақылар;
7) қызметкер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушiмен бірге басқа жерге көшкен кездегі жол жүру, мүлкін көшіру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы;
8) жұмыс берушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерімдерге жатқызылмайтын шығыстары;
9) мұндай жұмыстың әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердiң далалық үлесі;