6D030100 – Құқықтану мамандығы бойынша «философия докторы» (Ph. D) ғылыми дәрежесін алу үшін



Pdf көрінісі
Дата14.02.2017
өлшемі306,66 Kb.
#4132

Карибаева (Шахмова) Айгүл Ануарбекқызы  

 

БІРЫҢҒАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ (БЕЛАРУСЬ 

РЕСПУБЛИКАСЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, РЕСЕЙ 

ФЕДЕРАЦИЯСЫ) ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚОРҒАУДЫҢ 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ 

 

6D030100 – Құқықтану мамандығы бойынша  

«философия докторы» (Ph.D) ғылыми дәрежесін алу үшін 

ұсынылған диссертациялық жұмысына 

 

АҢДАТПА 

 

Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі.  Заманауи  әлемдегі  ғылыми-

техникалық  өрлеудің  қарқынды  дамуы    жағдайында  адамның  түрлі  рухани 

және  материалдық  өмірге  көзқарас  қызметі  салаларында  үлкен 

маңыздылыққа  ие.  Қандай  да  болсын  деңгейде  шығармашылық  еңбектің 

жемістері қолданылмаған адам қызметінің аясын таба алу қиын.  

Ең  алдымен  мемлекеттер  арасындағы  экономикалық  қатынастарды 

қозғайтын  қазіргі  таңдағы  жаһандандыру  үрдістері  халықаралық  сауданың 

өркендеуіне  және  экономиканың  көтерілуіне  әсер  етеді.  Жаһандандырумен 

бірге  өтетін  нарықтың кеңеюі бәсекелестік күрестегі маңызды фактор болып 

табылатын өндіріс ұлғаюын және инновацияларды енгізуді ынталандырады.  

Іргелі  технологиялары  бар  әлемдік  экономканың  бір  орталығы  болуға 

талпынатын,  Еуразиялық  экономикалық  одақ  құру  туралы  келісімге  қол 

қойған  Бірыңғай  экономикалық  кеңістіктің  мемлекеттері  үшін  ғылыми-

техникалық  өрлеу  және  зияткерлік  меншікті  қорғау  ерекше  маңыздылыққа 

ие. 

Осыған орай интеграциялық бірлестіктің әрбір мемлекетінде зияткерлік 



меншіктің  лайықты  қорғалуын  қамтамсыз  ету,  толықтай  алғанда 

мемлекеттердің экономикалық дамуына әсер етеді.   

Бірыңғай экономикалық кеңістікте (Беларусь Республикасы, Қазақстан 

Республикасы,  Ресей  Федерациясы)  зияткерлік  меншіктің  құқықтық 

қорғалуының қамтамасыз етілуін және құқықтық реттелуін кешенді зерттеу, 

сонымен 


қатар 

Бірыңғай 

экономикалық 

кеңістік 

мемлекет-

қатысушыларының  ұлттық  заңнамасы  деңгейінде  де,  интеграциялық 

бірлестік  контексінде  де  зияткерлік  меншікті  құқықтық  қорғаудың 

тиімділігін  көтеру  және  жетілдіру  бойынша  ұсыныстарды  айқындау 



диссертациялық зерттеудің мақсаты болып табылады.  

 Алға қойған мақсатты іске асыру үшін диссертациялық зерттеу авторы 

өз алдына келесі  негізгі міндеттерді айқындады:  

-  зияткерлік  меншікті  құқықтық  қорғау  жүйесінің  тарихи  қалыптасу 

кезеңдерін саралау;  

-  «зияткерлік  меншікті  құқықтық  қорғау  құралдары»  категориясының 

түсінігін және мазмұнын анықтау


- зияткерлік меншікті құқықтық қорғау элементтерін айқындау

-    халықаралық  құқықта  құқықтық  қорғау  жүйесі  қалыптасуының 

салыстырмалы  талдауы  негізінде  зияткерлік  меншікті  құқықтық  қорғау  

шектерін анықтау және салыстыру

-  Бірыңғай  экономикалық  кеңістік  мүше-мемлекеттерінің  ұлттық 

заңнамасы  және  толықтай  алғанда  интеграциялық  құрылым  шегінде 

зияткерлік  меншіктің  құқықтық  қорғалуының  нормативтік  -  құқықтық  

реттелуін жетілдіру бойынша ұсыныстарды айқындау.  



Зерттеу  объектісі  мен  пәні.  Зерттеу  объектісі  -  Бірыңғай 

экономикалық кеңістікте  (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, 

Ресей Федерациясы) зияткерлік меншіктің құқықтық қорғалуын қамтамасыз 

ету  үрдісі  барысында  пайда  болатын  қоғамдық  қатынастар.    Зерттеу  пәні  - 

Бірыңғай  экономикалық  кеңістіктегі  зияткерлік  меншікті  қорғаудың 

халықаралық және ұлттық құқықтық құралдары.   

Диссертациялық зерттеудің әдістемелік негізі ретінде ғылыми танудың 

жалпы қағидаларын (зерттеудің объективтілігі, көпжақытылығы, толықтығы) 

қолдануға  негізделген  құқықтық  құбылыстарды  зерттеудің  әдістері  мен 

тәсілдерінің  жүйесі  және  танудың  жалпығылыми  тәсілдері  (анализ,  синтез 

және  т.б.)  пайдаланылды.    Бірқатар  мәселелерді  зерттеу  барысында  тарихи, 

салыстырмалы-құқықтық әдістер қолданылды. 



Диссертациялық  жұмыстың  ғылыми  жаңалығы,  теоретикалық 

және  практикалық  мәселелерді  жан-жақты  қарастыру  негізінде  Бірыңғай 

экономикалық  кеңістікте  зияткерлік  меншікті  құқықтық  қорғаудың  қазіргі 

таңдағы жүйесі мен механизмдерін кешенді зерттеуде көрініс табады.  



Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдамалар. 

1.  Бірыңғай  экономикалық  кеңістікке  қатысушы-мемлекеттерінің 

ұлттық  заңнамасына    (Беларусь  Республикасы,  Қазақстан  Республикасы, 

Ресей  Федерациясы)  транзиттік  тауарларға  қатысты  зияткерлік  меншік 

құқықтарын қорғау шараларын және - ережелеріне сай құқық иемденушінің 

өтініші  болмаған  жағдайда,  тауарлар  контрафактілі  болып  есептелген  кезде 

реестрге  кірмейтін  зияткерлік  меншік  объектілерін  қамтитын  тауарлардың 

шығарылуын тоқтату мүмкіндігі туралы ережені енгізуді ұсынамыз. 

2.  Бірыңғай  экономикалық  кеңістікке  қатысушы-мемлекеттерінде 

(Беларусь  Республикасы,  Қазақстан  Республикасы,  Ресей  Федерациясы)  

тауарлардың  шығарылуын  тоқтатумен  байланысты  кеден  органдарының 

шығындарын, сонымен қатар декларантқа және өзге тұлғаларға зиянды өтеу 

туралы  өтініш  берушінің  міндеттемелерін  қолдану  бойынша  шараларды 

унификациялау  қажет.  Соған  қоса,  қамтамасыз  ету,  соманы  анықтау  және 

кеден  органдарының  уақытылы  ақпараттандырылуын  қамтамасыз  ету 

мерзімдерін қысқарту негізді. 

3.  Бірыңғай  экономикалық  кеңістікке  (Беларусь  Республикасы, 

Қазақстан  Республикасы,  Ресей  Федерациясы)  қатысушы-мемлекеттерінде 

зияткерлік меншікті тіркеуге жауапты органдар арасындағы өзара іс-әрекетті 

бекіту және өтініштердің  ұзақ мерзімді қарастырылуын қысқарту негізді деп 

айқындалады. 


4.  Құқықтық  реттелудің  гармонизациялануы  мақсатында  Бірыңғай 

экономикалық кеңістікке  (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, 

Ресей  Федерациясы)  қатысушы-мемлекеттерінің  кеден    органдарының 

зияткерлік  меншікті  қорғау  шараларын  қолданумен  байланысты  іс-

әрекеттерге  қатысты  алымдарды  өндіріп  алмау  туралы  ережені  енгізуді 

ұсынамыз. 

5.  Зияткерлік  меншік  құқықтарының  сауда  аспектілері  (TRIPs) 

жөніндегі келісімінің 4 тарауына ескертпесіне сай: «Егер ДСҰ Мүшесі  өзге 

ДСҰ  мүшесімен  бірге  шекара  арқылы  өтетін  тауарларға  қатысты  маңызды 

деңгейде қадағалау шараларын алып тастаған жағдайда, осы шекара шегінде  

тарау  ережелерінің  қолдануын  талап  ету  қажет  емес»,  Бірыңғай 

экономикалық  кеңістікке  қатысушы-мемлекеттерінің  кеден  кодекстерінде 

құқық  иемденуші  құқықтарының  іске  асырылу  мерзімі  өткенге  дейін  кеден 

органдарымен  зияткерлік  меншікті  қорғау  бойынша  шаралар  іске 

асырылатыны туралы норманы бекіту негізді деп айқындалады. 

Диссертациялық  зерттеудің  теоретикалық  және  практикалық 



маңыздылығы  зерттеу  барысында  айқындалған  қорытындылар  мен 

ұсыныстардың пайдалы болуы мүмкіндігінде:    

-  Бірыңғай  экономикалық  кеңістік  (Беларусь  Республикасы,  Қазақстан 

Республикасы, Ресей Федерациясы)  мемлекет-қатысушыларында зияткерлік 

меншікті құқықтық қорғау туралы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында;  

-  зияткерлік  меншіктің  құқықтық  қорғалуын  қамтамасыз  ету 

контексінде 

Бірыңғай 

экономикалық 

кеңістік 

шегінде 

құқықты 


гармонизациялау мақсатында; 

-  зияткерлік  меншік  мәселелері  бойынша  әрі  қарайғы  теоретикалық 

зерттеулерде;  

-  жоғары оқу орындарында бірқатар арнайы курстарды оқытуда. 



Жұмыс  нәтижелерінің  апробациясы.    Диссертацияның  негізгі 

қорытындылары  ғылыми-зерттеу  тағылымдаманы  өту  кезінде  талқыланды 

және қолданылды: Женева қ. халықаралық ұйымдарда (2014 ж.)  – Зияткерлік 

меншік    дүниежүзілік  ұйымы  (ВОИС),  Дүниежүзілік  сауда  ұйымы  (ВТО) 

және т.б.;  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік 

құқығы    бойынша  комитетінде  (2013  ж.);  Зияткерлік  меншік  дүниежүзілік 

ұйымымен  (ВОИС) ұйымдастырылған Халықаралық жазғы мектебі  шегінде, 

Санкт-Петербург  қ.;  Халықтар  достастығы  ресей  университеті  заң 

факультетінің  5  курс  студенттеріне  «Зияткерлік  меншікті  халықаралық  – 

құқықтық  қорғаудың  өзекті  мәселелері»  тақырыбында  ашық  дәріс  оқу 

барысында  (2012  ж.);  Беларусь  Республикасы  Заңнама  және  құқықтық 

зерттеулер  ұлттық  орталығында  (2011  ж.)  және  өзінің  айқындалуын 

халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференциялардағы  есептерде,  сонымен 

қатар жарияланымдарда көрініс тапты. 

 Диссертациялық 

зерттеу 


нәтижесінде 

алынған 


материалдар 

Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінің  «5В030200  – 

Халықаралық  құқық»  мамандығы  бойынша  3  курс  студенттері  үшін 

«Халықаралық  жеке  құқықтағы  зияткерлік  меншік  құқығы»  бойынша 



курстың  бағдарламасын  құрастыру  және  дәрістерді  оқу  барысында 

пайдаланылды.  

 Диссертациялық  зерттеу  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университетінің  Заң  факультеті  халықаралық  құқық  кафедрасының 

кеңейтілген  отырыстарында талқыланды.  

Диссертация  тақырыбы  бойынша  автордың  жарияланымдары. 

Зерттеу  тақырыбы  бойынша  16  ғылыми  мақалалар  жарық  көрді,  олардың 

ішінде  Scopus  ақпараттар  базасына  кіретін  халықаралық  басылымдардағы                 

2 мақала, Германияда тіркелген шетелдік ғылыми журналында 1 мақала,  ҚР 

БҒМ  білім  және  ғылым  саласында  бақылау  бойынша  Комитет  ұсынған 

ғылыми  журналдардағы  3  мақала,  халықаралық  ғылыми  -  практикалық 

конференциялардағы  материалдар  жинақтарындағы  10  мақала  (оның  ішінде 

біреуі – шетелдік конференция материалдарында, Австрия) жарияланды. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет