6М060600-«Химия» мамандығы бойынша Қабылдану емтиханы пәндерінің тізімі



жүктеу 333.24 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.02.2017
өлшемі333.24 Kb.

 

 

6М060600-«Химия» мамандығы бойынша  

ҚАБЫЛДАНУ ЕМТИХАНЫ ПӘНДЕРІНІҢ ТІЗІМІ  

1.Бейорганикалық химия; 

2.Органикалық химия; 

3. Физикалық химия. 

 

 



1.Бейорганикалық химия 

 

1.Д.И.Менделеевтің  периодтық  заңы  және  периодтық  жүйе.  Элемент 



атомдарының  электрондық  құрылысының  ерекшелігі.  Жай  заттардың, 

оксидтер  мен  гидроксидтердің    қасиеттерінің  период  және  топ  бойынша 

өзгеруі. Периодтық заңның ғылым дамуындағы маңызы. 

2.  II  B  топшасы  элементтері  қосылыстарының,  жай  заттардың,  атомдардың 

құрылысы  мен  қасиеттерінің  жалпы  сипаттамасы  (периодтық  жүйедегі 

орналасуы,  алыну  әдістері,  жай  заттар  мен  қосылыстардың  химиялық 

қасиеті). Қолданылуы. 

3.  Оттегі:  табиғи  қосылыстары,  ӛндірісте  және  зертханада  алу  әдістері, 

аллотропиясы. 

Атомарлы 

және 

молекулярлы 



оттегінің, 

озонның 


құрылысына,  физикалық  және  химиялық  қасиеттеріне  салыстырмалы 

сипаттама. Оттегінің сутекті қосылыстары және олардың қасиеттері. Оттегі: 

табиғи қосылыстары, ӛндірісте және зертханада алу әдістері, аллотропиясы. 

Атомарлы  және  молекулярлы  оттегінің,  озонның  құрылысына,  физикалық 

және  химиялық  қасиеттеріне  салыстырмалы  сипаттама.  Оттегінің  сутекті 

қосылыстары және олардың қасиеттері. 

4.  Хлор:  табиғи  қосылыстары,  алу  әдісі,  физико-химиялық  қасиеті. 

Хлорсутек, тұз қышқылы және оның тұздары. Хлордың оттекті қосылыстары 

және оның қасиеттері. Хлорды және оның қосылыстарын қолдану. 

5. VIII қосымша топша элементтерінің атом құрылысы мен қасиеті, жай және 

күрделі  заттардың  салыстырмалы  сипаттамасы,  элементтерді  туыстыққа 

жіктеу. 


6.  Сілтілік-жер  металдары  элементтері  атомдарының,  жай  және  күрделі 

заттарының  құрылысы  мен  қасиеттерінің  салыстырмалы  сипаттамасы. 

Кермектілік,  оны  жою  әдістері.  Кальций  қосылыстарының  физиологиялық 

маңызы. 


7. VII негізгі топшаның элемент атомдарының, жай және күрделі заттарының 

құрылысы  мен  қасиеттерінің  салыстырмалы  сипаттамасы.    Галогендердің 

сутекті  және  оттекті  қосылыстарының  тұрақтылығы,  қышқылдық-негіздік 

және тотықтырғыштық-тотықсыздандырғыштық қасиеттері. 

8.  Темір:  құрылысы  мен  валенттілік  мүмкіндігі.  Табиғи  қосылыстары,  темір 

және  құймаларын  алу,  темір  және  оның  қосылыстарының  физикалық  және 

химиялық қасиеттері. 

9.  Электролиттік  диссоциация  теориясы.  Негізгі  жағдайлары.  Қышқылдар, 

негіздер, тұздар диссоциациясы. Судың иондық кӛбейтіндісі, ерітінді рН-ы. 

10. IV-B топшасы элементтері қосылыстарының, жай заттардың, атомдардың  

құрылысы  мен  қасиеттерінің  салыстырмалы  сипаттамасы(периодтық 


жүйедегі  орналасуы,  алыну  әдістері,  жай  заттар  мен  қосылыстардың 

химиялық қасиеті) Қолданылуы. 

11.  Кремний:  табиғи  қосылыстары,  кремнийді,  кремний  оксидін,  кремний 

қышқылын алу әдістері және қасиеттері. Шыны және цемент ӛндірісі 

12. Хром топшасының элемент атомдары-ның, жай және күрделі заттарының 

құрылысы  мен  қасиеттерінің  салыстырмалы  сипаттамасы.  Хромның  (II,  III, 

VI)  қосылыстарының  тотықтыр-ғыштық  –  тотықсыздандырғыштық, 

қышқылдық  –  негіздік  қасиеттерінің  ӛзгеруі.  Хром,  молибден,  вольфрам 

және оның қосылыстарының қолданылуы. 

13. Молекула – атомдар жүйесі. Негізгі химиялық байланыс типтері, олардың 

сипаттамасы. Химиялық байланыс типтерінің зат қасиетіне әсері. 

14. I негізгі топша элементтерінің, жай және күрделі заттарының құрылысы 

мен қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы. 

15.  Тотығу  –  тотықсыздану  реакциялары.  Тотығу  –  тотықсыздану 

реакциялары-ның  бағыттылығы.  Тотығу  –  тотықсыздану  реакцияларының 

жүру мүмкіншілігін болжа 

16. Азоттың оксидтері мен қышқылдары: құрылысы, алу әдістері, қасиеттері. 

Азот қышқылын және азот тыңайтқыштарын ӛндірісте алу әдістері. Азоттың 

физиологиялық ролі. Азоттың табиғаттағы айналымы. 

17.  Қосылыстардың  гидролиттік  ыдырауы.  Тұздар  гидролизі.  Гидролиздену 

дәрежесі,  константасы.  Гидролизденуші  тұздар  ерітінділеріндегі  рН  –  ты 

есептеу.. 

18.  Сутегі:  атом  құрылысы,  валенттілігі,  тотығу  дәрежесі,  молекуласының 

құрылысы,  алу  әдістері  және  жай  заттардың  қасиеттері.  Гидридтерінің 

жіктелуі және қасиеттері.  

19.  Күкірт:  атом  құрылысы  және  тотығу  дәрежелері,  табиғи  қосылыстары, 

алынуы,  физикалық  және  химиялық  қасиеттері.  Сутекті  және  оттекті 

қосылыстарының  құрылысы  мен  қасиеттерінің  сипаттамасы.  Күкірт 

қышқылы ӛндірісі. Поликүкірт қышқылдары. 

20.  Кӛміртегі:  атом  құрылысы,  аллотропиялық  түр  ӛзгерістері,  алу  әдістері. 

Кӛмертегінің  бейорганикалық  қосылыстарының  сипаттамасы.  Кӛміртегінің 

табиғаттағы айналымы 

21.  Металдар  мен  бейметалдардың  генетикалық  қатары  бойынша 

бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Химиялық қосылыстардың 

формуласын құру ережелері. Формула және теңдеу бойынша есептеу түрлері.  

22.  Атом-молекулалық  ілім.  Негізгі  қағидалары  және  химияның  негізгі 

заңдары. Заттың философиялық және химиялық анықтамасы. 

23. Бірінші топтың қосымша топша элемент атомдарының, жай және күрделі 

заттарының құрылысы мен қасиеттерінің салыстырмалы сипатта-масы. Мыс 

(II)  және күміс (I)  иондары-ның физиологиялық ролі. 

24.  Табиғаттағы  азот,  алынуы,  молекула-сының  құрылысы,  азоттың 

қасиеттері.  Азоттың  сутекті  қосылыстары.  Аммиак  синтезі.  Аммоний 

тұздары, олардың қасиеттері, қолданылуы. Азоттың табиғаттағы айналымы. 

25.  Жекелеген  атом  қасиеттері,  атом  радиусы  (коваленттік,  металдық), 

шартты иондық радиустар, иондану энергиясы, электрон тартқыштығы. Атом 

қасиеттерінің топ және период бойынша ӛзгерісі. 



26.  Фосфор:  атом  құрылысы,  табиғи  қосылыстары,  алынуы,  аллотропиялық 

модификациясы,  химиялық  қасиеттері,  қолданылуы.  Фосфордың  маңызды 

қосылыстары:  олардың  құрамы  мен  құрылысы,  қасиеттері.  Фосфор 

тыңайтқыштарын алу. Фосфордың табиғаттағы айналымы. 

27.  Атом  ядросының  қасиеті  мен  құрылысы.  Химиялық  элементтердің 

радиоактивтік айналуы. Ядролық реакция. Атомдарды синтездеу.   

28.  Алюминий:  атом  құрылысы,  алюминийдің,  оның  құймаларының, 

оксидтерінің, гидроксидтерінің және тұздарының физикалық және химиялық 

қасиеттері, табиғи қосылыстары, алу әдістері. 

29.  Атом  туралы  қазіргі  ұғым.  Сутегінің  квантомеханикалық  моделі. 

Электрон  күйін  сипаттайтын  квант  сандарының  физикалық  мағынасы. 

Электрондық деңгейлердің сыйымдылығы. 

30.  VII  B  топшасы  элементтері  қосылыстарының,  жай  заттардың, 

атомдардың 

 

құрылысы 



мен 

қасиеттерінің 

салыстырмалы 

сипаттамасы(периодтық жүйедегі орналасуы, алыну әдістері, жай заттар мен 

қосылыстардың химиялық қасиеті) Қолданылуы. 

 

2.Органикалық химия 



 

1.Бесмүшелі    гетероциклдер,  электрондық  құрылысы.    Пиррол,  тиофен, 

тиазолдың    ароматтылығы.    Электрофильдік  орын    басу  реакцияларында 

бензолдың,  анилиннің,  фенолдың  және  бесмүшелі  гетероциклдердің 

активтілігін  салыстыру.  Пиррол  сақинасы  кіретін  табиғи  қосылыстар.  ГЕМ 

хлорофилл 

2.  Алтымүшелі  гетероциклдер  (пиридин,    пиримидин,  пурин).    Пиридиннің 

электрондық  құрылысы.  Электрофильді  және  нуклеофильді  орын  басу  (S

E



S



N

)  реакциялары.    Пиридин,  бензол,  нитробензолдың    реакцияласқыштық 

қабілетін  салыстыру.  Пиримидинді,      пуринді  негіздер,  оларға  сәйкес 

нуклеозидтер және нуклеотидтер. 

3. Бензолдың химиялық қасиеттері.  Электрофильді орын басу реакциялары,  

реакциялар  механизмі.  Бензол  сақинасындағы  орын  басу  реакцияларының  

бағыттау  ережесі.  Бірінші  және  екінші  ретті  орын  басушылар.    Галогеннің 

басқа    бірінші  ретті    орын  басушылардан  айырмашылығы.  Екі  орын 

басушысы бар бензол сақинасындағы сәйкес және сәйкес емес  бағыттау.  

4. Этилен  кӛмірсутектерінің  гомологтық қатары.  Алкендердің изомериясы, 

номенклатурасы,  алу  әдістері,  электрондық  құрылысы  (sp

  -  гибридттелу,  



еселі  байланыстың  табиғаты),    химиялық  қасиеттері,  қолданылуы. 

Алкендердің  электрофильдік  қосылу    (А

Е

)  реакциясының  механизмі.    Еселі 



байланысты анықтайтын  сапалы реакциялар. 

5. 


Карбонильді 

қосылыстардың 

конденсациялау 

реакциясы.  

Конденсациялану  реакцияларының  механизмі.  Сілтілік  және  қышқылдық 

катализ.  Альдольды-      кротонды  конденсация.      Геттерман-Кох  Кляйзен, 

Кневенагель, Канницаро. 

6.  Бензол  қатарының  галогентуындылары.  Бензол  сақинасын  жнее    бүйір 

тізбегін галогендеу. Галоген туындыларының  химиялық қасиеттері.   


7.  Бензол  сақинасындағы  орын  басу  реакцияларының    бағыттау  ережесі. 

Бірінші және екінші ретті орын басушылар.  Галогеннің басқа  бірінші ретті  

орын  басушылардан  айырмашылығы.  Екі  орын  басушысы  бар  бензол 

сақинасындағы сәйкес және сәйкес емес  бағыттау. 

8. Монокарбон қышқылдарының туындылары. Этерификация реакциясының  

механизмі.  Карбон қышқылдарының  туындылары.  Карбон  қышқылдарының 

туындыларының химиялық қасиеттері. Олардың  ацилдеушілігін салыстыру.  

Майлар:  құрамы, қасиеті, қолданылуы. 

9.  Анилин.  Электрондық  құрылысы,    бензол  сақинасымен    амин  тобының  

ӛзара  әсері.  Алифатикалық  және  ароматты  қатар  аминдерінің  негізділегін 

салыстыру.    Ароматы  аминдердің  алынуы  мен  қасиеттері.    Анилиннің 

қолданылуы. Анилиндік  бояулар. Анилин. Электрондық құрылысы,  бензол 

сақинасымен    амин  тобының    ӛзара  әсері.  Алифатикалық  және  ароматты 

қатар аминдерінің негізділегін салыстыру.  Ароматы аминдердің алынуы мен 

қасиеттері.  Анилиннің қолданылуы. Анилиндік  бояулар. 

10.  Оксикарбон  қышқылдар:    изомериясы,  номенклатурасы.  Оптикалық 

изомериясы,  белсенділігі.  Бір  немесе  бірнеше  асимметриялы    атомдары  бар 

қосылыстар.  Оксикарбон    қышқылдарын  алу  және      химиялық  қасиеттері.   

Оксикарбон  қышқылдар:    изомериясы,  номенклатурасы.  Оптикалық 

изомериясы,  белсенділігі.  Бір  немесе  бірнеше  асимметриялы    атомдары  бар 

қосылыстар. Оксикарбон  қышқылдарын алу және   химиялық қасиеттері.    

11. Бензолдың гомологтық қатары.  Бензолдың  Кекуле  бойынша құрылысы.  

Бензолдың құрылысы  туралы қазіргі кӛзқарастар. Хюккельдің  ароматтылық 

ережесі.  Нафталин,  антрацен,  фенантреннің    ароматтылығы.      Бензол 

гомологтарын алу. 

12.Ароматы 

нитроқосылыстар. 

Нитротоптың 

құрылысы. 

Нитроқосылыстарды  алу.    Нитірлеу  реакциясының  механизмі.    Бензолды, 

толуолды 

нитірлеу. 

Тринитротолуол. 

Фенилнитрометан, 

фенилнитрометанның  таутомериясы.    Нитротоптың  орто-  және  пара  

жағдайдағы сутегі  атомдарының  қозғалғыштығына әсері.   

13. А.М. Бутлеровтың  химиялық құрылыс теориясының негізгі  қағидалары.  

Органикалық  қосылыстардың  аталуы.    Органикалық  молекулалардағы  

атомдардың  ӛзара әсері. Индукциялық және мезомерлік эффектілер.     

14.  Алкандардың  галогентуындылары.  Изомериясы  және  номенклатурасы.  

Алынуы  және  қасиеттері.    Мономолекулалы  және  бимолекулалы  (S

N

1,  S



N

2) 


реакциялардың  механизмі.  Реакцияның  бағыты  мен    жылдамдығына  әсер 

ететін  факторлар.  Алкандардың  галогентуындылары.  Изомериясы  және 

номенклатурасы.    Алынуы  және  қасиеттері.    Мономолекулалы  және 

бимолекулалы (S

N

1, S


N

2) реакциялардың механизмі. Реакцияның бағыты мен  

жылдамдығына әсер ететін факторлар. 

15.  Дикарбон  қышқылдары.    Моно  және  дикарбон  қышқылдарының   

қышқылдылығын  салыстыру.    Малон  қышқылы,  малон  эфирі.  Метилен 

тобындағы    сутегі    атомдарының    қозғалғыштығы.    Малон  эфирі    негізінде  

бір және екі  негізді қышқылдарды синтездеу. 

16.  Кӛмірсулар.    Моносахаридтердің  изомериясы  және  жіктелуі.   

Моносахаридтер    циклді  полиацетальдар  ретінде.  Фишер,  Колли-Толленс, 


Хеуорзс  формулалары.    L-  және      D-    глюкозаның   

  және   



    формалары. 

Кӛмірсулар. 

 

Моносахаридтердің 



изомериясы 

және 


жіктелуі.   

Моносахаридтер    циклді  полиацетальдар  ретінде.  Фишер,  Колли-Толленс, 

Хеуорзс формулалары.  L- және   D-  глюкозаның  

 және  



  формалары. 

17. Алифаттық  қатардың азотты қосылыстары.  Нитроқосылыстар:  алынуы, 

нитротоптың 

 

электрондық 



құрылысының 

 

ерекшеліктері.  



Нитроқосылыстардың  таутомериясы.  Аминдер:жіктелуі,    .изомериясы, 

номенклатурасы, алынуы және негіздік қасиеттері. 

18.  Моносахаридтердің  химиялық  қасиеттері.    Моносахаридтердің  

сақиналы-    тізбектік  таутомериясы.  Моносахаридтердің  ӛкілдері:  глюкоза, 

фруктоза, рибоза, дезоксирибоза. 

19. Монокарбон қышқылдары.  Изомериясы,  номенклатурасы, алу әдістері.  

Карбоксильді  топтың  электронды  құрылысы.    Спирттер,  монокарбон 

қышқылдары  мен  минералды  қышқылдардың  қасиеттерін  салыстыру.  

Монокарбон  қышқылдарының    химиялық  қасиеттері  және  жекелеген  

ӛкілдері.  Ӛндірісте алынуы мен қолданылуы 

20.  Аминқышқылдары,  олардың  құрылысы  мен  биологиялық  маңызы, 

номенклатурасы, алу әдістері, химиялық қасиеттері.  Аминқышқылдарының  

амин,  карбоксил  топтары  бойынша    ерекше  қасиеттері.    Пептидтер, 

полипептидтердің түзілуі. 

21.  Полисахаридтер.    Крахмал,  целлюлоза,  гликоген  және  олардың 

құрылысы.  Крахмал мен  целлюлозаның  химиялық қасиеттері және олардың 

ӛндірістік  маңызы.    

22.  Спирттер:  жіктелуі,  гомологтық  қатары,  изомериясы,    алынуы. 

Спирттердің электрондық құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері.  

Этиленгликоль, глицерин. Химиялық қасиеттері және алынуы. 

23.  Алкандар.  Гомологтық  қатары,    изомериясы,  аталуы,      алу  әдістері.  

Алкандардың электронды құрылысы (sp

3

 –гибридтелу), химиялық қасиеттері 



және қолданылуы.  Радикалдық орынбасу  реакциясының механизмі S

R

.  



24.  Ацетилен  кӛмірсутектерінің    гомологтық  қатары.    Изомериясы, 

номенклатурасы,  алыну  әдістері,    электрондық  құрылысы.  (sp,  -c≡c-

гибридтелу,  үш  еселі  байланыстың  табиғаты).  Этиленді  және  ацетилендік 

кӛмірсутектердің  электрофильдік  қосылу  реакцияларындағы    химиялық 

қасиеттерін салыстыру. 

25.  Поликонденсациялық  шайырлар  (фенолформальдегидті).    Синтетикалық 

талшық  ӛндіру  (капрон,  лавсан,    нейлон).    Жоғарғы  молекулалық 

қосылыстардың    халық  шаруашылығындағы  маңызы.  Табиғи  және 

синтетикалық каучуктер. 

26. Ароматы сульфоқосылыстар. Сульфотоптың электрондық   құрылысының 

ерекшелігі,    сульфотоптың  бензол  сақинасына  әсері,    ароматты 

сульфоқышқылдардың  химиялық  қасиеттері,  бензол  сақинасы      мен    

сульфотоптың реакциялары. 

27.  Альдегидо  –  және  –  кетоқышқылдар.  Ацетосіркеқышқылы  және 

ацетосірке  эфирі,  алу  әдістері,    химиялық  қасиеттері.      Ацетосірке  эфирінің 


таутомериясы.    Ацетосірке  эфирі  негізінде    кетондар  мен  карбон 

қышқылдарын алу. 

28.  Дисахаридтер,  дисахаридтердің  екі  типі.    Тотықсыздандыратын  және 

тотықсыздандырмайтын  дисахаридтердің  түзілу  сызбанұсқасы.    Мальтоза, 

сахароза. Олардың химиялық қасиеті мен  құрылысындағы  айырмашылығы.   

29.  Алкадиендер,  жіктелуі,  қосарланған  диендердің  электрондық  қүрылысы. 

Алу  әдістері  мен  қасиеттері.    Табиғи  және  синтетикалық  каучуктер.    С.  В. 

Лебедевтің еңбектері.  Бутадиенді синтетикалық каучукті алу.   Сополимерлі 

каучуктер.  Каучукты вулканмизациялау, резина.   

30. Фенолдар.  Фенолды алу (бензолдан, хлорбензол және кумол 

арқылы)  әщдістері.  Фенолдарды, спирттердің және карбон қышқылдарының  

қышқылдылығын салыстыру.   Фенолдың химиялық қасиеттері, қолданылуы. 

 

3.Физикалық химия 



 

1.Термодинамиканың  бірінші  заңы.  Термодинамиканың  бірінші  заңының 

математикалық  ӛрнектері.  Ішкі  энергия.    Жылу  және  жұмыс. 

Термодинамиканың бірінші заңын термодинамикалық процесстерде қолдану. 

2.  Термохимия.  Жылу  түзілу.  Жану  жылуы.  Стандарттық  энтальпияның 

түзілуі. Гесс заңы. Гесс заңының салдарлары. 

3. Жылусыйымдылық. Кӛлем мен қысым тұрақты болғандағы орта, шынайы 

жылу    сыйымдылықтары.  Майер  теңдеуі.  Сұйық  және  қатты  денелердің 

жылусыйымдылығы.    Бір  атомды  және  кӛп  атомды  газдардың 

жылусыйымдылығы.    Химиялық      реакциялардың  жылу    эффектілерінің 

температураға  тәуелділігі (Кирхгофф теңдеуі). 

4. Термодинамиканың екінші заңы. Энтропия, оның ӛзгерісі. Қайтымды және 

қайтымсыз  процесстердің  энтропиясы.  Термодинамикалық  процесстерге 

арналған энтропия теңдеуі. 

5.  Термодинамикалық  потенциал.  Изобарлы  -    изотермиялық  (Гиббс  

энергиясы)  және      изохорлы  –  изотермиялық  (Гельмгольц  энергиясы)  

термодинамикалық    потенциалдар,  оларды    үрдістер  бағыттарының  

критерийлері ретінде  қолдану.   

6.  Гетерогенді  катализдер  теориясы.  Структуралық  және  энергетикалық 

сәйкестіктер принциптері. Баландиннің  мультиплеттік теориясы. Кобозевтің 

активті ансамблдер теориясы. 

7.  Катализ.  Катализатор.  Катализаторлардың  қасиеттері.  Ингибитор. 

Катализатордың      әсер  ету  механизмі    туралы  түсінік.    Гомогенді  және  

гетeрогенді катализ. Катализдердің гомогенді және гетерогенді  сатылары 

8.  Фотохимиялық  процесстер.  Штарк-Эйнштейн  заңы.  Кванттық  шығым. 

Фотохимиялық процесстердің негізгі типтері. 

9. Фазалық тепе-теңдік. Фаза. Компонент. Бос дәрежелер санын анықтау. 

Гиббстің фаз ережелері. Гиббстің фаз ережелерін бір компонентті жүйелерде 

қолдану. Су күйінің диаграммасы. Бір компонентті жүйелерге  Клайперон-

Клаузиус теңдеуі. 

10.  Термиялық  анализ.  Салқындау  қисығы.    Фазалар  ережесі  бойынша  

екікомпонентті  жүйелердің  балқу диаграммасын талдау. Тежегіш ережесі. 



11.  Химиялық  реакциялар  жылдамдығы.  Әрекеттесуші  массалар  заңы. 

Орташа және шынайы реакциялар жылдамдығы. Реакция жылдамдығына әр 

түрлі  факторлардың  әсері.  Вант  –  Гофф  теңдеуі.    Активациялау  энергиясы. 

Аррениус теңдеуі. 

12.  Күшті  және  әлсіз  электролиттер.  Иондық  тепе-теңдік,  диссоциациялану 

константасы  және  дәрежесі.    Электролиттік  диссоциациялану  механизмінің 

процессі. Аррениустың электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі 

жағдайлары. 

13. Күшті электролиттер. Иондық күш. Активтілік. Дебай-Хюккель теориясы. 

Дебай-Хюккельдің бірінші, екінші және үшінші жақындасулары.  Теорияның  

жетістіктері мен  кемшіліктері. 

14.  Ерітінділер.  Д.И.  Менделеевтің  ерітінділер  туралы  ілімі.  Заттардың  еру 

мезанизмі.  Заттардың  суда  еруі.  Термодинамикалық  және  молекулалы- 

кинетикалық ерітінділердің түзілу жағдайы. Ерітінділердің концентрациясын 

белгілеу әдістері.  

15.  Химиялық  тепе-теңдік.  Химиялық  тепе-теңдік    константасын  белгілеу 

әдістері.  Температура,  қысым, концентрацияның  тепе-теңдіктің ығысуына 

әсері.  Ле – Шаталье   принципі және оны қолдану. Химиялық реакциялардың 

тепе-теңдік  константасының    температураға  тәуелдіілігі.  Вант-Гоффтың 

изобара және изохора теңдеулері. 

16.  Идеалды  ерітінділер.  Раулдың  бірінші  заңы.  Раульдың  бірінші  заңының 

математикалық  өрнегі.  Идеалды  ерітіндінің  реалды  ерітінді  қасиетінен 

ауыиқуы. 

17.  Раулдың  екінші  заңы.  Раульдың  екінші  заңының  математикалық  өрнегі. 

Криоскопиялық және эбулиоскопиялық тұрақтылар, физикалық мәні. 

18.  Ерітінділердің  коллигативті  қасиеттері.  Осмос  құбылысы.  Вант-Гофф 

теңдеуі. Биологиядағы осмостық қысымның ролі. 

19. Ерітінді құрамына байланысты қайнау температурасы және қаныққан бу 

қысымының    тәуелділігі.  Қайнау  температурасының  диаграммасы  (бу 

қысымы)-  құрамы.  Кановалов  заңы.  Ерітінділерді  айдау.  Ерітінді  құрамына 

байланысты  қайнау  температурасы  және  қаныққан  бу  қысымының  

тәуелділігі.  Қайнау  температурасының  диаграммасы  (бу  қысымы)-  құрамы. 

Кановалов заңы. Ерітінділерді айдау. 

20.  Ерітінділердегі  адсорбция.  Беттік  белсенділік.  Беттік  белсенді  заттар, 

олардың  табиғаты  және  қасиеті.  Гиббстің  адсорбциялық  теңдеуі,  оның 

талдауы. Шишков ережесі. 

21.  Адсорбция.  Адсорбент.  Адсорбат.  Адсорбцияға  әсер  ететін  факторлар. 

Ленгмюрдің мономолекулалық адсорбция теориясы.   Адсорбция. Адсорбент. 

Адсорбат. 

Адсорбцияға 

әсер 

ететін 


факторлар. 

Ленгмюрдің 

мономолекулалық адсорбция теориясы.    

22. 


Ерітіндінің 

электрөткізгіштігі. 

Меншікті 

және 


эквивалентті 

электрөткізгіштік.  Ерітіндінің  электрөткізгіштігіне  әсер  ететін  факторлар. 

Әлсіз және күшті электролиттердің  ерітіндіде  еруіне  және  концентрацияға 

тәуелділігі. Кольрауш заңы. 

23.  Тепе-теңсіз  электродты  процесстер.  Электролиз.  Фарадей  заңдары. 

Электролиздің математикалық өрнегі, практикалық маңызы. 



24.  Дисперсті  жүйелер,    жіктелуі.  Коллоидті    ерітінділер,  олардың  

қасиеттері. Коллоидты  жүйені  алу әдістері. Коагуляция, тұрақтылық. 

25.  Химиялық  кинетика.  Реакциялардың    молекулалығы  мен  реттілігі.  

Қайтымсыз    реакциялардың  нөлінші,  бірінші  және    екінші  реттілігі. 

Дифференциалды және интегралды кинетикалық реакция теңдеулері. 

26.  Күрделі  реакциялар  кинетикасы.  Қайтымды,  параллель,  қосарланғыш 

реакциялар.  Күрделі  кинетикалық  реакциялардың  негізгі  заңдылықтары, 

үрдіс сатыларының константа жылдамдығының теңдеуі. 

27.  Потенциалдың  фаза  аралық  секірімі.  Екіқабатты  электрлік  қабат. 

Екіқабатты 

электрлік 

қабат 


потенциалының 

өзгеру 


сипаттамасы.  

Гальваникалық 

элементтер. 

Электрқозғаушы 

күштер. 

Электродтық 

потенциал. Электрохимиялық кернеу қатары, оның мәні. Нернст теңдеуі. 

28.  Тізбекті  реакциялар.  Тармақталмаған  тізбекті  реакциялар.  Тізбекті 

реакциялар сатылары. Тізбек ұзындығы. Сызықты, квадраты және тоғысқан  

тізбектердің  үзілуі.  Ингибитор  молекласындағы  тізбектің  үзілуі.  Тізбектің 

түзілу жылдамдығын және реакция жылдамдығын  

29.  Бренстед-Лоуридің  қышқыл  және  негіздік  теориясы.  Амфотерлі 

электролиттер.  Негіздің  және  ерітіндінің  рН.  Буферлі  ерітінділер,  олардың 

биологиялық мәні. 

30.  Электродтар.  Бірінші  және  екінші  ретті  электродтар.  Индикаторлы 

электродтар.  Салыстыру электродтары. Тотығу-тотықсыздану электродтары. 



Document Outline

  • ‎D:\НОВЫЙ САЙТ\Раздел сайта Послевузовское образование\Магистратура\Поступающим\программма вступительных каз\каз маг\6М060600 Химия.doc‎

Каталог: sites -> default -> files -> files -> postupajuzhemu -> magistr
magistr -> Кіріспе қазақстан Республикасының мемлекеттік білім стандарттарының талаптарына сәйкес, 050608
magistr -> Қазақстан тарихы пәні және оның міндеттері. Қазақстан тарихы пәнінің жас
magistr -> БАҒдарламасы жалпы ереже 6М071000 «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы»
magistr -> Ӛзін ӛзі тану пәні бойынша түсінік хат Курстың мақсаты
magistr -> Кіріспе оқу пәнінің оқып-үйрену объектісі мен пәні
magistr -> Кіріспе Кешенді емтихан бағдарламасынамектепке дейінгі педагогика, тіл дамыту әдістемесі, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, мектепке дейінгі ұйымды ұйымдастыру. Мектепке дейінгі педагогика
magistr -> 6М011200-«Химия» мамандығы бойынша Қабылдану емтиханы пәндерінің тізімі
magistr -> Педагогика ғылым ретінде
magistr -> БАҒдарламасы жалпы ереже 6М060400 «Физика» мамандығы бойынша тапсыратын емтихан өз
magistr -> Халықтың ауызша шығарған сӛз ӛнерін, оның табиғаты мен тарихын


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет