- Дәрістің мақсаты – нарықтық билік пен оны анықтау әдістемелерімен танысу
Негізгі сұрақтар: Нарықтық биліктің орын алуына жағдай жасайтын факторлар - жоғары капитал концентрациясы (капиталдың шоғырлануы)
- нарыққа кіру кедергілерінің болуы
Жоғары концентрациялы, кіру кедергілері жеңіл болатын нарықтар сайыстық немесе квазибәсекелік нарық деп аталды. - Жоғары концентрациялы, кіру кедергілері жеңіл болатын нарықтар сайыстық немесе квазибәсекелік нарық деп аталды.
- Мұндай нарыққа қатысушыларға жоғары баға қою тиімсіз, өйткені жоғары баға жаңа бәсекелестердің келуі үшін стимул болып табылады.
Нарыққа кірудің жоғары кедергілері төмен нарықтық үлеске ие фирмаға нарықтық билікті қамтамасыз етпейді, өйткені мұндай фирма өндіріс көлемі мен бағаға айтарлықтай әсер ете алмайды. - Нарыққа кірудің жоғары кедергілері төмен нарықтық үлеске ие фирмаға нарықтық билікті қамтамасыз етпейді, өйткені мұндай фирма өндіріс көлемі мен бағаға айтарлықтай әсер ете алмайды.
- Оның үстіне, сол кездегі жоғары нарықтық билік монополиялық билікті нақты куәландыра қоймайды.
Нарыққа алғаш кірген фирмалар бастапқыда жоғары нарықтық үлеске ие болуы мүмкін, бірақ кейіннен нарыққа неғұрлым тиімді технологиялы бәсекелестерінің келуімен өз позициясынан айырылуы мүмкін. - Нарыққа алғаш кірген фирмалар бастапқыда жоғары нарықтық үлеске ие болуы мүмкін, бірақ кейіннен нарыққа неғұрлым тиімді технологиялы бәсекелестерінің келуімен өз позициясынан айырылуы мүмкін.
- Осылайша, фирманың монополиялық билігінің кепілдігі нарыққа кірудің жоғары кедергісі болып табылады.
Монополиялық билікті бағалау көрсеткіштері - Лернер индексі,
- Хиршман-Херфиндаль индексі,
- Бэйн индексі,
- Тобин индексі.
Лернер индексі - Мұндағы: Р - өнім бағасы, МС - шекті шығын,
*Лернер индексі нарықтық биліктің дәрежесін (деңгейін) көрсетеді. - *Лернер индексі нарықтық биліктің дәрежесін (деңгейін) көрсетеді.
- *Лернер индексі неғұрлым жоғары болған сайын фирманың монополиялық билігі соғұрлым күшті болады.
- *Жетілген бәсеке жағдайында IL=0 болады. Өйткені бұл нарықта Р=МС.
Хиршман-Херфиндаль индексі - Бұл көрсеткіш нарықтың шоғырлану дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді және төмендегідей түрде болады:
- - саладағы ең ірі фирманың үлес салмағы
-
- - ауқымы жағынан екінші тұрған фирманың үлес салмағы
-
- - ең кіші фирманың үлес салмағы
Егер салада бір ғана фирма қызмет етсе, - Егер салада бір ғана фирма қызмет етсе,
- =100%, =10000
Тобин индексі - q = P / C,
- мұндағы P - фирма активтерінің нарықтық құны (әдетте, акция курсы арқылы анықталады);
- С - фирма активтерінің қалпына келтірілген құны, ол фирма активтерін сатып алу үшін қажетті шығындардың ағымдық құнына тең.
Тобин коэффициентінің мәні - егер фирма экономикалық пайда алса, болашақ акционерлер бұл пайданы бөлісуді ойлап, фирма акциясын оның нақты қалпына келтірілген құнына қарағанда қымбатырақ бағаға сатып алады. Бұл жағдайда q>1 болады.
- егер q=1 немесе 1-ден сәл кіші болса, фирма үнемі бухгалтерлік пайда ала отырып, нарықта тұрақты жағдайға ие болады.
- егер q=0 болса, фирманың банкроттыққа жақындағандығын білдіреді.
Көптеген зерттеулер q коэффициентінің көбіне тұрақты болатындығын көрсетті. - Көптеген зерттеулер q коэффициентінің көбіне тұрақты болатындығын көрсетті.
- Коэффициент мәнінің жоғары болуы фирманың айырықша өндіріс факторларын қолдануымен немесе айырықша тауар шығаруымен байланысты. Бұл фирмаларға монополиялық пайда тән.
- Коэффициенттің аз мәніне ие фирмалар бәсеке нарығында немесе реттелетін салаларда болады.
- q жоғары болған сайын фирма билігі соғұрлым күштірек болады.
Бэйн индексі - ол өндіріске салынған әр ақшалай бірліктің қайтарымдылығын білдіреді:
- r= D/K,
- мұндағы r – Бэйн индексі,
- D – фирманың таза табысы,
- К – фирманың өз капиталы
- Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса,
- бұл нарықтағы бәсекенің жетілмегендігін
- көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |